Шотландия тәуелсіздік алу үшін екінші мәрте референдум өткізеді
2022 жылғы 28 маусым 19:26

Шотландия тәуелсіздік алу үшін екінші мәрте референдум өткізеді

ЭДИНБУРГ. ҚазАқпарат – Бірінші министр Никола Стерджен Шотландия парламентінде ел тәуелсіздігі туралы екінші референдум өткізу жоспары туралы мәлімдеме жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News басылымына сілтеме жасап.

Ол келесі жылдың қазан айында Ұлыбритания министрлерінің ресми келісімімен немесе онсыз заңды дауыс беруді өткізу жоспарын жасайды деп күтіліп отыр.

Шотландияның тәуелсіздігі туралы 2014 жылғы референдумда «қарсы» тарап 55% дауыс жинап, жеңіске жеткен.

Стердженнің айтуынша, оның референдум өткізуге демократиялық мандаты бар.

Өйткені тәуелсіздікті қолдайтын партиялар - Шотландия ұлттық партиясы (SNP) және «жасылдар» (Scottish Greens) жергілікті парламентте – Холирудте көпшілік дауысқа ие.

Саясаткер Ұлыбритания үкіметінің Шотландия халқының қалауына қарсы жүргізіп жатқан күресі Лондонның ішкі және халықаралық аренадағы позициясын әлсірететінін атап өтті.

Жексенбіде шотланд консерваторларының жетекшісі Дуглас Росс Н. Стердженді ел өмір сүру құнының өсуі, ұзақмерзімді энергетикалық қауіпсіздік, экономикалық даму, жұмыс орындарына қолжетімділік сияқты маңызды мәселелермен бетпе-бет келгенде «ойын ойнады» деп айыптады.



Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT