Шортанды ауданындағы полиэтилен өндіру зауыты жыл соңына дейін толық қуатына көшеді

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Шортанды ауданында «Үдемелі индустриалық инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған қуаттылығы жылына 1500 тонна полиэтилен өнімін шығаратын кәсіпорынның жұмысы қарқын ала бастады.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жаңа өндіріс орнының ашылуы жергілікті 37 тұрғынды тұрақты еңбекпен қамтуға мүмкіндік беріп отыр. Бүгінгі күнге дейін кәсіпорын 125 тонна полиэтилен пленкасы мен 223 тонна полиэтилен пакетін шығарып 124 миллион теңгенің өнімін өндірген. Жыл соңына дейін кәсіпорынды толық қуатына көшіру жоспарланған.

Сонымен Шортанды ауданында теміржол инфрақұрылымына байланысқан индустриалды аймақты құру жұмысы қарқын алуда. Ол үшін теміржолға жақын орналасқан бос жатқан жерлерді игеріп, оған түрлі кәсіпорындарды құру жұмысы жүргізілуде.

Еске сала кетейік, 2014 жылы индустриаландыру картасына ауданнан 3 жоба енгізілген болатын.

Соңғы жаңалықтар