Шу қаласында 60 жастағы тұрғынның сарайынан 5 қап марихуана табылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл полицейлері Шу ауданының тұрғынынан 5 қап марихуана тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасымен бірлесіп, жедел іздестіру шараларын жүргізді.

Операция кезінде Шу ауданы Қонаев ауылының 60 жастағы тұрғыны ұсталды.

Оның үй-жайын тінту барысында сарайдан жалпы салмағы 22 келі болатын «кептірілген марихуана» есірткі заты салынған 5 қап табылып, тәркіленген.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ұсталған азамат өз кінәсін мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар