Шортанды кенті маңындағы эстакаданың ақауы жөнделді

None
None
ШОРТАНДЫ. ҚазАқпарат – Шортанды кенті маңындағы эстакада көлік қозғалыс ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгінге дейін эксплуатация жасаушы компания эстакаданы қалыпқа келтіру үшін барлық қажетті жөндеу жұмыстарын аяқтаған. Жолшылар топсалы-анкерлі бекіткіштерді орнатып, деформациялық жіктерді жөндеуден өткізді.

Айта кетейік, биыл 14 қазанда «Нұр-Сұлтан-Шортанды» ақылы учаскесінің 75 шақырымдағы көлік жол айырығында (Шортанды кенті) көліктің барлық түріне қозғалыс уақытша шектелген болатын.
«Көпірдегі аралық салмақтың теңгерімсіздігі нәтижесінде деформациялық жік тіреуіштерден ажырап қалған. Бұдан аралық құрылымның консоль бөлігі жоғарыға көтеріліп, ақау пайда болған», делінген хабарламада.

Айта кету керек, аталған өтпежол 12 жыл бұрын пайдалануға берілген. Оның ұзындығы 70 метр.

Ведомствоның мәліметінше, қазір «Нұр-Сұлтан-Шортанды» ақылы учаскесінің 75-шақырымындағы көлік жол айырығы (Шортанды ауылы) бойынша көлік үшін қауіпсіз.

Еске сала кетсек, «Нұр-Сұлтан – Щучье» ақылы автомобиль жолының 75-шақырымы Шортанды кентіне жақын тұсте көлік өтпесінің плитасы ажырап кеткен еді. Ақауға қатыстьы «ҚазАвтоЖол» компаниясы түсінік берген болатын.


Соңғы жаңалықтар