Шпекбаев ауыр жүк көліктері туралы: Айыппұл салу мәселені шешпейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жүк өлшеудің автоматтандырылған жүйесі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пайда табуды ғана көздейтін тасымалдаушылар жүктердің салмақтық өлшемдерін сақтамайтыны ешкімге құпия емес. Сол арқылы бақылаусыз өту үшін сыбайлас жемқорлық жолдарын іздейді. Осылайша мемлекетке екі есе зиян келеді. Бір жағынан, қазынаға жүк тасымалынан қаражат түспейді, екінші жағынан – жол сапасы нашарлайды», - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев елордада өткен форумда.

Агенттік жанындағы Арнайы мониторингтік топ Көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп 47 рейд өткізген.

«Нәтижесінде 225 артық жүк тиеу фактісі анықталып, әр жағдай бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әрине, айыппұл салу арқылы жағдай түзелмейді. Түбегейлі шаралар қабылдау қажет. Дамыған елдер тәжірибесіне сүйеніп, бақылау-өткізу бекеттерінде жүк өлшеудің автоматтандырылған жүйесін енгізу арқылы адами факторды толық алып тастау - шешімнің оңтайлы нұсқасы», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар