Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Шорт-трек: Қазақстандықтар әлем кубогының жартылай финалына өтті

2018 жылғы 7 желтоқсан 23:41 124
Бөлісіңіз:
Шорт-трек: Қазақстандықтар әлем кубогының жартылай финалына өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда шорт-тректен өтіп жатқан әлем кубогының үшінші кезеңінде қазақстандық спортшылар жартылай финалға өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің хабарлауынша, бүгін бірнеше қашықтықта іріктеу айналымы аяқталды.

Атап айтар болсақ, әйелдер арасында 1500 метрге жарысудан Анастасия Крестова мен Ольга Тихонова жартылай финалға өтті. Крестова өз тобында бірінші орын иеленсе, Тихонова уақыт көрсеткіші бойынша жартылай финалға жолдама алып отыр.

1500 метрге жарысудан ерлер арасындағы бәсекеде Әділ Ғалиахметов өз тобында үшінші орын алды. Әділ уақыт көрсеткіші жоғары болғандықтан, ереже бойынша келесі айналымға өтті.

Сондай-ақ, бұл қашықтықта келесі кезеңге өткендер қатарында Еркебұлан Шамұханов та бар. Мерсаид Жақсыбаев жартылай финалдан сырт қалды.

2000 метрге жарысудан аралас командалық сында қазақстандықтар жартылай финалға өтті. Анастасия Крестова, Әлия Ким, Денис Никиша және Нұрберген Жұмағазиев төрттігі өз тобында екінші орын иеленді.

Әйелдер арасында 3000 метрге жарысудан командалық бәсекеде Қазақстан құрамасы уақыт көрсеткіші бойынша жартылай финалда өнер көрсету мүмкіндігін алды. Әлия Ким, Анастасия Кретова, Әсел Тайшыманова және Ольга Тихонова ертең жартылай финалда сынға түседі.

Сондай-ақ, 500 метрде бақ сынаған Абзал Әжіғалиев өз тобында көш бастады.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Күнсұлтан Отарбай

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT