Шу қаласының тұрғынынан 3 000 доза есірткі тәркіленді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер есірткі сатушыдан үш мыңға жуық гашиш дозасын тәркіледі,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарасора-2021» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қайнар-Қордай» автожолында Chevrolet маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлікті тінту кезінде жолаушы, Шу қаласының 44 жастағы тұрғынынан жалпы салмағы екі келі 965 грамм «гашиш» есірткі заты табылды, тәркіленген есірткі затының салмағы 3 000 дозаны құрайды. Қара нарықта мұндай есірткінің құны шамамен 1,5 миллион теңгеге айналады.

«Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», – деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.
Соңғы жаңалықтар