2014 жылғы 12 желтоқсан 21:42

Шоумен қазақша әріптер туралы ән салды (ВИДЕО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Белгілі шоумен Дәуіт Шайхисламов қазақ әріптері туралы ән шығарды. Бұл туралы ол өзінің «Instagram»-дағы парақшасында хабарлады.

Шоумен бейнебаянда қазақстандықтарды туған тілін меңгеруге, қазақша сөйлеуге шақырған.

«Бұл туралы идея канадалық әнші Kiesza «Hideaway» әнін тыңдаған соң келді. Мәтінді бар-жоғы 10 минутта жаздым. Достарым әнді жақсы бағалады», - деді шоумен.

Дәуіт аталған әнге бейнебаянды түсіруге 5 сағат уақыты кеткенін айтады.

Оған «Большая восьмерка» продакшн-студиясы мен Funky Town би тобы көмектескен.

Jańalyqtar

MURAǴAT