+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Шу ауданында қарақшылар кәсіпкерге қару кезеніп, ақша талап еткен

2020 жылғы 20 қараша 21:41
Бөлісіңіз:
Шу ауданында қарақшылар кәсіпкерге қару кезеніп, ақша талап еткен

ШУ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полиция қызметкерлері Шу ауданы кәсіпкерлерінің біріне қарақшылық шабуыл жасағаны үшін облыстың 29 және 34 жастағы екі тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

15 қарашада 49 жастағы тұрғын полицияға атыс жарақатымен жүгініп, түнде медициналық бетперде киген белгісіз екі адамның үйдің ауласына кіріп, қару кезеніп, ақша талап еткенін хабарлаған.

«Үй иесінің үнсіздігі, сондай-ақ кенеттен отбасы мүшелерінің үйге оралуынан есі шыққан қарақшылар оқиға орнынан қашып кетпек болған. Қудалаудан қорыққан олардың біреуінің атқан оғы үй иесіне тиген. Күдікті ретінде облыстың 29 және 34 жастағы 2 тұрғыны ұсталды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» делінген облыстық ПД баспасөзь қызметінің мәлімдемесінде.

Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қамаққа алынды. Қару тәркіленіп, бірқатар сараптамалар тағайындалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT