Шри-Ланкада нөсер жауын 5 адамның өмірін қиды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шри-Ланкада нөсер жауын 5 адамның өмірін қиып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Шри-Ланкада найзағай ұрып, нөсер жауынның салдарынан көшкін жүріп, алдын ала мәліметтер бойынша, 5 адам мерт болған.

Шри-Ланканың табиғи апаттарды басқару орталығы өкілдерінің хабарлауынша, көшкіннің салдарынан 2 адам, найзағай ұрып 3 адам мерт болды.

Елде нөсер жауын 20 мамырдан бері толастар емес. Қауіпсіз аудандарға мыңнан астам адам көшірілді.

Көшкін жүретіні туралы 5 округте ескерту жарияланды.

Метеорологиялық басқарма өкілдері жергілікті тұрғындарды найғазайдың салдарынан сақтануға шақырды.

Соңғы жаңалықтар