Шу – Тараз бағытындағы пойызда жүкті әйел босанып қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Тальгоның жолсеріктері вагонда толғатқан әйелді босандырып алды. Бұл оқиға Шу мен Тараз қалаларының арасында жолда болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан темір жолы» компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жас келіншек перзентін кеше таңертең дүниеге әкелген.

«Біздің әріптестеріміз толғатып жатқан әйелді аман-есен босандырып алды, өмірге қыз бала келді. Сәбиге поезд басшысы Меруерт Қорабаеваның құрметіне орай Меруерт деген есім берілді.

Өз кезігінде жолаушы компанияға хабарласып өзінің алғысын білдірді



Соңғы жаңалықтар