Шпекбаев сыбайлас жемқорлықтың экономикалық факторларын атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлықтың экономикалық факторларын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін агенттікте бірінші жартыжылдықты қорытындылауға арналған алқа отырысы өтті. Жиында агенттік төрағасы Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлықтың экономикалық факторларын атады.

«Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың негізгі экономикалық факторларының бірі, әрине, экономикадағы әлі де сақталып отырған елеулі мемлекеттің үлесі. Шенеуніктер басқаратын мемлекеттік кәсіпорындар ерекше тиімділікпен көзге түспейді және де сыбайлас жемқорлық мәліметіне жиі ілігеді», - деді агенттік төрағасы Алик Шпекбаев.

Оның айтуынша, қазіргі пандемия дағдарысы іскерлік белсенділікке қатты соққы берген.

«Осыған байланысты оны сапалы қалпына келтіру үшін кәсіпкерлікті барынша еркіндік пен бәсекелестіктің қағидаттары негізінде мемлекеттік реттеуді ауқымды ырықтандыруға бағытталған кешенді шешімдер қажет. Бизнесті жүргізу үшін қолайлы орта құру – бұл стратегиялық міндет, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұрғысынан да дәл солай. Тиісті тұжырымдамалық шаралар 2021-2023 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделетін болады», - деді Алик Шпекбаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алик Шпекбаев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Білім мен ғылым министрлігінде 2 қылмыстық іс тергеліп жатқанын айтып өтті.



Соңғы жаңалықтар