Шотынан 70  млн теңге жоғалған ПИК-тің бұрынғы басшысы қамауға алынды
2022 жылғы 5 мамыр 17:21

Шотынан 70 млн теңге жоғалған ПИК-тің бұрынғы басшысы қамауға алынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда «Премьера» тұрғын үй кешенін басқарған пәтер иелері кооперативінің бұрынғы төрағасы қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Наурызбай ауданының прокуратурасы бірнеше жылдан бері тұрғын үй кешенін басқаруға қатысты мәселелер тұрғындар арасында наразылық пен келіспеушілік тудырғанын хабарлады.

Азаматтардың өтініштері мен басқа да материалдарға жүргізілген талдау нәтижелерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау үшін жеткілікті негіздер бар екендігі анықталды.
Сараптама қорытындысы бойынша пәтер иелері кооперативінің есепшотында 70 миллион теңгеден астам қаражат жетіспейтіні анықталды. Тұрғындар нысанды күтіп ұстау бойынша қызметтер үшін төлеген, бірақ қаржы қаланың коммуналдық қызметтеріне түспеген.

«Осыны ескере отырып, аудан прокуратурасымен ПИК-тің бұрынғы төрағасын күдікті деп тану туралы шешім келісілді, ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (яғни аса ірі мөлшерде жасалған бөтеннің мүлкін ұрлау) бойынша оның әрекеттерінің біліктілігі анықталды. Сондай-ақ прокуратура жасалған қылмыстың ауырлығын ескере отырып, тергеу органның бұрынғы ПИК төрағасын қамауға алу қажеттілігі туралы өтінішін қолдады, ол кейіннен соттың санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық істі қарау және түпкілікті үкім шығаруға сотқа жіберіледі», - деп хабарлады прокуратурадан.

Прокуратураның қабылдаған шараларымен коммуналдық қызметтер алдындағы берешектеріне қарамастан, осы тұрғын үй кешені электр – жылумен жабдықтаудан ажыратуға жол берілген жоқ.

Бұған дейін «Премьера» тұрғын үй кешенінің тұрғындары жарықты өшіргені үшін жолды жауып тастаған болатын.


Ұқсас жаңалықтар
Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT