Шолу: Сиыр жылы адамзат тарихында несімен есте қалған
2021 жылғы 2 қаңтар 15:15

Шолу: Сиыр жылы адамзат тарихында несімен есте қалған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл шығыс күнтізбесі бойынша сиыр жылы келіп жетті. 12 жыл сайын қайталанып отыратын сиыр жылы әр кезеңде әртүрлі оқиғаларымен есте қалды. ҚазАқпарат тілшісі оқырман назарына сиыр жылы жер бетінде болған бірқатар оқиғаны ұсынады.

Сиыр жылы дүниеге келгендер

Сиыр - шыдамдылықтың, мақсатқа ұмтылу мен еңбекқорлықтың символы. Сиыр жылы туғандар талантты болады, әрі көшбасшылық қабілеті бар.

Сиыр жылы танымал жазушы Ганс Кристиан Андерсен, кескіндеу өнерінің шебері Винсент Ван Гог, композитор Иоганн Себастьян Бах, әртіс Чарли Чаплин дүниеге келген.

Наполеон Бонапарт, Адольф Гитлер, Саддам Хусейн сияқты саяси көшбасшылар да дәл осы сиыр жылы өмір есігін ашқан.

Сиыр жылы болған оқиғалар

1937 жылы болған репрессия, сталиндік қуғын-сүргін қоғамда ауыр із қалдырды. Жазықсыз жазаланғандар саны әлі күнге дейін әртүрлі айтылады.

1937-1938 жылдары 1 миллион адам атылып, 2 миллион адам тұтқында өлген. 1937-1938 жылдары 160 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған.

1949 жыл – бейбіт келіссөз, келісімдер, одақтастық және мемлекеттердің құрылу жылы болды. Израиль мен Египет бітімге келіп, Солтүстік Атлантикалық Келісім ұйымы құрылды.

Берлин блокадасын ресми түрде алып тастаса, Қытайда коммунистік партияның жетекшісі Мао Цзэ Дун Қытай халық республикасы құрылғанын жариялады. Ал Франция Вьетнамға егемендік береді.

1961 жыл адамзаттың есінде ғылыми жаңалықтардың ашылуымен, ғылым саласында жеткен жетістіктермен қалды. Англия және австралиялық ғалымдар бірінші болып радио сигналдарының ультра алыс қашықтыққа таралуын жүзеге асырды.

КСРО-да жетілдірілген көпсатылы зымыран көмегімен жердің жасанды серігі ұшырылды. Ол – орбитаға ұшырылған жерсеріктердің ішіндегі ең ауыры.

Сондай-ақ, дәл осы жылы америкалық геологтар мұхит астындағы жер қыртысын терең бұрғылау жобасын жүзеге асыра бастады. Нәтижесінде олар тереңдігі 3000 метрден асатын бес ұңғыманы бұрғылады.

1973 жылы әртүрлі елдерде ереуілдер, терроризм болды және үкіметтің инаугурациясы өтті. АҚШ президенті Ричард Никсон екінші мәрте сайланды.

Ұлыбританияда газ саласының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлер ереуілге шықты. Римдегі әуежайға жасалған араб террористік шабуылынан 32 адам қаза тапты, ал Ирландия республикалық армиясының содырлары Лондонда Рождество кезінде бомбалау науқанын бастады.

1985 жылы Windows операциялық жүйесінің алғашқы нұсқасы шықты.

2009 жылы Еуропалық Одақтың конституциясы (Лиссабон шарты) ратификацияланып, H1N1 тұмауы (шошқа тұмауы) эпидемиясы тарады.

2021 жыл жақсылыққа толы болады деген сенімдеміз.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT