Шорт-тректен әлем чемпионаты: Әділ Ғалиахметов В финалында топ жарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нидерландтың Дордрехт қаласында шорт-тректен әлем чемпионатының екінші жарыс күні өтуде. Бүгін қазақстандықтар В финалында сынға түсті деп хабарлайды Olympic.kz.

Денис Никиша мен Әділ Ғалиахметов 1500 метрге жарысудан В финалында бақ сынап, Ғалиахметов мәреге бірінші болып келді. Ол аталған қашықтықты 2 минут 25.703 секундта жүгіріп өткен. Ал осы қашықтықта әйелдер арасында сынға түскен Мадина Жанбосынова 16-шы, Янна Хан 27-ші орында.

Айта кетелік, әлем чемпионатының А финалындағы бәсекелер ертеңге жоспарланған.



Соңғы жаңалықтар