Шри-Ланкада жасөспірімдер арасында шахматтан Азия чемпионаты өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәуірдің 1-10 аралығында Шри-Ланканың Калутера қаласында жасөспірімдер арасында шахматтан Азия чемпионаты өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақстан шахмат федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

Шахмат федерацияларының жас спортшылары классикалық шахмат, жылдам шахмат және блиц ойындары бойынша құрлықтың чемпиондарын анықтайды.

Қазақстан атынан ресми ойыншылар ретінде ҚР күміс жүлдегерлері ел намысын қорғайды. Олардың бәрі де Қазақстан шахмат федерациясының есебінен сайысқа барғалы жатыр.

Соңғы жаңалықтар