ШОЛУ: Бүкіләлемдім қауіпсіздік саласындағы маңызды құжат - Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылы наурыз айының аяғында АҚШ астанасы Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші саммит шеңберінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі жария етілді. БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі Біріккен Ұлттар Ұйымының басшылығын, тұтастай Нью-Йорктегі дипломатиялық қауымдастықты осы кездесуде жоғары деңгейде ұсынылған ҚР Президентінің авторлығымен шыққан «Әлем. XXI ғасыр» Манифест атауымен мүлдем жаңа құжат-парадигманы таныстырды. БҰҰ бас Хатшысы Пан Ги Мунға, сондай-ақ әлемдік ұйым жанындағы барлық мүше мемлекеттердің Тұрақты Өкілдеріне тиісті хат жіберілді. ҚР Тұрақты Өкілдігінің Бас хатшысына үндеуі нәтижесінде Манифест БҰҰ Бас Ассамблеясының және Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алды. «ҚазАқпарат» халықаралық дәрежедегі осы құжатқа қатысты көптеген сарапшылардың пікірін жариялаған болатын, 1 сәуірден бері шыққан ең қызықты материалдарға шолуды ұсынамыз.

***

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі

АҚШ астанасы Вашингтонда өтіп жатқан ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші саммит шеңберінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі жария етілді.

***

МАНИФЕСТ. «ӘЛЕМ. ХХІ ҒАСЫР»

Барша адамзат ХХІ ғасырға жаһандық ынтымақтастықтың жаңа дәуірі ретінде үміт артты. Бірақ бүгінде бұл елесті сағымға айналуы ықтимал. Әлемге тағы да қатер төніп тұр және оның ауқымын ескермеуге болмайды. Және бұл қатер - жаһандық соғыс! Жер өркениеті, ғалымдардың есебі бойынша, 15 мыңнан астам соғысты, яғни әр жыл сайын 3 соғысты басынан өткерген. Оларда жүздеген миллион адам қаза тауып, Жер бетінен қалалар мен елдер жоғалған, мәдениеттер мен өркениеттер жойылған.   

ХХІ ғасырға аяқ басқан адам баласы қиялдың өзін таңқалдыратын ғылыми жаңалықтар ашып, жаңа буын технологияларын жасап жатыр. Адамзат өз дамуының сапалы жаңа сатысына өтуде. Әлем Төртінші өнеркәсіп төңкерісінің табалдырығында тұр. Көптеген қорқынышты аурулардың тамырына балта шабылуда. Бірақ соғыс вирусы халықаралық жағдайды ушықтыруын жалғастыруда. Ол бірқатар мемлекеттерде экономиканың өлім ұрығын себетін ең қуатты саласына айналып, әскери-өнеркәсіптік кешеннің әлеуетін арттырып отыр.

Соғыс вирусы алдағы жасанды интеллект төңірегіндегі жаңалықтарға кесел жұқтыруға дайын тұр. Милитаризм адамдардың санасы мен мінез-құлқына тереңдей еніп кеткен. Халықтың қолында қазір 1 миллиардтан астам атыс қаруы болса, олардан әлемде күн сайын мыңдаған адам көз жұмады. Әскери қауіп бүкіләлемдік ауқымдағы қасіретке айналуы әбден мүмкін. Осындай өліммен аяқталатын қатердің белгілері анық байқалады. Халықаралық қатынастарда жанжалдастық тәуекелдері күшейе түсіп отыр. Әскери қақтығыстардың географиясы өткен екі әлемдік соғыстың - Еуропаның шығысындағы, Африканың солтүстігіндегі, Таяу Шығыстағы соғыстың іс-қимылдарының тарихи шегін қамтуда.

Ядролық қаруды таратпау туралы шарт өзінің міндеттерін орындай алмай отыр. Ажал себетін қару мен оны дайындау технологиялары ірі державалардың қосарланған стандарттарының салдарынан бүкіл әлемге тарауда. Олардың терроршылардың қолына түсуі - уақыт өте келе әбден болуы мүмкін нәрсе.

Халықаралық терроризм қаһарлы сипатқа ие болды. Ол жекелеген елдердегі бірлі-жарым актілерден Еуропа, Азия және Африка мемлекеттеріне қарсы кең ауқымды террорлық агрессияға айналып үлгерді. Миллиондаған босқындар, қалалардың қирауы, құнды тарихи ескерткіштердің жойылуы - осының бәрі әдеттегі көрініске айналуда. Экономикалық санкциялар мен сауда-саттық майданы да қалыпты құбылыс болып отыр.

Планета тағы да бүкіл адамзат үшін қасіретті салдарлары бар «қырғи-қабақ соғыстың» өткір жүзінде тербеле бастады. Дүние әзірше өткен төрт онжылдықтың оң инерциясының арқасында сақталып тұр.

ХХ ғасырдың екінші жартысында ядролық қауіпсіздік жөніндегі табысты келіссөздердің нәтижесінде АҚШ пен Ресейдің ядролық арсеналдары айтарлықтай қысқарған болатын. Бес ядролық держава атом қаруын сынау мораторийін жариялады және оны ұстанып келеді. Планетаны жойып жіберу қатері едәуір азайды. Қауіпсіздіктің өңірлік жүйесін құру үдерісі жеделдеді.

Өзара сенім қағидаттарына сәйкес еуразиялық-атлантикалық мега-құрылым - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы құрылды. Державалардың бейбітшілікті сақтау жөніндегі үйлесімді іс-қимылдары мен БҰҰ-ның көпқырлы операцияларының нәтижесінде тұтастай бір жанжалдар мен соғыстар мәселесі ретке келтірілді. Міне, енді біз осы барлық жетістіктердің эрозиясын көріп отырмыз.

Сондықтан миллиондаған адамды барған сайын мынадай сұрақтар толғандырады. Әлемдегі жағдай қай бағытта өрістейтін болады?  Жетекші державалар арасындағы қарама-қайшылықтар олардың арасындағы ұзақ мерзімді жаңа текетіреске ұласып кетпей ме? Қай елдер жаһандық және өңірлік державалар жүргізіп отырған «прокси-соғыстардың» келесі құрбандығына айналуы мүмкін? Әзірше гүлденіп тұрған қай елдің жерін танктердің шынжыр табаны таптап, снарядтардың жарылысы талқан етпек? Қай қалаларда балалар зымырандар отынан өлім құша бастауы мүмкін? Жанжалдан қашқан босқындардың жаңа ағыны қайдан және қайда лап қояды?

Осыдан 60 жылдан астам уақыт бұрын көрнекті ғалымдар Альберт Энштейн мен Бертран Рассел «қатал, қатерлі және қашып құтыла алмайтын сұрақ: біз адам баласын жоюға тиіспіз бе әлде адамзат соғыстан бас тарта ма?» деген манифест жариялаған болатын.

Адамзаттың ХХ ғасырдағы озық ойлы өкілдері жұртқа болашақтағы әлемдік соғыста планетадағы тірі жанның бәрін жоятын ядролық қару міндетті түрде қолданылатын болады деп көріпкелдікпен ескертпе жасаған еді.

Олардың мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстар соғыс арқылы шешілмейді және шешілмеуге тиіс деген ескертулері ХХІ ғасырда да аса өзекті күйде қалып отыр. Соғыстың тамырына балта шабу - адамзаттың ең күрделі өркениеттік міндеті. Бірақ мұның қандайда бір ақылға қонымды басқа баламасы жоқ. Бұл міндетті әлемдік көшбасшылар жаһандық күн тәртібіндегі өзге проблемалардың аясында абсолютті басымдық ретінде қарастыруға тиіс.

ХХІ ғасырда адамзатқа өзін өзі демилитаризациялау жағына қарай батыл қадам жасау қажет. Бізде мұндай мүмкіндік енді болмайды. Бұлай болмаған жағдайда планета радиоактивті материалдардың тіршілік белгісі байқалмайтын орасан зор үйіндісіне айналады. Біздің планетамыз бірегей, бізде мұнан басқа планета жоқ және болмайды да.

Сондықтан адамзатқа «ХХІ ҒАСЫР: СОҒЫССЫЗ ӘЛЕМ» атты кең ауқымды бағдарлама қажет.

Бұл жаһандық стратегия ұлттың соғыстар мен жанжалдардың вирусын жою жөніндегі үйлесімді және жауапты іс-әрекеттерін айқындауға тиіс. Бұл құжатта үш басты қағидатты нақты мазмұндау керек.

Біріншіден, қазіргі кездегі бірде-бір соғыста жеңімпаз болмайды және бола да алмайды, онда бәрі де жеңіледі.

Екіншіден, жаңа соғыста жаппай қырып-жоятын қарулар - ядролық, химиялық, биологиялық және ғылым жетістігі негізінде ойлап табылатын басқа да кез келген қару түрлерін қолданудан қашып құтылу мүмкін болмайды. Бұл бүкіл адамзаттың қырылуына алып келеді. Және осыған кімнің жауап беретінін анықтаудың өзі де кеш болады және жауап беретін адам да табылмайды. Осы ықтимал қауіп-қатерді қазіргі ұлттық лидерлер мен саясаткерлер және олардың кейінгі буын өкілдерінің барлығы аксиома ретінде түсінуге тиіс.

Үшіншіден, мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстарды реттеу үшін бейбітшілік пен қауіпсіздікке тең жауапкершілік, өзара құрмет және ішкі іске араласпау қағидаттарына бейімделген бейбіт үнқатысулар мен сындарлы келіссөздер негіз болуы керек. Әлемдік қоғамдастық іс-қимылының тұтастық алгоритмдерін мына бағыттар бойынша осы кешенді негізде түзу керек.

БІРІНШІ. Ядролық және басқа да жаппай-қырып жоятын қарудан толықтай азат әлемге қарай дәйектілікпен ілгерілеу. Бұл бағыттағы маңызды қадам қазірдің өзінде жасалып отыр. 2015 жылдың 7 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасы бойынша Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларация қабылдады. Қазақстан 25 жыл бұрын әлемде алғашқы болып Семей ядролық сынақ полигонын біржолата жапты. Бұл - әзірше әлемдік тәжірибедегі алғашқы және бірден-бір оқиға. Жас мемлекет содан соң КСРО ыдырағаннан кейін мұраға қалған атом қаруының әлемдегі төртінші әлеуетіне және оны жеткізу құралдарына иелік етуден өз еркімен бас тартты. Бұл шешім жетекші ядролық державаларды ядролық сынаққа мораторий жариялауға қозғау салды. 20 жыл бұрын БҰҰ аясында Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт жасалды және қол қою үшін ашық деп жарияланды, бірақ ол осы күнге дейін күшіне енбей келеді. Қазақстан аумағында МАГАТЭ туы астында атом энергетикасын дамытуды жоспарлап отырған мемлекеттерге арналған Төмен байытылған ядролық отын банкі құрылды.

Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммиттердің маңызы аса жоғары.

Енді өлім себетін қаруларды ғарыш кеңістігіне, Әлемдік мұхиттың бейтарап суларының түбіне, Арктикаға орналастыруға тыйым салатын жаһандық шешім қабылдаған жөн. Жаппай қырып-жоятын жаңа қару түрлерін жасау үшін ғылыми жаңалықтарды пайдалануға тыйым салатын халықаралық құжат әзірлеп, оны орындауды міндеттеу маңызды. БҰҰ-да жаппай қырып-жоятын қару жасау және жетілдіру үшін пайдалануға болатын ғылыми жаңалықтардың Тіркеу реестрін құрған абзал.

ЕКІНШІ. ХХІ ғасырда өмірлік іс-әрекеттің тәсілі ретінде соғыстың түп-тамырын біртіндеп жойып, орнықты әлемнің географиясын қалыптастыру қажет. Әлемде ядролық қарудан азат алты аймақ бар. Олар Антарктиданы, Латын Америкасын, Африканы, Австралия мен Океанияны қоса алғанда, іс жүзінде бүкіл Оңтүстік жарты шарды қамтиды. Олардың ішіндегі ең «жасы» 10 жыл бұрын Семейде өңірдің бес мемлекеті құрған Орталықазиялық ядросыз аймақ болып табылады. Таяу Шығыста ядросыз аймақ құру жөніндегі халықаралық күш-жігерді белсендірек ете түсу керек. 1992 жылы Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыруға бастамашы болды.

Аталған форум құрлықтың 27 мемлекетінің, БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдардың қатысуымен жаңа ғасырда табысты түрде институттандырылды. Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан арасындағы көпқырлы ынтымақтастық зор маңызға ие. Оңтүстік Америкадағы, Оңтүстік Атлантикадағы, Үнді мұхитындағы Бейбітшілік аймағы айтарлықтай әлеуетті иеленіп отыр. Жинақталған барлық тәжірибені арнайы халықаралық құқық негізінде кең ауқымды Бейбітшілік Ареалдарын құру үшін қолдану қажет. Оларда, әрине, соғыстар мен жанжалдарға орын болмауы керек. Бейбітшілік Ареалдарындағы қауіпсіздік пен даму мәселелеріне БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттер, сондай-ақ, БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі кепілдік бере алады.

ҮШІНШІ. ХХІ ғасырда милитаризмнің жаһандық қауіпсіздікке қатер төндіріп, кең ауқымды халықаралық ынтымақтастыққа кедергі келтіретін әскери блоктар секілді рудиментін еңсеру керек. Геосаяси ахуалдың мәні мынада: егер тым болмаса бір ірі әскери блок бар болса, онда оның антиподы құрылатыны заңдылық. Күш қарсы күшті тудырады. Әскери блоктарға бейбітшілік пен қауіпсіздікке өзінің жауапкершілігін әркез сезіне бермейтін түрлі мемлекеттер де еніп отыр. Оның үстіне, әскери блок зонттарын, өздерінің тікелей көршілерін қоса алғанда, үшінші елдермен өзара қарым-қатынасында басымдық алу үшін пайдалануға әрекеттенушілік те жоқ емес. Осылайша қарсы тұру ахуалы жекелеген өңірлерде, сондай-ақ, бүкіл жаһандық кеңістікте шексіз жалғаса беруі ықтимал. Бұған қоса, өткен соғыстар мен жанжалдардың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, өзіңнің қауіпсіздігіңді өзге мемлекеттердің қауіпсіздігіне қысым жасау есебінен қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан әскери блоктарға БҰҰ туы астында Мемлекеттердің бейбітшілік, тұрақтылық, сенім мен қауіпсіздік жолындағы үшін жаһандық коалициясын қарсы қою қажет. Таяудағы онжылдықтың жалпыға ортақ міндеті Ауғанстандағы, Ирактағы, Йемендегі, Ливия мен Сириядағы, Украинаның шығысындағы соғыстар мен жанжалдарды және Палестина-Израиль текетіресін тоқтату болуға тиіс. Корей түбегі, Оңтүстік-Қытай теңізі акваториясы және Арктикадағы ахуалдың қаупінің әлеуетін азайту міндеті тұр.

ТӨРТІНШІ. Халықаралық қарусыздану үдерістерін жаңа тарихи жағдайларға бейімдеу маңызды. Зымыранға қарсы жүйелер мен кәдімгі қару-жарақ жөніндегі бұрынғы уағдаластықтар кезіндегі алысты болжай алмаушылық Еуразия кеңістігін саяси милитарландыруға алып келді. Бұл, тіпті, қорғанысты басқарудың электрондық жүйесінің ықтимал ақауына байланысты жаһандық соғыстың басталу қаупін күшейте түседі. БҰҰ-ның Қарусыздану жөніндегі конференциясы қызметінің жаңа стратегиясы қажет. Алдымызда мүлде жаңа қатер - терроршылардың қолындағы аса қауіпті қаруға айналуы мүмкін киберқылмысты жоюмен айналысу міндеті тұр.

БЕСІНШІ. Соғыссыз әлем - бұл, бірінші кезекте, халықаралық қаржы, сауда-саттық және даму саласындағы жаһандық бәсекелестіктің әділетті парадигмасы. БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында Қазақстан Жаһандық Стратегиялық Бастама-2045 Жоспарын жасау бастамасын ілгерілетті. Бұл Жоспар соғыстар мен жанжалдардың түбегейлі себептерін жоюды көздейді. Барлық ұлттардың инфрақұрылымға, ресурстар мен нарықтарға теңдей және әділетті қолжетімділігі негізінде дамудың жаңа үрдісін қалыптастыру маңызды. Оны БҰҰ-ның 100 жылдығы мерейтойына қарай жүзеге асыру ұсынылып отыр. Қазақстан 2016 жылы БҰҰ-ның жоғары деңгейдегі Халықаралық конференциясын шақыруды ұсынады. Оның барысында ХХІ ғасырда қиратып-бүлдіруге әкеліп соқтыратын соғыстар мен жанжалдардың алдын алу мақсатында халықаралық құқықтың қағидаттарын қуаттаған жөн. Ақыл мен үнқатысуға, сабырлылық пен парасат-пайымға шақыру әрекеті жаһандық әлем қарсыластарының ақпараттық шабуылдарының құрбандықтарына айналмауға тиіс.

ХХІ ғасырда әлемге тыныштық керек!

Бұл - шетін мәселе!

Адамдардың өткен ғасырдағы жасағаны секілді, ХХІ ғасырда да бейбітшілік үшін байыптылықпен және табандылықпен күресу керек. Біз балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы туралы ойлауға тиіспіз. Өткен ғасырлардың қасіретті қателіктерін қайталауға жол бермей, әлемді соғыс қатерінен түпкілікті арылту үшін бүкіл әлем үкіметтерінің, саясаткерлерінің, ғалымдарының, бизнесмендерінің, өнер қайраткерлерінің және миллиондаған адамдарының күш-жігерін жұмылдыру қажет. Іс-әрекетсіз отыру немесе бітімгершілік қызметпен айналысқан кейіп көрсету әлемдік апатпен барабар.

Менің «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесім ХХІ ғасырда өмір сүретін және жұмыс істейтін өскелең ұрпақтың тағдырына шынайы алаңдаушылықтан туындап отыр. Біздер, мемлекет басшылары мен саясаткерлер, адамзаттың болашағы үшін зор жауапкершілік арқалап отырмыз. Көптеген тар жол, тайғақ кешуден өткен адам, саясаткер ретінде, Семей ядролық полигонын жабу туралы күрделі шешім қабылдаған мемлекет қайраткері ретінде мен әлемдік лидерлер мен бүкіл халықаралық қоғамдастыққа ақыл-парасатқа жүгініңдер деген табанды талаппен қайрылып отырмын. Адамзатты ажал сепкен соғыс қатерінен мүлде арылту үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Біз үшін қазір және таяу болашақта бұдан көкейкесті міндет жоқ.    


Елбасының «Әлем. ХХI ғасыр» манифесін әлемдік сарапшылар қызу талқылауда

Ядролық қауіпсіздік саммиті аясында жарияланған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХI ғасыр» манифесін жаһанның жетекші сарапшылары мен ғалымдары да қызу талқылауда. 

Мамандар құжатта көрсетілген ядролық қарусыз, соғыссыз және зорлық-зомбылықсыз тұрақты дамудың жаңа стратегиясын аса маңызды деп танып, оны тереңірек зерттеу керектігін айтады.

 Монтерей халықаралық зерттеулер институтының ғалымы Майлз Помпер манифестпен мұқият танысқан.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы оң! Мағынасы терең, мәні зор дүние айтылған. Сол себепті әрі қарай зерттеу керек. Қазақстан әлемдік қауіпсіздікті нығайту жолында өзін белсенді ел ретінде көрсете білген, - дейді ғалым. - Қазақстан ядролық қарулануға және оның жайылуына қарсы шыққан ел ретінде оның әлемге айтары да, бөлісер тәжірибесі де бар. Уытты қарудан бас тартып, халықаралық қоғамда көшбасшыға айналды. Бұған қоса, бомбаны сынаудан да бас тартты. Сондықтан Қазақстанның бұл әрекеті барлық мемлекеттерге үлгі бола алады деп айтар едім»,- деп атап өтті Монтерей халықаралық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері Майлз Помпер (АҚШ). 

Бұл пікірді жалғастырған заң ғылымдарының докторы, профессор Сергей Ударцевтің пайымдауынша, Қазақстан тарапы көтерген бастамалар планетадағы тыныштықты сақтауда халықаралық саясатты тиімді қалыптастыруға ықпалын тигізуде. Сондай-ақ Елбасы манифесінде алғаш рет «өзіңді демилитаризациялау» үшін қандай қадамдар жасау қажеттігі айтылған.

  «Мұхиттың ар жағында Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-тың қоғам және саяси қайраткерлерімен кездесуінің қорытындысында Кар­неги қорының штаб пәтерінде біздің Президенттің ұсынысымен «Әлем. XXI ғасыр» атты манифест қабылданды.

 Сонау 1795 жылы немістің әлемге мәшһүр философы Иммануил Кант «Мәңгілік әлемге» - «К вечному миру» трактатында «Егер соғыс үшін қарулану осылай жалғаса берсе, адамзат баласының алдынан бір ғана нақты таңдау шығады не соғыс атаулыдан бас тартып, бейбітшілікті қалау, не өркениетті жалмаған ортақ зиратта бастары тоғысады», деген ой айтады. Бейбіт мақсаттарды жүзеге асыру үшін ол адамзат баласын ортақ мүддеге біріктіретін дүниежүзілік федерация құруды ұсынды. Канттың бұл еңбегі Наполеон соғысының алдында туған болатын. Одан кейінгі екі ғасырда адам баласының баяу болғанымен осы философ атап өткен үрдіске келе жатқанын байқаймыз. ХХ ғасырда әлемдік үкімет құру қажеттігін Альберт Эйнштейн де көтерген болатын.

XXI ғасырдың басында адамзат экономикалық, саяси, құқықтық, ақпараттық тұрғыдан құрылымы күрделі болғанымен тұтас жүйеге айналып бара жатыр. Алайда, бұл жолда кері кетушілік те жоқ емес, жаңа сын-қатерлер, қайшылықтар, соғыс ошақтары туып, мемлекеттер бүлініп, адамдар бас сауғалаған босқындарға да айналуда. Осылардың барлығын жеңу әлемдік қауымдастықтан аса көп күш-жігерді талап етуде. Әлемде бұрын-соңды болмаған жалпыға бірдей қатер төндіретін қару түрлері жасалып, ол әлемнің тыныштығына қатер болуда.

2016 жылдың 31 наурызында біздің Президенттің ұсынысы - манифестің өмірге келуі әлемнің бейбіт қалыпта өрістеуіндегі маңызды құжат. Онда әлемдегі ты­ныш­­­тық­ты сақтау жолын­да не істеу ке­рек­­ті­гі жа­йында нақ­ты ұсы­ныс­тар, пла­не­та­дағы өрке­ниет­тердің бір-бірі­мен бейбіт қаты­на­с­­тар­да болуы жолын­да әлемдік азаматтық қоғам мен жа­һандағы мемлекет бас­шы­ларының неге баса назар аударуы қажеттігі көрсетілген.

Манифесте алғаш рет «өзіңді демилитаризациялау» үшін қандай қадамдар жасау қажеттігі айтылған. Мемлекет - аса күрделі әлеуметтік құбылыс. Мемлекеттік басқару кімнің қолында екеніне байланысты, оның сыртқы және ішкі саясаты солай жүргізіліп, мемлекет ізгілікті үндейді, немесе жамандық шашады.

Құқықтық мемлекет өзін өзі тоқтатып, теріс әсерге бой алдыр­май, ыдыратушы күштерден гөрі біріктіргіш жасампаз әлеуетті арттыруы тиіс. Бұл ретте мемле­кет­тің ісіне барлық елдердің ізгі озық ойлы күштері, мемлекет, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен мәдениет өкілдері, зиялылар көмектескендері дұрыс.

Манифесте жаңадан «өлім себетін қаруларды ғарыш кеңістігіне, Әлемдік мұхиттың бейтарап суларының түбіне, Арк­тикаға орналастыруға тыйым салатын жаһандық шешім» қа­былдау қажеттігі ұсынылады. Қа­зіргі уақытта бұл өте өзекті. 2016 жылы жаһандық жылынудың салдарынан мұздақтардан жердің аршылуына байланысты Арктиканы бөлу үдерісі басталды. Ресей 2016 жылдың наурызында Арктиканың 1 млн. 200 мың шаршы км жерін өзіне қосу туралы БҰҰ-ға тапсырысын өткізді. Мұндай тапсы­рыстарды аркти­калық аймақта жатқан өзге де елдер әзірлеп жатқанға ұқ­сайды. Көптеген са­рап­шылардың пікі­ріншек, жақын арадағы 15-20 жыл ішінде ға­рыш кеңістігін иге­ріп, оның ішінде Ай мен Марс және өзге планеталарды, асте­ройдтар мен шы­ған­дағы ғарышты зерт­теуге деген мемлекеттердің бел­сенділігі жоғарылай түседі. Осы себептен ғарыштық кеңістіктегі қимылдарды да құқықтық реттеу, оны бақылау қажеттігі туады. Ол жер бетіндегі бейбітшілікті сақтау мен ғарыштық соғыстарды болдырмаудың қажеттігінен туады.

Манисфестегі маңызды ереже - БҰҰ аясында бейбітшілік пен тұрақтылық және қауіпсіздік бойынша Жаһандық коалиция құру. Жер жүзіндегі барлық мемлекеттер біріккен тұста, бір-біріне деген сындарлы әріптестік қатынастар орнағанда ғана бір-біріне қарсы әскери блоктарға бөлшектенуге жол берілмейді. Әрине, келешекте бітімгершілік операцияларын тиімді жүргізу үшін, мемлекеттер арасында әсери қақтығыстарды болдырмау үшін БҰҰ бітімгершілік күштерін жаңғырту қажеттілігі бар.

2016 жылы жаһандық бейбіт өмірге қатысты өзекті мәселелерді тереңірек байыптауда БҰҰ-ның арнайы конференциясын жоғары деңгейде өткізу ұсынысы да айтылды. Осы және бұған дейін де Қазақстан тарапы көтерген бастамалар планетадағы тыныштықты сақтауда халықаралық саясатты тиімді қалыптастыруға ықпалын тигізуде.

  «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі еш күмәнсіз бейбітшілікке деген көзқарас және біздің планетамыздың тұрғындарының басым бөлігінің өмір мәнін сезінуі болып табылады. Қазақстан Республикасы мен оның басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баев бейбітшілікке және мемлекеттердің өзара тиімді ынтымақтастығына деген адал­ды­ғын бұлжымастан бейнелеп келеді. «Егемен Қазақстан» газетінде Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясы Көлік және көлік коммуникациялары бөлімшесінің төрағасы, академик Мұрат Бекмағамбетов осындай пікір білдірген.

 «Қазақстандықтардың кең ауқымды қолдауын пайдалана отырып біздің Президентіміз жаппай қырып-жоятын қаруға тыйым салу және оны жою, жаһандық және өңірлік мемлекетаралық проблемаларды шешу үшін халықаралық үнқатысу алаңын құру жолында өркениетті күрес жүргізіп келеді. Ол үшін Қазақстан Республикасының ядролық қаруға ие болудан өз еркімен бас тартуын, ядролық және бактериологиялық қаруларды сынау жөніндегі полигондарды жабуды, түрлі халықаралық дау-жанжалдарды реттеу үшін қазақстандық алаңды ұсынуды еске алсақ та жетіп жатыр.

Қазақстан Президентінің әлем қауымдастығына жаңа бастамамен үн қатуы - бүгінде әлемнің кешегіге қарағанда тұрақтылау және қауіпсіздеу болмауының айғағы. Бағдарламада келтірілген бастамаларды жүзеге асыру үшін ізгі ниетті бүкіл адамдардың топтасқандығы қажет. Осыны тү­сіне отырып, академия ғалымдары Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларын және ол жүргізіп отырған саясатты толық қолдайды», - дейді М. Бекмағамбетов. 


2016 жылғы 31 наурыз - 1 сәуір аралығында Вашингтон қаласында өткен IV Ядролық қауіпсіздік саммиті жұмысына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуына байланысты БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі Біріккен Ұлттар Ұйымының басшылығын, тұтастай Нью-Йорктегі дипломатиялық қауымдастықты осы кездесуде жоғары деңгейде ұсынылған ҚР Президентінің авторлығымен шыққан «Әлем. XXI ғасыр» Манифест атауымен мүлдем жаңа құжат-парадигманы таныстырды. БҰҰ бас Хатшысы Пан Ги Мунға, сондай-ақ әлемдік ұйым жанындағы барлық мүше мемлекеттердің Тұрақты Өкілдеріне тиісті хат жіберілді.ҚР Тұрақты Өкілдігінің Бас хатшысына үндеуі нәтижесінде Манифест БҰҰ Бас Ассамблеясының және Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алды. Манифест барлық мүше мемлекеттерге қолжетімді Біріккен Ұлттар Ұйымы Хатшылығының электрондық жүйесіне орналастырылды. Оған БҰҰ Бас Ассамблеясы 70-ші сессиясының ресми құжаты ретінде А/70/818 тіркеу нөмірі және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжаты ретінде S/2016/317 тіркеу нөмірі берілді.

Бір уақытта, ҚР Тұрақты өкілдігі Манифеспен Нью-Йоркте 2016 жылғы 4 сәуірде жұмысын бастаған БҰҰ Қарусыздану жөніндегі комиссиясының 2016 жылғы субстантивті сессиясының делегаттарын да таныстырды. Манифест сондай-ақ ресми құжат ретінде БҰҰ Бас Ассамблеясының Бірінші комитетінің және БҰҰ Қарусыздану жөніндегі комиссиясының Quick First жүйесіне ресми құжат ретінде орналастырылды.

БҰҰ Бас Ассамблеясында және Қауіпсіздік кеңесінде Манифеске осындай жоғары мәртебе беру Мемлекет басшысының халықаралық қауымдастықта мәртебесінің жоғары екендігін көрсетеді және соғыс пен бейбітшіліктің өзекті мәселелерін қамтитын оны сақтау құндылығын көрсететін құжаттың күллі адамзат, қазіргі әлем үшін аса маңызды екенін тануын білдіреді. 

Бүгінгі таңда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» атты манифесі жаһандық маңызға ие болып отыр. Дүние жүзінің саясаткерлері мен сарапшылары өз пікірлерін білдіруде. Қазақстанның танымал тұлғалары да, қарапайым еңбеккерлері де ой бөлісіп, адамзатты толғандырып отырған мәселені Елбасының дер кезінде көтергенін және бейбітшілік пен болашақ ұрпақты, әлемді қорғау жолында ортақ мүддеге бірігетінімізді атап өтуде.

Осы орайда, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, осы Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, генерал-лейтенант Абай Тасболатов өз ойын алға тартты, ол жаһандық мәселенің маңыздылығына тоқталды.

- Біздің мемлекет мұнай мен газды үздіксіз өндіріп, экспортқа шығарып жатыр. Экономикаға қыруар ақша әкелгенімен, бұл байлық мәңгілік болмайды. Сондықтан біз үшін қуаттың балама көзі - атомды бейбіт мақсатта өндіру барынша өзекті. Соның ішінде елімізде Ядролық және радио­активті материалдар  орталығын құрып, аз байытылған ядролық отынның Халықаралық депозитарийін жасау,  атом электр станциясын салудың тиімді тұстары көп болғалы отыр. Қазір әлемнің дамыған мемлекеттерінің басым көпшілігінде мұндай станциялар бар. Олар пайдаланып жатқанда уранның байлығы жөнінен әлемде алғашқы орындардың бірін иеленетін Қазақстанның бұл қадамға баратындай жөні бар. Біздің елдің аумағы  ұлан-ғайыр атырапты алып жатыр. Мемлекет басшысы айқындап бергендей, бізде уранның мол қоры жеткілікті.

Дегенмен, Жапониядағы Фукусима Атом электр станциясында болған жойқын жарылыстан кейін «атом» атауы естілсе болды оған қарап ел шошитын болды. Ол станцияның апатқа ұшырауына жер сілкінісі кесірін тигізді. Қаншама қиыншылықтар тудырғанымен, олар атомды жоюға жол берген жоқ. Біз атом саласын ғылыми тұрғыдан терең зерттеп, аз байытылған өнімдерін жетілдірумен міндетті түрде айналысуымыз керек. Халықтың әл-ауқатын арттыруда атом өндірісінің бейбіт мақсатта пайдалану маңызы зор болады деп санаймын. Оның игілігін барлық салада, соның ішінде ауыл шаруашылығы мен ғылым  салаларында қолданса, пайдасы да ұшан-теңіз болмақ. Қазақстан-2050 страгиялық бағдарламасын орындауда әлемнің дамыған отыз елінің қатарына кіру үшін біз өркениеттің биік сатысына көтерілуіміз керек.

Осыған орай, жақында сәуір айының алғашқы күндері Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік жөніндегі  IV Саммитке қатысып сөз сөйледі, одан әрі Карнеги қорының штаб-пәтерінде АҚШ-тың қоғам және саяси қайраткерлерімен кездесті. Зиялы қауым алдында қазіргі заманғы әлем құрылымының проблемалары мен  Қазақстанның халықаралық аренадағы рөліне қатысты ой-пікірін ортаға салды.

Әлемде жаһандық қауіп-қатерлер асқынып тұрған кезде ядролық қаруды таратпау жөнінде ұйымдастырылған Саммитке 51 елден келген мемлекет басшылары қатысты.  

Қазақстан Президенті біздің ел Жаһандық ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиттерге белсене қатысуды маңызды санайтынына назар аударды. ХХ және ХХІ ғасырлар тоғысындағы ширек ғасырдың ауқымды тарихи өзгерістер дәуірі болғанына, бұдан 25 жыл бұрын Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде құрылып, қиындықтарды еңсергеніне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев бізге жаңа мемлекетті «нөлден» бастап құруға, жоспарлы әкімшілік жүйеден - нарыққа, тоталитаризмнен -  демократияға көшуге тура келгеніне тоқталып, қысқа уақыт ішінде мемлекеттілікті нығайту, заманауи нарықтық экономика құру және қоғамды жаңғырту жөнінде ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті еліміздің жаһандық  антиядролық қозғалысқа қатысуы мәселесіне де егжей-тегжейлі тоқталды.

«Орталық Азияда ядросыз аймақ құру арқылы біз орнықты әлем географиясын қалыптастыруға шақырамыз. Бұл - Еуразияда, Латын Америкасында және Африкада алты ядросыз аймақ кеңістігін кеңейту деген сөз. Төмен байытылған уран банкін Қазақстанда орналастыру туралы МАГАТЭ-мен келісімге 2015 жылы қол қойылуы маңызды қадам болды. Бұл - жаһандық ауқымдағы оқиға. Әлем оны атомды қауіпсіз әрі бейбіт мақсатқа пайдалану ісіндегі маңызды шара ретінде бағалауы тиіс», -деді Нұрсұлтан Назарбаев.

1968 жылы қол қойылған Ядролық қаруды таратпау туралы халықаралық шарт өз мақсатын орындай алмай отыр, ал жаһандық ойыншылар арасындағы сенім дағдарысы ядролық қару қолдануды болдырмау кепілдігінің әлсіреуіне әкелуде. Солардың алғашқысы болып біздің елімізде 25 жыл бұрын Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен Семей ядролық полигоны жабылғаны баршамызға белгілі. Одан соң бізден үлгі алып Невада мен ҚХР-да ядролық қаруға сынақтар тоқтатылғанын білесіздер.

«Ажал себетін қаруларды ғарыш кеңістігінде, әлемдік мұхит табаны мен бейтарап суларында, сондай-ақ Арктикада орналастыруға тыйым салатын іргелі шешімдер қабылдайтын уақыт келді. Ғылыми жаңалықтарды жаппай қырып жою қаруларының жаңа түрлерін жасауға қолдануды тыю жөніндегі халықаралық келісім мен БҰҰ реестрін әзірлеген жөн», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл жаңа бастама екені айқын көрініп тұр.

Қазақстан Президенті еліміз бүгінде уран қоры және оның кенін өндіру жөнінен Әлемдік көшбасшы болып отырғанын, сондай-ақ осы өнімді негізгі экспорттаушылардың бірі екенін атап өтті.

Қазақстан ядролық нысандар мен материалдар қауіпсіздігінің деңгейі ең жоғары мемлекеттердің алғашқы 20 мемлекет құрамына кіре­ді.

Бізде ұлт­тық деңгейде нақты ядролық қауіп­сіздік бойынша бірқатар кешен­ді шаралар жүзеге асырылды. Ядролық материалдарды экс­порттық бақылау жүйесі жетіл­дірілген. Ядролық және радио­активті материалдар  орталығын құру жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

Алма­тыдағы Ядролық физика инс­ти­тутының зерттеу реакторлары төмен байытылған отынға көші­рілді. Ел аумағындағы Ұлттық ядролық орталықтағы осын­дай жобаны жүзеге асыру жеделдетіледі. Ядролық нысандардың бәрі МАГАТЭ-нің жан-жақты бақы­лауында тұр.

Саммит аясындағы кездесуде Елбасымыз әлем зиялылары алдында «ӘЛЕМ. ХХІ ҒАСЫР» манифесін көпшіліктің алдында жариялады.

Сонымен қоса, Қазақстан Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі халықаралық келіссөздер үдерісіне Қазақстан әрдайым қолдау көрсетіп, оған іс жүзінде қомақты үлес қосып жүргенін баса айтуымыз керек.

Болашақта ядролық энергияны бейбіт жолда пайдалану мақсатында Банк ресурсын қолдану ұсынылды. Аз байытылған ядролық отынның Халықаралық депозитарийін Қазақстанда жасақтауды қолға алдық. Қазір бейбітшіліктің уақыты. Осы қадамға барғалы тұрған Қазақстан басшылығы бәрін сараламай қадам жасамайтыны белгілі. Егер талаптың барлығы ескеріліп, зерттеп барып жасалса, қоршаған ортаға да еш зияны болмайтыны белгілі. Тарихтан белгілі атомның жойқын күші туралы қасіреттерді еске түсіргенде  бұрын орын алған  Чернобыль мен Жапониядағы жағдайдың салдарын адамзат еш уақытта ұмытуға қақысы жоқ.

Мемлекет басшысы әлемге тағы да қатер төніп тұрғанын және оның ауқымын ескермеуге болмайтынын ескертті. Шынымен де, бұл қатердің жаһандық соғыс екені даусыз. Елбасының айтуынша, бүгінде әлем халықтарының қолында қазір 1 миллиардтан астам атыс қаруы болса, олардан әлемде күн сайын мыңдаған адам көз жұмады. Бұл әскери қауіп бүкіләлемдік ауқымдағы қасіретке айналуы әбден мүмкін.

Ядролық қару дүниені дүр сілкіндірген зұлмат күш иесі -  терроршылардың қолына түсуі - уақыт өте келе әбден болуы мүмкін жайт екені айқын. Әлемде халықаралық терроризм қаһарлы сипатқа ие болып, күннен-күнге соғыс өрті әрбір қалада орын алуда.

Әлемдегі жетекші державалар арасындағы қарама-қайшылықтардан, олардың арасындағы ұзақ мерзімді қырғи-қабақ соғыстан, аумақтық шекараларға қатысты қайшылықтардан бейбіт халық көп зардап шегуде. Елбасы халықаралық терроризм қаһарлы сипатқа ие болғанын, ол жекелеген елдердегі бірлі-жарым актілерден Еуропа, Азия және Африка мемлекеттеріне қарсы кең ауқымды террорлық агрессияға айналып үлгергенін атап өтті. Ең өкініштісі, бүгінгі таңда миллиондаған босқындар, қалалардың қирауы, құнды тарихи ескерткіштердің жойылуы қалыпты көрініске айналып отырғандығы деп айтар едім.

Қазақстан - тәуелсіз мемлекет. Оның энергетикалық қауіпсіздігі де тәуелсіз еліміз бен әлем үшін аса маңызды. Біздің ядролық отынды тасымалдау жағынан да тәжірибеміз мол екені белгілі. Ендеше, ғылым мен техникамызды дамытып, бәсекеге қабілетті, өркениетті 30 елдің қатарына қосылатын беделді, әлемде сөзі өтімді мемлекет болуға тиіспіз деп ойымды түйіндеймін.

Вашингтон қаласында өткен IV Ядролық қауіпсіздік саммиті жұмысына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысып, оның «Әлем ХХІ ғасыр» манифесінің жария етілуі - Қазақ елінің тарихында бұрын болмаған оқиға. 

Бұл туралы Орал қаласында тұратын Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Мұхтар Әжіғұлов мәлім етті.

Оның айтуынша, Елбасымыздың әлемдік мінберден осылайша бастама көтеруі - үлкен мерей, биік мәртебе.

«Соғыстың қаншалықты қайғы-қасірет әкелетінін соны бастан өткерген адамдар мен елдер жақсы біледі. Сондықтан «Әлем ХХІ ғасыр» манифесін дүние жүзіндегі барша халық қолдайды деп ойлаймын. Елбасымыз атап өткеніндей, ХХІ ғасырда әлемге тыныштық керек! Бұған барлық адам атсалысып, бейбітшіліктің салтанат құруына өз үлестерін қосуы керек. Қазақ жерінде де талай соғыстың болғаны ақиқат. Біздің ата-бабаларымыз азаттық жолында жанын да, қанын да берді. Кешегі Ұлы Отан соғысының ауыртпалығын ел ұмыта қойған жоқ. Қаншама ана ұлынан айырылды, қаншама шаңырақ ортасына түсті, тіпті тұтас елдерге дейін босып кетті. Ондай қасіретті ешкімнің басына бермесін. Қазіргі кезде Елбасымыздың салиқалы саясаты арқасында Қазақстанда тыныштық пен келісім орнап отыр. Осы үрдіс ұзағынан болсын, еліміз қарыштап дами берсін. Жұртымыз мамыражай ғұмыр кеше берсін. Дегенмен біз әлемнен бөліне алмаймыз. Кейбір елдерде болып жатқан қақтығыстар бізді де алаңдатады. Сол себепті көппен бірге үн қоса отырып, соғыс атаулыға тосқауыл қояйық. Ең бастысы, желкілдеп өсіп келе жатқан жас ұрпағымыз соғыс көрмесе, сол - бақыт», деді М.Әжіғұлов.

«Әлем.ХХІ ғасыр» манифесі адамзатқа төнген қауіпті алдын алудың алғышарты болып табылады.

Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл осындай пікірін білдірді.

Оның айтуынша, Елбасы Н.Назарбаев АҚШ астанасы Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші саммит шеңберінде бүкіл ғаламшарымызға төнген қауіпті тағы бір рет ескертіп, онымен күресу керектігін ғана емес, жолдарын да, қандай әрекет ету қажеттігін де тайға таңба басқандай түсіндіріп берді.

«Жасыратыны жоқ, бүгінгі күні әлемді жалмаған дағдарыс пен дін мен жерді сылтау етіп оқтын-оқтын әр елде тұтанып, тіпті, кейбірі өршіп бара жатқан соғыс ошақтары бейбітшілік жайлаған елде өмір сүріп жатқан біздерді де қатты алаңдатып отыр.  Елімізде соғыс болмаса да, кезінде КСРО-ның ядролық стратегиялық объектісі болған Семей полигонында ядролық және термоядролық жарылыстардың зардабын әлі тартып жатқан жайымыз бар. Осы радиациялық әсер аймағында тұратын адамдар азап шегіп, бірі мүгедек болып қалса, екіншісі айықпас дертке шалдықты. 40 жылға созылған бұл жарылыстардың зардабы ұшан-теңіз.

«Ел қадірін көрген біледі, жер қадірін жүрген біледі» демекші, Қазақстан жаппай қырып-жою қаруының адамзатқа, оны иемденген мемлекетке жақсылық, абырой әкелмейтінін біледі.

Дүниежүзінде алғашқылардың бірі әрі бірегей болып одан өз еркімен бас тартуы, ядролық және бактериологиялық қаруларды сынау алаңын жабуы өзгеге үлгі боларлықтай.

Алайда, оған бақайшағына дейін қаруланған мемлекеттер құлақ асар емес. Қарулы қақтығыстар жаппай қырып-жою қаруынан бас тартқан елдерде емес, керісінше, он қаруын сайлап алған мемлекеттерде  тұтануда. Сондықтан, бұл мемлекеттер бір сәт ойланып, жан-жағына бажайлап қарағаны абзал. Осы орайда, Елбасының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі сөзсіз адамзатқа төнген қауіпті алдын алудың алғышарты болып табылатыны сөзсіз», деді Ғ.Төлеғұл.

 Сенатор Ж.Ерғалиевтің пікірінше,  «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесі шырқы бұзылайын деп тұрған дүниежүзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсері зор.

Оның айтуынша бірін-бірі санкциялау арқылы сіресіп қалған дүниенің  бетін бері қаратар Елбасының ақыл-парасатқа толы бар айтқандарын әлем жұртшылығы қуана құптап отыр.

«Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік тарихтағы адамзат баласының ядролық қарусыз дамуының жаңа кезеңін бастап берген саяси дара тұлға екендігін де  әрдайым қайталап айтудан жалықпайық!

Вашингтондағы Саммитте сөз  сөйлеген  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан ядролық нысандар мен материалдар қауіпсіздігінің деңгейі өте жоғары мемлекеттердің алғашқы жиырмалығының қатарына  кіретінін айта келіп,  Қазақстанның   бүгінгі күні  уран қоры және оның кенін өндіру жөнінен әлемдік көшбасшы болып,  осы өнімді негізгі экспорттаушылардың бірі екенін атап өтті.

Ендігі арада түрлі елдердің ұлттық энергетикалары мен өнеркәсіптерін төмен байытылған отынға көшіру ісін ынталандыру шараларын әзірлеуі қажеттігін алға тартты. Өйткені, тұтас планета бойынша жыл сайын адам санының жедел артуы мен осы заманғы ғылымның шапшаң қарқынмен дамуы энергия көздеріне деген сұраныстың өлшеусіз өсе түсері бар. Ендігі заманның мүддесін ядролық технологиясыз  қазірдің өзінде елестетудің өзі мүмкін де емес.

Елбасының «мемлекеттердің азаматтық ядролық технологияларға қол жетімділігі тең болуын қолдайды» деуі адамзат санасындағы атомның күші мен құдіреті әуелде сол адамзатты қырып-жоюға бағытталған деген әуелгі сананы өзгерту керектігін меңзегендігі деп ұғынғанмыз абзал.

Қазіргі уақытта оқта-текте болса да, аспанға көтерілген ұшақтардан бастап, адамдардың ең көп шоғырланған жерлерінде аяусыз-ақ жарылыстар жасап жатқан терроршылардың жаппай қырып-жою қаруын да пайдаланып кетулерінің  нақтылы жағдайға айналып отырғанын да айта келіп, Елбасының  Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында барлық елдің қатысуымен терроризмге қарсы күрестің жаһандық желісін құру қажеттілігінің де пісіп-жетілгендігін алға тартуы бүгінгі үрейлі әлемнің жарияланбаған соғыстан жеңіліс таппауын алдын-ала ойлағандығы еді. Мұнда жалпы Адамзат тағдыры жатыр.

Сол барша адамзатқа   жаһандық соғыс қатері төніп тұрғандығын да Нұрсұлтан Назарбаев өз Манифесінде  ашық айтты.  Дүниені соғыс вирусы жайлап бара жатқандығына алаңдаушылығын білдірген Елбасы  сол соғыс және де милитаризм адам баласының ой санасы мен мінез-құлқына тереңдей бойлап, еніп барады дегенді де жасырмай айтты. Ал адам баласының санасындағы соғыс кез-келген қару түрінен де қауіпті  болары анық.

Қазақстан Президенті адамзат баласының баршасына  «ХХІ ҒАСЫР: СОҒЫССЫЗ ӘЛЕМ» атты  кең ауқымды Бағдарлама қажет деген ой тастады. Сол ойын нақтылы етіп тұжырымдай отырып, Елбасы бұл Бағдарламада негізгі үш басты қағидатты, «қазіргі кездегі бірде-бір соғыста жеңімпаз болмайды және бола да алмайды, онда бәрі де жеңіледі», «жаңа соғыста жаппай қырып-жоятын қарулар - ядролық, химиялық, биологиялық және ғылым жетістігі негізінде ойлап табылуы ықтимал басқа да кез келген қару түрлерін қолданудан қашып құтылу мүмкін болмайды. Бұл бүкіл адамзаттың қырылуына алып келеді» және  де «мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстарды реттеу үшін негіз бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін теңдей жауапкершілік, өзара құрмет және ішкі іске араласпау қағидаттарына негізделген бейбіт үн қатысулар мен конструктивті келіссөздер болуы керек» дегенді алға тартты.

Егер де Адамзат баласы біз, бүгінгі мына тіршілікті, өзімізді және келер ұрпақты сақтап қаламыз десек, Елбасының бұл қағидаттары бүгінгі дүниенің берік ұстанымына айналуға тиісті», деді сенатор.

ҚР Президентінің манифесінде айтылған ой бүкіләлемдік бейбітшілік кепілі болады. ҚазАқпарат агенттігіне Қазақстан гуманитарлық-саяси коньюнктура орталығының президенті, саяси ғылымдар докторы, профессор Есенжол Алияров осындай пікір білдірді.

Оның пайымдауынша, Мемлекет басшысы айтқан ұсыныстың барлығы әлемде бейбітшілік пен тыныштық орнатуға көзделген.

«Мәселен, біріншіден, Президент адамның ақыл-ой жетістігін қару жараққа жібермеуді ұсынды. Ғарышта, нейтралды қызметте блоктарды қолданбауды ұсынды. Бір блок болған соң басқа ел де шоши бастайды. «Менің мемлекетімді біреу қиратпас үшін, мен де қорғануым керек» деген ой туады. Адамның ақыл ойы, материалды игіліктері бәрі соған кетіп жатыр. НАТО-ға келсек, оның шартының 5-тармағы бойынша бір мемлекет соғыс ашса, бүкіл НАТО кіреді деп тұр. Мұның өзі агрессиялық көзқарас. Осындай көзқарастар басқа мемлекеттерге түрткі болады. Блок жоқ болса, әркімнің ой пікірі халықаралық институтардың істеріне байланысты шешілуі керек», - деді сарапшы.

Маман Президенттің ешбір тәуелсіз елдің ішкі саясатына араласуға болмайды деген ойын құптайтындығын жеткізді

«Менің ойымша, әртүрлі көзқарас болмас үшін «қазіргі тәуелсіз мемлекеттердің шекаралары бұзылмайды» деп БҰҰ қарарында жазылуы керек. 1944 жылы Вестфаль келісімінде бұл көрсетілген. Соңғы кездері бұл принциптерді ұстанбай жатқандар көп. Бір мемлекеттің екіншісінің ішкі мәселесіне араласуы, «демократия жоқ, адам құқығы тапталып жатыр» деген уәжбен сепаратистерді қолдау белең алып барады. Түбінде азаматтық соғыс салдарынан келетін зардап он есе артық болады», - деді ол.

Сарапшы Солтүстік Африка, Ирак, Сириядағы жағдайды мысалға келтірді.

Сондай-ақ, 20 жылдан аса уақыт келе жатқан Армения мен Әзербайжан қақтығыстарының күш алуына осы себеп болды, деді маман.

«Халықаралық құқықтық принциптерді сақтамаудың салдарынан туған локалды қақтығыстар жаһандық соғысқа дейін ұласуы мүмкін. Екінші дүниежүзілік соғыста 50 млн адамды жоғалттық. Енді тоқтамаса адам баласы одан әрі шығынға батады. Менің ойымша, Нұрсұлтан Назарбаев жаңа әлемдегі жаңа саяси процестерді толық игергенін көрсетті. Оған дәлел - дер кезінде айтылған президенттік бастамасы. Енді бұл көзқарас тек бастама болып қалмай, жүзеге асса нұр үстіне нұр болар еді. Тәуелсіз елдің халқы өз мәселесін өзі шешуі керек», - деді ол. 

Бүгінгі таңда ізгілікті қолдайтын азаматтар бейбітшілікті қорғаудың маңыздылығы жөнінде үн қосуда.Осы орайда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Әлем. XXI ғасыр» атты манифесіне орай өз пікірін білдірген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл көкейде жүрген ойларын ортаға салды.

«Менің халқым өзге халықтардың түсіне кірсе, шошып оянатындай, қорқынышты оқиғаларды бастан кешті. Қазақтар талай жерде тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге құштарлық, азаттыққа құштарлық қайтадан жығылған еңсені көтеріп, тәуекелге бел буғызды. Мен өз халқымды сүйемін. Оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтаныш тұтамын. Бейбіт тәсілдерге ғана жүгініп, шиеленіс пен кикілжіңнің ережелеріне мойын ұсынғым келмейтіндігі де сондықтан» деп жазды Нұрсұлтан Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» кітабында.

Ал таяуда АҚШ-тың күнделікті The Hill атты саяси газетінде жарияланған «Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит: ілгері бастаған жол» мақаласы арқылы Мемлекет басшысы қайғы-қасіретті көп тартқан қазақ халқының дана тағылымын дүниеге таратты. «Жері ядролық қару сынау үшін полигон ретінде пайдаланылған, 500 ядролық сынақтың нәтижесінде бір жарым миллионнан астам азаматы мен ауқымды территориясы радиацияға ұшыраған еліміздің тарихи тәжірибесі бізді қауіпсіздікті басқаша түсінуге алып келді»,- деп жазды Елбасы.

Назар аударарлық жайт, БҰҰ-ның «Адамзаттың даму индексі» және басқа да жаһандық рейтингтер бойынша әлемдегі ең дамыған елдердің алғашқы ондығына Норвегия, Швейцария, Дания, Нидерланды, Германия, Канада, Сингапур секілді елдер кіреді екен.

Бұл нені білдіреді? Қазіргі заманда дамудың құпиясы басқаға ауысты деген сөз: өзінің ішкі ұлттық әлеуетін бірыңғай бейбіт өркендеуге, жасампаз еңбекке, ақыл-ой әлеміне бағыттай алған мемлекеттер озуда. Ол үшін ешқандай зымыранның, зеңбіректің, атом бомбаларының қажеті жоқ. Өйткені ядролық «қолшоқпармен» ішкі татулыққа, тұрақтылыққа қол жеткізе алмайсың, халықты ұлы мақсат жолында жұмылдыра алмайсың.  

Осы даналықты Қазақстан көшбасшысы өткен ғасырдың соңында-ақ түсіне алды. Тәуекелге бел байлап, тәуелсіз елді ойлап, Елбасы Семей сынақ алаңын жапты, ауқымы мен әлеуеті жөнінен әлемде төртінші орында болған ядролық арсеналдан бас тартты. Сөйтіп, біріншіден, қазақ елінің әлемдегі бейбітшікті қолдайтынын іс жүзінде паш етті, екіншіден, отанымызды және өз өңірімізді халықаралық шиеленіс орталығына айналудан қорғап қалды.

Осының арқасында Қазақ елі қарқынды даму жолына түсіп, бүкіл әлемге дамудың бейбіт үлгісін көрсетті. Көкжиектің ар жағындағы көз жетпес кеңістіктерге үңіліп, кез келген асқақ дүниені көре алу көрегендерге ғана бұйырған ғажайып қасиет болса керек.

Бүгінде адамзат баласының алдында үш маңызы зор міндет тұр, бұлар - бейбітшілікті, бірлікті және дамуды сақтап қалу. Бұлардың қай-қайсысы да - барлық мемлекеттің басты бағдары. Осы үш бастауға Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің болашағы байлаулы. Бұл ретте, Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтондағы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі Саммит кезінде де болашақты бағдарлап, бүгінді бағамдайтын салмақты бастамалар көтерді. Енді әлемдік қоғамдастыққа осыларды байыптап, лайықты жұмыс жүргізеді деген сенімдеміз.

Жалпы, ядролық жаппай қырып-жою қаруының терроршылар қолына түсу қаупі кердең қимыл мен керенау пиғылды көтермейді. Пәрменді әрі тегеурінді әрекетсіз осынау «асарлы» істе аңсарлы нәтижеге жету мүмкін емес. Бұл ретте, Қазақстан бүкіл халықаралық қоғамдастықты ұлы міндеттерді шешуге топтастыруда: Президент айтқандай, әлем елдері бөлек-бөлек блоктарға, қаптаған коалицияларға бөлінбей, БҰҰ байрағының астында терроризммен бірігіп күресулері қажет.

Елбасының әлемдік деңгейдегі озық бастамалары арқасында Қазақстан өзгелерге ілесуші емес, адамзатты ілгері жетелеуші мемлекетке айналды. Ядролық қаруға қарсы қозғалыстың көшбасшысы саналатын Қазақстан және оның көшбасшысы Н.Назарбаев осы саладағы инновациялық идеялардың генераторы болып табылады.

Сөздің қадіріне жете білетін, даналықты ұлы мұра тұтқан, аталы сөзге тоқтауды салтқа айналдырған Қазақ елі дүниежүзіне де осы қасиетін дарытып, адамзатты жалпыға ортақ өркендеу жолы - Ядролық қарусыз әлемге бастауда. 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі қазіргі таңда бейбітшілік сүйгіш, қауіпсіздікті қалайтын барша адамзаттың назарын аударып отыр. 

Бұл туралы «Вайнах» шешен-ингуш мәдени-ағарту қоғамының төрағасы Данильбек Саратов мәлім етті.

Оның айтуынша, Елбасымыз өз манифесінде соғыстың тамырына балта шабу адамзаттың ең күрделі өркениеттік міндеті екендігін айтып, соның жолдарын көрсетіп берді. Шынында да мемлекеттер арасындағы таластың бәрін соғыспен шешуге болмайды.

«Соғыс қай уақытта да соған араласқандардың барлығына қайғы-қасірет әкеледі. Бұл, әсіресе, осы зұлматты бастан өткерген халықтар жақсы түсінеді. Соның ішінде шешен халқының да көрмегені жоқ. Өткен ғасырдың қырқыншы жылдары күшпен, зорлық-зомбылықпен Қазақстанға жер аударылған шешен жұртының бүгінгі ұрпақтары тек бейбітшілік пен тыныштықты қалайды. Сондықтан біз Елбасының бастамасына толық қолдау білдіреміз. Мемлекет басшысының саясатын жүзеге асыру жолында ҚХА мүшелері қолдан келгеннің бәрін жасайтын болады. Бізге керегі - тұрақтылық, ұлтаралық келісім мен татулық», деді Д.Саратов.

Көз алдымызда күн санап, сағат санап, тіптен сәт сайын алмағайып әрі күрделі өзгерістерді бастан кешіп жатқан әлемде бейбітшіл саясатты ұстанатын адамзат үшін алда қандай бағыт-бағдарлар белгіленгені жөн?

Адамзат баласының өзі ойлап тапқан, енді бүкіл жер-жиһанға қатер тудырып отырған тажал-қарудан қалай құтылуға, оның қатерінен қалайша бас тартуға болады? Одан құтылар жол бар ма? Осы сауалдар саналы адам баласын толғантары анық. Әрине, бұл сауалдарға жауап берер көреген басшы, ақылман қайраткер, ой-санасы сергек, күллі адамзаттың амандығын ойлап, сара жол нұсқайтын тұғырлы тұлғаның бағдарламалық сөзін уақыттың өзі барша әлем жұртына мойындатып отыр. Ол - Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Вашингтондағы IV ядролық қауіпсіздік саммитінде жариялаған «Әлем. XXI ғасыр» атты манифесі қазіргі уақытта дүниежүзілік ұйым - Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжатына айналып, жоғары мәртебені иеленуі - әлемдік деңгейдегі маңызды оқиға.

Қазақстан басшысы ұсынған құжаттың бейбіт өмірді сақтап қалуда бірден-бір бағдарлама ретіндегі мән-маңыздылығын терең түсінгендіктен болар, Манифеске БҰҰ штаб-пәтерінің хатшылығындағы жүйеде арнайы тіркеу нөмірі беріліп, ұйымға мүше мемлекеттердің барлығы үшін БҰҰ-ның электронды жүйесінде қолжетімділікке ие болды. Бұл - біздің еліміз үшін үлкен мәртебе, зор құрмет! Бұл - биыл Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдық мерейтойын атап өтетін Қазақ елінің халықаралық деңгейдегі бейбіт өмір сүру саясатының мәуелі жемісі! Бұл - Елбасының ғаламшарда бейбітшілікті сақтап қалу үшін сан толғанып, сан тебіреніп, ядролық қарусыздану үдерісін жалпыхалықтық деңгейге көтеру жолындағы өміршең де өзекті идеяларының қайнар көзі, бастау-бұлағы.  

«Мың шақырым жол бір қадамнан басталады» деген даналық сөз бар халқымызда. Елбасының манифесі адамзатты зұлмат қарудан біржолата бас тартуға шақыра отырып, ядролық қарусыздану үдерісіне белсене атсалысуға жасаған бұл қадамы ажал-қаруын ауыздықтауда келешекте үлкен даңғылға апаратынына кәміл сенімдіміз. Қазақстан Президентінің бағдарламалық құжатында айтылған салмақты ойлар мен тұжырымдамалық түйіндер осындай ойға жетелейді. Мемлекет басшысы онда: «ХХІ ғасырда адамзатқа өзін өзі демилитаризациялау жағына қарай шешімді қадам жасау қажет. Бізде мұндай басқа мүмкіндік болмайды. Бұлай жасалмаған жағдайда планета радиоактивті материалдардың орасан зор тіршіліксіз үйіндісіне айналады. Біздің планетамыз бірегей, бізде басқа ондай планета жоқ және болмайды. Сондықтан адамзатқа «ХХІ ғасыр: Соғыссыз әлем» кең ауқымды бағдарламасы қажет» деп батыл талап қойып, нақты бағдар нұсқайды.

Елбасы «жаһандық стратегия ұлттың соғыстар мен жанжалдар вирустарын жою жөніндегі үйлесімді және жауапкершілікті іс-әрекеттерін айқындауда үш басты қағидатты нақты мазмұндау керектігін» ұсынады.

