Шотландияда оқ өтпейтін жиһаз шығарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шотландиядағы Osdin Shield фирмасы лаңкестік жағдайы үшін арнайы шығарылған оқ өтпейтін жиһазын ұсынды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Жиһаз жинағына арнайы болат тақташа бекітілген кресло мен дивандардан тұрады. Компанияның баспасөз парақшасында «тақташа байқалмайды, әрі жиһаздың заманауи және сәндік дизайнын бұзбайтыны» айтылған.

Өндіруші болат тақташалар кең таралған тапанша оқтарынан, сондай-ақ Калашников автоматынан қорғайтына кепілдік беріп отыр.

Компанияның болжауынша, лаңкестер қарумен шабуыл жасап атыс болған кезде адамдар жиһаздың артында тығылып, аман қалуына мүмкіндік туады.

Компания оқ дарытпайтын жиһаздың лаңкестер шабуыл асауға жиі таңдап алатын мейрамхана, қонақүйлерде ие болуы мүмкін деп мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар