Шу қаласында 31 жастағы тұрғынның үйінен 3,5 келі марихуана табылды

None
None
ШУ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер Шу қаласында ірі көлемде есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу қаласында жедел іздестіру шараларын өткізді.

Шара барысында 31 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, тінту кезінде жеке тұрғын үй аумағынан жалпы салмағы 3 жарым келіден асатын «кептірілген марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді.

Ұсталған ер адам кінәсін мойындап, Шу қалалық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Осыған байланысты 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.


Соңғы жаңалықтар