Шу тұрғынынан 35 келі есірткі және қару тәркіленді

None
None
ШУ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданы Төле би ауылының 41 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күдіктінің автокөлігін тексеру барысында пакетке салынған 4 келі 630 гр «гашиш» есірткі заты табылды. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Тінту кезінде ұсталған азаматтың тұрғылықты мекенжайынан 12-калибрлі қару және оның 4 оғы, сондай-ақ қоймасынан 30 келі 380 гр салмақта кептірілген «марихуана» есірткі заты анықталды»,- делінген ведомство хабарламасында.

Бүгінгі таңда күдікті өз кінәсін толық мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар