Шу қаласында жеке үй өртеніп, екі бала көз жұмды

None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Түнде Жамбыл облысының Шу қаласында болған өрттен екі кішкентай бала көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға желтоқсанның 2 жұлдызынан 3-не қараған түні болған. Шу қаласындағы жеке үйлердің бірінен өрт шыққан. Жергілікті департамент дегерінгінше, қызыл жалын жалпы ауданы 30 шаршы метрді аумақты шарпыған. Үй заттары мен барлық жиһаздардар отқа оранған.

«Өрт сағат 00:10-да оқшауланып, сағат 00:35-те «СПиАСР» мемлекеттік мекемесінің күшімен жойылды. Оны сөндіруге 4 қызметкер және 1 техника жұмылдырылды», - деп мәлім етті ТЖД баспасөз қызметінен.

Құзырлы орган мәліметінше, тілсіз жау ауыздықталғаннан кейін оқиға орнынан 5 және 2 жастағы екі баланың мәйіті табылған.


Соңғы жаңалықтар