Шотланд ғалымдары күніне 8 стақан су ішудің қате екенін анықтады

2022 жылғы 28 қараша, 09:44
Шотланд ғалымдары күніне 8 стақан су ішудің қате екенін анықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Шотландиядағы Абердин университетінің ғалымдары күніне ішілуі тиіс екі литр судың ұсынылған мөлшері шамадан тыс болуы мүмкін екенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Шотланд ғалымдары адамның күнделікті сұйықтық мөлшерінің жартысына жуығын тамақтан алатынын, сондықтан көп таза су ішудің қажеті жоқ екенін атап өтті.

Енді ауқымды зерттеулерге сүйене отырып олар күніне 1,5-1,8 литр су ішуге кеңес береді.

«Күнделікті қажеттіліктің бастапқы өлшемі екі литр – бұл кішігірім қателіктің нәтижесі. Ішуіміз тиіс су – жалпы тәуліктік қажеттілік пен тағамнан алатын нәрсенің айырмашылығы», - дейді зерттеу авторларының бірі профессор Джон Спикмен:

Жаңа зерттеуде су айналымы адам ағзасында тұрақты изотоптар қолданылатын технологияны қолдану арқылы дәлірек есептеуге болады.

Зерттеуге 23 елден сегіз күннен 96 жасқа дейінгі 5604 адам қатысты.

Эксперимент барысында қатысушылар бір стақан су ішті. Онда кейбір сутегі молекулалары тұрақты дейтерий изотобына ауыстырылған.

Дейтерий адам ағзасында өндіріледі және мүлдем зиянсыз.

Содан кейін зерттеуге қатысушылардың денесінен дейтерийдің шығу жылдамдығы олардың ағзасындағы су айналымының жылдамдығын өлшеді.

Бұл жылдамдық әр адамда әртүрлі, сондықтан әр адамның күнделікті тұтынатын су мөлшері де әрқилы болады.

Мысалы, денедегі су ыстық және ылғалды климатта, таулы жерлерде, сондай-ақ спортшыларда, жүкті және бала емізетін әйелдерде тезірек жаңарады.

Денедегі судың айналу жылдамдығын анықтайтын ең маңызды фактор – жұмсалатын энергия мөлшері.

20-35 жастағы ер адамдардың денесінен күніне орта есеппен 4,2 литр су шығады.

Жас ұлғайған сайын бұл көлем төмендейді және ер адамдарда 90 жасқа қарай шамамен 2,5 литрге дейін төмендейді.

20-40 жас аралығындағы әйелдердің ағзасынан күніне 3,3 литр су шығады, ал 90 жасында оларда денеден шығатын сұйықтықтың тәуліктік мөлшері 2,5 литрге дейін төмендейді.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar