Штаттық құрылым әлі бекітілген жоқ - Абай облысының әкімінің сұхбаты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңадан құрылған Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев ҚазАқпарат тілшісіне жедел сұхбат берді.

- Нұрлан Телманұлы, жаңа құрылған Абай облысының басшысы қызметіндегі жұмысыңыз қалай басталды?

- Тағайындалудан кейін жексенбі күні туған жерім - Семейді аралап, қаладағы тозығы жеткен көшелерді карап шықтым. Енді соларды жөндеуіміз керек. Күнде әкімдікте қаланың өзекті мәселелерін талқылап, шешу жолдарын қарастырудамыз. Уақыт тығыз. Әзірге біз ұйымдастырушылық бағыттағы жұмыстармен айналысып жатырмыз. Бүгінгі таңда штаттық құрылым да бекітілген жоқ.

- Тағайындалған бірнеше күн ішінде өңірдегі қандай мәселелермен таныстыңыз?

- Қаланың тозығы жеткен инженерлік коммуникация жүйесін, алаңдар мен аулаларды, тұрғын үй құрылысын қалпына келтіру, абаттандыру аса өзекті мәселе. Сонымен қатар Семей қаласында жылыту электр орталығын салу туралы сұрақты да қарастырамыз. Сондай-ақ шаһарда бейнекамералар орнату және бірыңғай бақылау қызметін құру туралы бірқатар тапсырма бердім. Бұдан өзге өңір Қытай және Ресеймен шекаралас болғандықтан, облыстың транзиттік әлеуетін белсенді түрде пайдалану және сол жердегі сауданы дамытуды көздеп отырмыз. Осының негізінде шағын және орта бизнес түлейді. Инвестиция қолдау,өндірістік жобаларға, кен оырндарына инвестиция тарту, өңіраралық азық-түлік белбеуін жандандыру,ауыл-аймақ инфроқұрылымын қалыпқа келтіру, мәдениет аймағын құру,баламалы энергия көздерін дамыту.

- Талап-тілек айтқан тұрғындарды қабылдап үлгердіңіз бе?

- Халықпен кездесулер, азаматтарды қабылдау алдағы уақытқа жоспарланған. Дегенмен бірнеше күнде азаматтардың ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп саласындағы тұралап қалған жұмыстарды дамытуды сұрағанын білемін. Оны шешу үшін жүйелі жоспар құрып, қажетті шараларды бастаймыз.

- Халықпен жиі кездесіп, БАҚ өкілдеріне ашық ақпарат беріп тұруға уәде бересіз бе?

- Әрине, мүмкіндігімізше ақпаратты әлеуметтік желідегі парақшаларымызда және БАҚ өкілдеріне де хабарлайтын боламыз. Әзірге сәл уақыт берулеріңізді сұраймын.

- Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңіз үшін рахмет! Жауапты қызметіңізге сәттілік тілейміз!



Соңғы жаңалықтар