Шу аудандық ветеринарлық стансасының директоры мен бас бухгалтері сотталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мердігер компаниялардың шотына іс жүзінде жеткізілмеген тауардың ақысын аударып, сыбайласына заңсыз сыйақы тағайындаған Шу аудандық ветеринарлық стансаның директоры 8 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл тураы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер бойынша тергеушісі Данияр Бегайдаров Antikor ақпарат алаңында айтты.

«14 қыркүйекте «Шу ауданының ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығндағы кмоомуналдық мемлекеттік кәсіпорын директоры Д. Тілемісов 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Осы мекеменің бухгалтері С. Аукешева 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды», - деді Данияр Бегайдаров.

Агенттік тергеушісінің айтуынша, директор мен бухгалтер заңсыз әрекеттері арқылы мемлекетке 92,9 млн теңге зиян келтірген.

«Олар іс жүзінде жеткізілмеген тауар-материалдық құндылықтар үшін үлестес компаниялардың шоттарына негізсіз өтем аудару жолымен, сондай-ақ өздеріне көтеріңкі жалақы, сыйлықақылар мен іссапар шығыстарын негізсіз аудару жолымен 62 954 936 теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру күдігіне ілінді», - деді агенттік өкілі.


Соңғы жаңалықтар