Шортанды ауданының тұрғыны мембағдарлама арқылы газ құю стансасын ашты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Шортанды ауданының тұрғыны «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы газ құю стансасын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Кəсіпкер Татьяна Хлубнаяның айтуынша,  «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасына қатысып, несие алмас бұрын нарықты сырттай зерттеп көрген.  Содан кейін ғана барып, жеңілдетілген мөлшерлемемен берілген несиеге қажетті қондырғылар мен цистерна сатып алып орнатқан.

«Астана-Көкшетау» тас жолының бойында орналасқан газ құю стансасына келушілер көп. Осының арқасында кəсіпкер үш адамды жұмыспен қамтып, алдағы уақытта кəсібін кеңейтпек.

«Бастапқы да жобадан қайтарым болмай қалама деп қорықтым. Бүгінгі таңда бензин бағасы арзанырақ. Газ одан да арзан əрі тиімді.  Сол себепті, діттеген жоспарымыз дұрыс болып, ісіміз оңға басуда», - дейді Татьяна Хлубная.

Алдағы уақытта іскер әйел өңірлік кəсіпкерлер палатасының көмегімен бизнесін кеңейтуді жоспарлап отыр. 

Соңғы жаңалықтар