Шу қаласында пешке от жағамын деп күйіп қалған ерлі-зайыптылар ауруханаға түсті

None
None
ШУ. ҚазАқпарат – Кеше Жамбыл облысының Шу қаласында ерлі-зайыптылар күйік шалып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

«Кеше 10 қараша кешкі 22:30-да Шу қаласындағы жеке үйде пешке солярка жағып жатқанда үй иелері күйіп қалды. 1981 жылы туған ер адам мен 1983 жылы туған әйел ауруханаға жатқызылды» делінген хабарламада.

Куәгерлердің айтуынша, олар мас болған.

Соңғы жаңалықтар