Осы орайда, Қазақстан Президенті: «Біріншіден, қазіргі кездегі бірде-бір соғыста жеңімпаз болмайды және бола да алмайды, онда бәрі де жеңіледі. Екіншіден, жаңа соғыста жаппай қырып-жоятын қарулар - ядролық, химиялық, био­ло­гиялық және ғылым жетістігі негізінде ойлап та­былуы ықтимал басқа да кез келген қару түрлерін қолданудан қашып құтылу мүмкін болмайды» деп, барша адамзат назарын ғаламдық мәселеге аударады. Түптеп келгенде, Елбасы Н. Назарбаев «бұл бүкіл адамзаттың қырылуына алып келетінін, оған кімнің жауап беретінін анықтау кейін кеш болатынын, тіпті, жауап беретін адам да табылмайтын» ашық айтады. Болашақта адамзатқа зор қауіп төндіретін «осы ықтимал қауіп-қа­терді қазіргі ұлттық лидерлер мен саясаткерлер және олардың барлық келесі буындары аксиома ретінде түсінулері тиіс» екенін атап көрсетеді. Мемлекет басшысы «Үшіншіден, мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстарды реттеу үшін негіз бей­біт­шілік пен қауіпсіздік үшін теңдей жауап­кершілік, өзара құрмет және ішкі іске араласпау қағидаттарына негізделген бейбіт үнқатысулар мен конструктивті келіссөздер болуы керек» дей отырып, барлық елдер басшыларын нақты іске көшудің нақты да айқын жолдарын ұсынып, жалпыадамзаттық келісім алаңында бас қосуға үндейді.

Бөкей ордасы ауданының тұрғындары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтон саммитіндегі бастамасын, яғни күллі әлемнің ядролық қарудан ада болуын қолдайды. 

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Тілеген Арыстанбеков мәлім етті.

Оның айтуынша, Қазақстан Президентінің «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде айтылған өрелі ойлар бөкейордалықтарға ерекше жақын. Өйткені Ұлы Отан соғысы кезінде осы өңірден талай боздақ майданға аттанып, қаза тапса, оның үстіне Сталинград майданы Орда (қазіргі Бөкей ордасы) ауданына тиіп тұрғандықтан, ол соғыс жағдайында деп жарияланды. Сондықтан аудан жеріне талай бомба түсіп, көптеген ғимараттар қирап, адамдар қаза тапты. Сол кездегі аудан тұрғындары осының бәрін көзбен көріп, соғыс зұлматын жүрегімен сезінді. Ұлы Отан соғысынан кейін ел еңсесін енді тіктей бастаған кезде, 1952 жылы Орда ауданы таратылып, халқы босып кетті.   

«Сол 1952 жылы ауданда 61 мың халық болған екен, олардың дені Батыс Қазақстанның Фурманов, Тайпақ, Чапаев аудандарына және Оңтүстік Қазақстанға күшпен көшірілді. Әрі ауданымыздың 945 мың гектар жері әскери сынақ полигонына берілген. Батысымызда «Капустин Яр», оңтүстігімізде «Азғыр» полигондары орналасқан. Полигондарда зардабы орасан зор түрлі әскери қарулар сыналды. Еліміз бойынша полигоннан ең көп зардап шеккен өңірдің бірі біздің ауданымыз екені көпке мәлім. Қазір ауданда 16 жасқа дейінгі 67 туа біткен мүгедек бала бар. Бұл аз қасірет емес. Сондықтан біз Елбасымыздың дүние жүзі халықтарын соғыссыз өмір сүруге шақыруын жан-жүрегімізбен қолдап, қуаттаймыз», деді Т.Арыстанбеков.

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 25 жылдығына арналған «Ядролық қарусыз әлем қалыптастыру» атты халықаралық конференцияға дайындық мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кеңеске Президент Әкімшілігі, Үкімет, Парламент Сенатының аппараты, уәкілетті мемлекеттік органдар басшылығының өкілдері қатысты.

Г.Әбдіқалықова Мемлекет басшысының алғашқы жарлықтарының бірі Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы шешім болғанын атап өтті.

Қазақстан Президенті тәуелсіздіктің 25 жылы бойы жаһандық ядролық қарусыздану және оны таратпау мәселелеріне ерекше көңіл бөліп келеді.

Қазақстан Президентінің бұл саладағы бастамалары 2016 жылғы 31 наурыз бен 1 сәуір аралығында Вашингтон қаласында (АҚШ) өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте жаһандық серпіліс тудырды. Мемлекет басшысы «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифест жариялап, ол БҰҰ Бас Ассамблеясының және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мәртебесіне ие болды. Құжатта барша адамзаттың мүддесін қорғайтын  өзекті тақырыптар бойынша Қазақстанның нақты ұстанымы айқындалған.

Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына арналған халықаралық конференция Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өтетін болады.

Мемлекеттік хатшы кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді.

 Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 31 мамыр мен 2 маусым аралығында Астанада өтетін «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференциясы мен Съезд Хатшылығының XV отырысына әзірлік мәселелері бойынша жұмыс бабындағы кеңес өткізді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.  

Конференция Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың 2015 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында айтқан терроризмге қарсы іс-қимыл туралы бастамаларын іске асыру аясында өтеді. Сенат Төрағасы халықаралық ұйымдардың, парламенттік және әлемдік діни қауымдастықтардың, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпустың өкілдері алғаш рет қатысатын конференцияның ерекше сипатына назар аударды. Терроризммен күрестегі маңызды мәселелерді талқылауға еліміздің және шетелдің сарапшылары да қатысады. Төрағаның пікірінше, конференция Мемлекет басшысы жария еткен жаһандық маңызы бар «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін түсіндіру және ілгерілету үшін тиісті тұғырнама болады.

Шараларға әзірлік барысы туралы Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков, сыртқы істер министрінің орынбасарлары Ержан Ашықбаев және Роман Василенко, мәдениет және спорт министрінің орынбасары Марат Әзілханов хабардар етті.

 Әлемдік саяси ахуал тұрғысынан келсек, бүгінде алып державалар арасындағы қырғи-қабақтық өршіп отыр. Үлкен мемлекеттер бәсекелестігі олардың қарулануынан, бір-бірін батылдана айыптауынан көрініп, бұл да белгілі бір деңгейде қорқыныш сезімін тудырып отырғаны да анық. Әрине, мәртебелі дипломатияның арқасында кез келген қақтығыстың бейбіт тарқатылып, арыға бармауына мейлінше жағдайлар жасалып жатыр. Алайда, дипломатияның күші жетпейтін, қақтығыстарды өршіте түсетін оқиғалар да бір жағынан сес береді.

Екінші мәселе - қатер аймағын дүниенің түкпір-түкпіріне шарлатқан терроризм қаупі де зорая бастағаны мәлім. Қазір дүние жүзінде бір де бір ел терроризмнен толық бейтараппын, қауіпсізбін деп айта алар емес. Яғни, бейбіт тұрғындарды қан-қақсата отырып, елдің үрейін алу арқылы қандай жолмен болса да билігімді жүргіземін дейтін террорлық топтардың қоқан-лоққысы да әлемдегі қорқыныш қаупін артқанның үстіне арттырып келеді. Ал бұндай алмағайып ахуалда әсіресе жаппай қырып-жоятын қарудан келетін үрей одан сайын өрши түсетіні анық. Жақында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтондағы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитінде жариялаған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің де осы тұрғыдан өзектілігі артып отыр. Әлем сарапшылары мен салмақты саясаткерлердің Елбасы ұсынған жаһандық бітімгерлік бастамасын мойындап жатқаны сондықтан.

Жалпы Қазақстанның, оның басшысы Н. Назарбаевтың да ядролық қарусыздануға қатысты бастама көтеріп, оған дүние елдерінің назарын аударту бағытындағы шараларға мұрындық болуға толық құқығы бар екені бесенеден белгілі. Өйткені, ядролық қарусыздану бағытындағы дүние елдері мойындаған қадамның, батыл һәм беделді бастаманың басым бөлігі Қазақстанға, Мемлекет басшысы Н. Назарбаевқа тиесілі. Ең әуелі еліміз Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бейбіт дамуды таңдап, ерікті түрде ядролық қарудан бас тартып, әлемдегі ең үлкен сынақ алаңдарының бірінен саналатын Семей полигонын жапты. Осылайша, адамзат тарихындағы қуатты ядролық аймақ алғаш рет Семейде ерікті түрде Елбасының ерен ерлігі арқасында бұғауланды. Семей полигонының жабылуы арқасында Қытайдағы Лобнор полигоны, АҚШ-тағы Невада полигоны, Франция мен Ұлыбританияның Тынық мұхит аралдарындағы сынақ алаңдары жұмыстарын тоқтатты. Әлем жарыса қарусыздану бәсекесіне түсемін деп жүріп қайда барып қалғанын енді аңғара бастағандай болды. Ал осындай сынақ алаңдары әлі күнге жарыса жұмыс істесе, сынағын арттыра берсе бүгінгі жағдай қалай болар еді? Бұл тұрғыда сарапшылардың ендігі шақта дүниежүзілік соғыс оты тұтанса, оның ақыры туралы ойлаудың өзі қорқынышты болатынын айтып жатуы да біршама мәселені аңғартса керек. 

Жалпы адамзаттық бейбітшілік тұрғысынан алғанда, Жер бетіндегі тыныштықты қамтамасыз етудің жалғыз жолы - жаппай қырып жоятын ядролық қарудан бас тарту екені анық байқалып келеді. Сондықтан да, Елбасы Н. Назарбаев Вашингтондағы саммитте жарияланған манифесінде адамзатқа ортақ «ХХІ ғасыр: соғыссыз әлем» атты кең ауқымды бағдарлама қажеттігіне назар аударған болатын. Бұл ретте Мемлекет басшысы ондай жаһандық бағдарламада ұлттың соғыстар мен жанжалдардың вирусын жою жөніндегі үйлесімді және жауапты іс-әрекеттерін айқындау керектігін алға тартады. Сонымен қатар, Президент Н. Назарбаев жаһандық стратегиялық құжатта үш басты қағидатты нақты мазмұндау керектігіне көңіл бөледі. «Біріншіден, қазіргі кездегі қандай да бір соғыста ешкім жеңімпаз болмайды және бола да алмайды, онда бәрі де жеңіледі. Екіншіден, жаңа соғыста жаппай қырып-жоятын қарулар - ядролық, химиялық, биологиялық және ғылым жетістігі негізінде ойлап табылатын басқа да кез келген қару түрлерін қолданудан қашып құтылу мүмкін болмайды. Бұл бүкіл адамзаттың қырылуына алып келеді. Және осыған кімнің жауап беретінін анықтаудың өзі де кеш болады және жауап беретін адам да табылмайды. Осы ықтимал қауіп-қатерді қазіргі ұлттық лидерлер мен саясаткерлер және олардың кейінгі буын өкілдерінің барлығы аксиома ретінде түсінуге тиіс. Үшіншіден, мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстарды реттеу үшін бейбітшілік пен қауіпсіздікке тең жауапкершілік, өзара құрмет және ішкі іске араласпау қағидаттарына бейімделген бейбіт үнқатысулар мен сындарлы келіссөздер негіз болуы керек», - деп атап өтеді Н. Назарбаев.

Бұнымен қатар, Елбасы әлемдік қоғамдастық іс-қимылының тұтастық алгоритмдерін кешенді негізде түзейтін бірқатар бағыттарды да алға тартады.

Ондай бағыттардың қатарында Елбасы бірінші кезекте Ядролық және басқа да жаппай-қырып жоятын қарудан толықтай азат әлемге қарай жылжу мәселесін атап өтеді. Айта кетерлігі, 2015 жылдың 7 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасы бойынша Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларация қабылдаған болатын. «Қазақстан 25 жыл бұрын әлемде алғашқы болып Семей ядролық сынақ полигонын біржолата жапты. Бұл - әзірше әлемдік тәжірибедегі алғашқы және бірден-бір оқиға. Жас мемлекет содан соң КСРО ыдырағаннан кейін мұраға қалған атом қаруының әлемдегі төртінші әлеуетіне және оны жеткізу құралдарына иелік етуден өз еркімен бас тартты. Бұл шешім жетекші ядролық державаларды ядролық сынаққа мораторий жариялауға қозғау салды. 20 жыл бұрын БҰҰ аясында Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт жасалды және қол қою үшін ашық деп жарияланды, бірақ ол осы күнге дейін күшіне енбей келеді. Қазақстан аумағында МАГАТЭ туы астында атом энергетикасын дамытуды жоспарлап отырған мемлекеттерге арналған Төмен байытылған ядролық отын банкі құрылды», - деп атап өтті Н. Назарбаев.

Шындығында, Елбасы атап өткеніндей, ендігіде атом электр энергиясы, медицина секілді салаларда тек бейбіт мақсатта ғана қолданылып, қару ретінде жойылуы керек. Осы ұстанымды қолдаған МАГАТЭ Қазақстанға үлкен сенім білдірген болатын. Оның дәлелі ретінде елімізде Төмен байытылған атом банкін құру туралы шешімнің қабылдануын атасақ та болады. Айта кетерлігі, ядролық қаруды таратпау режімін нығайту тұрғысынан әлемдік бастамада лидер-мемлекет ретінде танылған Қазақстанда банкті орналастыруға барлық қажетті инфрақұрылым қалыптасқаны мәлім. Сондықтан да, МАГАТЭ тарапынан мұндай банкті орналастыруға ең лайықты үміткер ретінде Қазақстан танылған болатын.

Еске салайық, 2015 жылдың 27 тамызында Астанада Қазақстан Үкіметі мен Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) еліміздің аумағында Төмен байытылған уранның банкін құру туралы келісімге қол қойды. Қол қою рәсіміне Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, Франция, Ресей өкілдері, сондай-ақ осы жобаның донор елдері болып табылатын Еуропа Одағы, Кувейт, БАӘ өкілдері қатысты. Банк Шығыс Қазақстан облысындағы Үлбі металлургиялық зауытының аумағында орналасады. Онда атом энергетикасының қажеттілігі үшін пайдаланылатын төмен байытылған уран сақталады.

Мұндай банктің құрылуы қауіпсіздіктің бірегей тетігі ретінде үлкен тарихи маңызға ие болғаны да анық. Өйткені, Банк МАГАТЭ-ге мүше елдерге төмен байытылған уранға кепілдік беретін бірегей орталық болады. Яғни, Төмен байытылған уран банкі атом энергетикасының бейбіт түрде дамуына қызмет етіп, жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайтуда айтарлықтай зор үлес қосады.

Айта кетерлігі, Вашингтондағы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Иордания, Испания, Қазақстан, Канада, Қытай, Норвегия, БАӘ, АҚШ, Филиппин, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Оңтүстік Корея және Жапония  МАГАТЭ-нің Қазақстандағы Төмен байытылған уран банкі жөнінде бірлескен мәлімдеме қабылдады. Онда қатысушылар Қазақстанның ядролық қаруды таратпауға және халықаралық бейбітшілікке қатысты жоғары деңгейдегі қызметтер атқарғанын атай отырып, Төмен байытылған уран банкін құру жөніндегі құқықтық мәселелер Қазақстан тарапынан толық шешім тапқанын растады. Сонымен қатар, халықаралық қауымдастық Банк өз қызметін қауіпсіздік пен сенімділік жағдайында жүзеге асыратынына сенім білдіреді. Бұл бір жағынан Қазақстанға да білдірілген сенім болса керек.

Тұтастай алғанда, Төмен байытылған уран банкі жаһандық ядролық қарусыздану қозғалысының жетекші рөліне ие болған Қазақстанның мәртебесін арттыратыны да сөзсіз. Оның үстіне Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне 2017-2018 жылдары сайланған жағдайда ядролық таратпау және қарусыздану мәселелері оның басым бағыттарына айналатындығын атап өткені де белгілі. 

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте сөйлеген сөзі, сонымен қатар  «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесіне БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мәртебесінің берілуі Қазақстанның жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан кезекті зор үлесі саналады.

Мұндай пікірді қазақстандық журналистерге сұхбат берген ҚХР Мемлекеттік кеңесі жанындағы Даму мәселелері жөніндегі зерттеу орталығы Қоғамдық дамуды зерттеу институтының профессоры Ван Сяньцзюй (Wang Xianju) білдірді.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды бастамаларының БҰҰ тарабынан кеңінен қолдау табуы және аталған халықаралық ұйымның ресми құжаты мәртебесін алуы көтеріліп отырған проблеманың өзектілігін бекіте түседі. Өз тарабымнан Қытайдың ғылыми қауымдастығы Қазақстан көшбасшысының бастамасын қолдайтындығын атап өткім келеді», - деді ол.

Қытай сарапшысы жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның басты үлесі әлемдегі қуаты жағынан төртінші ядролық қарудан бас тартуы және Семей ядролық полигонын жабуы екендігін баса айтты.

«Қазақстан бұл бағытқа баса күш-жігер жұмсауын жалғастыруда және ядролық таратпау ісіне, толықтай алғанда біздің ғаламшарымыздағы бейбітшілікті қамтамасыз етугезор үлес қосуда. Қазақстан Президенті өткен саммит барысында ядролық қауіпсіздік жөніндегі келесі саммитті Қазақстанда өткізуді ұсынды. Меніңше, бұл өте жақсы ұсыныс. ол Қазақстанның бұл мәселеге мұнан да айрықша мән беруін жалғастыра түсетіндігін дәлелдейді», - деді ол.

Ван Сяньцзюй Қазақстанда МАГАТЭ-мен бірлесіп төмен байытылған отын банкін құрғанын, сонымен бірге саммит барысында Қазақстан мен АҚШ-тың ядролық қауіпсіздік және таратпау саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдеме қабылдағанын атап өтті. Сонымен  қатар ол Чернобыль АЭС-інде болған апатты да еске салып өтті.

«1986 жылғы Чернобыль апатын өз көзіммен көрдім десем де болады. Өте көп адам зардап шекті. Ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету - бұл бір мемлекеттің емес, бүкіл әлемдік қоғамдастықтың мәселесі», - деп түйіндеді сөзін ол.

 

АҚШ астанасы Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші саммит шеңберінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі дүниежүзі елдерінің көшбасшыларына үлкен ой тастады. Осындай ойымен саяси ғылымдар докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының меңгерушісі Гүлнәр Нәсімова бөлісті.

«Өз манифесінде Мемлекет басшысы бірқатар концептуалды мәселені көтерді. Бұл мәселелер әлемдегі қауіпсіздік пен бейбітшілікті, глобалды шешімдерді, ХХІ ғасырдағы басты сын қатерлер мен қақтығыстарға қарсы тұру жолдарын көрсетеді», - деді сарапшы.

Оның ойынша,  қазіргі әлемдік ахуал тек экономикалық дағдарыс пен жоғары саяси шиеленістің салдарынан ғана ушығып тұрған жоқ. Көптеген халықаралық институттардың әрекеті мезгілден кеш көрініп жатыр.

Соның салдарынан соғыстар мен өзара қақтығыстар босқындардың көбеюіне әкелді. Еуропа қоғамында осы мәселеге байланысты неше түрлі жік пайда болды.

«Мемлекет басшысы айтқандай, «соғыстың тамырына балта шабу - адамзаттың ең күрделі өркениеттік міндеті. Бірақ мұның қандай да бір ақылға қонымды басқа баламасы жоқ. Бұл міндетті әлемдік көшбасшылар жаһандық күн тәртібіндегі өзге проблемалардың аясында абсолютті басымдық ретінде қарастыруға тиіс». Мен айтар едім, Елбасы ұсынған стратегия адамзат тағдырына төніп тұрған қауіпке қарсы барлық елді біріктіруге бағытталған. Жаһандық соғыстың алдын алу үшін жаңа қадам, жаңаша көзқарас керек. Соғыстың қиратқыш ғаламат күшіне қарсы тұру барлық елдің көшбасшыларының қабылдаған шешіміне тікелей байланысты. Осы орайда оның айтқан ұсынысы бүкіл әлемдегі елдердің көшбасшыларына үлкен ой тастады деген сенімдемін. Мемлекет басшысының жаһандық жиында мәселені халықаралық деңгейде қозғап, өткір де ұтымды ұсыныстар айтқанын әлемдік қоғамдастық лайықты бағалайды деп сеніммен айта аламын», - деді ол.

Бейбіт сыртқы саясатқа негізделген Қазақстанның жаһандық бастамалары өз аймағында ғана емес, одан тыс жерлерде де осы елге, оның көшбасшысына деген құрметті қалыптастырғалы аз уақыт өткен жоқ. ҚР Президенті Н. Назарбаев ұсынған «Әлем. XXI ғасыр» манифесті жайлы сөз қозғағанда, беделді әзербайжандық сарапшы Ильгар Велизаде осылай мәлімдеді.

И.Велизаденің айтуынша, Қазақстан  тұрмысы жоғары және экономикасы дамыған елдер қатарына кіру үшін стратегиялық мақсатпен алға сенімді жылжып келе жатқан ел.  

«Әлем. XXI ғасыр» манифесінде айтылған әлемдік қауымдастыққа үндеуінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қауіпсіздіктің заманауи сәулетінің негізіне жататын халықаралық құқықтың негізін қалайтын қағидаттарға бей-жай қарауға жол бермеуге  назар аударады.

«Жаһандық бейбітшілік туралы айта келе, Н. Назарбаев барлық ұлт өкілдері мен мемлекеттердің қатысуымен жаһандық диалог құруға шақырды. Бұл осы диалогтың даму кепілі және оның бастамаларының ойдағыдай іске асуы болар еді. Мұндай саясаттың негізінде үздік гуманитарлық идеяларды іске асыру жатыр. Сондай-ақ автордың сөзімен айтқанда, біз XXI ғасырда болашақ ұрпақтың тағдырына бей-жай қарамай өмір сүруіміз керек», - деп түйіндеді сарапшы.

 

 

Қазақстандық делегация 13-14 сәуір күндері Бейжің қаласында «Шанхай бестігінің» шекаралық аудандарында әскери саладағы сенімді нығайту туралы келісімге қол қоюдың 20-жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысты.

Делегация құрамына Қазақстан-Германия халықаралық және аймақтық ынтымақтастығы институтының директоры Болат Сұлтанов, «ҚР Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысы кітапханасы» директорының орынбасары Жапсарбай Қуанышев, ҚР-ның Шанхай ынтымақтастық ұйымы жанындағы тұрақты өкілі Ерік Әшімов және басқа дипломаттар кірді.

«Аталған келісімнің әлемдік дипломатияда баламасы жоқ және ол аймақтағы бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрақтылықты нығайту үдерістеріне үлкен әсерін тигізді... Уфа саммитінде қабылданған ШЫҰ-ын 2025 жылға дейін дамыту Стратегиясында мүше мемлекеттердің көшбасшылары ядролық қаруы жоқ елдер қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне байланысты сөз сөйледі», - деді конференцияның ашылуында Е.Әшімов.

Қазақстан бастамасы бойынша БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы іс-әрекеттердің Халықаралық күні деп жариялады.

«Биылғы жылдың сәуір айының басында Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік бойынша 4-ші саммитте БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған ресми құжат - «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі қабылданды. Аталған құжатта адамзат үшін тағдыршешті болып табылатын соғыс және бейбітшілік мәселелері, және ең алдымен  әлем елдерінің ядролық қаруға толық тыйым салудан бас тарту жағдайында ядролық апокалипсис қаупі бойынша позициясы атап көрсетілді», - деп атап өтті дипломат.

Шараны Қытай халықаралық проблемалар институты, Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институты (РШЕОАИ), сондай-ақ Аумақтық егемендік, теңіз құқықтары және мүдделері Мемлекеттік инновациялық орталығы (Ухань университеті) ұйымдастырды. Оған Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстанның 120-дан астам ғалымы мен дипломаты қатысты. 

«Әлем. ХХІ  ғасыр» Манифесі - жер шарының әрбірі тұрғынына қатысы бар тарихи құжат. Бұған дейін де келелі мінберлерден төрткүл дүниенің тағдырына алаңдаулы сөздерін айтып келе жатқан Қазақстан Президенті бұл жолы да әлем назарын өзіне аудара білді, - дейді Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Мұнан әрі ол, Елбасы сөздерін ой-сарабынан өткізе келе өз пікірін былайша өрбітті. «Мемлекет басшысы адамзаттық деңгейдегі ой ойлау мен соған сәйкес әрекет жасайтынын тәуелсіздік алған алғашқы жылдары Семей ядролық полигоның жабуымен дәлелдеген еді. Ядролық және басқа да жаппай-қырып жоятын қарудан толықтай азат әлемге қарай дәйектілікпен ілгерілеу керек, - деп сөзін жеткізуі, бұл - өз ұлтының «Мәңгілік ел» идеясымен алға баса беретініне сенетін көшбасшының сөзі.Біз бұған дейін де дәстүрлі діндер басшыларының басын қосып әлем тыныштығын сақтауға қадам жасаған елміз. Осы тарихи құжатта кезең-кезеңімен не жасалуы керектігі жан-жақты көрсетілген. Әлем әлі талай мәрте Елбасының айтқан сөздеріне  оралатын болады, өйткені оның басқаша жолы жоқ. Президент сөзімен қорытар болсам: «ХХІ ғасырда әлемге тыныштық керек», - деп ойын жеткізді палата директоры Ғ. Жақсылықов.

Ва­шингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі қорытынды, төртінші саммит Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа жаһандық бастамасымен есте қалды десек те болады. Мемлекет басшысының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі Барак Обама бастамашылығымен шақырылған жаһандық саммиттің барысындағы тарихи маңызы жоғары құжаттың бірі ретінде де бағаланатыны да сөзсіз. Өйткені, саммит аясында Қазақстан Президентінің авторлығымен шыққан «Әлем. XXI ғасыр» манифесі атауымен мүлдем жаңа құжат-парадигма жарияланып, ол бойынша БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунға, сондай-ақ әлемдік ұйым жанындағы барлық мүше мемлекеттердің Тұрақты өкілдеріне тиісті хат жіберілген болатын.

Кейіннен манифест БҰҰ Бас Ассамблеясының және Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алды. Құжат барлық мүше мемлекеттерге қолжетімді Біріккен Ұлттар Ұйымы Хатшылығының электронды жүйесіне орналастырылды. Оған БҰҰ Бас Ассамблеясы 70-ші сессиясының ресми құжаты ретінде А/70/818 тіркеу нөмірі және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжаты ретінде S/2016/317 тіркеу нөмірі берілді. Манифест сондай-ақ, ресми құжат ретін­де БҰҰ Бас Ассамблеясының Бірінші коми­тетінің және БҰҰ Қарусыздану жөнін­дегі комиссиясының Quick First жүйе­сіне ресми құжат ретінде орналастырылды.

Түйіндей айтқанда, Мемле­кет басшысының халықаралық қауымдастық алдындағы беделі мен Қазақстанның бейбітсүйгіштік ұстанымы әлемдік деңгейде тағы бір мәрте танылды. Өйткені, Елбасы манифесі соғыс атаулыдан адамзаттық қорғанысты күшейтуге үндеп, бейбітшілікке қатысты аса өзекті мәселелерді қамтуға бағытталады. Сондықтан да, ХХІ ғасырдың қорқынышын дөп баса жариялаған мұндай манифестің маңызы айқын екенін саясаткерлер де мойындап, оны сақтау күллі адамзат пен қазіргі біртұтас әлем үшін аса маңызды екенін сарапшылар да бірауыздан айтып жатыр.

Мәселен, «Еуразия әлемі» қоғамдық қорының басшысы Эдуард Полетаевтың сөзінше,  Елбасы манифесі ең әуелі әлем әлеуетін әрқилы қиындықтарға қара­мастан, бейбіт қатар өмір сүруге, рухани, адамгершілік асқақ сезімдерді құрметтеуге шақырған аса маңызды бағдарламалық құжат болып табылады. Бұл ретте сарапшы Қазақстанның тәуелсіз даму жолындағы бейбітшілік ұстанымы осы манифест арқылы тағы бір мәрте дәлелденгенін атап өтеді.

«Қазақстан - алапат қарудан бас тартқан төрткүл дүниедегі тұң­ғыш ел ретінде басқалардың да өзінен үлгі-өнеге алуын қалайды. Сондықтан Қазақстанның осындай қайырлы қадамына ешкім күдікпен қарамай­ды. 25 жыл бұрын Қазақстан басшысының Жарлығымен Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. Содан кейін ғана әлемдегі басқа ядролық державалар атом қаруын сынауға мораторий жариялай бастады. Былтыр БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақ­стан­­ның бастамасымен Ядро­лық қару­дан азат әлем құру жөнінде декларация қабылдады. Сондай-ақ, 2015 жылы Қазақ­станда Төмен байытылған ядролық атом банкі құрылды. Бұның бәрі елі­міздің ядролық қарусызданудағы көшбасшы саясатын, атом қуатын тек қана бейбіт мақ­саттарға пайдалануға мүдделі екен­дігін көрсетеді», - деді Э. Полетаев.

Оның пайымынша, Нұрсұлтан Назар­баевтың манифесі Азия, Еуропа және Африка елдері саясаткерлерін демилитаризациялау бағытына қарай қадам жасауға итермелейтіні сөзсіз.

Ал Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесі жанындағы Даму мәселелері жөніндегі зерттеу орталығы Қоғамдық дамуды зерттеу институтының профессоры Ван Сяньцзюй «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін Қазақстанның жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан кезекті зор үлесі деп санайды. Сарапшының айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың манифесі БҰҰ тарапынан кеңінен қолдау табуы және аталған халықаралық ұйымның ресми құжаты мәртебесін алуы көтеріліп отырған проблеманың өзектілігін бекіте түседі. «Сондықтан да, мен Қытайдың ғалымдар қауымдастығы Қазақстан көшбасшысының бастамасын қолдайтындығын атап өткім келеді. Шындығында, жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның басты үлесі әлемдегі қуаты жағынан төртінші ядролық қарудан бас тартуы және Семей ядролық полигонын жабуы екені даусыз. Қазақстан бұл бағытқа баса күш-жігер жұмсауын жалғастыруда және ядролық таратпау ісіне, толықтай алғанда біздің ғаламшарымыздағы бейбітшілікті қамтамасыз етуге зор үлес қосуда. Қазақстан Президенті өткен саммит барысында ядролық қауіпсіздік жөніндегі келесі саммитті Қазақстанда өткізуді ұсынды. Меніңше, бұл өте жақсы ұсыныс. Ол Қазақстанның бұл мәселеге мұнан да айрықша мән беруін жалғастыра түсетіндігін дәлелдейді», - дейді Ван Сяньцзюй. Бұдан бөлек, қытайлық сарапшы Қазақстанда МАГАТЭ-мен бірлесіп төмен байытылған уран отыны банкін құрғанын, бұл уранның бейбіт мақсатта дамуына деген ұстанымды білдіретінін атап өтті.

