Шортанды ауданында құны 73,9 миллион теңгенің құс фабрикасы салынуда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Шортанды кентінде жылына 60 тонна қаз етін өндіріп, өңдейтін жаңа құс фабрикасы салынуда. Бұл туралы аймақ басшысы Сергей Кулагиннің аталған ауданға жұмыс сапары барысында белгілі болды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Бұл жобаны «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы «Белая Лилия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда. Салынып жатқан жаңа құс фабрикасының құны 73,9 миллион теңгені құрайды.

Қазіргі кезде, серіктестік ауданның салық есебінде тіркеліп, Шортанды ауданын дамыту бағдарламасы арқылы жер телімі бөлінген. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін рұқсат құжаттар да берілген.

Осы күні құрылыс жұмыстары басталып, қажетті коммуникация жүйесі тартылды. Кәсіпорынды 2016 жылдың 1-ші тоқсанында іске қосу жоспарланған. Өнім негізінен облыстың өзге аудандары мен Астана қаласына жеткізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар