Шри-Ланкада әлемдегі ең үлкен жасанды шырша құрастырылды
2016 жылғы 25 желтоқсан 13:19

Шри-Ланкада әлемдегі ең үлкен жасанды шырша құрастырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шри-Ланка билігі Коломбо қаласында әлемдегі ең үлкен жасанды шыршаны құрастырды, деп хабарлайды Би-би-си.

Шырша қаңқасы болат сымдардан жасалынып, қолдан салынған миллиондаған бүршіктер мен жүз мыңдаған мерекелік шамдармен безендірілген. Оның биіктігі 73 метр. Идея авторлары туындыны әртүрлі діни сенімдегі адамдар арасындағы өзара түсіністіктің нышаны ретінде құрастырған.

Олардың айтуынша, шыршаны Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең биік шырша ретінде енгізу үшін өтініш берілген. Қазіргі рекорд 2015 жылы Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы орнатылған 53 метрлік шыршаға тиесілі. Шри-Ланка тұрғындары буддизм, индуизм және ислам діндерін ұстанады. Сондай-ақ, бұл елде католик бағытын ұстанатындар да жоқ емес.

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT