Шу қаласында 3 жасар қызды зорлады деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат -Жамбыл облысы Шу қаласында үш жасар қыз зорланған. Бұл туралы ау Шу аудандық полиция бөліміне хабарлама түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, осы оқиғадан кейін көп ұзамай ауыр қылмыс жасаған күдікті - Шу қаласының 25 жастағы тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта ұсталған азамат Тараз қаласының тергеу изоляторында жатыр.

«ҚР ҚК 120-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (көрінеу жас балаға қатысты жасалған зорлау), сот-медициналық сараптама тағайындалды. Істің егжей-тегжейі тергеу мүддесінде ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жарияланбайды. Бұл іс облыс прокуроры Жарқын Құсайыновтың және Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиевтің ерекше бақылауында», -дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гұлсара Мұхтарқұлова.

«Шу аудандық сотының қаулысына сәйкес, айыпталушыға тамыз айына дейін санкция берілген. Оған қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі бойынша айып тағылған. Яғни зорлау, жас балаға қатысты жасаған қылмыс», - деді Жамбыл облыстық сотының ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Динара Қыдыралиева.

Алдын-ала белгілі болғандай, жаға ұстататын жағдай Шу қаласына қарасты Қант зауыты ауданында болған.

Көршілердің айтуынша, аулада ойнап жүрген бүлдіршінді күдікті үйіне кіргізіп, ойына келгенін істеген. Оның жанұшыра шыққан дауысын естіген куәгерлер көмек шақырыпты. Сол сәтте бүлдіршіннің әкесі бір топ адаммен келіп, баспананың есігін бұзып, ішке енген. Алайда күдікті терезеден қарғып, қашып кеткен. Бірақ ол алысқа кете алмады.

Оқиғаны көргендердің айтуынша, оның ізіне түскен тұрғындар көп ұзатпай қолға түсіреді, олар күдіктіні полицейлер келгенше байлап ұстаған.

Жәбір көрген бүлдіршін қазір ауруханада жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, ауыр хәлде түскен науқастың бүгінде беті бері қарады.

Соңғы жаңалықтар