+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Шу қаласының тұрғынынан төрт келі гашиш тәркіленді

2021 жылғы 21 шілде 18:53
Бөлісіңіз:
Шу қаласының тұрғынынан төрт келі гашиш тәркіленді

ШУ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында Шу қаласының тұрғынынан төрт келі гашиш тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында ауыл тұрғындарының табысы қалай көбейді Шу тұрғынынан жарты тоннадан астам есірткі табылды Атырауда есірткі тасымалдаған шетелдік қамауға алынды

«Қарасора-2021» Республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қайнар-Қордай автожолында ВАЗ-2107 автокөлігін тоқтатқан.

Көлікті тінту барысында Теа есімді қызметтік иттің көмегімен Шу қаласының 25 жастағы жолаушы-тұрғынынан төрт келі гашиш табылды.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес «Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды»,- деді Жамбыл облыстық ПД УПН бастығы Асқар Жұмабеков.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT