Шу қаласындағы екі баланың өмірін қиған өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды - ТЖМ

None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының Шу қаласында болған, екі баланың өмірін қиған өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хбарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 2 желтоқсанда сағат 23:55-те Шу ауданығың Шу қаласында жеке тұрғын үйде 30 шаршы метр аумақта өрт болды. Үй заттары мен жиһаз жанды. Өрт орнында 2017 жылы және 2020 жылы туған 2 баланың мәйіті табылды.

«Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің күштері өртті сағат 00:10-да оқшаулап, сағат 00:35-те сөндірді. Бірінші бөлімше өрт орнына сағат 23-58-де, өрт туралы хабарлама келген соң 3 минуттан кейін келді.

Өрт кезінде балалар үйде ересектердің қарауынсыз болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайтыс болған балалардың анасы 1989 жылы туған азамат балаларды үйде қалдырып, есікті сыртынан жауып тастап кеткен», - деп жазды ведомстводан.

Айта кету керек, бұл үйде профилактикалық жұмыс 2022 жылдың 22 қазанында жүргізілді - өрт сөндірушілер рейдтік іс-шаралар барысында осы үйге барып, өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірген.

Осы өрт фактісі бойынша ҚК 292-бабының 3-бөлігі «өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта аталған қылмыстық іс шеңберінде тергеу іс-шаралары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар