+7 (701) 759 90 19
USD 418.41 EUR 507.95
RUB 5.69 CNY 64.76
Jańalyqtar

Шу ауданында букмекерлік кеңсеге қарулы шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

2020 жылғы 3 желтоқсан 20:25
Бөлісіңіз:
Шу ауданында букмекерлік кеңсеге қарулы шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді ұстады,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде мүгедек ерлі-зайыптыны көсеумен ұрған күдікті ұсталды Орал тұрғыны өзге елден автокөлік айдап келемін деп 2 млн теңге жымқырған Дизайнер Сәбит Bisen-ді өлтірді деген күдіктінің соты Алматыда өтеді

Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Шу ауданындағы букмекерлік кеңселердің біріне қарақшылық шабуыл жасаған ауданның екі тұрғынын қолға түсірді. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жамбыл облысы Шу ауданының ПБ кезекші бөліміне сағат таңғы 04:30-да белгісіз тұлғалардың букмекерлік кеңсеге кіріп, кассирді қорқыт ып, ақша алып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Тергеу барысында жас жігіттердің пластикалық терезені сығымдау арқылы букмекерлік кеңсеге кіріп, кассирге белгісіз қару қолдану арқылы 773 мың теңге көлеміндегі ақшаны иемденгені анықталды. Осыдан кейін олар белгісіз бағытқа қашып кеткен»,-делінген хабарламада.

Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жамбыл облысының полицейлері күдіктілерді анықтап, ұстаған. Олар бұрын сотты болған Жамбыл облысының 23 және 24 жастағы тұрғындары болып шықты. Жауап алу барысында ұсталғандар өз кінәларын мойындаған.

Полиция департаментінің хабарлауынша, қазіргі таңда аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 192-бабының 3-бөлігімен (Қарақшылық) сотқа дейінгі тергеу басталған. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алыныпты.

Тергеу амалдары жүргізілуде, ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT