Шуда 9 жасар екі балаға жыныстық зорлық-зомбылық жасады деген күдікті ұсталды

None
None
Тараз. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында Шу ауданының 30 жастағы тұрғыны 9 жастағы екі жеткіншекті ұзақ уақыттан бері зорлап келген. Үшінші сынып оқушыларына азғындық жасады деген күдікті ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ағымдағы жылдың 6 мамырында Шу аудандық полиция бөліміне 43 жастағы жергілікті тұрғын хабарласты. Ол 2022 жылдың наурыз айының басында қараусыз қалған ғимаратта белгісіз ер адамның өзінің кәмелетке толмаған ұлы мен онымен жасты досына қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағанын айтып арызданған.

«Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шу ауданының 30 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Аталған дерек бойынша ҚК 121-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Күдіктіге қатысты Шу аудандық сотымен қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», - делінген полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бүгінгі таңда ол бойынша қажетті сараптамалар тағайындалған.

Еске сала кетейік, осыған дейін Жамбыл облысы Жуалы ауданында автобус пен трактор соқтығысып, екі адам қаза тапқанын жазған болатынбыз. Ауруханаға 33 адам қаралып, олардың үшеуі жансақтау бөліміне жатқызылған.

жол апатына түскен Өзбекстан Республикасында тіркелген автобуста болған жолаушылар мен жүргізушілердің туыстары мен жақындарына психологиялық көмек көрсету бойынша жедел желі телефондары ашылды.

Сая СЕМБАЙ

Соңғы жаңалықтар