+7 (701) 759 90 19
USD 425.37 EUR 492.66
RUB 5.97 CNY 66.15
Jańalyqtar

Шу тұрғындарының көлігінен 100 келіге жуық марихуана табылды

2021 жылғы 27 маусым 15:06
Бөлісіңіз:
Шу тұрғындарының көлігінен 100 келіге жуық марихуана табылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер Шу қаласының тұрғындарынан 96 келіден астам есірткі тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда үш есірткі зертханасы жойылды Қазақстанда интернет арқылы есірткі таратушыларға қандай жаза қарастырылған «MadMEN» музыкалық тобы мүшелеріне қатысты сот аяқталуға жақын

«Қарасора-2021» және «Канал» республикалық жедел-алдын алу іс-шаралары барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының қызметкерлері Шу-Меркі автожолында «Ауди» көлігін тоқтатты.

«Шу қаласының тұрғындары болып табылатын 35 жастағы жүргізуші мен 46 жастағы жолаушыны және көлікті тексеру кезінде жүк салғыштан төрт қап табылып, оның ішінен жалпы салмағы 96 келі 900 грамм «кептірілген марихуана» есірткі заты анықталды», - деп хабарлады Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.

ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Ұсталғандар кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT