Шомылу маусым басталғалы 149 адам суға кетті - министр Ильин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Телерадиокешенінің «Үш сұрақ» бағдарламасына Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қатысып, шомылу маусымындағы қайғылы жағдайлар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаз мезгілінің соңғы күндері жақындап келеді. Тамыздың соңында, қыркүйектің басында шомылу маусымы кезінде суға кеткендер туралы қысқа мерзімдік қорытынды шығаруға болады. Кез келген адам өлімі –трагедия. Бірақ бұрнағы жылдардың статистикасын келтірсек, ересектер арасында да (41 пайыз), балалар арасында да (31пайыз) өлім жағдайларының азайғанын көруге болады. Жалпы санын айтсақ, шомылу маусымында 149 адамның ажалы судан болған. Оның 49-ы – кәмелетке толмаған», - деді министр сұхбат барысында.

Оның айтуынша, жыл басынан бергі статистика бұдан әлдеқайда қайғылы.

«Ал жыл басынан бергі статистиканы алып, мұз астына кеткен балықшыларды есепке қоссақ, қаза болғандардың саны 189 адамға жетеді. Дегенмен бұған дейінгі жылдары судағы адам өлімі 300-ге дейін баратын. Өкінішке қарай, жасы кіші балалардың қайғылы жағдайлары көп тіркелуде. Негізгі себептері – қараусыз қалдыру, шомыла білмеу және баланың өзі күшін бағалай алмау.

Ересектер арасында демалу кезінде ішімдік ішіп суға кету тенденциясы басым. Оның ішінде өз күшін асыра бағалау да бар. Топтанып ішімдік ішіп,суға кету жиі кездеседі. Мысалы, Түркістан облысында шетел азаматтары осындай жағдайға тап болды», - деді Юрий Ильин.


Видеодан алынған кадр




Соңғы жаңалықтар