Бұдан бөлек, халықаралық сарапшылар «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде ядролық қарусыз, соғыссыз және зорлық-зомбылықсыз тұрақты дамудың жаңа стратегиясын аса маңызды деп танып, оны тереңірек талдай түсу туралы да мәселе көтеруде. Атап айтқанда, Монтерей халықаралық зерттеулер институтының ғалымы Майлз Помпер Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы терең мағынасымен, мәні зор дүниелерді қамтығанымен ерекшеленетінін алға тартады. «Қазақстан әлемдік қауіпсіздікті нығайту жолында өзін белсенді ел ретінде мойындатып келе жатыр. Ядролық қарусыздануға қарсы мемлекет ретінде Қазақстанның әлемге айтары да, бөлісер тәжірибесі де бар. Тұтастай алғанда жаппай қырып жою қаруларынан бас тартқан Қазақстанның бұл әрекеті барлық мемлекеттерге үлгі бола алады»,- дейді Майлз Помпер.  

Түйіндей айтсақ, Қазақстан Президентінің «Әлем. ХХІ ға­сыр» атты манифесі әлемдік лидер­­лердің болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершіліктеріне деген сынақ та секілді. Өйткені, ядролық қарусызданудың сөзсіз көшбасшысына айналған Қазақстан мен оның Президенті Н. Назарбаев бұл жолы да жаһандық саясаттың тізгінін ұстап, халықаралық мәселелер төңірегінде жүрген салмақты тұлғаларға ой салып, әлем қауіпсіздігі үшін жауапты қадам жасауға шақырып отыр. Осылайша, Қазақстан басшысының бейбітсүйгіш саясаты ядролық қарусыз өмір сүруге шақырған маңызды манифест арқылы өзінің жүйелі жалғасын тапты. Сондықтан да, манифесттің дер кезінде ортаға тасталғанын алға тартатындар да баршылық.

Айта кетерлігі, жақында «Қазіргі заманғы даму институты» Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік саммитіндегі «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесіне қатысты сарапшылар арасында сауалнама жүргізген екен. 100-ге тарта сарапшы қатысқан сауалнаманың қорытындысы жақында жарияланды. Оған сәйкес, қатысушылардың 95,5 пайызы Елбасы Н. Назарбаевтың «жаһандық ауқымдағы жойқын соғыс - әлемге төнген үлкен қауіп» деген пікірін толық қолдайтындықтарын білдірген. Сонымен қатар, сарапшылардың 98 пайызы Нұрсұлтан Назарбаевтың саммит аясында жариялаған жаһандық ауқымдағы ықтимал соғыс қатері туралы мәселенің қойылуын уақытылы деп санайды. Ал 97,6 пайызы «XXI ғасырдағы аса үлкен проблемалардың бірі - ядролық терроризм қатері, сондай-ақ, ядролық және радиоактивті материалдардың заңсыз айналымы», дегенімен келіседі.

Сұралғандардың 94,3 пайызы «Ядролық қаруды таратпау туралы шарт шынымен де өз мақсатын орындамады» деген пікірмен де келісетіндіктерін айтқан. Сонымен қатар, сұралған сарапшылардың 96,6 пайызы «ядролық терроризм қатер төндіріп тұр» деген пікірді ешқандай да жоққа шығармайды. Яғни, бұның өзі қазіргі таңда лаңкестердің жаппай қырып-жою қаруын иеленуге ұмтылысы артып отыр деген пікірдің басым екенін нақтыласа керек. Сауалнамаға қатысушылардың 97,7 пайызы «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін құру бойынша Мемлекет басшысының бастамасын қолдайтындықтарын айтқан. Ал респонденттердің 92 пайызы осы құжатта ұсынылған үш басты қағидат бүгінгі жаһандық шындыққа сай келеді деп есептейді.

Бұдан бөлек, сарапшылардың 95,5 пайызы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қабылданған «Ядролық қарусыз әлем жөніндегі декларациясы Қазақстанның халықаралық аренадағы негізгі жетістіктерінің бірі» деп санайды. Айта кетейік, сауалнамаға барлығы жүзге тарта сарапшы қатысқан. Олардың қатарында мемлекеттік қызметкерлер, саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар және ғылым мен білім саласының мамандары бар.

Ядролық қауіпсіздік бойынша IV Саммиттегі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі адамзаттың болашағына деген жаңа жауапкершілік сезімін тудырды.   Бұл туралы тілшімізге берген сұхбатында «Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы» РҚБ СҚОФ басшысы  Сағындық Салмұрзин айтты.

«Біздің ұлтымыздың лидері мұндай аса маңызды заманауи мәселе жайлы сөз қозғауға құқылы.  Өйткені Қазақстанның дүниежүзілік қарусыздануға қарай аттап басқан шынайы қадамы - қуаттылығы бойынша әлемдегі төртінші ядролық қарудан бас тартуы мен 500-ден аса ядролық сынақ жүргізіліп, бір жарым  миллион отандасымыз зардап шеккен Семей полигонын жабуы болды», - деді С.Салмұрзин.

Сондай-ақ, «Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы» РҚБ СҚОФ басшысының сөзіне қарағанда, бүгін әлемге жаһандық терроризм қаупі төніп,  Таяу Шығыстағы соғыс, бірқатар ядролық мемлекет саяси мәселелерді шешу үшін жаппай қырып-жою құралын пайдаланатынын айтып қорқытуда. Мұндай жағдайларда, кауіпсіздіктің өңірлік жүйесін құру, ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалануға шақыру маңызды. 

«Біздің Лидер өзіне тән даналығы және көріпкелділігімен өзінің «Әлем. XXI ғасыр»  Манифесінде әлемдік қоғамдастыққа жаһандық қауіпсіздікке қол жеткізу жолдары жайлы еске салып, ядросыз әлем құруға, планетамыздағы кез келген әскери қимылдардың болуына жол бермеуге, барлық мәселені бейбітшілік тұрғысында шешуге шақырды. Адамзаттың прогрессивті күштері біздің Президентіміздің бұл үндеулеріне үн қосады деп ойлаймын», - деп түйіндеді С.Салмұрзин.

Қазақстан «Әлем. XXI ғасыр» манифесінде ұсынылған қадамдардың тиімділігін сөзбен емес, іспен дәлелдеп келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақан Бижанов мәлім етті.

Оның сөзі бойынша, 21 ғасырдың басы мемлекеттер мен діндер арасындағы қарым-қатынастың қатты ушығып кетуімен есте қалып отыр. Барлық қақтығыстар этникалық, діни, ұлттық араздықтан және аумақтық шекісулерден туындап отыр. Осы және өзге де қауіп-қатерлер ҚР Президентінің әлем халықтарына бағдарламалық құжатты ұсынуына түрткі болды және ол құжат БҰҰ Бас ассамблеясының ресми құжатына айналды.

«Қазақстан «Әлем. XXI ғасыр» манифесінде ұсынылған қадамдардың тиімділігін сөзбен емес, іспен дәлелдеп келеді. Мен Қазақстан ұсынған манифесттің негізгі тезистері БҰҰ-ның 2045 жылға дейінгі Ғаламдық стратегиялық бастамалар жоспарында көрініс табатынына сенемін», - деді А.Бижанов.

Еске сала кетсек, Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылы 31 наурыз бен 1 сәуірде Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV ғаламдық саммиттің жұмысына қатысты. Қазақстан Президенті ол жиында «Әлем. XXI ғасыр» манифесін жария еткен болатын. 

Семей полигонындағы реакторларды атом энергетикасын дамыту ісіне жаратуға болады. Бұл туралы Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің профессоры, Қазақстанның ғылым академиясының құрметті академигі Қайрат Қадыржанов мәлім етті.

«Соңғы коммюникеде («Әлем. XXI ғасыр» манифесі) Алматыдағы Ұлттық ядролық орталықтың Ядролық физика институты үш мәрте аталып өтілді. Біздің отандық ғалымдар АҚШ және Ресей әріптестерімен бірге соңғы жылдары өте үлкен бірлескен тәжірибе жасады. Аталған реактордағы отын қауіпсіз деңгейге дейін төмендетілді. Алматыдағы ВВР-К реакторында ядролық қару жасау мүмкін емес, бірақ одан бейбіт атом реакторы ретінде энергия алуға болады. Бұл техникалық тұрғыда өте қиын жасалатын дүние. Бұл істі біздің ядролық физика институтындағы менің әріптестерім жасап шықты», - деп атап өтті профессор.

Оның сөзіне қарағанда, осындай жұмыс Семей полигонындағы реакторлармен де жасалатын болады. Бұл реакторлар бейбіт атом энергетикасын дамытуға пайдаланылады.

«Семей облысында Курчатовта орналасқан реакторлардың байытылуы төмендетіледі, оның деңгейі ядролық отынды бейбіт мақсатта пайдалануға келетіндей, қауіпсіз межеге дейін жеткізіледі. Қазақстан саясаткерлері мен ғалымдары Жерде ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында үлкен жұмыс атқарды. Осы облыстағы саяси шешімдердің барлығы ҚР Президентімен жасақталды», - деді Қ.Қадыржанов.

Қазіргі уақытта Семей ядролық полигонында атом энергетикасының қауіпсіздігі саласында француз және жапон ғалымдары эксперимент жасауда.

Елбасының «Әлем ХХІ ғасыр» манифесінде айтылғандай, әркім мынау жарық дүниенің, нұр сәуленің, жарқын тіршіліктің адамзат үшін қаншалықты қымбат екендігін білуі керек.

Бұл туралы Ақмола облысында тұратын ҰОС ардагері Асылбек Дәулетов пікірін білдірді.

Ардагердің айтуынша, Вашингтон қаласында өткен IV Ядролық қауіпсіздік саммиті жұмысына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысып, «Әлем ХХІ ғасыр» манифесінің жариялауы, онда айтылған мәселелер кез келген адам баласын ойландыратыны сөзсіз.

«Бүкіл адамзатты, бүкіл ілгерілеушілікті күйрететін соғыс. Тарихтан белгілі, соғыс ашып,  әлемді жаулап алмақ болған мемлекеттердің ешқайсының әрекеті жүзеге асып,  жеңіске жеткен жоқ.  Осы күні соғыстың қаншалықты қайғы-қасірет әкелетінін түсінетін уақыт жеткен сияқты. Оны Отан үшін отқа түскен бүгінгі ардагерлер жақсы біледі. Араға 70 жылдан астам уақыт  өтсе де, миллиондаған жазықсыз адамдардың өмірін жалмап кеткен қанқұйлы соғыс күні бүгінгідей көз алдымда. Сондықтан Елбасының «Әлем ХХІ ғасыр» манифесінде айтылғандай, әркім мынау жарық дүниенің, нұр сәуленің, жарқын тіршіліктің адамзат үшін қаншалықты қымбат екендігін білуі керек. Бейбітшілік шуағына малынған қас қағым сәтке жететін қазына болмайтын шығар, сірә. Сондықтан да, осы жарқын күндерімізді кемел келешекке ұластыру үшін бейбіт заманның қадір-қасиетін жан-дүниеңмен ұғынсаң ғана, ет жүрегіңмен сезінсең ғана осынау ұлы іске өз үлесіңді қоса аласың. Біздің ұрпағымыз соғыс дейтін сұрапыл сөзді естімесін. Адам баласы үшін ғасырлар бойы қан төгіспен келген бейбітшілікті сақтап қалудан басқа арман жоқ», - дейді ардагер.

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесінде айтылған бастамалары қоғамдастық үшін өзекті және уақытында айтылған. Мұндай пікірімен кәсіпкерлер мен қоғамдық ұйымдардың экономикалық ынтымақтастығының еуразиялық қауымдастығының президенті Игорь Филькевич бөлісті.

Сарапшының сөзіне қарағанда, біздің әлем осал. Сондықтан жаһандық қауіпсіздікке жағдайлар жасау үшін халықаралық қоғамдастықтардың талаптарын біріктіру қажет.

«Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары керек және олар уақытында айтылды, - деп атап өтті И.Филькевич, - Қазақстан Президенті бұл шектеулер іс жүзінде жүзеге аспайды деп дұрыс атап өтті. Қолда бар қару саны үнемі артып келеді.  Жердегі әрбір бесінші адамда ататын қару бар.  Бұл әлем үшін қауіпті». Сарапшы Елбасының ядролық қарудан бас тартып, Семей ядролық полигонын жабу шешімін жоғары бағалады.  И.Филькевич Елбасының Манифесіндегі ядролық қарудан бас тарту жайында айтылған тұстарына кеңінен тоқталды.

Сарапшы айтқандай, жаппай қырып-жою қаруын пайдалану арқылы лаңкестік шабуыл әскери нысандарға ғана емес, сонымен бірге азаматтық нысандарға жасалу мүмкіндігін ескеріп, мұны дұрыс түсіну керектігін айтты.

Қазақстанның Франциядағы елшісі, ЮНЕСКО жанындағы ҚР-ның тұрақты өкілі Нұрлан Дәненов ЮНЕСКО бас директоры Ирина Боковамен кездесті. Кездесу барысында көпжақты және екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Елші И.Боковаға таяуда ғана аяқталған ЮНЕСКО Атқарушы комитетінің 199-шы сессиясында Қазақстанның  мәдени мұраларды сақтау, өзара құрмет пен төзімділік мәдениетін ынталандыру, сонымен бірге білім мен ғылым салаларында маңызды шешімдер қабылдауға қосқан зор үлесі жайында айтып берді.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдегі тұрақтылықты қолдау және қауіпсіздікті нығайту жөніндегі ұсынысын жүзеге асыру мәселесіне баса назар аударылды. Елші бас директорға Алматыда ЮНЕСКО қамқорлығымен Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығын құру жөніндегі тұжырымдаманы табыс етіп, ЮНЕСКО жанындағы Бейбітшілік академиясын құру бойынша жүргізілген консультациялар мен алдын ала ұсыныстар жайында айтып берді. Сонымен бірге И.Бокова таяуда ғана өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте таратылған «Бейбітшілік. ХХІ ғасыр» манифесімен танысты.

И.Бокова 2015 жылдың қарашасында Н.Назарбаевтың  ЮНЕСКО-ның штаб-пәтеріне жасаған ресми сапары кезінде кездесуін еске алып, Елбасының әлемдегі тұрақтылықты қолдау және қаупісіздікті нығайту ісіндегі ұсыныстарын жоғары баға берді. Сонымен қатар Қазақстан көшбасшысының аталған бастамаларын ЮНЕСКО тарабынан ілгерілетуге дайын екендігін білдірді.

 Қазақстан Президенті «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде атап өткеніндей, қазіргі кезде әлемге  үлкен қауіп төніп тұр. Сондықтан ядролық қарусыз әлемді орнатуға барлық ел үлес қосуы керек. Бұл туралы тарих магистрі, өлкетанушы Айболат Құрымбаев мәлім етті.

Оның айтуынша, күні бүгін барша адамзат «ертеңгі ұрпағымызды не күтіп тұр, олардың келешегі не болады?» деп ойлануы қажет. Елбасымыздың барлық елдерді бейбіт өмір сүруге шақыруы - орынды да уақтылы көтерілген бастама. Ғылым жетістіктерін халыққа қарсы қолдану саясатынан бас тартып, оларды тек бейбіт мақсат, игі идеяларға жұмсау керек. Кезінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабуы да елдің болашағын ойлаған көрегендік еді. Әскери полигон зардаптарын Батыс Қазақстан облысының бірнеше ауданы да тартып келеді. Соның ішінде Бөкей ордасы ауданы жерінің едәуір бөлігін Ресейдің «Капустин Яр» яскери полигоны әлі күнге пайдалануда. Алдағы уақытта аудан халқы кезінде әскери полигонға берілген жер кері қайтарыла ма? деп үміттенеді. Бұл бағытта «Нарын» қоғамдық бірлестігі жұмыстанып, өз сөзін айтып, көзқарасын білдіріп келеді. Егер дүние жүзі ядролық және басқа қарулардан бас тартатын болса, оларды сынаудың қажеттілігі де туындамас еді. Сонда әскери полигондар да жабылар еді. Бұдан Қазақстанның да ұтатыны анық. Сол себепті Қазақстан Президентінің бастамасы дер кезінде көтерілген деп білеміз.

«Барлық ел соғысты болдырмау үшін манифестегі нақты ұсыныстарды тез арада талқылап, бейбітшілік идеясының жүзеге асуына өз үлесін қосуы тиіс», - деді А.Құрымбаев.

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев өзінің «Әлем. ХХІ ғасыр» тарихи манифесінде  әлем мемлекеттерінің лидерлерінің өз халқының өміріне ғана емес, сонымен қатар планетадағы барлық адамзаттың өміріне деген жауапкершілік мәселесін өзекті етті. 

ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында белгілі қырғызстандық саясаттанушы және «Шығыс-Батыс Стратегиясы» сараптамалық орталығының бас  директоры Дмитрий Орлов осындай пікірін білдірді.

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев  Жаһандық ядролық саммитте мемлекет басшыларына өз халқы мен қоластындағыларымен бірге, әлемнің өзге де халқы алдындағы міндеттерін еске алуды ұсынды. Мұнда объективті болып, принциптер мен нормаларды басшылыққа ала отырып адамзат әлемдік қауіпсіздік құрылымын бұзғанын мойындау қажет. Қазір әр жаңалықтарда террористік актілер туралы хабар жүреді. Бұл ретте Нұрсұлтан Әбішұлы ұсынған «Әлем. ХХІ ғасыр»  манифесін конструктивті бастама және жалпыға ортақ бейбітшілікке деген нақты үлесі деп бағалау қажет», - деп атап өтті халықаралық сарапшы.

Саясаттанушы Н.Назарбаев жаңа дүниежүзілік соғысты бастау - мәселелердің ең кішісі екенін атап өткенін тілге тиек етті.

«Ядролық қауіпсіздік саммитінде Н.Назарбаев  жаңа дүниежүзілік соғысты бастау - мәселелердің ең кішкентайы екенін атап өтті. Проблеманың үлкені -бұл соғысқа  кімнің жауап беретіні, оны анықтаудың өзі де кеш болады.  Барлығы өртеніп, өртенбегені жарамсыз болып қалады.  Және осыған және жауап беретін адам да табылмайды» - деді ол. Сондай-ақ Д.Орлов Елбасы көтерген мәселелер өз уақытында айтылғанын жеткізді.

Манифест - бұл өте маңызды бағдарламалық құжат. Оның мазмұнына миллиондаған қазақстандықтың қол қоятындығы сөзсіз.

 Мұндай пікірді Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының әдістемелік бөлімі меңгерушісі Нұргүл Еңсегенова  білдірді.

«Мен, менің туыстарым, достарым, барлығымыз да соғыс адамзаттың ең басты қаупі деп санаймыз және оны бірлесіп қана жеңе аламыз. Оның азаматтық, қырғи-қабақ, ядролық, сандық соғыс сипаты мен атауын алуы маңызды емес. Түпкі тамыры ымыраға келмеуде, миллиондаған қарайым азаматтарды ойламауда жатыр», - дейді ол.

Оның пайымынша, бұл мәселеде барлық елдің азаматтары ортақ ымыраға келуі қажет.

«Озық ойлы адамдар, бейбіт өмірді сақтауды қажет ететіндер, ұрпағының бейбітшілікте ғұмыр кешуін қалайтындар ұйымдасуы тиіс. Біз үшін 70 жыл өтсе де Ұлы Отан соғысы әлі де жадымызда. Бұл жара әлі де болса сыр беруде. Өйткені, миллиондаған адам қаза тауып, ондаған миллион оның зардабын тартты. Меніңше, оның зардабын тартпаған адам жоқ. Сондықтан да біз мұндай соғыстың қайталануына жол бермеуіміз қажет. Яғни, манифесте көрсетілген барлық бағыттармен жұмыс істеуге тиіспіз», - деді Н.Еңсегенова.

«Қазақстан «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде Елбасы көтерген мәселелер мен ұсыныстар төрткүл дүниеге шығыс даналығының шексіз екендігін мойындатты,-дейді Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Бесарық ауылының әкімі Қазыбек Смағұлов.

  Мұнан әрі ол өз көзқарасын былайша сабақтады. «Халықтың қолында қазір 1 миллиардтан астам атыс қаруы болса, олардан әлемде күн сайын мыңдаған адам көз жұмады. Әскери қауіп бүкіләлемдік ауқымдағы қасіретке айналуы әбден мүмкін. Осындай өліммен аяқталатын қатердің белгілері анық байқалады»,-дейді Мемлекет басшысы. Расында да, әлем жұртын елең еткізген құжатта келтірілген дәлелдер мен дәйектер қорқыныш шақырады. Елбасы жер сияқты алып планетаның, алып қабірге айналмауын ескертіп қана қоймайды, одан шығудың жолдарын да ұсынып отыр. Алып державалардың қолындағы ядролық орасан зор қуатты қарулардың күндердің күнінде лаңкестердің қолына оңай өтуі мүмкін екенін ескертті. Ғылым мен техниканың қарыштап даму үдерісін ескерсек, ҚР Президентінің ұзақтан келер қауіпті болжап бәрінің есіне салуы көрегендік дер едім. Ғалымдар пайымдауынша, жер шары он мың жыл өмір сүруге қабілетті болса соның төрт мың жылын өткізген көрінеміз. Бұл тұрғыдан алғанда да Елбасының адамзаттың бүгінгі алаңдауына тағы да көшбасшылық жасауы заңды құбылыс дер едім»,- деп пікірін қорытты ауыл әкімі Қ. Смағұлов. 

ҚР Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Әлем. XXI ғасыр»  манифесі дамыған және дамушы мемлекеттердің нақты істерінің тиімді басшылығына айналуы тиіс, дейді осы құжатқа байланысты пікір білдірген белгілі әзербайжандық сарапшы, «3-d View» сараптамалық агенттігінің басшысы Рауф Раджабов.

Әзербайжандық сарапшының сөзіне қарағанда, Н.Назарбаев мемлекет басшыларына 5 қадамдық бағдарламаны ұсынды. Онда бірлескен іс-әрекеттерінің бағыттары көрсетілген.

Н. Назарбаевтың «Соғыста жаппай қырып-жоятын қарулар - ядролық, химиялық, биологиялық және ғылым жетістігі негізінде ойлап табылатын басқа да кез келген қару түрлерін қолданудан қашып құтылу мүмкін болмайды. Бұл бүкіл адамзаттың қырылуына алып келеді» деген сөздері өте дұрыс айтылды, дейді ол.

Н. Назарбаев манифесінде «Жаппай қырып-жоятын жаңа қару түрлерін жасау үшін ғылыми жаңалықтарды пайдалануға тыйым салатын халықаралық құжат әзірлеп, оны орындауды міндеттеу маңызды» екеніне баса тоқталды.  

Атап өту керек, ядролық қарусыздану мәселесі БҰҰ форумдарында бірнеше рет көтерілген. Алайда, ядролық державалардың барлық  лидерлері мұндай келіссөздерді тездетіп жүргізуге дайын екенін көрсетіп жатқан жоқ. Мәселен, БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында Қазақстан Жаһандық Стратегиялық Бастама-2045 жоспарын жасау бастамасын ілгерілетті.  Бұл ретте Н. Назарбаевтың БҰҰ-ның Қарусыздану жөніндегі конференциясы қызметінің жаңа стратегиясы қажет деген пікірі өте орынды.

Рауф Раджабовтың пайымдауынша, «ҚР Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған  «Әлем. XXI ғасыр»  манифесінен туындайтын бастамалар толық толық жүзеге асуы тиіс».

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. XXI Ғасыр» Манифесі әр адам үшін жақын және түсінікті деп санайды «Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» ҚБ Атыраулық филиалының төрағасы Ұлықбек Тінәлиев.

«Әлемдік қауымдастықты ойлануға шақырған Елбасының әлемге төнген қауіп үшін алаңдауына ортақтасамын. Кей лидерлердің артықшылығын көрсету ниеті, келісімге келіп, жол беруді білмейтіндігінің салдарынан XXI ғасырда өмір сүріп жатқанымызға қарамастан осындай жағдайға тап болдық. Халықаралық институттардың тиімділігіне қайта көз жүгірткен жөн.  Қазақстандықтар болса, бұл жаһандық құжатты бүге-шүгесіне дейін оқып, оны жақсы ұғуы керек. Оның маңыздылығын түсінген соң, әлемді өзгерту үшін өзінен бастау қажет. Бұл ретте білім деңгейін арттырып, мәдени және рухани тұрғыда дамуымыз керек. Осылайша, әрбіріміз бейбітшілік пен тұрақтылықты қорғау ісіне өз үлесімізді қосамыз. Өзіміздің және балаларымыздың болашағы үшін жауапкершілікті осылай таныта аламыз», - деді Ұ. Тінәлиев.

Қазақстанның ядролық қаруға қарсы жаһандық бастамалары уақытында көтерілді, деген пікірді Ханнс Зейдель (Hanns-Seidel-Stiftung) атындағы германиялық қордың Брюссельдегі өкілдігінің басшысы в Кристиан Форстнер Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. XXI Ғасыр»  Манифесіне қатысты мәлімдеме жасағанда айтты.

Сарапшының ойынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. XXI Ғасыр»  Манифесінде айтылған ядролық қаруға қарсы бастамаларының жаһандық қауіпсіздік үшін маңызы зор.

«Менің ойымша, ядролық қарусыз бейбітшілікті көздейтін Манифестте көтерілген бастамалар өзекті. Еуропада осы сынды жаһандық бастамалар жақсы қабылданады», - деді Кристиан Форстнер. Сарапшы Қазақстанның ядролық қаруды таратпау, соның ішінде еліміздің аумағындағы Ядролық отын банкінің құрылуына ерекше тоқталды. 

Оның сөзіне қарағанда, мұндай банкті орналастыру үшін Қазақстан аумағын таңдау ҚР-да мамандардың болуына, халықаралық аренадағы елдің орнына және экономикалық мүмкіндігіне байланысты.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қауіпсіздік бойынша IV Саммиттегі сөзі, сонымен қатар оның «Әлем. XXI ғасыр» манифесіне БҰҰ Бас Ассамблеясы және Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мәртебесін беруі Қазақстанның жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан кезекті үлесі болды.  

Бұл туралы брифинг барысында ҚХР СІМ Еуразия істері бойынша департаментінің директоры Гуй Цунъю (Gui Congyou) мәлім етті.

«Нұрсұлтан Назарбаев - стратегиялық ойлау қабілетіне ие саяси қайраткер. Қытай аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ынтымақтастық бойынша бастамаларын қолдайды. Қазақстан АӨСШК құру бастамасын көтерген ел ретінде АӨСШК механизмінің жалпы Азия қауіпсіздігінің механизмінің институционалдануын ынталандыруда маңызды рөл атқарады деп үміттенеміз», - деді ол ҚазАқпарат тілшісінің сұрағына жауап бергенде.

Таяуда АҚШ астанасы Вашингтон қаласында өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші саммит шеңберінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесін жариялаған болатын. Бұл құжат Қазақстанда ғана емес, әлем елдерінде де қоғамға қозғау салды.

Бұл туралы отандық және шетелдік сарапшылар, саясаткерлер, мемлекет және қоғам қайраткерлері өз пікірлерін білдіріп жатыр.

«ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында ҚР Президенті Архивінің директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Борис Жапаров та Манифеске байланысты өз ойын ортаға салды.

Борис Әлікенұлының айтуынша, Мемлекет басшысы  Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» атты манифесі бүкіл әлемдік қауымдастық үшін тарихи маңызға ие құжат.

«Әлем. XXI ғасыр» манифесінде Қазақстан Республикасының Президенті мемлекет басшылары мен саясаткерлердің, адамзаттың болашағы үшін зор жауапкершілікті арқалап отырғандықтарын, болашаққа бастар бейбітшілік жолында ел сенімін абыроймен атқару қажеттігін, бұл үшін нақты істерге көшетін уақыттың жеткендігін баса айтты. Манифестің соңында Елбасы: «Көптеген тар жол, тайғақ кешуден өткен адам, саясаткер ретінде, Семей ядролық полигонын жабу туралы күрделі шешім қабылдаған мемлекет қайраткері ретінде мен әлемдік лидерлер мен бүкіл халықаралық қоғамдастыққа ақыл-парасатқа жүгініңдер деген табанды талаппен қайрылып отырмын. Адамзатты ажал сепкен соғыс қатерінен мүлде арылту үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Біз үшін қазір және таяу болашақта бұдан көкейкесті міндет жоқ», - дей отырып, халықаралық қоғамдастықты соғыссыз әлем орнату жолында өзара ынтымақтасуға шақырды», - деді Б. Жапаров.

Сонымен қатар, ҚР Президенті Архивінің директоры биыл Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл толатындығын айтып, дәл осы мерейтойлық жылы Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа ғаламдық соғыстың өршу қаупі алдында ынтымақтасу қажеттігі туралы ескерткендігі терең символдық мәнге ие екендігін баса айтты. 

«Екі тарихи құжат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» Манифесі мен 1991 жылы 29 тамызда қол қойған «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығы, Қазақстанның бірізді  бейбітшіл саясатының бірыңғай алгоритмі іспеттес! Біздің ел осыдан аттай 25 жыл бұрын ядролық қарудан ерікті түрде бас тартып, «ядролық шабадансыз-ақ» халықаралық ынтымақтастық моделін жемісті түрде қалыптастыруға болатындығын көрсетіп берді. Тәуелсіз Қазақстанның ширек ғасырлық тарихы бұған айқын дәлел бола алады», - деді ол. 

Оның айтуынша, Семей ядролық сынақ полигонын жабу оңайға түспеген. Бұған Қазақстан Республикасы Президенті Архивінде сақтаулы құнды құжаттар дәлел.

«Одақтық басшылықпен арадағы жазылған күрделі хат-хабарлар, полигонның қызметі жайлы құрылған толып жатқан комиссиялардың құжаттары, азаматтар мен еңбек ұжымдарының үндеулері - міне, полигонды жабу туралы үлкен да жауапты жұмыс осындай әрекеттерден бастау алған еді. Бүгінгі күн тұрғысынан алып қарағанда, полигонды жабу туралы Жарлық еліміз үшін ерекше, тарихи терең мәнге ие болды. Өйткені, КСРО үшін стратегиялық маңызға ие және одақтық орталықтан басқарылатын полигонды жабу туралы шешім сол орталықта емес, одақтас республикада қабылданды. Сондықтан, «Әлем. XXI ғасыр» және 1991 жылғы 29 тамызда қол қойылған «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлық біздің республикамыз немесе Орталық Азия өңірі үшін ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастық үшін де тарихи маңызға ие.

Нақты шешімдер қабылдап, батыл әрекеттерге көшуді талап ететін қазіргі әлемдік жағдайда бұл қос құжат өздерінің асқан көрегенділікпен дер кезінде қабылданғандығымен қашанда ерекшеленіп тұрады», - деп сөзін түйіндеді Борис Жапаров.  

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі жер бетіндегі бүкіл ұлттарға арналған, дейді Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде өз пікірін айтқан Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов.

«Әлем. ХХІ ғасыр» манифисінде Президент ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім өзінің түпкі мақсатына жетпей отырғанын атап өтті. Осыдан 20 жыл бұрын БҰҰ аясында «Ядролық сынақтарға қарсы» келісімшарт әзірлеп, оған қол қойған еді. Әрине, бүкіл елдерде ядролық сынақтарға мораторий жарияланғанымен, келісімшарт әлі күшіне енген жоқ. Бірақ, мораторийдің өзі үлкен қадам. Сондықтан, Президенттің манифесі бүкіл әлемнің ұлттарына, бүкіл әлемнің елдеріне арналған. Манифест бүкіл әлемді ядролық қарусыз әлем құруға шақырады»,-деді Қ.Сұлтанов.

