Шорт-тректен ӘЧ: Денис Никиша төртінші орынға табан тіреді

None
Фото: olympic.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Денис Никиша шорт-тректен Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өтіп жатқан әлем чемпионатында төртінші орынға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Денис Никиша 500 метр қашықтықта А финалында өнер көрсетті.

Соңгы бәсекеде бес спортшы жүлде үшін таласқа түсті.

Өкінішке қарай, жарыс барысында Дениске қытайлық спортшы кедергі жасады. Ақыры қытайлық шорттрекшіге пенальти берілді.

Алғашқы үш орынды Италия, Канада, Нидерланд спортшылары бөлісті. Д.Никиша төртінші орынға табан тіреді.

Денис Никиша дәл осы қашықтықта биыл әлем кубогінде үздік атанған еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын шорт-тректен әлем чемпионатында 11 қазақстандық спортшының бақ сынайтынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Денис Никиша шорт-тректен әлем чемпионатының финалына шықты.


Соңғы жаңалықтар