Шпекбаев мемқызметшілерден құралған қылмыстық топ мәселесін жеке бақылауына алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласының тұрғыны Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевқа мемлекеттік қызметшілерден құралған ұйымдасқан қылмыстық топқа шағымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ведомство басшысы Алик Шпекбаев 5 қыркүйек күні «Нұр Отан» партиясында қоғамдық қабылдау өткізді.

Кездесуде азаматтар агенттік басшысына мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне шағымданып, жемқорлық фактілері туралы хабарлады.

Әр азамат жекелей, сондай-ақ видеобайланыс арқылы тілдесуге мүмкіндік алды.

Алматы қаласының тұрғыны Фархат Агишев видеобайланыс арқылы мемлекеттік қызметшілерден құралған ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетіне шағымданды. Оның айтуынша, топ мүшелері қылмыстарды жасыру үшін өздерінің қызметтік мансаптарын пайдаланады.  

Алик Шпекбаев азаматтың шағымын тексеруді тапсырып, бұл мәселені жіті бақылауына алды.

Барлығы 11 азамат шағым түсірді. Олардың арасында қылмыстық істерді қарау кезіндегі алаяқтық, рейдерлік, сарсаңға салу фактілері бойынша ІІБ қызметкерлерінің үстінен шағымдар, жер қатынастарына қатысты мәселелер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын ұстануы және басқа да мәселелер бар.

Алик Шпекбаев қабылдау барысында өтініштердің ешбірі қараусыз қалмайтынына, дәлелдер расталса, кінәлі тұлғалардың жауапқа тартылатынына сендірді.

 

null 

Соңғы жаңалықтар