Шорт-трекшілеріміз Ресей кубогында аралас эстафетада чемпион атанды

None
None
КОЛОМНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Коломна қаласында шорт-тректен ашық кубок аяқталды. Жарыста қазақстандықтар аралас эстафетада топ жарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сілтеме жасап.

Анастасия Крестова, Әлия Ким, Абзал Əжіғалиев, Әділ Ғалиахметов жəне Денис Никиша аралас эстафетада бірінші болды.

Бұған дейін Ғалиахметов жартылай финалда, ал Əжіғалиев финалда бақ сынағанын еді. Сондай-ақ, 1000 метрге жарысуда Абзал Əжіғалиев қола жүлдегер атанды.

Ал, Абзал 500 метрлік сында екінші орын иеленгені бұған дейін хабарланған болатын. 1 500 метрге жүгіруде Анастасия Крестова күміс еншіледі. Ерлер арасындағы осы қашықтықта Еркебұлан Шамухаев қола жүлдегер атанды. 

Ресей ашық кубогы 13-16 қыркүйек аралығында өтті.

Соңғы жаңалықтар