14:36, 21 Сәуір 2016 | GMT +6
Шоу-бизнес жұлдыздары салық төлемеу үшін табысын төмен көрсеткен
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы салық департаменті шоу-бизнес өкілдеріне салық сала бастады. Бұл туралы қалалық Мемлекеттік кіріс департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, шоу-бизнес пен концерттік бағдарлама аясында кәсіпкерлікпен айналысқан тұлғалар өз табыстарын қасақана төмендетіп көрсеткен.
«Жыл басынан бері Айқын, Ернар Айдар, «Шаншар», «Алдараспан» театрларының концерті, сондай-ақ шетелдік Полина Гагарина, Павел Воля, Вячеслав Бутусовтың концерттеріне салықтық тексеру жүргізілді.
Олардың көбі шын мәнінде тапқан табысын 10 есе төмендетіп көрсеткен», - деді баспасөз қызметінен.