Шомылуға рұқсат етілген орындар тізімін бірыңғай платформадан білуге болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар шомылуға рұқсат берілген немесе тыйым салынған су айдындары туралы деректі бірыңғай платформадан біле алады. Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің басқарма басшысы Қанат Тұрысбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл су айдындарында адам өлімінің алдын алудың жаңа әдістерін қолға алдық. Атап айтсақ, авиациялық және теміржол көлігінің мультимедиялық жабдықтары су қауіпсіздігі ережесі жазылған үгіт-насихат парақшаларын таратуда пайдаланылды. Сонымен қатар 2GIS картография платформасында еліміздің барлық өңірлерінде шомылуға рұқсат етілген немесе тыйым салынған су айдындары туралы деректер орналастырылды. Одан бөлек, жеке бас қауіпсіздігі тақырыбында оқушылармен 1 129 интерактивті сабақ және халықпен 5 507 жиын өткізілді», - деді Қанат Тұрысбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін басқарма басшысы елімізде балалардың судағы қауіпсіздігін қамту мақсатында оларды жүзуге үйрету қолға алынғанын айтты.

Одан бөлек, Қ. Тұрысбаев балалардың суға кетуіне қатысты қайғылы оқиғалардың 82 пайызында ата-анасы қараусыз қалдырған деп мәлімдеді.



Соңғы жаңалықтар