Депутат атап өткендей, Қазақстан әлемге «жастығына» қарамастан, ядролық қарудан бас тартқан бейбіт ел ретінде танылған, сондықтан да Мемлекет басшысының бұл бағдарламалық құжаты әлемнің саяси қауымдастығы тарапынан мол қызығушылық тудырып отыр.

  

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтондағы IV ядролық қауіпсіздік саммитіне қатысып, «Әлем. XXI ғасыр» атты манифесін  жариялады. Мемлекет басшысының бейбітшілікті қорғау мақсатындағы бастамалары қоғамда серпіліс жасады.  

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, осы Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ерсұлтан Бектұрғанов өз пікірін алға тартты.

- Қазақстан Президентінің айтқан идеялары дүние жүзі мемлекеттерінің, халықтарының назарын өзіне аударды. Есті адамға ой салды. Нұрсұлтан Әбішұлының мұндай ойды айтуына толық негіз бар. Өйткені ядролық қаруды сынаудан халқы қасірет тартқан, ең бір зардап шеккен мемлекеттерді саусақпен санайтын болсақ, соның бірі Қазақстан деп айтар едік. Айталық, Семей сынақ аймағында жасалған жарылыстардың зардабы әлі кеткен жоқ, алдағы жүз жылдықтарда да зиянды әсері сақталуы ықтимал. Аңыраған халық, қаңыраған дала қалды. Жері, топырағы әлі де жарамсыз күйінде жатыр. Бұл сынақтардың зардабы, ал соғыс өрті шыға қалып, атом бомбасы жарылған жағдайда, не болмақ?!

Мен Кеңестер Одағы неліктен қазақ жерін таңдап алғанына түсіне алмай келемін. Осы мәселе үнемі толғандырады.

Елбасының Қазақстан Президенті болып сайланғаннан кейін ең бірінші қолға алған ісі осы - Семей сынақ аймағын жабу. 1991 жылы 29 тамызда арнайы Жарлыққа қол қойды. Биыл полигонның жабылғанына 25 жыл толғалы тұр. Бұл Елбасының сол кездегі қайраты, болашақты болжай білгендігі деп айтар едім.

Бүгінгі таңда дүние жүзін жоқ қылып жіберетіндей ядролық қарулар жиналып тұрғаны жөнінде мәлімет бар. Атом бомбасының қасіреті қандай болатынын Жапон мемлекеті, халқы өз басынан кешірді. Олар жыл сайын 9 тамызда аза тұтып келеді. Сол секілді украин халқы да қасіретке душар болды. 1986 жылы Чернобыль АЭС-інің апаты орын алды. Биыл 26 сәуір күні осы оқиғаға 30 жыл толады. Оның да зардабы әлі жойылған жоқ. Гүлденіп тұрған бір өңір иесіз қалды. Міне, осы апаттарды көріп, әрбір адам, әрбір мемлекет ядролық қарудың зардабы қандай болатынын сезінуіне болады. Сондықтан біздің Елбасымыздың бастамасын әлемдегі алып мемлекеттердің басшылары қолдады.

Бейбітшілікті қорғау, ядролық қарудан бас тарту тақырыбында біздің елде жыл сайын үлкен форумдар, халықаралық конференциялар өтіп келеді. Сонымен қатар Қазақстан әр уақытта да ядролық қаруды таратпау, азайту жөніндегі бетбұрыстың бастамашысы болып отыр. Сондай-ақ Иран мен әлемнің алып елдері арасында кикілжің туындаған кезде де Қазақстан екі ортада араағайындық жасап, соғыстың шығып кетпеуіне ықпал етті. Барлық түйткілді мәселелерді бейбіт жолмен шешуге шақырды. Ол оң нәтижесін берді.

Елбасының сөзі салмақты болатындығының тағы бір жағы біз дүние жүзінде уран шикізатын өндіруден алғашқы үштікке кіретін елміз. Қазақстан атомды бейбіт мақсатта пайдалану бастамасын көтеріп келеді. Осы орайда, атомды бейбіт мақсатта беруде бірінші орында тұрмыз.

Қазақстан Президентінің осы жолғы сөзі біраз елдің басшыларына ой салды, әсіресе, ядролық қаруларға ие болып отырған мемлекеттердің енді оң қадам жасауына ықпал етті деуге негіз бар. Өйткені қазір жаппай қырып-жоятын қарулардың түрін азайту мәселесі бәрін де толғандырып отыр. Осы кезеңде, егер ядролық қарулануды күшейтуді тоқтатпай, оны әрі қарай соғысқа қолдану мақсатында дамыта беретін болса, Елбасымыз айтқандай, мына дүниенің болу-болмауының өзі екіталай. Жер шарымыз жоқ болып кетуі мүмкін. Ол кезде жеңіске жететін де, жауап беретін де ешкім болмайтыны сөзсіз. Сондықтан да Нұрсұлтан Әбішұлының идеясы адамзат тарапынан қолдау тауып отыр.

Қазірдің өзінде әлем елдері бойынша ядролық қаруға қарсы тойтарыс бар екені анық байқалады. Мысалы, бүгінде Солтүстік Корея еліне көбірек наразылық білдірілуде. Ол да тоқтамға келеді деген сенімдемін. Өйткені кезінде Иран Ислам Республикасы да бір бағытынан қайтпай, мәселені ушықтыра жаздап, кейін мәмілеге келіп, келіссөз үстеліне отырып, келісімге келіп жатыр. Солтүстік Корея елі де сондай бейбіт келісімге келеді деп ойлаймын.

Мәскеуде «Еуразия өңірі ХХІ ғасырдағы ортақ игілігі жолындағы парламентаралық ынтымақтастық» тақырыбында Еуразия мемлекеттері парламент спикерлерінің бірінші кеңесі болып өтті. Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Төрағасы Сергей Нарышкин мен Корея Республикасы Парламентінің Спикері Чон Ый Хва бастамашылық жасаған шарада Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі. Сенат Төрағасы парламентшілердің назарын соғыс вирусының таралу салдарына терең талдау жасайтын Президент Н.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесінің мазмұнына аударды.

«Мемлекеттер арасындағы сенім дағдарысы, халықаралық құқықты елемеу, әлемдік істерде үстемдік етуге ұмтылыс, басқа халықтардың тарихы мен мәдениетіне немқұрайлы қарау - қазіргі заманның басты түйткілдері болып табылады. Қазіргі өркениетті сандаған қарулы қақтығыстар мен ажал себетін соғыс қатерінен арылту үшін күллі мемлекеттердің көшбасшылары саяси ерік-жігер көрсететін уақыт жетті. Дүниежүзіндегі барлық мемлекеттер күш біріктірмей, Жер шары тұрғындарының игілікті өмірі туралы айту мүмкін еместігін түсінуміз қажет», - деді Сенат спикері.

Сонымен қатар, Төраға әлемде қару-жараққа 2 триллион долларға жуық қаражат жұмсалатынын атап өтті. Осының өзі бірқатар елдердің парламенттері өз үкіметтерінің табанды талабы бойынша даму мақсаттарынан гөрі әскери қажеттіліктер басым түсетін бюджеттерді қабылдап отырғанын айқын көрсетеді. Бұл ретте спикер бейбітшілік үшін күрес - бұл көлемі мен күш-қуатына қарамастан, әрбір мемлекеттің саяси және моральдық парызы болып табылатынын еске салды. Семей ядролық полигоны жабылуының 25 жылдығы қарсаңында Сенат спикері парламентшілерді ядролық қаруды таратуға үзілді-кесілді «жоқ» деп айтуға шақырды.

«Біз ірі мемлекеттердің толық қарусыздануын, Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың орындалуын және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың тез арада күшіне енуін талап етуге құқылымыз», - деді  Қ.Тоқаев.

Сонымен бірге, Сенат Төрағасы Еуразия қазіргі әлемнің арқауы болып табылатындығын атап өтті. Оның айтуынша, Еуразия - планетадағы халықтың төрттен үшін қамтитын, әлемдік ЖІӨ-нің 60 пайыздан астамын өндіретін және табиғи ресурстарға бай аумақты иеленіп отырған ең үлкен құрлық. Сондықтан да, спикер Еуразияның тұтастығы мен оның қауіпсіздігіне назар аударды. «Қару-жарақ пен адам саудасы, заңсыз есірткі айналымы, терроризм, заңсыз көші-қон, экологиялық апаттар сияқты қатерлерге Еуразияның орасан зор аумағы мен саяси шекаралары тосқауыл бола алмайды. Еуразия мемлекеттері, БҰҰ-ның әлемдік істердегі өзекті рөлін қолдап, БҰҰ Жарғысына қайшы келетін кез келген шектеу шаралары мен әскери акцияларға қарсы тұруға тиіс. Сонымен бірге, қауіпсіздік саласындағы өңірлік ұйымдар - ЕҚЫҰ, ШЫҰ және АӨСШК-нің маңызды рөлін, сонымен қатар Еуразия халықтарының мүдделері жолында экономикалық ынтымақтастықты күшейту қажет», - деді Қ. Тоқаев.

«Президент Н.Назарбаев құрылықтағы ірі интеграциялық жобаларды бір арнаға түйістіру мақсатында «Үлкен Еуразия» идеясын талқылауды ұсынады. Қазақстан өз тарапынан «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасы мен «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде бүкіл Еуразия аумағын көліктік дәліздермен байланыстыру мақсатында автомобиль және теміржол магистральдарын салуды, логистикалық инфрақұрылымды жаңғыртуды көздейтін ауқымды жобаларды жүзеге асыруда», - деді Төраға.

Бұдан бөлек, сөз арасында спикер парламенттік дипломатия рөлінің еселеп өсіп отырғанын айта келе, жаһандық тұрақсыздық дәуірінде халықтар арасындағы ізгі ниетті байланыстар мен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі маңызды міндетті орындау заң шығарушылардың қолынан келетін іс екенін атап көрсетті. Сонымен қатар, Сенат Төрағасы 31 мамырда Астанада түрлі елдердің парламентшілері мен бүкіл әлем конфессиялары өкілдерінің қатысуымен өркениеттердің диалогы мен өзара іс-қимылын нығайту мақсатында «Діндер терроризмге қарсы» атты конференция өтетіні туралы хабардар етті.

Форумға қат ысушыларға Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі таратылды.

Елордада басталған ХІІІ Еуразиялық медиа форум қатысушыларына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау  жолдады.  Құттықтауды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, ЕАМФ ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева оқып берді.

"Еуразиялық медиа форум қатысушыларын Қазақстан жері әрдайым құшақ жая қарсы алады. Форум әлемнің жетекші диалог алаңдарының біріне айналды. Онда қазіргі заманның ең өзекті мәселелері талқыланады. Дамудың жаңа парадигмалары қалыптасып, болашақтың сұлбасы жасалады. Бүгінгі таңда әлем барша адамзатқа теңдессіз сын-қатерлер төндірген жаңа дәуірге аяқ басады. Жаңа әлемнің, бәріміздің ортақ болашағымыздың қандай болатыны біздің әрқайсымызға байланысты. Мен "Әлем. ХХІ ғасыр" атты манифесті ұсындым. Оның мақсаты - Жер бетінде соғыс атаулыны түп-тамырымен жою. Бұл ғасыр ортақ ерік-жігер арқылы парасат пен жасампаздық сындарлы диалог салтанат құратын дәуір болуы тиіс. Сол себепті, Еуразиялық медиа форумның алаңында қордаланған әлемдік проблемаларды ашық талқылап, теңгерімді шешімдер іздестіру бейбітшілік жолындағы жалпы әлемдік қозғалысқа қосылар баға жетпес үлес. Форум жұмысының нәтижесі, сіздердің жаңа идеяларыңыз бен бастамаларыңыз дүниежүзілік коммуникацияның жаһандық диалогты дамытуға зор серпін береріне сенімдімін. Форумның барша қатысушыларына жемісті жұмыс пен бар жақсылықтарды тілеймін", - делінген ҚР Президентінің құттықтауында.

 ХІІІ Еуразиялық Медиа Форумының басты спикерлерінің бірі - Ауғанстан Ислам Республикасының бұрынғы Президенті Хамид Карзай ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бітімгерлік жолындағы күш-жігеріне зор баға берді.

«Ауғанстанның дамуына мәдени-тарихи тұрғыда көп көмектескен Қазақстан еліне қайта келіп отырғаным мені зор қуанышқа бөлеп тұр. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстанның жақсы досы, Ауғанстанды қалпына келтіру жолында біздің жақсы әріптесіміз болды.  Медиа-форумның жұмысы туралы айтпастан бұрын,  Ауғанстан студенттерінің Қазақстанда білім алуы үшін 1000 шәкіртақы тағайындаған Қазақстан Президенті мен  қазақ халқына алғыс айтқым келеді», - деді медиа форумның негізгі сессиясында сөз алған Ауғанстанның экс-президенті Х.Карзай.

Бұл ретте Х.Карзай мыңнан аса стипендияның 200-ге жуығы медицина саласында екенін атап өтті. Ұзақ жылдар бойы әлеуметтік тоқырауға ұшырап, жастарына білім бере алмаған Ауғанстан үшін бұл зор көмек екенін атап өтті.

«Қазақстан Президенті сондай-ақ Ауғанстанды тұрақтандырып, бейбітшілікке бастау үшін де көп еңбек сіңірді. Н.Назарбаевтың жуырдағы «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің маңызы қандай болса, біздің елдің тұрақтануына қосқан үлесі де сондай зор. Сондықтан, Н.Назарбаевтың осы бағыттағы жұмыстарына табыс тілегім келеді. Н.Назарбаевтың бітімгершілік жолындағы күш-жігерін қолдап, оның қажырлы еңбегіне үлес қосуымыз, көмектесуіміз қажет», - деді Х.Карзай.

Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты тереңдігімен, ал Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем.XXI ғасыр» Манифесі 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде ҚР-ны сайлау пайдасына шешуге ықпалдасатын дәйектердің бірі.  «ҚазАқпарат» тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында мұндай пікірімен Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты сараптамалық орталығының директоры, саяси ғылымдар докторы Андрей Казанцев бөлісті.

«Президент Н.Назарбаевтың ядролық қауіпсіздік бойынша IV жаһандық саммитте сөйлеген сөзі адамзат алдына маңызды және перспективті міндеттерді қойып отыр. Қақтығыстардың, соның ішінде ядролық қаруды пайдалану қаупінің күшеюімен сипатталатын қазіргі  жағдайда бұл мәселені көтеру маңызды әрі өзекті. Мен бұл идеяны құптаймын.

Манифесте ұсынылған идеялардың көбін тез жүзеге асыру мүмкін емес екендігін түсінген жөн.  Алайда біреу бұл тақырыпты халықаралық қауымдастықта ілгерілетуі керек.   Нұрсұлтан Әбішұлы бұл бастаманы өз мойнына алғаны қуантады. Бұл проблеманы біреу көтеру керек», - деп атап өтті Андрей Казанцев.

Оның сөзіне қарағанда, Манифестке БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжаты мәртебесін беруі БҰҰ сияқты негізгі халықаралық ұйымның Қазақстан бастамаларының маңыздылығын түсінетінін көрсетеді.   Қазақстанның мүдделері жағынан қарасақ та бұл елдің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуына өтініш білдіруі аясында маңызды.

«Нұрсұлтан Назарбаев көп жылдар бойы көптеген бастамаларды көтеріп келеді. Соның ішінде АӨСШК және т.б. бар.  Бұл тақырыпты (Манифест - ҚазАқпарат түсініктемесі) жалғастыру керек, өйткені, менің ойымша халықаралық қауымдастық та оны жақсы қабылдады», - деді ол.

 Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасындағы Орыс православ шіркеуі Митрополит округінің басшысы, Астана және Қазақстан Митрополиті Александрды қабылдады.

Сенат Төрағасы Президент Н.Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифесінің негізгі мәселелеріне жүздесушінің назарын аударды. Қ.Тоқаевтың пікірінше, бұл құжаттың ерекше мәні бар, өйткені, саясаткерлер мен әлем жұртшылығын күллі адамзатқа жаһандық тұрғыда ажал әкелетін қақтығыстар қаупінен арылту үшін кезек күттірмес және тиімді шаралар қабылдауға шақырады.

Митрополит Сенат Төрағасына Орыс православ шіркеуінің діни-ағарту шаралары туралы әңгімеледі.  

АҚШ астанасы Вашингтон қаласында өткен IV Ядролық қауіпсіздік саммиті жұмысына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысып, оның «Әлем ХХІ ғасыр» манифесінің жария етілуі -  Тәуелсіз Қазақстанның абыройын асқақтатып, мәртебесін көтерді.

Бұл туралы Ақкөл аудандық ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Сәтпек Әлімжанов пікірін білдірді.

Оның айтуынша, Елбасымыздың әлемінің алпауыт мемлекеттері басшыларының алдына,  үлкен мінберден осындай бастама көтеріп,  адамзат үшін ең құнды бейбітшілікті сақтап қалу жөніне бастама көтеруі  ерлікпен пара-пар.

«Онда Елбасы «Барша адамзат ХХІ ғасырға жаһандық ынтымақтастықтың жаңа дәуірі ретінде үміт артты. Бірақ бүгінде бұл елестің сағымға айналуы ықтимал. Әлемге тағы да қатер төніп тұр және оның ауқымын ескермеуге болмайды. Және бұл қатер - жаһандық соғыс!..» деп атап өткен болатын.

Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда қайда құлақ түрсең де, қырғиқабақ соғыс,  жанжал. Мемлекет ішінде шешілетін болмашы бір мәселе халықаралық дауға айналып кетуі әдетке айналған. Кезінде соғыс біздің елден де айналып өткен жоқ. Қаншама ерлеріміз Отан үшін отқа түсіп,  толарсақтан саз кешті. Қаншама ана ұлынан айырылды, қаншама әйел жесір, қаншама бала жетім қалды. Сондықтан тәуелсіз елдің баласы біз үшін бейбітшіліктен асқан бақыт жоқ. Оны қадірлей білейік.

Елбасымыз атап өткеніндей, ғылым мен білім қарыштап дамыған ХХІ ғасырда әлемге тыныштық керек! Оған бір ел ғана емес, бүкіл адамзат баласы үлес қосуы керек.

Бізде сол адамзаттың бір бөлшегі ретінде бүкіл әлем елдерін бейбітшілікке шақырып отырған Елбасымызды қолдау арқылы үн қоссақ, нұр үстіне нұр болар еді», - дейді С.Әлімжанов.

Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Мұрат Нұртілеуов Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёге сенім грамотасын тапсырды.

Салтанатты рәсімнен кейін Президент С.Ниинистё қазақстандық дипломатиялық өкілдіктің жаңа басшысын қабылдады. Тараптар қазақстан-фин ынтымақтастығының және оның ортамерзімді және ұзақмерзімді перспективадағы басымдықтарының өзекті мәселелерін талқылады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың екіжақты қатынастарды дамытудағы ерекше рөлін атап өте отырып, С. Ниинистё жан-жақты өзара іс-қимылдың, сондай-ақ Қазақстан мен Финляндия арасындағы достық байланыстар дамуының серпінін жоғары бағалады.

ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлағандай, тараптар жаһандық геосаяси өзгерістер мен қаржылық-экономикалық турбуленттік жағдайындағы халықаралық аренадағы екі ел ынтымақтастығын нығайту мәселелеріне баса көңіл бөлді. М.Нұртілеуов фин мемлекетінің басшысын ҚР Президентінің «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесіндегі бітімгершілік бастамаларының басты қырларымен таныстырды.

Сұхбаттасушылар әртүрлі салалардағы жан-жақты кооперацияның қарқынды өсімін құптады және тараптардың оларды одан әрі сапалы кеңейтуге ұмтылыстарын қуаттады. Жоғары деңгейдегі сапарлардың қорытындысы бойынша, сондай-ақ мемлекеттер басшыларының Вашингтондағы ядролық саммит алаңындағы жуырдағы кездесулері кезіндегі қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы егжей-тегжейлі талқыланды.

М.Нұртілеуов Финляндия Президентіне Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды реформалар, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, «Нұрлы жол» және үдемелі индустриялық-инновациялық даму  стратегиялық бағдарламаларын жүзеге асыру барысы туралы хабардар етті.

Әңгімені аяқтай келіп, С. Ниинистё Қазақстан Президентіне және бүкіл қазақстандық халыққа өзінің ізгі тілектерін жолдады. 

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев таяуда АҚШ астанасы Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші саммит барысында «Әлем. ХХІ ғасыр» атты Манифесін жариялаған болатын. Оны бүгінде әлем елдерінде саясаткерлер мен ғалымдар, әскери мамандар, бизнесмендер, мемлекет, мәдениет және қоғам қайраткерлері, қала берді қарапайым азаматтар да қызу талқылап жатыр.

Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев та осыған байланысты өз пікірін білдірген еді. Оның айтуынша, Президент Назарбаев Семей ядролық полигонын жапқан саясаткер ретінде ядролық қаруды сынамау, қолданбау, оған  халықаралық бақылау орнату және  болашақта одан мүлдем бас тарту туралы өз елінің ұстанымын ашық айтуға толық моральдық құқығы болды.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» Манифесін оқи отырып, халықтың әлемдік сахнадағы рөлі, азаматтардың саны немесе ел аумағының көлемімен емес, оның жасампаз тарихты жасай алу қабілетімен, сондай-ақ, ұлт көшбасшысының халықаралық міндеттерді өз мойнына алып, олардың шешу жолдарын ұсына алатын жігерімен өлшенетіндігіне көз жеткізесің.    

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев азамат және саясаткер ретінде данагөйлік, батылдық таныта отырып, бастама көтеріп, өзіне адамзат үшін ең ауыр міндет - елдер мен халықтар арасындағы қарулы қақтығыстарды тоқтатып, бейбітшілікті қамтамасыз ету жауапкершілігін алды», - деді Т. Мамашев. 

Ол сонымен қатар, бұл Манифестің қысқа мерзім ішінде БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжатына айналғандығын және бір-бірімен қабысып жатқан мына әлемдегі қауіпті жағдайларды дұрыс түсінуге және XXI ғасырда бейбітшілік үшін алдымызға ортақ мақсат қоя білуге септігін тигізетіндігін баса айтты. 

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен айтқанда, «Әлем. XXI ғасыр» Манифесі өскелең ұрпақтың болашағына деген алаңдаушылықтан, уайымнан туындап отыр.  Қазақ халқының ядролық сынақтан көрген қиындықтарын басқа халықтың басына бермесін! Президент Назарбаевтың Манифесі адамзатты бейбіт болашақ үшін ақыл-парасатқа жүгінуге итермелейді. Өйткені, жаппай қарулану, ядролық қаруға ұмтылу - түптеп келгенде адамзат баласының түбіне жетуі мүмкін», - деді Т. Мамашев.

Айта кетелік, Қазақстанның осы бағыттағы нақты іс-әрекеттері 2015 жылы 7 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының ядролық қарудан азат әлем орнату туралы Жалпыға бірдей Декларация қабылдауына септігін тигізгені белгілі.  

Копенгаген қаласында Қазақстанның Швеция мен Даниядадағы Елшілігі Дания халықаралық зерттеу институтымен (DIIS) бірлесе 2017-2018 жылдарға Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болу өтінім тұрғысында  «Қазақстан: таратпау және қарусыздану саласындағы мүмкіндіктер» атты тақырыпта семинар өткізді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Семинарда DIIS халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша аға ғылыми қызметкері С. Вестергаард пен Стокгольм бейбітшілік мәселелерін зерттеу институтының Қарусыздану және ядролық қаруды таратпауды бақылау бағдарламасының директоры Тарик Рауф сияқты беделді сарапшылар сөз сөйледі.

Ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласындағы жағдай мен үрдістер туралы айта келіп, спикерлер Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) қолдауымен Қазақстан аумағында Төмен байытылған уранның халықаралық банкін құру туралы шешімдердің тарихына терең тоқталып, тағы да басқа нақты мысалдармен Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Семинарда баяндама жасаған Қазақстан Елшісі Дастан Елеукенов жиналған сарапшылар үшін әлемді ядролық қарудан арылту жолында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларына, сондай-ақ ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласындағы Қазақстанның іс-әрекетіне қысқаша шолу жасады.

Отандық дипломат даниялық сарапшыларды ядролық қаруды толық жою үшін халықаралық қоғамның күш-жігерін біріктіруге шақырытан Елбасының «Әлем. XXI ғасыр» манифестімен таныстырды.

Аудиторияның шынайы қызығушылығын тудырған семинарға Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрлігі, сараптамалық қоғам және БАҚ өкілдері қатысты.

Елбасы Н. Назарбаевтың манифесі - бұл адамзаттың ядролық қарусыз тіршілік етуінің анық та айқын бағдарламасы. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры Айдар Әбуов осындай пікір білдірді.

«Жаһандану дәуіріндегі әлем ұдайы ақпараттану үстінде. Ал мұндай кезеңде адамзаттың қауіпсіз тіршілік етуін қамтамасыз ету - аса маңызды қадам болатыны сөзсіз. Бүгінгі таңда әлем мемлекеттерінде де, жалпы адамзаттың еншісінде де қарапайым қарудан бастап үлкен ядролық арсеналдар жинақталды. Сондықтан да, Президент Н. Назарбаев осыншама жинақталған  қару-жарақпен жер шары халқын аз уақыттың ішінде-ақ жойып жіберуге болатыны туралы әділ әрі нақты айтып отыр. Ендеше, бүгінгі күні не істеуіміз керек? Ең бірінші кезекте Мемлекет басшысы Н. Назарбаев ядролық қарусыз тіршілік кешудің, 21-ғасырды соғыссыз өткізудің нақты әрі айқын бағдарламасын ұсынды. Ол бағдарламада ең бастысы ядролық қарусыздану стратегиясының қажеттілігі айтылды», - деді А. Әбуов.

Оның айтуынша, бұған дейін әлемнің мемлекет басшылары ұсынып, жарты ғасыр бойы жүзеге асырған мәселелер өзінің міндетін атқарып бітті. Мәселен, БҰҰ, ЕҚЫҰ секілді бірқатар ұйымдардың халықаралық қауіпсіздік жүйесі құрылды. Осы бағытта  ядролық қарудан бас тартқан Қазақстанның қосқан үлесі зор болды. Сондықтан да, Президент Н.Назарбаев өзінің Манифесінде 21-ғасырда бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін күш-жігерді бұрынғыдан да арттыра түсу қажеттігін айқындап отыр.

Еске сала кетейік, ҚР Президенті Н.Назарбаев ағымдағы жылы Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммит жұмысына қатысып, онда «Әлем. XXI ғасыр» манифесін жариялаған болатын. Аталған құжат БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мен Бас ассамблеясының ресми құжаты мәртебесін иеленді.

Қазақстан Президенті Вашингтондағы ядролық саммитте жария еткен «Әлем. XXI ғасыр» манифесі үлкен xалықаралық резонанс туғызды және БҰҰ-ның ресми құжаттарының қатарына енгізілді. Бұл туралы Астанада Қазақстан xалқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Мемлекеттік xатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті.

«Әлем. XXI ғасыр» манифесі адамзат тағдырына деген шын алаңдаушылықтан туған болатын. Құжат-парадигма үлкен xалықаралық резонанс туғызды және БҰҰ-ның ресми құжаттарының қатарына енгізілді. Манифест мемлекет басшыларын, әлем елдері мен xалықтарын ядросыз әлем үшін күресті жұмыла жүргізуді үндейді», - деді ол.

Оның сөзінше, Н.Назарбаевтың бастамалары Қазақстанның егеменді ел ретінде қалыптасқандығын, кемелдене түскендігін аңғартады. Бұл ел ішіндегі бейбітшілік пен келісім саясатының жалғасы іспетті. Осы бейбітсүйгіш саясаты арқылы Қазақстан әлем xалықтарының сүйіспеншілігіне бөленуде.

«Қазақстанның сыртқы саясатында қолданып отырған қарым-қатынастарды дамытуы, келісім арқылы дамуға жол ашу ниеті оның ішкі саясатынан да көрінетіндігін байқау қиын емес», - деп атап өтті Мемлекеттік xатшы.

 Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Қазақстан делегациясы Біріккен Ұлттар Ұйымы Өркениеттер Альянсі VII жаһандық форумына қатысу үшін Бакуге жұмыс бабындағы сапармен барды. 

Сапар аясында Сенат Төрағасы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті.

Қ.Тоқаев Әзербайжан басшысын БҰҰ Өркениеттер Альянсі «Инклюзивті қоғамдарда қатар өмір сүру: қатер мен мақсат» тақырыбындағы жаһандық форумын өткізуімен құттықтады. Сенат басшысы Әзербайжан жетекшісіне қарулы қақтығыстар мен соғыстарды түбірінен жоюды толық қамтитын бағдарламасын әзірлеу ұсынылған Н.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің мәтінін табыс етті.

Президент И.Әлиев форумға жоғары деңгейде қатысқаны үшін қазақстандық делегацияға алғысын білдірді және Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы өзара достық қатынастарды одан әрі нығайту жайында айтты. Ол Әзербайжанда көрнекті мемлекет қайраткер саналатын Президент Н.Назарбаевқа ізгі тілектестігін жолдады. 

Мәскеудің ұлттар үйінде Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің қолдауымен  «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы өкілдігі мен қазақстандық студенттер ұйымдастырған «Тәуелсіз Қазақстан: Бейбітшілік, келісім мен жасампаздықтың 25 жылы» атты жастар форумы өтті.

Іс-шараға ресейлік ғалымдар, сарапшылар, Мәскеу жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары, сонымен бірге қазақстандық студенттер, аспиранттар мен докторанттар қатысты.

Форум жұмысын ашқан Өңірлік проблемалар институтының бас директоры Дмитрий Журавлев КСРО күйрегеннен кейін барлық республикалар бір деңгейде болғанымен Қазақстан олардан әлдеқайда ілгерілеп, тұрақты экономика мен саяси жүйе қалыптастырғандығын, жас, тиімділігі жоғары мемлекеттік аппарат құрып, ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді сақтай  алғандығын, сыртқы саяси бағдарын да жемісті жүргізіп отырғандығын баса айтты.

Шара барысында Мәскеудің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан Қазақстан студенттері еліміздің Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде экономикадағы, ауыл шаруашылығындағы, энергетика мен білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, туризм, сыртқы саясаттағы жетістіктеріне арналған баяндама жасап, Астананың еуразиялық интеграцияға қосқан үлесіне кеңінен тоқталды.

Баяндамашылар ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Бейбітшілік. ХХІ ғасыр» манифесіне де ерекше назар аударды.

Пікірсайыс барысында қатысушылар «Бейбітшілік. ХХІ ғасыр» манифесінің, «Бес институттық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» Ұлт жоспарының, Астананың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезін шақыру бастамасының, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының  негізгі ережелерін, сондай-ақ қазақстандық жастардың қазіргі заманауи жағдайда елді жаңғырту ісіне қосқан үлесін жан-жақты талқыға салды.

