Шорт-трек: Абзал Әжіғалиев әлем кубогынан қола медаль жеңіп алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында шорт тректен өткен әлем кубогының бірінші кезеңінде Абзал Әжіғалиев қола медальға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің хабарлауынша, бүгін Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) шорт тректен әлем кубогының бірінші кезеңі өз мәресіне жетті.

Аталған кубокте ел намысын қорғаған Абзал Әжғалиев 500 метр қашықтықты 39.881 секунд уақытта бағындырып, жарыстың қола жүлдесін қанжығасына байлады. Аталған қашықтықта бас жүлдені қытайлық У Дацзин жеңіп алды. Ал, екінші орынға мажар спортшысы Шандору Шаолиню Лю ие болды.

1000 метр қашықтықта ел намысын қорғаған тағы бір отандасымыз Еркебұлан Шамұханов жарысты 10-шы орында келсе, Қазақстан құрамасынан тағы бір спортшысы Мерсаид Жақсыбеков жарысты жүлдесіз аяқтады.

Соңғы жаңалықтар