Шотландияның бірінші министрі отставкаға кетті

None
ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Шотландияның бірінші министрі Никола Стерджен отставкаға өтініш берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2014 жылдың қарашасынан бері Шотландияның бірінші министрі қызметін атқарған және сонымен бірге Шотландияның ұлттық партиясының жетекшісі қызметінде болған 52 жастағы Стерджен сәрсенбі күні Эдинбургте өткен баспасөз мәслихатында отставкаға кететінін мәлімдеді.

Ол жаңа басшы сайланғанға дейін қазіргі қызметін атқара тұрады.

Соңғы уақытта Никола Стерджен бірқатар саяси сәтсіздіктерді бастан өткерді.

Соның ішінде Ұлыбритания жоғарғы сотының Шотландияның тәуелсіздігі туралы жаңа референдум өткізу жоспарын қабылдамауы және партия мүшелерінің Лондонға осыған қатысты позициясы үшін айтылған сын бар.


Фото: PA MEDIA

Соңғы жаңалықтар