Шу облысында бір күнде екі үшем дүниеге келді

None
None
БІШКЕК. Кабар - ҚазАқпарат – Шу облысында бір күнде бірден екі үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Кабар Шу облысындағы үкіметтінің өкілетті өкілінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

29 шілде күні Шу облысында қос ана екі бірдей үшемді дүниеге әкелді. Осылайша екі отбасында алты перзент туды.

«26 жастағы Ырыс Шаршеева 2019 жылғы 29 шілдеде босанды. Ана мен үш баланың жағдайы жақсы. Бүгін олар перзентханадан шықты. Дәл осы күні 40 жастағы Олеся Томилова да дүниеге үш перезентін әкелді. Ана мен сәбилердің жағдайы жақсы деп бағалануда. Қос отбасыға Шу облысының губернаторы Алтынбек Намазалиевтің атынан материалдық көмек көрсетілді», - деді баспасөз қызметінің өкілі.

Облыстық әкімшіліктің басшысы Томиловтар отбасына келешекте де қажетті қолдау көрсетуге уәде берді, себебі бұл отбасы көмекке мұқтаж. Құттықтаулар мен ақшалай сыйлықты жаңа босанған аналарға губернатордың орынбасары Светлана Волкова табыстады. Әкімшілік басшысының және өз атынан сәбилерге денсаулық, бақыт және амандық, ал ата-аналарына күш пен қуат тіледі.


Соңғы жаңалықтар