Қауіпсіздік индустриясы қауымдастығының президенті Игорь Филоненко  өз сөзінде қазақстандық жастардың баяндамаларында тың дүниелердің көтерілгендігін айтып, жоғары баға берді. Сонымен қатар ол «Бейбітшілік. ХХІ ғасыр» манифесінің маңыздылығына тоқталып, оның болашаққа бағдарланғандығына ерекше тоқталып өтті.

«Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық дамудың басты ойын айтты: бейбітшілік болса, экологияны да, экономиканың басқа да салаларын, адамдардың әл-ауқатын ойлауға болады. Бейбітшілік болмаса, мұның барлығының да мәні жоқ», - деді И.Филоненко.     

 2016 жылғы 22 сәуірде Қазақстанның Армениядағы елшісі Тимур Оразаев Армения Республикасының сыртқы істер министрі Эдвард Налбандянмен кездесіп, сенім грамотасының көшірмесін тапсырды.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық дипломатты құттықтай келіп, министр Э.Налбандян оған дипломатиялық миссиясын атқаруда табыстар тіледі және елші екіжақты қатынастарды дамытуға және ынтымақтастықты кеңейтуғе өз үлесін қосатынына сенім білдірді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті міәселелерін, ЕАЭО мен ҰҚШҰ ықпалдастық бірлестіктеріндегі өзара іс-қимылды талқылады. Осы жылғы 18 сәуірдегі қазақстан-армян СІМ-аралық консультациялардың оң рөлі, сондай-ақ білім, туризм және мәдениет салаларында өзара іс-қимылды күшейту қажеттігі аталып өтті. Тараптар екі елдің сауда әлеуетін толығырақ жүзеге асыру үшін айрықша күш-жігер жұмсау қажет екеніне келісті.

Қазақстан елшісі министрді Қазақстан дамуының бағытын айқындайтын өзекті бағдарламалық құжаттармен таныстырды. Атап айтқанда, Т.Оразаев 2016 жылдан бастап Қазақстанда «5 институционалдық реформаларды жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталғанын әңгімеледі. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ 70 сессиясы барысында айтқан Қазақстанның халықаалық саясаты ауқымындағы бастамалары аталып өтілді. Қазақстан Президентінің «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесі туралы айта келіп, елші қазақстандық көшбасшының қазіргі әлемдегі жанжалдарды төмендетуге және аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған бастамаларының дәйектілігін атап көрсетті.

Кездесу соңында Т.Оразаев  Э.Налбандянды өзінің миссиясы барысында қазақстан-армян қатынастарын одан әрі дамытуға барлық күш-жігерін жұмсайтынына сендірді. 

Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуде БҰҰ Өркениеттер Альянсі VII Жаһандық форумында сөз сөйледі.

Сенат Төрағасы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесіне форумға қатысушылардың назарын аударды. «Бұл жаһандық қатаклизмнің жолын кесіп, жойқын апаттың бетін қайтару жолында барша әлем қауымдастығы басшылыққа алуға тиіс өзекті қағидаттар ұсынылған бірегей саяси құжат болып табылады», - деп атап өтті. Қ.Тоқаев. Қазақстан Президенті қазіргі кездегі бірде-бір соғыста жеңімпаз болмайтынын алдын ала ескертіп отыр. Жаңа соғыста жаппай қырып-жоятын қаруды қолданбау мүмкін емес болады. Бейбіт диалог пен сындарлы келіссөздер мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстарды реттеудің негізі күшіне айналуы керек. Сондықтан, Елбасы ядролық қарудан толықтай азат әлемге қарай дәйекті түрде ілгерілеуге; орнықты әлем географиясын қалыптастыруға; әскери блоктарды түбегейлі жоюға; қарусыздану үдерістерін жаңа тарихи жағдайларға бейімдеуге; қаржы, сауда-саттық және даму салаларындағы жаһандық бәсекелестіктің әділетті парадигмасын нығайтуға шақырады.

Қ.Тоқаевтың пікірінше, БҰҰ Өркениеттер Альянсының алдында адамдардың сана-сезімін терең улап жатқан милитаризм вирусына қарсы күреске салмақты үлес қосу міндеті тұр. «Бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға, халықаралық ынтымақтастықты орнатуға, мемлекеттердің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және адамдардың құқығын қорғауға бағытталған БҰҰ-ның ең басты мақсаттарының орындалуына соғыс қаупі үлкен қатер төндіріп отыр. Мәдениеттердің, дәстүрлердің, діндердің, өркениеттердің үндестікте тіршілік етуі халықаралық ахуалды тұрақсыздандыру әрекеттеріне тойтарыс беретін лайықты жауап бола алады және солай болуы тиіс», - деді Сенат Төрағасы.

Қ.Тоқаев Альянстың адамзат өркениетінің шынайы құндылықтарын жастарға түсіндірудегі қызметінің маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, «келе жатқан өнеркәсіптік төңкеріс пен экономикадағы түбегейлі өзгерістер жаңа көзқарасқа ие, ескішілдіктен, араздық пен дау-жанжалдан азат жастардың қалыптасуын талап етеді».

Форумның «Инклюзивті қоғамдарда қатар өмір сүру» тақырыбы туралы айта келіп, Қ.Тоқаев мәдени әралуандықты сақтау мен дамытудың қазақстандық тәжірибесімен шараға қатысушылармен бөлісті. «Бүгінде әралуандылық - халық бірлігінің кепілі, - деді ол. - Этносаралық келісімді қамтамасыз ететін конституциялық мәртебеге ие орган - Қазақстан халқы Ассамблеясы жиырма жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді».

Қ.Тоқаев экстремизм мен терроризм қаупіне қарсы іс-қимыл бойынша кешенді және батыл әрекет етіп, заңнамалық деңгейде шаралар қабылдауға шақырды. «Дін мен зорлық-зомбылықтың мүлдем бөлектігі туралы сан мәрте айта беруге болады, бұл өз алдына ақиқат нәрсе, алайда діни ұрандардың тасасында адам құқықтары мен бостандықтарының тапталуы, террористік шабуылдардың жасалуы, адамдардың ұрлануы, вандализм орын алып жатқандығын да мойындау қажет» - деп атап өтті Төраға. Сенат басшысы Қазақстан БҰҰ-ның Зорлықшыл экстремизмді болдырмау жөніндегі тұтастай іс-қимыл жоспарын іске асыруға өз үлесін қосып жатқанын еске салды.

Төраға Өркениеттер Альянсының мақсаттары Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін шақыру туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен үндес екенін атап өтті. Биылғы 31 мамырда Съезд аясында «Дін терроризмге қарсы» тақырыбында конференция өтетіні, онда түрлі мемлекеттердің парламентшілері мен діни қайраткерлері алғаш рет бас қосатынын атап өтті. «Діни фактордың ықпалы айтарлықтай өсіп отырған әлемде дәстүрлі дипломатия жаңаша көзқарастарды қажет етуде», - деді Қ.Тоқаев.

Жаһандық форум барысында Сенат Төрағасы Таулы Қарабақ төңірегіндегі жағдай туралы сауалдарға жауап бере келіп, Президент Н.Назарбаев Ресейдің бірінші Президенті Б.Ельцинмен бірге осы мәселемен 1990-шы жылдары тікелей айналысқанын еске салды. «Әзербайжан - біздің досымыз әрі әріптесіміз, біз Армениямен ықпалдастық бірлестіктерде одақтас болып табыламыз. Бұл күрделі мәселе Ресейдің рөлі едәуір ЕҚЫҰ-дағы Минскі тобының аясында шешілуі тиіс деп санаймыз», - деп атап өтті Қ.Тоқаев. Қазақстан Сенатының басшысы сонымен бірге БҰҰ Өркениеттер Альянсы саяси қайшылықтар мен даулы мәселелерден азат болуы тиіс екенін атап өтті, Жаһандық форум жұмысын саясиландыруға болмайды. Форумда сөйлеген сөзінде «Біз форумның тақырыбына қатысты мәселелерді талқылауымыз керек, форум бізді алшақтатын халықаралық мәселелер бойынша мәлімдеме жасайтын тұғырнама ретінде пайдаланылмауы тиіс», - деді.

Бакуде екіжақты кездесулер аясында Қ.Тоқаев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі бойынша ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүзеге асырды. Одан басқа, Сенат Төрағасы Әзербайжан Милли Меджлисінің Төрағасы Октай Асадовпен кездесу барысында екі мемлекет парламенттерінің өзара іс-қимылының келешегі талқыланды. Қ.Тоқаев пен Гейдар Әлиев атындағы қордың президенті Мехрибан Әлиевамен кездесуде екі елдің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы мәселелері бойынша пікір алмасылды. Төраға М.Әлиеваны Астанадағы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Кітапханасын көруге шақырды. Жаһандық форум аясында Қ.Тоқаев БҰҰ Өркениеттер Альянсі жөніндегі БҰҰ Жоғарғы Өкілі Насир Абдулазиз ан-Насермен және Беларусь Ұлттық Жиналысы Республика Кеңесінің Төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесті.

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіпкерлер палатасының бизнес-бапкері Талғат Қасенов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында «Қазақстан Президенті тарихи маңызы бар «Әлем. XXI ғасыр»  манифесінде ұсынған бастамалары қарапайым адамдарға қолжетімді, түсінікті тілмен баяндалғанын айтты.

«Елбасы Жаһандық ядролық саммитте сөз сөйлеу барысында әлемдік көшбасшыларға халық алдындағы жауапкершілікті ескертіп, жан-жақты ойластырылған, терең мағыналы құжат ұсынды. Ел Президентіне алғысым шексіз. Ол ер азамат ретінде де, мемлекеттік Көшбасшы ретінде де барлық жауапкершілікті және басымдық жолында өз қамын күйттеген күрестегі әскери ойындардың барлық салдарын жақсы түсінеді.

Нұрсұлтан Әбішұлының манифесі әлем жұртшылығы мен ел көшбасшыларын жаппай қырып-жою қаруының санын ең төмен деңгейге дейін қысқарта отырып, барлық соғыс қақтығыстарын шешудің өркениетті диалогын құруға үндейді. Ол   мемлекеттердің жаһандық каолициясын құру, БҰҰ   Конференциясы қызметінің  қарусыздану бойынша жаңа Стратегиясын өңдеу бастамаларын ұсынды. Ол 2045- Жаһандық Стратегиялық Бастама Жоспары мен соғыс пен қақтығыстардың түп  тамырын жою бойынша жоспар әзірлеп қабылдауды ұсынды.

Біз, Қазақстан басқа елдерден бөлектеніп өмір сүре алмаймыз, әлем жаһандық сипатқа ие. Қазақстанның барлық алдыңғы ядроға қарсы бастамалары Жердегі бейбіт өмірді сақтау жолындағы біздің  ел көшбасшысының жаңа ұсыныстарымен тығыз байланысты», - деп сөзін түйіндеді Б. Қасенов.

Әлемдік саясаттың соңғы бетбұрыстары қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселесіне назар аударуды талап етеді. Осы ретте Қазақстан мен Ресейдің жетекші сарапшылары қазіргі ахуалды зерттеп, шешу жолдарын іздеуге жұмылды. Олар Мәскеуде бас қосып, Н.Назарбаевтың соңғы ұсыныстарын талқыға салды.

Аймақтық кикілжіңдер, жаңа қауіп-қатер Орталық Азия, соның ішінде Кавказ бен Ресейге қалай ықпал етуі мүмкін? Осы сұрақтың төңірегінде Қазақстан мен Ресейдің сарапшылары ой қосып, пікір алмасты. Мамандар сөзіне сенсек, екі елдің біріккен күші көп дау-дамайды шешуге қауқарлы. Мәселен 2010 жылы Қазақстан мен Ресей Қырғызстандағы толқуды басуға көмектесті, Таулы Қарабақтағы кикілжің мен Тәжікстандағы азаматтық соғысты тоқтатқан болатын. Енді олар Ауғанстандағы жағдайды реттеуге кіріспек.

 «Ауғанстандағы қауіп енді пайда болған жоқ, ол жылдар бойы жалғасып келеді. Қазақстан мен Ресей өзара келісіп, есірткі тасымалы, экстремизммен күресте ортақ шешім тауып келді. Қазір Ресей Қазақстанның Ауғанстан экономикасын қалпына келтіру үшін жасап жатқан әрекеттерін жоғары бағалап отыр», - деді РҒА Шығыстану институты Ауғанстан секторының  меңгерушісі Рамазан Дәуіров.

Ресми шарадан тыс кездесулерде әріптестер Вашингтондағы саммитте ұсынған Қазақстан Президентінің бастамаларын да бағалады.

РҒА Шығыстану институты Орталық Азия мен Кавказды зерттеу орталығының ғылыми қызметкері: Станислав Притчин «бұл дер кезінде жасалған ұсыныс. Өйткені біз Орталық Азия ғана емес, әлемнің көптеген нүктелерінде от тұтана бастағанын, ортақ істерде келісімнің жоқтығын байқадық. Қазақстанның ядролық қарусыздандыру сияқты мәселеде әлемдік қоғамдастыққа көрсетер мысалы бар», деген пікірін жеткізді.

 «Біздің айтқан ой-пікірлеріміз бұл жерде қалмайды деген ойдамын. Нұрсұлтан Назарбаевтың соңғы ұсынысы Қазақстан жаһандық проблемаларды шешуге бел шеше кірісті дегенді білдіреді», - деген ой түйді  РҒА Шығыстану институтының сектор меңгерушісі Ирина Звягельская. 

Толыққанды Азиядағы қауіпсіздік және даму ұйымын құру қажет. Бұл туралы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) Сыртқы істер министрлері кеңесінің 5-ші отырысы барысында ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлімдеді.

«Халықаралық қоғамдастықтың қауіпсіздікті нығайту бойынша қабылдап жатқан шараларына қарамастан, сыр-қатерлер мен қауіптер, өкінішке орай, төмендемей, керісінше артып отырғанын мойындауымыз қажет. Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қолданыстағы жүйесі барша Азияны қорғау мақсаттарына жауап бермейді. Қазіргі теріс трендті  жоюға қабілетті жалпыға бірдей және алдын алу шараларын қабылдау қажет. АӨІСШ базасында Азиядағы қауіпсіздік және даму ұйымының тетігін құру арқылы бұған қол жеткізетінімізге сенімдімін (...)», - деді ол.

Е. Ыдырысов ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбіт бастамалары, оның ішінде 2045-Жаһандық стратегиялық бастамалар жоспарын және «Әлем. XXI ғасыр» Манифестін дайындағанын еске салды. Министр тұтастай бірқатар   Азиядағы қару жасау жарысы, Сирия, Ауғанстандағы тұрақсыздық, Корея жарты түбегіндегі қысымның үдеуі, араб-израиль мәселесін бейбіт реттеу, Таулы Қарабақ мәселесі -  өңірлік проблемалар бойынша Қазақстанның ұстанымын айтып өтті.

 «Біз лаңкестікті кез келген нысанда талқылаймыз (...) халықаралық терроризмді қандай да бір дінмен, әсіресе исламмен байланыстыру еш қисынсыз», - деп атап өтті ол.

Дипломат АӨСШК Хатшылығына жүргізген жұмысы үшін алғыс  және АӨСШК-дағы Қытай төрағалығына ризалық сезімін білдірді. Сондай-ақ Өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Кеңестің рөлін одан әрі арттыру қажеттігіне тоқталды.

Мәжіліс Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева мен Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Құралай Қаракен халықтың қоныстануы және дамуына бағытталған ауқымды конференция жұмысына қатысты. Исэ-Симада (Жапония) өтетін үлкен жетілік - 2016 Саммитінің құрметіне арналған маңызды форум 26-27 сәуір аралығында Токиода өтті, деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметінен.

Пленарлық отырыста «Тұрақты даму мақсаттары дәуіріндегі ауқымды ынтымақтастықта парламент өкілдері мен парламенттік желілердің рөлі» тақырыбында сөз алған қазақстандық делегация басшысы Г.Исимбаева шараға қатысушыларды Қазақстан Президентінің «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының басымдықтарымен, сонымен қатар, ядролық қарусыздану және таратпау жолында біздің еліміздің қосып жатқан үлесіне тоқталды.Манифестің мәтіні конференцияға қатысушыларға ағылшын және жапон тілдерінде таратылып берілді. Халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі парламентшілердің Азия форумы басшылығына, Жапония Парламенті Өкілдер Палатасының Спикері Т. Ошимаға табыс етілді. Манифест қағидалары форумға қатысушылардың қызу қолдауына ие болды. Мәселен, Жаңа Зеландиядан келген Парламент депутаты Трейси Мартин манифесте айтылғандардың қатты таңқалдарығанын және Елбасының бейбіт өмірге үндеуін бұдан да үлкен халықаралық аудиторияға жеткізуге дайын екендіктерін білдірді. Жұмыс сапары барысында Мәжіліс Төрағасының орынбасары бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Жапония Парламенті Өкілдер Палатасының Спикері Т. Ошимамен, ХҚДПАФ төрағасы К. Такемимен, Қазақстанмен достықты нығайту жөніндегі жапондық парламенттік лиганың жетекшісі Т. Кавамурмен жүздесіп, парламентаралық ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады. ХҚДПАФ атқарушы комитетінің 80-ші жиыны қарсаңында Гүлмира Исимбаева аталған парламенттік форумның Вице-төрағасы қызметіне бекітілген болатын. Айта кетерлігі, 2016 жылы Исэ-Симада (Жапония) өтетін Үлкен жетіліктің 42-ші Саммиті, аталған ұйымның Тұрақты даму мақсаттары қабылданғаннан кейінгі алғашқы Саммиті деуге болады. Жоғарғы деңгейлі шараға 68 елден 100-ден астам делегат қатысты.

Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Ержан Қазыханов Ұлыбритания Біріккен Корольдігінің Сыртқы істер министрінің орынбасары Тобиас Элвудпен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ұлыбританияның көптеген салалар, соның ішінде инфестициялар, энергетика, мәдени-гуманитарлық байланыстар бойынша ынтымақтастығының ағымдағы жағдайы мен болашағы талқыланды. Тараптар сондай-ақ халықаралық және аймақтық саясатқа қатысты бірқатар маңызды мәселелер жөнінде пікір алмасты, деп хабарлады ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен.

Кездесуде Қазақстанның халықаралық бастамаларына, бәрінен бұрын, ядролық қаруды таратпау және жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайту мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Е.Қазыханов Т.Элвудты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ағымдағы жылдың сәуір айында Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік саммитіндегі жұмысының қорытындылары туралы ақпараттандырып, сондай-ақ біздің мемлекетіміз басшысының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің мәтінін тапсырды.

Сонымен қатар, тараптар 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын ұсыну болашағын, сондай-ақ Астана қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу мәселелерін талқылады.

Елші Ержан Қазыханов Ұлыбритания Біріккен Корольдігінің Сыртқы істер министрінің орынбасары Тобиас Элвудпен кездесті.

Жүздесу барысында Қазақстан және Ұлыбритания арасындағы инвестициялар, энергетика салаларындағы мәселелер, мәдени-гуманитарлық байланыстар жөніндегі ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективалары талқыланды. Тараптар сондай-ақ халықаралық және өңірлік саясат жөніндегі өзекті мәселелер төңірегінде ой бөлісті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Кездесуде Қазақстанның халықаралық бастамаларына, әсіресе, оның ядролық қаруды таратпау және жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайту саласындағы күш-жігеріне басты назар аударылды. Отандық дипломат Т. Элвудқа ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осы жылғы сәуір айында Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік саммиті жұмысына қатысуының қорытындылары туралы баяндап, Мемлекет басшысының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің мәтінін табыс етті.

Сонымен бірге, тараптар Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болуға кандидатурасын ілгерілету перспективаларын, сондай-ақ Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу мәселелерін де талқылады.

  28 сәуірде Бейжіңде Қазақстан Республикасының сыртқы саяси ведомствосының басшысы Ерлан Ыдырысов Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше-мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің 5-ші кездесуіне қатысты. 

Басты тақырып «Диалог арқылы қауіпсіздікті ынталандыру» болды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.  Алқалы жиында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин сөз сөйледі.

Кездесу барысында қатысушылар жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша, қазіргі заманғы қауіп-қатерлер мен шақыруларға қарсылық, Азияда бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдауда АӨСШК рөлі мен әлеуеті туралы толық пікір алмасуды жүргізді. АӨСШК шегінде келешектегі тәжірибелік өзара іс-қимыл бағыттары мен біріккен бірлескен күштердің тиімділігін көтеруге аса маңызды назар аударылды.

Қазақстан делегациясының басшысы өзінің сөзінде әлем қарама-қарсы мүдделерімен анықталған жаһандық «ойыншылар» арасындағы сенімнің дағдарысын бастан өткізіп жатқанын атап кетті. «Экономикалық санкцияларды көз жеткісіз қолдану қосымша қаржылық-экономикалық шығындарға және әлеуметтік шиеленістердің өршуіне әкеледі. Әлем қарулану жарысының кезекті айналымының алдында тұр, ол қорғанысқа әлем шығындарының өскенімен расталады», - деді министр. Сондай-ақ ол Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың халықаралық қарым-қатынастарда сенімділікті қалпына келтіретін, соның ішінде «халықаралық бірлестікті оны қамтыған летаргия мен енжарлықтан оянуға шақыратын» «Әлем. XXI ғасыр» манифесінде бірқатар негізгі бастамаларын атап өтті.

БҰҰ-ның лаңкестікке қарсы күресте басты рөліне баса тоқталған Е. Ыдырысов лаңкестікке қарсы күрес бойынша БҰҰ Бәрін қамтитын конвенцияның жедел қабылдануына және Қазақстан Президенті бастамашылық еткен, БҰҰ көмегімен Жаһандық лаңкестікке қарсы одақты (желінің) құрудың маңыздылығына қатысушылардың назарын аудартты.

АӨСШК қызметінің келешектегі жетілдіру мәселелерін талқылау барысында Е. Ыдырысов оның негізінде Азиядағы қауіпсіздік және даму ұйымдарын құру мәселесіне тоқталды. «Аталған Ұйымның қызметі қауіпсіздік пен экономикалық тұрақтылықты құру ісінде біздің біріккен күштерімізді шоғырландыруға мүмкіндік беретініне сенемін, шешімдер тек консенсус негізінде ғана қабылданатын болады» , - деп атап өтті министр.

Кездесу нәтижесінде АӨСШК сенім шаралары тізімдемесімен сәйкес біріккен шараларды бес өлшемде жүзеге асыру бойынша мемлекет-мүшелердің келіскен амалдары бекітілген декларация қабылданды. 

Іс-шарада АӨСШК-ға   мүше 26 мемлекеттің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары және 8 қадағалаушы-мемлекет делегациялары, сонымен қатар БҰҰ, ЕҚЫҰ, АМЛ, ТүркПА, ШЫҰ, ИМҰ, ЭБҰ және т.б. сияқты халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Осы күні АӨСШК СІМК «алаңында» Е. Ыдырысов ҚХР Сыртқы істер министрі Ван Имен келіссөздер жүргізді. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерді, ағымдағы жылдағы болатын байланыстардың жоғары және биік деңгейлеріндегі дайындықты талқылады, сонымен бірге бірқатар халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасылды.

Сонымен қатар, Е. Ыдырысов Ресей, Оңтүстік Корея, Қырғызстан және Түркия сыртқы саяси ведомстволарының басшыларымен жұмыс кездесулерін өткізді.

Ядролық қару ешкімнің, әсіресе, лаңкестердің қолына түспеуі керек. Бұл туралы Орал қалалық мәслихатының депутаты, Құрманғазы атындағы музыка колледжінің директоры Нұржан Сертеков мәлім етті.

«Мен Елбасымыздың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесімен зейін қоя танысып шықтым. Мемлекет басшысының бұл жаңа бастамасы Қазақ елінің бейбітшілікке деген ұмтылысын айдай әлемге тағы да бір танытып берді. Шынында да кейбір елдерде түрлі қақтығыстар орын алып, дүрлігіп жатқан мезгілде дүние жүзі халықтарын тыныштыққа үндеудің мәні ерекше. Сондықтан, әлем тек ядролық қана емес, басқа да алапат қарулардан бас тартып, бейбіт өмірге бет бұрса, бұл өте дұрыс болар еді. Сол себепті Елбасымыздың манифесін бейбітшілік сүйгіш халықтар қолдайды деп ойлаймын. Көп ұлт өкілдері өмір сүретін біздің елімізге де тыныштық керек. Қазіргідей қым-қуыт кезеңде барлық мәселені бейбіт жолмен шешудің маңызы зор», - деді Н.Сертеков. 

Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельский Катар Муниципалитет және қоршаған ортаны қорғау министрі Мұхаммад Абдуллах Аль Румайхи бастаған делегацияны қабылдады. 

Кездесуге Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Бақытжан Ертаев та қатысты. Бұл туралы палатаның баспасөз қызметінен хабарланды.

Жүздесуде тараптар Қазақстан мен Катар арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, өзара байланыстардың алдағы уақытта нығая түсетініне сенім білдірді. Әңгіме барысында делегация басшысы екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық барлық салада жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Өз кезегінде комитет төрағасы Г. Щегельский делегация мүшелерін қоршаған ортаны қорғау саласында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстыра келіп, Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын сөз етті. Оның айтуынша, ҚР Президенті жақында ғана «жасыл экономикаға» көшу мәселелерін қамтыған Заңға қол қойған болатын. Әңгіме арасында Мәжіліс депутаты Катар елінің келер жылы Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне белсене қатысатындығына сенім білдірді.

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты Г.Щегельский Елбасының халықаралық аренадағы маңызды бастамаларын айта келе, делегация жетекшісіне «Әлем.XXI ғасыр» манифесін табыс етті.

 Еске сала кетейік, ағымдағы жылы Вашингтон қаласында өткен IV Ядролық қауіпсіздік саммитінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем.XXI ғасыр» манифесі жария етіліп, ол БҰҰ Бас Ассамблеясының және Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алған болатын.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Фахриддин Қаратаев 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында өз ойларымен бөлісті.

- Тәуелсіз Қазақстан - татулық мекені. Бұл ұғым бүгінгі таңда әлемдік деңгейде мойындалған. Барлық ұлттарды біртұтас елдің бейбіт тұрғыны етіп, бір шаңырақтың астына біріктіру, «Бір ел - бір тағдыр» идеясы бойынша ортақ мақсатқа жұмылдыру біздің мемлекетіміздің ұстанған негізгі саясаты. Ел іші тыныш, іргеміз мықты болсын деген мақсатта 1995 жылы 1 наурызда Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамлеясын құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл ұйымның қоғамдағы рөлі мен маңызын уақыттың өзі дәлелдеп көрсетті. Бүгінгі таңда әлем елдері үлгі алуда.

Мысалы, өзім туып-өскен және еңбек еткен Оңтүстік Қазақстан облысында жүзден астам ұлттың өкілдері бейбіт өмір сүріп жатыр. Олар оқуда да, еңбекте де бірге. Қоғамдық келісім мен татулықтың арқасында еңбек өнімділігін арттыруға қол жеткізіп келеді.

Біздің елдің Заңы бойынша, 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі болып белгіленген. Тәуелсіз еліміздің барша азаматы бірнеше жылдан бері осы мейрамды тұрақты түрде атап өтуді дәстүрге айналдырғаны баршамызға белгілі.

Бұл мереке - бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынттымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл күн әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттың бірлігі мен тыныштық мерекесі десек, сөзіміз орынды болады. Өйткені Қазақ елiнiң бейбiтшiлiк сүйгiш ел екенiн Елбасымыз үнемі дәлелдеп келеді. Мысалы, Вашингтонда өткен IV Ядролық қауіпсіздік жөніндегі самитте Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев әлемдегі тұрақтылықты сақтау мақсатында өзінің «Әлем. XXI ғасыр» манифесін жария етіп, нақты ұсыныстарымен бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды.

Қазақстанның бір азаматы ретінде мен де барша қазақстандықтарды келе жатқан 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміздегі бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымағы жарасқан «Мәңгілік ел» болып, жасай берсін! Ел тұрғындарының шаңырақтарына бақыт-береке, денсаулық тілеймін!

Солтүстiк Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтiлген отырысы өттi, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Өңiр басшысы облыстық Ассамблеяның төрағасы Ерiк Сұлтанов Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсiздiк. Келiсiм. Болашағы бiртұтас ұлт» атауымен өткен XXIV сессиясының негiзгi жетiстiгi «Мәңгiлiк ел» Патриоттық актiн қабылдау екенiн атап өттi.

«Бұл шара - Қазақстан халқының бiрлiгi күнi қарсаңында өткiзiлдi. Қазақстанда бейбiтшiлiк пен тұрақтылық, бiрлiк пен тұтастық орнағаны Елбасының еңбегi», - дедi Ерiк Хамзаұлы.

Солтүстiк Қазақстан облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушiсi Наиль Салимов сессияға Солтүстiк Қазақстан облысынан 44 делегат барғанын атап өттi.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығында өткiзiлген сессияның тарихи маңызы жоғары. ҚР Президентiнiң алға қойған мiндеттерiн ескере отыра бiз ассамблеяның бiр жылдық жоспарын қайта қарап, түзеттiк», - дедi Наиль Камильевич.

Ассамблея жастармен жұмыс iстеуге көп көңiл бөледi. Қазiрде 20 мектеп этноклубы, үш орта-кәсiби бiлiм беру мекемесiнде Бiрлiк пен Келiсiм орталығы жұмыс iстейдi.

«Мәңгiлiк ел» патриоттық идеясын әрбiр солтүстiкқазақстандыққа жеткiзу аясында тағы бiр iс-шаралар кешенi жоспарланған. Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә. Назарбаевтың бүкiл әлемге жарияланған «Әлем. XXI ғасыр» Манифестi құжатын дамыту бойынша iс-шаралар кешенi дайындалды.

Сондай-ақ, жиында «Сомониен Север» тәжiк мәдени орталығының төрағасы Анваршох Амиршоев сөз сөйледi. Ол 2015 жылда орталықта атқарылған жұмыс туралы баяндады.

Кейiн отырыс қатысушылары ҚХА облыстық 21 сессиясын өткiзу күнiн белгiлеп, ассамблея құрамындағы өзгерiстердi талқылады және СҚО ҚХА төрағасының орынбасарын тағайындады. Бұл жерге «Кентрон» армян этномәдени орталығының төрағасы Геворкян Геворг тағайындалды.

Татулықты нығайту мен ұлтаралық келiсiмдi, мәдениет пен тiлдi дамытуға қосқан үлесi үшiн этномәдени бiрлестiктердiң төрағалары сертификаттармен марапатталды.

Жиын соңында Ерiк Сұлтанов жиналған қауымға облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуы жайында айтып, ағымдағы жылға арналған жоспарларымен бөлiстi.

