Шотландиялық фотограф көктарғақтың суға сүңгу сәтін түсіруге 6 жыл әрекеттенген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шотландиялық фотограф Алан МакФэдьен көктарғақ құсының судың бір тамшысын да шашыратпай сүңгитін ерекше сәтін түсіруге көп рет әрекеттенген.

Фотосуретші алты жыл бойы бір жерге күніне бірнеше рет келіп (орташа алғанда, жылына 100 күн), суға сүңгитін құстарды суретке түсірген.

МакФэдьен 720 000 фотосурет жасаған соң ғана көздегеніне қол жеткізді.

МакФэдьенді бұл өнермен айналысуға осыдан 40 жыл бұрын немересіне көктарғақтардың қыстайтын жерін көрсеткен атасы шабыттандырды. Шотландық азамат ер жеткен соң суретке түсіру өнерімен айналыса бастаған, деп хабарлайды Meduza.

Соңғы жаңалықтар