Шопанның вагонынан есірткі мен қару-жарақ табылды – Жамбыл облысы

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер «Қару» жедел-алдын алу шарасы барысында шопанның вагонынан есірткі, қару-жарақ пен Қызыл кітапқа енген жануардың етін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мойынқұм ауданының құмға жақын маңдағы мал жайылымы аумағында жедел-іздестіру шарасын жүргізу барысында қойшы болып жұмыс істейтін 34 жастағы жергілікті тұрғынның шағын вагонынан жалпы салмағы 1 келі 310 грамм кептірілген марихуана табылып, тәркіленді.

«Тексеріс барысында вагоннан тіркелмеген 5 аңшы мылтығы, 56 аңшылық патрон, сондай-ақ ел аумағында аулауға тыйым салынған қарақұйрық жануарының еті мен басы табылды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігінің (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) және ҚР ҚК 337-бабы 4-бөлігінің (заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі таңда ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындаған. Айта кетейік, заңда есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтағаны үшін 3 жылға дейін, заңсыз аң аулағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.


Соңғы жаңалықтар