 

Бүгінде бүкіл адамзат үшін соғыстың тамырына балта шабу, ғаламшарда бейбітшілік пен келісімді нығайтудан маңызды міндет жоқ, деп санайды Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің проректоры, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Дінмұхамед Сәрсембаев.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік бойынша  IV Саммитте оқып өткен «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі амандықты сақтап, адамдарды ойланып, бейбітшілік пен қауіпсіздікте өмір сүру-сүрмеу таңдауын жасауға арналған. Ұлт көшбасшысы дұрыс айтады, соғыстың тамырына балта шабу - адамзаттың ең күрделі өркениеттік міндеті. Бірақ оның баламасы жоқ», - деп атап өтті Д.Сәрсембаев.

Ол Қазақстан 25 жыл бұрын Семей полигонын жауып, ядролық қару-жарақтан ерікті түрде бас тартқанын еске салды. «Сол арқылы біздің еліміз өз үйінде бейбітшілік пен келісімнің негізін салып, көрші мемлекеттер тарапынан сенімді нығайтты. Өзінің тарихи сөз сөйлеуінде Н.Назарбаев қазақстанның ғаламдық ядроға қарсы қозғалысқа қатысатынын атап өтті. Бұған ядролық полигонды жабу, Орталық Азияда ядросыз аймақты құру, МАГАТЭ-мен Қазақстанда Төмен байытылған уран банкін орналастыру келісімі, ирандық ядролық бағдарлама бойынша халықаралық келіссөздер процесіне қолдау, Қазақстан бастамашы болған «АТОМ» жобасы да кіреді.

«Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі ешкімді ықылассыз қалдырмайды, деп шамалайды ол. «Барлығымыз Мемлекет басшысының бастамасын шынайы қолдап отырмыз. Бұл қадам әлемдік қоғамдастық саясатына шешуші ықпал ететінен сенеміз. Ұлт көшбасшысының дана саясаты бүкіл әлемде бейбітшілікті құруға бағытталған. Ол адамдардың қайғы-қасіретіне, олардың ядролық ақырзаманның болуына байланысты қорқынышына немқурайлы қарай алмайды. Және Президенттің айтуынша, адамзатты өлімге апаратын соғыстан бір жолға құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Қазіргі кезде және алдағы болашақта бізде бұдан маңызды мінде жоқ», - деп түйіндеді сөзін Д.Сәрсембаев.

 АҚШ астанасы Вашингтонда болып өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші, яғни қорытынды саммитте Елбасының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің жариялануы  Қазақстан үшін ғана емес, сондай-ақ, бүкіл­әлемдік қоғамдастық үшін де маңызды.

Бұл туралы Ақмола облыстық Чернобыль ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Жетеров пікірін білдірді.

Оның айтуынша,  қазақстанның ядролық қарудан өз еркімен бас тартуы барлық қазақстандықтар үшін тарихи акт болса, он қаруын сайлап, әлемге қаһарын шашып отырған алпауыт мемлекеттерді адамзат алдында ойландыратын тарихи маңызы зор бастама болып отыр.

«Еліміз ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап,  жаһандық антиядролық қозғалыстың көш басына шықты. Семейде ядролық сынақтың жабылуы осыған айқын дәлел. Бүкіл адамзат баласына төніп отырған қауіптен Қазақстан алғашқы болып бас тартып қоймай осыдан 15 жыл бұрын еліміз аймақтағы көршіле­ріміз­бен бірге Орталық Азияда яд­ро­лық қарудан азат аймақ құру ту­ралы шартқа қол қойған болатын. Бүгіндері Қазақстан Республикасы бұл жағынан алғанда тәжірибесі мол. Зымырандық-ядролық арсеналды айтпай-ақ, бейбіт өмірде атомды қолданудың өзі қауіпті. Чернобыль апаты соған сабақ. Адамзат тарихында жазылмас жара қалдырған  осы оқиғаға биыл 30 жыл толып отыр. Мұндағы апатың зардаптарын жоюға Ақмола өңірінен 2500 адам қатысса, осы күні оның 500 қалған. Сондықтан Елбасының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің жариялануы Қазақстан үшін ғана емес, сондай-ақ, бүкіл­әлемдік қоғамдастық үшін де маңызды», - дейді М.Жетеров.

 Әлемде ядролық қаруды қолдануға жол бермеу бүгінгі таңда аса маңызды мәселеге айналып отыр. Осы орайда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі дүние жүзі халықтары мен саясаткерлерінің назарын аударған тарихи құжатқа айналды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткізілген брифингте айтылды.

Онда Батыс Қазақстан аумақтық кәсіподақтар орталығының төрағасы Ербол Салықов және ғалым-профессорлар, «КазИИТУ» ғылым-білім кешенінің құрылтайшысы, техника ғылымдарының кандидаты Ақсерік Әйтімов, Алматы ядролық физика институтының бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы Саябек Сахиев өз ой-пікірлерін білдірді.

Сөйлеушілер атап өткеніндей, Қазақ елінің басшысы ядролық қарусыз әлем құруды бірінші болып бастады. Ол ең алдымен қазақ жерін апатқа айналдырған Семей ядролық полигонын жауып, теңдессіз үлгі көрсетті. Қазақстан аумағында МАГАТЭ туы астында атом энергетикасын дамытуды жоспарлап отырған мемлекеттерге арналған төмен байытылған ядролық отын банкісінің құрылуы да Елбасы бастамасымен жүзеге асты. Қазақстан басшысы аталмыш манифесте «ХХІ ғасыр: соғыссыз әлем» атты кең ауқымды бағдарлама қажеттігін атап көрсетті. Яғни қазіргі кездегі соғыста жеңімпаз болуы мүмкін емес. Оның үстіне адамзатты жаппай қырып-жоятын ядролық, химиялық, биологиялық және басқа қару түрлерін қолданудан қашып құтылу мүмкін болмай қалады. Сондықтан ХХІ ғасырда әлемде түбегейлі тыныштық орнауы үшін барша адамзат жұмылуы керек.

«Елбасы бастамасымен Қазақстанда төмен байытылған ядролық отын банкісінің құрылуы тектен-тек емес. Ол кейбіреулер ойлайтындай,  елдердегі қалған қалдықтарды жинау емес, маңызы аса зор мәселе. Неліктен? Себебі төмен байытылған ураннан лаңкестер ядролық бомба жасай алмайды. Яғни қауіпсіз. Бүгінгі таңда жер бетінде жұмыс жасап тұрған 400-ден астам атом электр стансаларының отыны  әртүрлі. Олардың әрқайсысының радиациялық қаупі бар. Егер солардың бәрі төмен байытылған уранға көшетін болса, лаңкестерге мықты тосқауыл қойылады. Ең бастысы, төмен байытылған ядролық отын тиімді әрі залалсыз. Елбасының жаңа саяси бастамасы Қазақстанға да, ғалымдарға да үлкен бедел, пайда әкеледі»,- деді Саябек Сахиев өз сөзінде. 

 Вашингтон қаласында өткен IV Ядролық қауіпсіздік саммитінде биік мінберден Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев жариялаған «Әлем ХХІ ғасыр» манифесі бүкіл әлемді бейбітшілікке жетелейді.

Көкшетауда тұратын Социалистік Еңбек Ері Есілбай Қадыралин осылай деп пікірін білдірді.

Ардагердің айтуынша, Елбасының «Әлем ХХІ ғасыр» манифесін бүкіл әлем қолдап әкетіп, кейін осы құжаттың негізінде шиеленіскен мәселелерді шешу үшін іс жүзінде жүзеге асырылатын бағдарлама жасау қажет.

«Елбасының «Әлем.ХХІ хасыр» сияқты бағдарламалық құжатты жаһан талқысына ұсынып қана қоймай, оны іске асырудың нақты жолдарын көрсету - бұл тәуелсіз қазақстанның әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарынан көріну бағытындағы зор қадамы болып табылады. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында мұндай қадам жасау еліміздің саяси аренада беделін арттыратыны сөзсіз. Оған форум мінберіне көтерілген мемлекет басшылары мен сарапшылардың барлығы дерлік Нұрсұлтан Әбішұлына қолдау пікір білдіргені айқын дәлел.

Қазақстан - алапат қарудан бас тартып, тәуелсіздігін ту етіп, бейбітшілік жолында келе жатқан мемлекет. Өзгелерден де соны қалайды.

Сондықтан, Мемлекет басшымыз Н.Назарбаев жариялаған «Әлем ХХІ ғасыр» манифесі бүкіл әлемді бейбітшілікке жетелейді», - дейді Есілбай Қадыралин.

 Успен кафедралды соборының Қасиетті Кирилл мен Мефодий атындағы Рухани-мәдени орталық ғимаратында Діни бірлестіктер өкілдері жиналысының кезекті отырысы өтті, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Атап өтілгендей, жиналыс жұмысының аясында рухани келісім мен бірлікті нығайту, мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, Қазақстан бірлігі күнінің қарсаңында діни бірлестіктер өкілдерінің атынан бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан халқына құттықтау хаты жарияланғаны  атап өтілді.

Күн тәртібіндегі мәселелердің бірі Қазақстан Республикасы Президентінің «Әлем. XXI ғасыр» манифесін талқылау болды. Жиналысқа қатысушылар Мемлекет басшысының бастамасын толығымен қолдады.

Іс-шара Қазақстан халқының бірлігі күніне орайластырылды. Жиналыс отырысына Қазақстанда тіркелген діни бірлестіктердің, ҚР МСМ Дін істері комитетінің, Дінтанушылар конгресінің және Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының басшылары мен өкілдері қатысты.

Брюссельде Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан: бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы» атты дөңгелек үстел өтті.

Шараға Еуропалық комиссия және Еуропа сыртқы іс-қимылдар қызметін қоса алғанда еуропалық институттардың шенеуніктері, дипломатиялық және парламенттік корпустар, үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ журналистік қоғамдастықтың өкілдері қатысты.

Шарада сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Алмаз Хамзаев жиналғандарды Мемлекет басшысының «Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол» Жолдауындағы негізгі қағидалармен, Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен, сондай-ақ G-Global, АТОМ, Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі, Астана экономикалық форумы, ЭКСПО-2017 және еліміздің тағы басқа сыртқы саяси бастамаларымен таныстырып өтті.

«Еуроодақ Қазақстанның негізгі инвестициялық және сауда серіктесі болып табылады. Соңғы 10 жылда тауар айналымы 13 есе артты, сонымен бірге ЕО-ның шетелдік инвестициялары он есе өсті. ЕО мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 2015 жылы 31,3 млрд. долларға жеткен, бұл қазақстандық сыртқы сауда айналымының 51,4 пайызына сәйкес болып отыр», - деді Алмаз Хамзаев.

Оның айтуынша, 2005 жылдан бастап 2015 жылдың қыркүйегі аралығындағы кезеңде Еуропалық одақ елдерінен Қазақстан экономикасына құйылған тікелей инвестициялардың ағыны шамамен 107, 4 млрд. АҚШ долларын құрады.

«2015 жылдың 21 желтоқсанында Қазақстан Орталық Азия елдерінің ішінде Еуропалық одақпен жаңа ұрпақтағы келісім орнатқан бірінші әріптес болды. Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісім Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы экономикалық және саяси байланыстарға айтарлықтай серпін береді», - деп атап өтті А.Хамзаев.

Қазақстандық дипломат жиналғандардың назарын ҚР-ның Семей ядролық полигонын жабу, әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан бас тарту, ел аумағында МАГАТЭ қолдауымен төмен байытылған ядролық отын банкін орналастыру, Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақты құру сияқты ядролық қарусыздандыру және таратпау саласындағы қадамдарына аударды.

Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Мемлекет басшысының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесіне баса көңіл аудартты.

Қазақстандық дипломат Қазақстанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өту өтінімі аясындағы өршіл жоспарларына ерекше мән берді.

Өз кезегінде, Еуропа сыртқы іс-қимылдар қызметі Орталық Азиядағы басқармасының басшысы Тойво Клаар Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы рөлі, аймақтың Еуропалық одақ үшін маңыздылығы, сондай-ақ ҚР мен ЕО арасында кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық жөніндегі Келісім туралы айтып өтті.

Шараның соңында қонақтарға естелік кәдесыйлар, Жолдау және Қазақстан Президентінің басқа да бағдарламалары жазылған ағылшын және француз тіліндегі кітапшалар, біздің еліміз және Астананың көрікті жерлері туралы кітаптар мен фотоальбомдар, сондай-ақ алдағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі мен Қазақстанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өтініміне арналған материалдар таратылды. 

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов 2016 жылғы 10 мамырда Нью-Йоркке жасаған жұмыс сапарының аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы (БҰҰ БА) Төрағасының қолдауымен жыл сайын ұйымдастырылатын жаһандық қауіпсіздік мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі тақырыптық пікірталастарға қатысты.Биылғы талқылаудың тақырыбы «Тәуекелдер әлемінде: бейбітшілік үшін жаңа міндеттемелер» болды. Планетадағы ахуалдың дамуына жалпы шолу жасаумен бірге пікірталастарға қатысушылар, бітімгершілік, бейбітшілікті нығайту, қарулы қақтығыстардағы және бейбіт жағдайлардағы гендерлік мәселелер, сондай-ақ қауіпсіздіктің тұрақты даму және қоршаған ортаны қорғаумен өзара байланыстары секілді бейбітшілік пен қауіпсіздіктің тақырыптық мәселелерін талқылады.

Пікірталастардың жоғары деңгейдегі сессиясында БҰҰ БА Төрағасы Могенс Люккетофт, БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары Ян Элиассон, Индонезияның бұрынғы президенті Сусило Бамбанг Юдойоно, Либерияның белгілі қоғам қайраткері және 2011 жылғы Нобель атындағы бейбітшілік сыйлығының лауреаты Лейме Гбови, Араб мемлекеттері лигасының VI Бас хатшысы Әмір Мұса және 25 БҰҰ мүше -мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері қатысты.

Өз сөзінде Е. Ыдырысов, мәртебелі халықаралық аудиторияны талқыға салынған тақырыптық мәселелерге қатысты Қазақстанның ұстанымдарымен таныстырды. Сыртқы саясат ведомствосының басшысы пікірталасқа қатысушылардың назарын Қазақстан Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің негізгі қағидаларына, сондай-ақ, өзге де соғысқа, ядролық қаруға және терроризмге қарсы күресу жөніндегі бастамаларына аудартты. Бұл бастамалар, еліміздің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жөніндегі күш-жігерінің түйіні болып табылады және оның халықаралық қоғамдастықтың сенімді әріптесі ретіндегі беделін қуаттайды.

"Ядролық қарудан азат әлем бағытында алға басу халықаралық қауымдастыққа жай қару-жарақтарды қысқарту бойынша жұмыс үшін қажетті тиімді тетіктер береді. Осындай қадамдар әскери шығындарды әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешу үшін жұмсауға жол ашады", - деп атап өтті осы орайда Е. Ыдырысов.

Пікірталасқа қатысу аясында қазақстандық делегация сондай-ақ, террорлық ұйымдардың бірыңғай тізімін және халықаралық терроризмге қарсы күресу мәселелері жөніндегі келісілген терминологияны бекіту сияқты Елбасының антитеррорлық бастамаларының топтамасын іс жүзіне асыру міндеттерін шешумен де шұғылданған болатын. Бұл саладағы БҰҰ-ның әмбебап құжатын қабылдауға шығуы және ұйым аясында Терроризмге қарсы жаһандық коалиция мен желінің құрылуы - бұл жұмыстың нақты мақсаттары болып табылады, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

"Біз барлық БҰҰ мүше-мемлекеттерін Терроризмге қарсы жаһандық коалиция (желі) және тиісті қылмыстарды жасауға жауапты адамдарды жауапкершілікке тартудың баршаға ортақ механизмдерін қалыптастыру туралы қазақстандық ұсыныстарға қолдау көрсетуге шақырамыз", - деп атап өтті министр.

Осыған қатысты мәселелерді Е. Ыдырысов БҰҰ Терроризмге қарсы комитетінің атқарушы директоры Жан-Поль Лабордпен және БҰҰ Терроризмге қарсы іс-шараларын іске асыру жөніндегі мақсатты топтың басшысы Джахангир Ханмен болған кездесулерде талқылады.

Е. Ыдырысов, сондай-ақ, БҰҰ-ның мәртебелі қонақтары үшін БҰҰ БА Төрағасы M. Люккетофт «Келесі Бас хатшысы тәуекелдер әлемінде: болжалдар мен ақиқат» тақырыбы бойынша министрлер деңгейінде ұйымдастырған іс-шараға қатысты. Осы іс-шараның барысында отандық сыртқы саясат ведомствосының басшысы бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген көкейкесті сындарды талқылау жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі болып сайланды. Қазақстан тарапының үйлестіруімен істеген топқа қатысушылар БҰҰ-ның қажетті және сенімді құрылым болып қалуы үшін ұжымдық қауіпсіздіктің жаһандық архитектурасын бүгінгі сындар мен қауіп-қатерлерге бейімдету жолдары бойынша пікір алмасып, келесі Бас хатшының осы үдерістегі рөлін талқылады. Жұмыс тобы оның осы мақсатта БҰҰ Жарғысының 99-шы бабын белсендірек іске қосу қажеттілігіне назар аударды. Бұл бап, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге Бас хатшының пікірінше қауіп төндіретін кез-келген мәселелерді Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына енгізу құқығын ескереді.

ҚР СІМ басшысының Нью-Йоркке жұмыс сапарының басты міндеттері қатарында сондай-ақ, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-18 жылдарға тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан кандидатурасын ілгерілету және халықаралық қауымдастықты мемлекетеміздің осы беделді орган аясында жұмысқа қатысты басымдықтарымен таныстыру болды. Осыған байланысты Е. Ыдырысов, тақырыптық пікірталастардың аясында әлемнің түкпір-түкпірінен келген әріптестерімен бірқатар кездесулер өткізді.

ҚР Президенті Н.Назарбаев Қазақстанды әлемнің ең қауіпсіз елдерінің қатарына шығарды және Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік бойынша саммитте жариялаған  «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі әлем болашағына көз жібереді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісіне берген сұхбатында Амман қаласының мэрі Акел Белтаджи айтты.

Иордан Хашимит Корольдігі астанасы мэрінің айтуынша, ҚР Президенті Н.Назарбаев ядросыз әлем идеяларын ұсынғаны үшін барлық мемлекеттердің құрметіне бөленді.

«ҚР Президентінің Вашингтонда ядролық қауіпсіздік бойынша саммиттегі Жолдауы бізге және бүкіл халықаралық қоғамдастыққа үлкен  әсер қалдырды. Ол барлық мемлекет көшбасшыларын 21-ші ғасырдың бейбіт, соғыссыз болуына, қуатты державалар бұл үндеуді қолдап, ядролық қарудан бас тартуға шақырды. Президент Н.Назарбаев барлығына саяси өміріндегі тәжірибесі мен Қазақстанда ядролық зертханаларды жабу туралы тағдыршешті шешімі туралы баяндады. Сондықтан «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі - бұл жоғары адамгершілік және гуманистік позицияларды ұстанған ірі саясаткердің жолдауы және ол әлем болашағын көз жібереді», - деді А.Белтаджи.  

Амман мэрінің бағалауынша, өлімге әкеп соғатын ядролық қарудың, оны қолданудан бас тартпайтын лаңкестердің қолына түсуінің үлкен қаупі бар.

«Президент Н.Назарбаев бізді, бүкіл әлемді қазіргі кезде соғыстардың мағынасыз екенін, жалпыға бірдей қабылданған құндылықтарға, адамгершілікке қайшы екенін ескертіп отыр. Сондықтан мемлекет көшбасшылары уақыт өте келе мұндай шешімге келіп, БҰҰ-ның ресми құжатына айналған Манифестегі ұсыныстарды іске асыра бастайды», - деп атап өтті А.Белтаджи. 

Оның пікірінше, Манифест тармақтарын іске асыру Қазақстанның өз мысалында әбден жүзеге асырылуы мүмкін.

«Біздің елімізде әр кезде бұрынғы КСРО-да білім алған орыстілді иордандықтар бар. Олардың арқасында біз ТМД елдері туралы жаңалықтарды білу мүмкіндігіміз бар. Қазақстан көшбасшысы өз елінің дамуына үлкен үлес қосты. 25 жылдың ішінде ол Қазақстанды әлемдегі ең қауіпсіз, қоғамы төзімді, өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің қатарына шығарды. Әлемнің көптеген мемлекеттерімен салыстырғанда, қазақстандықтар қауіпсіздік пен адам құқықтарын құрметтеу ахуалында тұрып жатыр. Біздің байқағанымыз, билік пен қоғамның арасында диалог бар екенін және Н.Назарбаев өркениетті демократиялық мемлекет құруды жалғастырып отырғанын көрсетіп отыр. Мен қазақстандықтардың елдегі жағдайды Таяу Шығыс елдерімен және әлемнің басқа көптеген елдеріндегі жағдаймен салыстыра отырып, оны тиісінше бағалайтынына сенімдімін», - деп мәлімдеді А.Белтаджи.

Амман қаласының мэрі А.Белтаджидің Астана экономикалық форумына қатысу үшін алдағы уақытта елордаға келуі күтіліп отыр. 

Бүгін Астанада «Қазақстан: ұлт қауіпсіздігіне төнген жаңа сын-қатерлер» атты дөңгелек үстел өтті. Қазақстанның белгілі жас тарихшылары, саясаттанушылары мен әлеуметтанушылар қатысқан дөңгелек үстел барысында «Әлем. ХХІ ғасыр манифесі» талқыланды. Сондай-ақ, өткен ғасырдағы сұрапыл соғыстардың әлі сезіліп келе жатқан зардабы айтылды.

«Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі арқылы Қазақстан Республикасының Президенті Жердегі бейбітшілікті сақтайтын құжат ұсынып отыр. Қазақстан  - адамзат тарихында ядролық қарудан ресми бас тартқан алғашқы мемлекет, Семей полигонын жапқан ел. Ядролық қаруды жерде де, суда да, ауада да пайдалануға болмайды. Елбасы манифесі тек ядролық қаруға емес, жер бетіндегі кез келген соғыс түріне қарсы үндеу», - деді дөңгелек үстелді аша отырып ҚР Ұлттық музейі тарих бөлімінің жетекшісі Шынар Уәисова.

Дөңгелек үстелге қатысқан саясаттанушы, филология ғылымдарының кандидаты, саясаттану докторы Мұхит-Ардагер Сыдықназаров «әскери оқиғалар мен гуманитарлық дициплинаның  мақсаты - өткеннің қателігін қайталатпау» деген пікірін білдірді.

«Егер бірінші дүниежүзілік азаматтық соғыстағы, одан кейінгі ашаршылық пен репрессияны, 1941-1945 жылдардың соғысындағы адам шығынын есептесек, қазір Қазақстанның халқы 80 миллион адамды құрайтын еді.  20 ғасырдың басындағы Қазақстандағы халық саны  21 ғасырдың басындағы Мысыр халқының санымен тең. Қазір Мысырда 80 миллион халық бар, біз 17 миллион халықпыз»,-дей отырып М.Сыдықназаров кез келген соғыс адамзатқа ауыр қайғы әкелетінін атап өтті.

 «Бейбіт өмір барда, оның бағасы білінбейді. Бейбітшілік  - тек соғыс пен құрбандардың «фонында» қатты байқалады», - деп сөзін түйді саясаттанушы.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Анар Жайылғанова «Парламенттегі әйелдер» Жаһандық форумы саммитінде сөйлеген сөзінде оның қатысушыларын «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесінде баяндалған бастамаларды қолдауға шақырды.

А.Жайылғанова өзінің сөйлеген сөзінде Қазақстанның елдегі гендерлік саясатты жүзеге асырудағы табыстарын айта келіп, делегаттардың назарын «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесіндегі негізгі идеяларға аударды.

 «Біз гендерлік саясаттағы табыстарымызды мақтан етеміз, оған біздің елдің күш-*жігерімен ғана емес, ең алдымен, халықаралық қоғамдастықтың қолдауы арқасында қол жеткізілді. Алайда уақыт біздің алдымызға жаңа қатерлер мен тәуекелдерді ұсынуда, сондықтан да біз оны бірге еңсеруге тиіспіз. Бұл әсіресе қауіпсіздікке қатысты, ол бір ғана елдің қауіпсіздігі емес - жаһандық қауіпсіздік. Сондықтан да ағымдағы жылдың наурызында Қазақстан Презденті Нұрсұлтан Назарбаев Ядролық қауіпсіздік жөніндегі Саммит аясында Вашингтонға сапары барысында «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесін жариялады. Манифест БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжаты мәртебесіне ие болды. Манифестің басты шақыруы - ешқандай жеңімпаздар болмайтын өлімге соқтыратын соғыстар қаупіне қарсы күш-жігерді біріктіру», - деп мәлімдеді А.Жайылғанова.

Сонымен бірге А.Жайылғанова форум қатысушыларына Қазақстанда қалыптасқан гендерлік саясаттың өз моделі туралы айтып берді, онда  ұлттық ерекшеліктер мен халықаралық тәжірибе ескерілген.  Бүгінде мемлекеттік органдарда 54 пайыз әйелдер қамтылған. Ағымдағы жылғы наурызда өткен соңғы сайлаудың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Мәжілісінде  әйелдердің қамтылуы 27,1%-ға (107 адамның 29-ы) жетті, бұл Еуропа мен Азияның бірқатар елдеріндегі орташа көрсеткіштен жоғары. Өңірлік мәслихаттарда әйел-депутаттар 22,2% (3335 адамның 739-ы) құрайды.

Қазақстан Республикаксының Президенті жанында 1998 жылдан бері Әйелдер істері және отбасылық-демографияық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жұмыс істейді, ол билік, азаматтық қоғам және халықаралық ұйымдар арасындағы диалог үшін жақсы тұғырнама болды.

2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік саясатты дамыту стратегиясы ойдағыдай жүзеге  асырылуда, тиісті заңдар қабылданған. Әйелдер азаматтық қоғамды дамытуға белсене қатысуда. Бүгінде Қазақстанда 300-ге тарта ҮЕҰ әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерімен айналысуда. Әйелдер көшбасшылығы мектептерінің республикалық желісі жұмыс жасауда, оған 70-ке жуық ҮЕҰ кірді.

Ел экономикасында әйелдер кәсіпкерлігінің серпінді секторы қалыптасты. Шағын және орта бизнес субъектілерінің 42%-дан астамын әйелдер басқарады.

Біздің еліміз әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөнінде арнайы бөлімшелер жұмыс жасайтын бұрынғы кеңестік кеңістіктегі бірден-бір мемлекет болып отыр. Зомбылыққа ұшарағандарға көмек көрсететін 28 дағдарыстық орталықтар жұмыс жасайды.

Швейцария астанасы Цюрих қаласында орналасқан «Парламенттегі әйелдер» жаһандық форумы гендерлік теңдікке және әйелдердің шешім қабылдау үдерістеріне қатысуын кеңейтуге қатысты мәселелерді талқылау үшін әртүрлі елдердің парламентшілері арасында байланыс жасау арналарын құруы тиіс.

Жаһандық форумның кезекті саммиті Иордания астанасы - Амман қаласында 89 елден 260 парламентшілердің қатысуымен өтті, онда парламентте әйелдер қатысуы коэффициентін арттыру тетіктері талқыланды. 

 Санкт-Петерборда өтіп жатқан «Еуразиялық экономикалық перспектива» IV халықаралық форумында сөйлеген сөзінде ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов ЕАЭО-ты дамытудың халықаралық бағдарына айрықша назар аударды. 

Бұл туралы  Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.

Б. Ізмұхамбетовтің пікірінше, Қазақстан Президентінің ірі интеграциялық жобаларды түйіндестіру мақсатында «Үлкен Еуразия» құру туралы идеясының өзектілігі жыл санап артып келеді.  

Осы ретте Мәжіліс спикері ЕАЭО, ШЫҰ-мен ықпалдастық, Жібек жолының экономикалық белдеуі әріптестікті дамытудың маңызды тетіктері екендігін атап өтті. Бақтықожа Ізмұхамбетовтің сөзінше, өзара іс-қимыл көлік-логистикалық саламен шектелмейді. Осы ретте Мәжіліс Төрағасы: »Екі ұйымға қатысушы-мемлекеттер экономикасының жиынтық көлемі 11 трлн. доллардан астам немесе ЖІӨ жалпы әлемдік көлемінің 15 пайызын құрайды. Тұрғындар саны біржарым млрд-тан асады.  Жақын уақытта Қытаймен сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келіссөздер басталады. Энергетика, телекоммуникация, пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу сынды салаларда өзара тиімді мүмкіндіктер бар. Және өндірістік, агроөнеркәсіптік, инновациялық кооперация жақсы әлеуетке ие»,-деп атап өтті.

Жалпы алғанда 40 мемлекет ЕАЭО-пен ынтымақтастық орнатуға ынталы екенін алға тартқан Мәжіліс Төрағасы Одақтың еркін сауда аймағы жүйесін кеңейту арқылы ірі сауда блоктарымен өзара тиімді әріптестік орнату қажеттілігі туралы пікірін білдірді.  Олар, атап айтқанда, Еуропалық одақ, сондай-ақ, Транс-тынық мұхиты.

Жиынға қатысушы парламентшілердің айтуынша, Қазақстан Президентінің ЕАЭО-ЕО форматында халықаралық конференция өткізу туралы бастамалары Еуроодақпен еркін сауда аймағын құру жөніндегі келіссөздер процесін жеделдетуге жол ашады.

- Одақты дамыту процесі  - өңірлік экономикалық бірлестіктермен  стратегиялық ынтымақтастыққа шыға отырып, аймақтық жоспар бойынша интеграцияны біртіндеп дамытудан көрінеді,-деді Б. Ізмұхамбетов.

Сондай-ақ, Форумда сөйлеген сөзінде Мәжіліс Төрағасы парламентшілерді, саясаткерлер мен сарапшыларды Қазақстан Президентінің «Әлем. XXI ғасыр» манифесін алға жылжыту жолында бірігуге шақырды.

«ЕАЭО мүшелері арасында, сондай-ақ, үшінші мемлекеттермен өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық тек қана жалпыға ортақ және бөлінбейтін бейбіт жағдайда ғана мүмкін болмақ. Сондықтан, Қазақстан Көшбасшысының манифесі - халықаралық экономикалық ынтымақтастық та  негізделетін ғаламдық қауіпсіздікті сақтау, бейбітшілікті нығайту ісіне қосылған зор үлес»,-деді ол.

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петерборда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық ассамблеясы кеңесінің отырысына қатысты.

Бұл отырыстың ерекшелігі - халықаралық парламенттік ұйымдардың басшылары - Парламентаралық одақтың, Еуропа кеңесі Парламенттік ассамблеясының, ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының төрағалары, сондай-ақ әртүрлі елдер парламенттерінің шақырылған төрағаларының қатысуы болып табылады.

Қ.Тоқаев парламентаралық ұйымдардың халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша өзара іс-қимылының келешегі талқыланған шағын ортада болған кездесуде сөз алды. Парламенттік дипломатияның рөлі арта түскенін атап өте келіп, Қазақстан Сенатының басшысы әлемдік парламенттік қоғамдастық зерделеуі тиіс ынтымақтастықтың нақты бағыттарына әріптестерінің назарын аударды.

