Шорт-трек: Әлем, Олимпиада чемпиондары Алматыға жиналды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы «Халық Арена» кешенінде шорт-тректен әлем кубогының үшінші кезеңі басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің ресми сайты мәлім еткендей желтоқсан аралығында өтетін додаға әлемнің 18 мемлекетінен 150-ден аса спортшы қатыспақ. Олардың қатарында әлем және Олимпиада чемпиондары бар.

Қазақстан шорт-тректен мұндай ірі доданы тұңғыш рет өткізгелі отыр.

Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков бұл бәсекеде ел намысын кімдер қорғайтынын мәлімдеді.

Алматы айдынында төмендегі спортшыларымыз жүлдеге таласады:

Әйелдер: Әлия Ким, Анастасия Крестова, Ольга Тихнонова, Әсел Тайшыманова, Анита Нагай, Яна Хан.

Ерлер: Абзал Әжіғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша, Мерсаит Жақсыбаев, Еркебұлан Шамұханов және Әділ Ғалиахметов.

Биылғы маусым спортшыларымыз үшін жаман басталған жоқ. Калгариде өткен әлем кубогының алғашқы кезеңінде Абзал Әжіғалиев үш бірдей Олимпиада чемпионымен бақ таластырып, күміс еншіледі.

АҚШ-та өткен екінші кезеңде Денис Никиша үздік төрттік қатарынан көрінді.

Универсиада ойындарындағы жанкүйерлердің үлкен қолдауы халықаралық федерацияның елімізге сенім артуына үлкен септігін тигізді.

Бүгін іріктеу бәсекелері басталады.

Соңғы жаңалықтар