+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Шу ауданында фри картобын өндіретін зауыт салынады

2019 жылғы 15 қазан 08:31
Бөлісіңіз:
Шу ауданында  фри картобын өндіретін зауыт салынады

ШУ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Шу ауданында фри картобын өндіретін зауыт салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыдағы YDDCorporation форроқорытпа зауытындағы екінші пеш іске қосылды Қазақстандықтар жаңа отандық көліктерді көбірек сатып ала бастады Мырзахметов Үкіметтен отандық кәсіпорындарды қолдау саясатын қатаң бақылауды сұрады

Зауыт құрылысы ағымдағы жылы басталмақ. «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағында салынатын кәсіпорын 2021 жылы іске қосылады деп күтілуде. Нидерландиялық белгілі «Farm Frites» компаниясының жобасы негізінде жүзеге асатын өндірістің қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттары дайындалуда. Бұл жұмыс үшін Қазақстандық жобалау институты тартылған.

Жоба құны – 145 миллион АҚШ долларына тең. Зауыт жылына картоптан 70 мың тонна фри өнімін шығаруға қауқарлы болмақ. Құрылыс кезінде барлығы 400-дей адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Өнім ішкі нарықпен қатар ТМД елдеріне де экспортталмақ.

Ағымдағы жылдың тамыз айында «Farm Frites Beheer B.V.» компаниясының басшылығы Жамбыл облысына келіп, «Химпарк Тараз» АЭА-ғы барлық инфрақұрылым жүйелерін барлап, онда жобаны жүзеге асыру және Шу ауданында картоп өсіру мүмкіндігін танысқан болатын. Екі жақты келіссөздер нәтижесінде зауыт құрылысы үшін жер телімінің шекаралары анықталып, бекітілген.

Айта кетейік, аталмыш голландиялық компанияның 40-тан астам мемлекетінде сату кеңселері және фабрикалары бар. Жылына 1,3 миллион тонна картоп өнімдерін 80-нен астам елге экспорттайды. Сондай-ақ, «Farm Frites» - әлемдегі фри өнімінің төртінші ірі өндірушісі және McDonalds пен басқа да фастфуд мейрамханаларының халықаралық жеткізушілерінің бірі болып табылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT