+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.42 EUR 424.58
RUB 6.00 CNY 54.31
Jańalyqtar

Шомылу маусымы басталғалы 75 бала көз жұмды – ТЖК

2019 жылғы 30 шілде 16:18
Бөлісіңіз:
Шомылу маусымы басталғалы 75 бала көз жұмды – ТЖК

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел аумағында суға түсуге жабдықталған 607 ресми жағажай бар. Бұл туралы елордада өткен брифингте ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жоғалып кеткен 29 жастағы жігіттің денесі Есіл өзенінен табылды Маңғыстауда теңізге суға түсуге болмайтын жерлер белгіленді ШҚО-да екі күнде 5 адам суға кетті

«Шілде айы шомылу маусымының нағыз қызған кезі. Өкінішке қарай, суда қайғылы жағдайлар тіркелуде. Елімізде суға шомылып, балық аулайтын 50 мыңнан астам аумақ бар. Солардың негізінде 607 ресми жағажай жасақталған», - деді В. Беккер.

Оның сөзіне қарағанда, шомылу маусымы басталғалы бері 214 адам суға батты. соның 75-і – балалар. Бұл тұрғыда 198 адам шомылуға арналмаған жерде ажал құшқан.

ТЖК баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, 173 жағдайда адамның (оның 54-і бала) көз жұмуына шомылу кезінде әлін дұрыс бағаламауы себеп болған.

Аталмыш қайғылы оқиғалардың көбісі Түркістан (25 адам), Алматы (24), Ақмола (21), Шығыс Қазақстан (20) және Павлодар (18) облыстарында тіркеді.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Демалыс орындарда суға мас немесе есірткі қабылдаған күйде түсуге; суға қайықтан, кемелерден, бұл мақсатқа арналмаған заттардан секіруге; белгіден ары асып жүзіп кетуге; жүзуге арналмаған заттармен жүзуге; кемелерге жақындауға; су айдындарын ластауға; жағада және киім ауыстыратын жерде демалушыларды жарақаттауы мүмкін қоқысты тастауға; жалған көмек сұрап, дабыл қақпауға; техникалық және ескерту белгілеріне өрмелеуге; үлкен адамның қарауынсыз баланы суға жіберуге; шомылып жатқан балаларды қараусыз қалдыруға тыйым салады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT