Шорт-трек: әлем кубогы кезеңінде 500 метрден қос қазақстандық спортшы финалға өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Шорт-тректен Алматыда өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша 500 метр қашықтықта финалға жолдама алды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Абзал ширек және жартылай финалда өз тобында алдына жан салған жоқ, ол сондықтан бірден өтті.

Денис жартылай финалда құлап қалды. Дегенмен төрешілер ресейлік Павел Ситниковке пенальти беріп, Д.Никишаға В финалында өнер көрсетуге мүмкіндік жасады.

Осылайша Абзал Әжіғалиев 500 метр қашықтықта жүлде үшін таласады.

Ерлер арасында 1500 метр қашықтықта үш бірдей қазақ спортшысы жартылай финалда бақ сынады. Батысқазақстандықтар Әділ Ғалиахметов пен Нұрберген Жұмағазиев, сондай-ақ Еркебұлан Шамұханов В финалына жолдама алды. Әсіресе, 20 жасар Ә.Ғалиахметов үшін бұл жақсы жетістік деп есептеугеболады.

Қыздардан қазақстандықтар Әлия Ким (Йонг А Ким) мен Ольга Тихонова 1500 метр қашықтықта жартылай финалға шыққанымен, одан әрі аса алған жоқ.

Еске сала кетейік, кеше финалдық бәсекеде қос бірдей қазақстандық шорттрекші өнер көрсеткен болатын. Анастасия Крестова 1500 метр қашықтықта қола медальға сәл ғана жетпей, төртінші орыннан көрінді. Абзал Әжіғалиев 1000 метр қашықтықта А финалына шыққанымен, бесінші орында қалып қойды.

Алматыдағы әлем кубогы кезеңі бүгін мәреге жетеді.

 

Соңғы жаңалықтар