Біріншіден, Қ.Тоқеавтың ұсынысы бойынша, парламенттердің депутаттары барлық халықтардың ортақ жауына айналған әрі шекараны, ұлттық егемендікті, мәдениет пен дәстүрді мойындамайтын халықаралық терроризмге қарсы құқықтық іс-қимылды күшейтуі тиіс. Төраға әріптестерін Астанада 31 мамырда өтетін «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференциясына қатысуға шақырды, оған бүкіл әлемнің парламентшілері мен әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдері алғаш рет жиналады.

Екіншіден, Қ.Тоқаевтың айтуынша, ядролық қарудың таралып кетуі адамзаттың өмір сүру болмысына қауіп төндіріп отыр. «Ол туралы саясаткерлер де, алдыңғы қатардағы ғалымдар да, азаматтық қоғам да ұдайы айтып келеді, алайда іс жүзінде атқарылған істер жоқтың қасы. Парламентшілер ядролық қарудың таралуына «жоқ» деп нақты айтуға міндетті. Толықтай қарусыздануға қол жеткізуге, Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың орындалуы мен Ядролық қаруларды сынауға жаппай тыйым салу туралы шарттың тезірек күшіне енуін жақтау керек», - деп атап өтті Сенат төрағасы.

Қ.Тоқаев ұлттық және халықаралық деңгейдегі милитаризмге қарсы іс-қимылды парламентшілердің халықаралық іс-қимылдағы үшінші бағыты ретінде атады. «Әскери салаға бөлінетін ауқымды қаржы (жылына 2 триллион долларға дейін) дамудың мақсаттарына берілуі мүмкін еді», - деді ол. Президент Н.Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» Манифесіндегі деректерді келтіре отырып, төраға парламентшілер халықаралық жағдайды уландыратын соғыс індетінің одан әрі таралуына жол бермеуде парламентшілерге ерекше жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.

Төртіншіден, Сенат төрағасының пікірінше, көптарапты парламенттік дипломатия сауда-экономикалық байланыстарды үдетуге жәрдемдесіп, мәдени және гуманитарлық алмасуларды ынталандыру керек.

Қ.Тоқаев парламентаралық форумдарға қатысудан парламентшілерді оқшаулаудан бас тартуға шақырды, өйткені, «парламентаралық байланыстар халықтар арасындағы коммуникацияның маңызды арнасы болып қала беруі тиіс».

Санкт-Петерборға сапар аясында қазақстандық сенаторлар IV халықаралық «Еуразиялық экономикалық келешек» форумына қатысты, сондай-ақ ТМД ПАА-ның: мәдениет, ақпарат, туризм және спорт жөніндегі; мемлекет құрылысы және жергілікті өзін-өзі басқару тәжірибесін зерделеу жөніндегі; саяси мәселелер мен халықаралық ынтымақтастық жөніндегі; аграрлық саясат, табиғи ресурстар және экология жөніндегі; құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысты.

Ассамблеяның қырық төртінші жалпы отырысы барысында парламентшілер ТМД ғарыш кеңістігін зерттеу және бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы конвенцияның жобасын, «Биоэнергетиканы дамытудың негіздері туралы», «Экологиялық сараптама туралы», «Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау саласында ГӨА-ны тарату және пайдалану туралы», «Биологиялық алуандықты сақтау, тұрақты пайдалану және қалпына келтіру туралы», «Ағарту қызметі туралы» үлгі заң жобаларын қарады.               

БҰҰ мен Қазақстанның өзара байланысы жыл сайын жаңа әрі жоғары деңгейге көтеріліп келеді. Ақордада Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰ Даму бағдарламасы Еуропа және ТМД елдері бойынша өңірлік жетекшісі Джихан Султаноглумен кездесуі барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова осылай мәлім етті.

«БҰҰ мен Қазақстанның өзара байланысы жыл сайын жаңа, жоғары деңгейге көтеріліп келеді. Біз БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги  Мун мырзаның 2015 жылы Астанаға жасаған сапарын жоғары бағалаймыз. Сонымен қатар, біз БҰҰ басшысы мен ұйымның агенттіктері басшылықтарын Астана экономикалық форумын өткізуге қолдау білдіргендері  үшін ризашылығымызды білдіреміз. Сіздердің алқалы жиынға жыл сайынғы қатысуларыңыз форум жұмысына үлкен маңыз береді»,  - деді Мемлекеттік хатшы.

Сонымен қатар, Г. Әбдіқалықова ҚР Президентінің былтырғы жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-і сессиясына қатысып, онда бірқатар маңызды ұсыныстар жасағанын мәлім етті. Соның бірі  2045 жылға дейінегі Стратегиялық бастамалар Жоспары. Бұдан басқа, Мемлекеттік хатшы ағымдағы жылдың басында Президент Н. Назарбаев АҚШ-тағы жаһандық саммитте «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін жариялағанын, ол Ассамблея тарапынан ресми құжат ретінде қабылданғанын атап өтті. «Стратегиялық бастамалар Жоспары мен Манифест бір бірімен өзара байланысты. Осы екі бастама да қақтығыстық жағдайларды болдырмауға, әлемде бейбітшілікті орнатуға бағытталып отыр», деді Г. Әбдіқалықова.

Кездесу барысында Қазақстан мен БҰҰ ДБ арасындағы ынтымақтастық келешегі, Негізгі бағдарлама аясында әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды. Бұл ретте Мемлекеттік хатшы Г. Әбдіқалықова БҰҰ ДБ-мен ынтымақтастықтың барлық қырлары бойынша әріптестікті жалғастыру, соның ішінде Астана қаласында Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Өңірлік хабты ілгерілету бойынша жобаларды бірлесе қаржыландыру мәселесіне қызығушылық білдірді.

 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесу барысында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар жөнінде де пікір алмасты.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы қарым-қатынас одақтастық сипатымен ерекшеленетінін атап өтті.

«Біздің республика - Беларусьтің жетекші экономикалық серіктесінің бірі. Жұмсалған күш-жігер арқасында соңғы жылдарда көптеген бірлескен кәсіпорындар құрылды. Өзара  тауар айналымының деңгейі қазіргі ахуалға байланысты аздап төмендеді, бірақ оның нақты жалпы көлемі сол қалпында қалды. Елдеріміздің интеграция мәселелеріне қатысты көзқарасы ортақ, халықаралық саясатта да ұстанымдары ұқсас. Біз Сізбен тұрақты түрде кездесіп отырамыз, қазіргі кезде стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жұмысын жүргізудеміз. Көптеген мәселелер бойынша, соның ішінде Евразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимыл, өңірдегі және тұтас әлемдегі ахуал жөнінде пікір алмасу үшін біздің кездесуіміздің маңызы зор», - деді Мемлекет басшысы.

А.Лукашенко қазіргідей күрделі жағдайда сенімге негізделген мұндай келіссөздердің әрдайым пайдалы екенін атап өтті.

«Былтыр біздің арамыздағы тауар айналымының деңгейі төмендеді. Бұл үдерісті кері бағытқа түсіру қажет. Біз - бір экономикалық одақта жұмыс жүргізіп отырған жақын мемлекеттерміз. Бізге қарым-қатынасымыздың іргетасын - сауда мен экономиканы нығайтқан жөн, оның үстіне біз қай жолмен ілгері басуымыз керектігін айқындап та алдық. Бұл бағытта жасалған нәрсе аз емес, бірақ бізге осы жағдайдан тезірек шығу үшін қарым-қатынасымызға тың серпін беру керек. Халықаралық аренада біз сіздің елге БҰҰ аясында да, сондай-ақ жаһандық құжат - «Әлем. XXI ғасыр» манифесіне қатысты да қолдау білдіреміз. Біз көптеген бағыттар бойынша Қазақстан тарапымен бірлесе жұмыс жүргізуге әзірміз», - деді Беларусь Президенті.

Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV Вашинтон саммиті кезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жария еткен «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі ядролық қарудың таралуына тұсау салады. «Кемел ел» жобасының аясында жастармен кездескен «Невада-Семей» ядроға қарсы халықаралық қозғалыстың вице-президенті Сұлтан Қартоев осындай ойын жеткізді.

Оның айтуынша, 1990 жылдардың басында əлемдегі көптеген полигондар жабылды, дегенмен олардан келген залалдың ызғары əлі бар. Тіпті, 2006 ,2009,2013,2016 жылдары ядролық сынақ дайындаған Солтүстік Корея сияқты ядролық державалар пайда болған. 

«Ядролық қарудың қауіпі бар. Сондықтан, Президенттің бағдарламасы - ядролық қарудың шипасы деуге болады. Ең бастысы, Н.Назарбаевтың бағдарламасы ядролық қарудың дамуына тұсау салады. Бағдарламаның бірнеше бөлімі бар, біріншісі - ядролық қарудан ада аймақтар құру, екінші бағыты - шиеленістерді бейбіт жолмен шешу, үшіншісі - ядролық, химиялық қарудан бас тарту және ядролық қаруға қарсы жаһандық қозғалыс құру»,-деді С.Қартоев. Айта кетейік, БҰҰ-ның Бас сессиясында Н.Назарбаев əлем елдеріне əскери бюджетінің 1 пайызын кедей елдердің əлеуметтік мәселесін шешуге жұмсау керектігін айтқан еді. Жыл сайын əлем бойынша жыл сайын 1 трлн 700 млрд доллар қару-жарақпен қамтуға жұмсалады.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі хатшылығы кезекті ХVІ отырысын 2017 жылдың 9 тамызында өткізеді. Бұл туралы бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында  өткен хатшылықтың ХV отырысында Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

«Әлемде қордаланған мәселелер аясында Астанадағы съезд жаһандық-рухани дипломатияның маңызды институтына айналуда. Атап айтқанда, бұл бағыттағы жұмыстарға діни көшбасшыларды белсенді жұмылдырмаса, зорлық-зомбылықты жою мен қауіпсіз әлемді құру мүмкін емес екенін айқын көріп отырмыз. Осы ретте «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде әлемдік қоғамдастыққа ұсынған Қазақстан Президентінің идеяларына сіздердің назарларыңызды аударғым келеді. Мәселен, діни көшбасшылар ядролық қарусыздану мен оны таратпау мәселелері бойынша бірлескен қадамдарды әзерлей алады», - деді Қ. Тоқаев.

Ол өз сөзінде бүгінгі отырыс барысында маңызды мәселелер талқыланғанын, сонымен қатар 2018 жылы Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VI съезінің негізгі тақырыбы бекітілгенін еске салып өтті.

«Бұл тұрғыда хатшылық съездің тиімді диалог алаңы болып отырғаны маңызды деп санайды. Осында әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдері бірлесе отырып жұмыс істеп, өзекті тақырыптарды анықтап, сындарлы идеялар мен ұсыныстарды ортаға салады», - деді Сенат төрағасы.

Мәскеуде РФ-дағы ҚР елшілігінің баспасөз орталығында БАҚ өкілдері үшін брифинг өтті.

Жиында Ресейдегі Қазақстанның елші-кеңесшісі Марат Сыздықов 2016 жылы 31 мамырда Бейбітшілік пен келісім сарайында өткен «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференциясының қорытындысымен таныстырды.

М.Сыздықов атап өткендей, конференция дінаралық диалогты дамыту мен халықаралық лаңкестікпен күрес жолында саяси және рухани лидерлердің бірігуі үшін Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың маңызды бастамаларын дамыту мақсатында өткізілді.

Дипломат конференцияға 41 елдің делегациясы, барлығы 200-ден астам адам қатысқанын жеткізді. Діни қызметкерлердің ішінде ислам, христиан, иудаизм, буддизм, даосизм және индуизм өкілдері болды. Форум бірқатар халықаралық ұйымның басын қосты.

Брифингке қатысушылар «Діндер терроризмге қарсы» конференцияға қатысқандардың соңғы мәлімдемелерімен танысты. Онда әлемдік қоғамдастықты лаңкестікпен күрес жолында күш біріктіруге шақырған және парламентарийлер мен діни қайраткерлердің сындарлы диалогы жалғасын табарына үміт артылғаны көрсетілген.

Форумда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ жанынан лаңкестікке қарсы жаһандық коалиция құру және терроризммен күрес бойынша барлығын қамтитын БҰҰ құжатын қабылдау туралы бастамасын қолдағаны аталып өтілді.

Сонымен қатар, дипломат хабарлағандай, делегаттар әлемдің қоғамдастықты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» Манифесін қолдауға шақырған.

Тәжікстан Республикасының бұрынғы Сыртқы істер министрі, Тәжікстан Ғылым академиясының академигі Талбек Назаров Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХI ғасыр» манифесі туралы пікір білдірді.

 

***

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан  Назарбаевтың «Әлем. ХХI ғасыр» манифесінен туындаған ой -Талбек НАЗАРОВ, Тәжікстан Республикасы Ғылым академиясының  академигі , Тәжікстан Республикасының 1994-2006 жылдардағы Сыртқы істер министрі

2016 жылдың маусым айы­ның басында маған Қазақстан Рес­публикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлем. ХХI ға­сыр» манифесімен танысудың сәті түсті. Ұсынылған манифест бар­лық ұстанымы тұрғысынан бірегей болып табылады. Оның көлемі үлкен емес, алайда, мазмұны жә­не бүгінде әлем халықтарын тол­ғандырып отырған аса маңызды мәселелерді қамтуы соншалық ауқымды.

Нұрсұлтан Әбішұлы өз мани­фесін 2016 жылы 31 наурызда қа­зіргі заманғы дүниежүзілік сая­сатты қалыптастырудың кіндік орталықтарының бірі Вашинг­тон қаласында жариялады. Қа­зіргі кезеңде әлемдік тайталас­тың ушыға түсуі ахуалында ха­л­ық­аралық жағдайдың күрет­а­мырлы мәселелерін сипаттай­тын манифестің дер кезінде жария­ланғанын айтар едім. Президент Н.Ә. Назарбаев әлемдегі жағдайды ушықтыруға түрткі болып отырған әртүрлі факторларды талдай отырып, жетекші елдердің лидерлеріне алаңдаушылықпен және шынайы ниетімен қазіргі әлемдік құрылыс жүйесіндегі теңгерімсіздікті одан әрі болдырмауға және халықаралық қауіп­сіздікті нығайтуға бағыт­тал­­ған батыл шараларды қабыл­дау­ға шақырады. Бұл орайда Пре­зи­дент Н.Ә.Назарбаев біздің пла­нета­мыз­дың әлемдік құрылысына қатер төндіретін жаһандық және аймақ­тық өзгерістер орын алып жатқан­ды­ғының күмәнсіз ақиқаты анық бай­қалып тұрған үстіміздегі жаңа мың­жылдық маңызды сая­си, әске­ри және гуманитарлық оқи­ғалар­ға «бай» екендігін алға тар­тады.

Нұрсұлтан Әбішұлының пікі­рінше, бейбітшілік пен халық­аралық қауіпсіздікке қазіргі қа­терлердің мүмкіндігі мен әрекеті бұрынғылардан әлдеқайда қауіпті. Олар ХХI ғасырда жаһандық сипат алып, өзге қауіпті сегменттерден тұрады. Осы жағдайды ескере отырып, манифест авторы бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті жаһандық ынтымақтастыққа қол жеткізу арқылы қамтамасыз етудің сындарлы жолын ұсынады. Нұрсұлтан Әбішұлы дүниежүзілік қо­ғамдастыққа жер бетіндегі өрке­ниет 15 мың соғысты, демек, әрбір жылға шаққанда 3 соғысты басынан өткергендігін ескертеді. Олай болса, елдер лидерлерінің бүгінгі буыны жаһандық ауқымдағы қиратушы жаңа соғыстардың болуына жол бере ала ма?

Анығында, Нұрсұлтан Әбіш­ұлы бейбітшілік пен тұрақтылыққа қатерді милитаризм, терроризм тәрізді келеңсіз құбылыстардың жандануы, қоғамдық санадағы және ұрпақтар ақыл-ойындағы күйреушіліктің күшеюі, моральдық және рухани құндылықтардың әлсіреуі сияқты көріністердің етек алуынан көреді. Оның үстіне, тайталасты текетірестердің арту үдерісі жалғасуда, сонымен бірге, мемлекеттер арасындағы мүдделер сәйкестігінің алаңы тарыла түсуде, олардың қауіп­сіз­дік саласындағы табысты ықпал­­дастыққа бағытталған халық­­аралық ынтымақтастыққа ұмты­лысы төмендеп барады. Манифест авторының ойынша, «Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шарт­тың өз мәнін орындамауы» фактісі дәл осы үдерістермен бай­ланысты. Терроризм проблема­сын көтере отырып, Нұрсұлтан Әбішұлы халық­аралық және ұлттық қауіп­сіздіктің ірге­сін шайқалтушы күр­делі фактор­лардың бірі ретінде оның зұлым­дық сипатын айқара ашады. Шын­дығында, терроризм ұлттық ау­қымнан шығып, қазірде халық­аралық деңгейге жетті, өзінің зұлым ісінің жағрафиясын кеңейт­ті, енді ол меркантильді ғана емес, саяси мақсаттарды көздеуде.

Бұл арада оған қазіргі заманғы коммуникация, техника мен технология көмектесуде. Ол қалалар мен ауылдарды қиратудың, сондай-ақ, адамдарды жоюдың жаңа қаруына ие. Бейбітшілік пен қауіпсіздікке төніп тұрған қатерді назарға ала отырып, манифесте Нұрсұлтан Әбішұлы жетекші державалар арасындағы қайшылықтардың ушығып кетпеуін және олардың арасындағы текетірестің қызуын төмендетуді ұсынады. Бұл тұрғыда Президент XXI ғасырда адамзат өзін өзі демилитаризациялау бағытында батыл қадамдар жасауы қажет деп санайды. Олай болмағанда, оның ойынша, біздің ғаламшар «адамдар қалмаған радиоактивті материалдардың үлкен қоқыс мекеніне» айналуы мүмкін. Қазіргі заманғы әлемдік құрылыстың ахуалы туралы барынша сенімді тұжырымдарын алға тартқаннан кейін, манифесте халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша үш маңызды міндет анықталады. Біріншіден, болашақ жаһандық соғыста жеңімпаздар болмайды және бола да алмайды, онда бәрі ұтылады. Екіншіден, манифест авторының пікірінше, жаңа соғыста жаппай қырып-жоятын қаруды - ядролық, химиялық, биологиялық және басқаларын пайдаланбау мүм­кін емес. Егер бұлай болатын болса, онда күллі адамзаттың жойылуы анық. Манифестегі бұл алаң­дау­шылық жетекші елдердің бүгін­гі лидерлеріне және жалпы адам­зат­ты сақтандыру ретінде жарияланған.

Одан кейін манифесте бей­біт­шілікке қарай қозғалыстың және ғаламшарды ядролық, сондай-ақ, жаппай қырып-жоятын қарудың өзге түрлерінен азат етудің негізгі бағыттары белгіленген. Бұл орайда автор Қазақстан Республикасының ядролық қарусыздануды шешуге қосқан үлесін әлемдік қоғам­дастықтың есіне салады. Осыған байланысты Нұрсұлтан Әбішұлы қабылдануы тарихи маңызға ие боларлық бірқатар бастамаларын ұсынады. Манифесте жарияланған бастамаларды жүзеге асыру аясында Нұрсұлтан Әбішұлы ядролық державалар лидерлерінің және БҰҰ-ның назарын аударады.

Бейбітшілікке қарай қозға­лыстың келесі бағытында Пре­зи­дент ядролық қарудан азат алты ай­мақтың бар екендігі жөнінде айтады. Бұл арада бір мезгілде ол Таяу Шығыста ядросыз аймақ құруға бағытталған халықаралық күш-жігердің одан әрі қарқын алуы міндетін қояды. Осы ой Қазақстан Республикасының 1992 жылы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес шеңберінде көтерген өзге бастамаларымен де үндеседі. Айтқандай-ақ, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес өз уақытында елеулі резонанс туғызып, көптеген елдердің жетекшілері тарапынан кеңінен қолдау тапқан еді. Манифесте Нұрсұлтан Әбішұлы мемлекеттердің  милитаризация­лануын және олардың блок­тық жүйесін өзінің қабылда­май­тындығын білдіреді. Қазақстан басшы­сының пікірінше, мемлекет­тердің блоктық құрылымы қауіпсіз­дікке қатер әлеуетінен ада емес. Әскери блоктарға, деп санайды ол, бейбітшілік пен қауіпсіздікке өзі­нің жауапкершілігін әрдайым сезі­не бермейтін әртүрлі мемлекеттер кіреді.

Осыған байланысты манифесте әскери блоктарға БҰҰ аясындағы мемлекеттердің бейбітшілік, тұрақ­­­тылық және қауіпсіздік үшін жаһан­дық коалициясын қарсы қоюға қатысты нақты тұжырымдар жасалған. Бұл тұрғыда Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің келешекте да­муының көкжиектерін қарусыз­дану үдерісі арқылы көреді. Бей­бітшілік қозғалысының әртүрлі бағыттарын қарастыра отырып, манифесте анығында соғыстар мен жанжалдардың күретамырлы себептерін жоюдың жоспары ұсы­нылған. Қазіргі заманғы әлем­дік құрылыстың осы және өзге де өзекті проблемалары Қазақ­стан Республикасының Прези­денті Н.Ә.Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессия­сындағы «Жаһандық стратегиялық бастамалар - 2045» атауымен сөйлеген сөзінде жан-жақты баян­­далған. Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің ұсыныстары мен бастама­ларын БҰҰ-ның 100 жылдық мерейтойына жүзеге асыруды ұсынады. Манифесте айтылған ұсыныстарды қорытындылай келе, Президент Н.Ә.Назарбаев мемлекеттер  лидер­лері­нің адамзаттың болашағы үшін жауапкершілігіне назар аударады. Тап олардың ақыл-ойға құлақ түргендері абзал және әдетте соғыс өртінің тұтануына апаратын шиеленістердің ешқан­дай жағ­дайда өсіп тарауына жол бермеуі тиіс.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, биліктегі жылдары барысында Президент Н.Ә.Назарбаев шын мәнінде халықаралық және аймақтық проблемалардың әртүр­лі бағыттары бойынша жаңа идеялардың генераторы бол­ған­­дығын атап өткім келеді. Оның бас­тамалары әрдайым терең дәйек­телген және өмір­дің өзекжарды талаптарына сай келеді. Бұл орайда оның пост­кеңестік кеңістіктегі интегра­циялық үдерістер және аймақтық құрылымдарды қалып­тастырумен байланысты жан-жақты негізделген бастамаларын еске салудың өзі жеткілікті.

Нұрсұлтан Әбішұлы - болмысында бейбітшілікке үндеуші бітімгершіл тұлға.  Ол барша әлемдегі болып жатқан оқиға­ларға ғана емес, сонымен қатар, посткеңестік кеңістіктегі жағдай­ларға да ешқашан немқұрайлы қарап көрген жоқ. Тәжікстанда азамат соғысы өрті тұтанғанда, ол тәжік жерінде бейбітшілік пен ұлттық келісімді орнату үдеріс­теріне тікелей қатысқан лидер­лердің бірі болды.

Қорыта келгенде айтарым, Нұрсұлтан Әбішұлының жарқын да қауырт қызметі мәселелерді көтерумен ғана шектелмейді, ол әрдайым өзінің ұсыныстары мен бастамалары нақты шындыққа айналғанына ұмтылады. Ол білім мен парасат деңгейі аса жоғары саясаткер ретінде келешектің ай­қын бейнесін көре біледі. Бұған дейін айтқанымыздай, Нұр­сұл­тан Әбішұлының барлық бас­та­малары қазіргі заманның әске­ри-саяси жағдайының ахуалы тұр­ғысынан, оның әртүрлі бағыттар­дағы қоз­ғалысын ескере отырып қарас­ты­рылады. Мұндай жүйелі-кешен­дік ұстаным манифест авторына бүгінгі әлемдік құрылыстың, оның жетістіктері мен кемшіліктерін қоса алғандағы бейнесін көріп те сезінуге мүмкіндік береді.

Президент Н.Ә.Назарбаев әлем­дік ауқымдағы тәжірибелі сая­саткер әрі мемлекет қайраткері ретін­де халықаралық оқиғалардың күре­та­мырларын әрдайым қапы­сыз сезінеді және жағдайды терең талдауға, оның барлық түйткіл­дері мен қалтарыстарына терең көз жет­кізуге ұмтылады. Ол, шын мәнінде, ХХІ ғасырдағы халық­аралық саясаттың патриархтары деп санауға болатын ықпалды мемлекеттік қайраткерлердің бірі. Тарихты Нұрсұлтан Әбішұлы сынды адамдар жасайды.

***

Ақтөбедегі оқиға бейбітшілік үшін күрестің боямасыз болуы керектігін көрсетті. Бүгін Астанада «Манифест: Әлем.ХХІ ғасыр. Соғыссыз әлем» атты тақырыптағы дөңгелек үстелде ҚР Сенатының депутаты, ҚР Сыртқы істер министрлігі Қоғамдық кеңесінің төрайымы Бірғаным Әйтімова осылай мәлім етті.

Жиын барысында Елбасы манифесіне тоқтала келе сенатор, онда бейбітшілік үшін күрес боямасыз болуы керектігі айтылғанын еске салды. «Ал кешегі Ақтөбе оқиғасы бізге, өзімізге тағы бір мәрте бейбітшілік үшін жасалатын шараларды боямасыз етудің қажеттігін, мұнымен шындап айналысу керектігін көрсетіп отыр. Біздің жанымыздағы адамды Интернеттен басқа ештеңе қызықтырмайды деп ойлаудың өзі қате. Біз үшін сол адамның қалай өмір сүріп, тіршілік кешіп жатқанын да білу маңызды», - деді Б. Әйтімова.

Бұл ретте депутат Мемлекет басшысының күресті боямаламай, нақты қадамға кірісу туралы бастамаларын қолдауға шақырды. «Күресіміз соғыстың дәстүрлі формасына ғана қатысты емес, терроризмге де, адамдарды жағымсыз салдарға соқтырып жататын киберқылмыстарға да қатысты болуы шарт. Осы мақсатта бүгінгі күні әлемдік қауымдастық терроризм мен экстремизм саласындағы терминологияны келісіп, әлемдегі әрекет етіп жатқан барлық террористік ұйымдардың тізімін жасап, жаһандық терроризмге қарсы коалиция құруға кірісуі керек. Қуатты мемлекеттер өздерінің халықаралық аренадағы имиджіне жұмыс істеп қана қоймауы шарт, олар терроризммен күрестегі тарихи дәстүрлер аясындағы барлық тәжірибелерін іске қосып, жаһандық қатерге қарсы екінші дүниежүзілік соғыстағы секілді күш біріктірулері керек», - деді Б. Әйтімова.

 Ақтөбедегі теракті дін атын жамылған жалған діни идеологиямен күресте халықаралық ынтымақтастықты арттырудың маңыздылығын көрсетті. Бүгін Астанада «Манифест: Әлем. ХХІ ғасыр. Соғыссыз әлем» атты тақырыптағы дөңгелек үстелде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко осылай мәлім етті.

«Ақтөбедегі бұл терактілер тағы бір мәрте жалған діни идеологиямен күрестегі халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын қуаттап отыр. Десе де, дәл осы мәселені ҚР Президенті Н. Назарбаев халықаралық қауымдастық алдында ұдайы көтеріп келеді.  Мәселен, Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында әлемдегі террористік ұйымдардың реестрін құрып, оған қауіпті ұйымдар тізімін бекітуді ұсынған болатын. Терроризмге бірыңғай анықтама берілуі тиістігін де Елбасы алға тартып, ең ақыры жаһандық терроризмге қарсы коалиция құруды да ұсынған еді. Бұл мәселелер күн өткен сайын өзінің өзектілігін танытып келеді», -деді Р.Василенко.

Оның айтуынша, қазақстандық дипломаттар Мемлекет басшысы бастамаларының тиімді шешім табуына барлық мүмкіндіктерді қарастырып, күш-жігерлерін салуда. Сондай-ақ, ол терроризм мәселелесі бүгінгі күні әлемнің барлық елдерін алаңдатып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, Ақтөбеде 5 маусымда орын алған оқиғаға қатысты әлемнің барлық елдерінде мыңдаған адамдар Қазақстанның Елшілігіне келіп, қайғыға ортақтасып, қолдауларын білдірген.

Әзербайжан Республикасындағы ҚР Елшілігінің жанындағы Қазақстан достары клубының бірінші отырысы өтті.

Бейресми кездесуге Әзербайжанның танымал қоғам қайраткерлері, ғылыми зиялы қауым, Әзербайжанның жетекші БАҚ өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ Г.Әлиев атындағы «Қазақстан-Әзербайжан» достық қоғамының мүшелері қатысты.

Клубты құра отырып, Елшілік өз алдына Қазақстанға бей-жай қарамайтын Әзербайжан азаматтары ішінен бастамашыл адамдарды бір қоғамдастыққа біріктіру мақсатын алға қойды. Сонымен бірге, Клуб алдында тұрған маңызды міндет әзербайжан жұртшылығына қазіргі Қазақстан туралы толық және шынайы ақпараттарды жеткізу, сондай-ақ бауырлас елдер арасындағы екіжақты қатынастарды нығайту үшін бірлескен шараларды ұйымдастыру болмақ.

Отырысты аша отырып, елші Бейбіт Исабаев қазіргі Қазақстанның өміріндегі соңғы оқиғаларға тоқталды, соның ішінде Астана экономикалық форумы, Еуразиялық медиафорум, «Діндер лаңкестікке қарсы» халықаралық конференциясы жөнінде ақпараттар берді. Вашингітон қаласында ағымдағы жылғы наурыз айында таныстырылымы өткен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесіне баса көңіл бөлінді. Еліміздің көпұлтты сипатын ескере отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы маңызды орын алады, клуб мүшелері кездесу барысында осы мәселелер жөнінде ой бөлісті.

Елші Б.Исабаев  біздің елдеріміз арасындағы сенімнің жоғары деңгейін және өзара құрметті ескере отырып, толғандыратын мәселелерді ілгері жылжыту үшін күш-жігерді күшейтудің және екіжақты қатынастарды нығайта түсу үшін қоғамдар арасындағы диалогты өрістетудің қажеттігін атап өтті. Сөйтіп, Достар клубы ғылыми, мәдени, әдеби және басқа да жобалар арқылы Қазақстан мен Әзербайжан халықтары арасындағы ынтымақтастықты ныайтуда «алтын көпір» болмақ.

Шара қорытындысымен Клуб жұмысының перспективалары, кітап басу, шығармашылық кештер, көрмелер, семинарлар және басқаларын ұйымдастыру түрінде бірлескен ықтимал жобалар туралы пікір алмасты. Барлық қатысушылар Қаақстан достары клубының кездесулерін тұрақты өткізу жөнінде бірауызды ұстанымдарын білдірді, сондай-ақ бауырлакс елдер арасындағы достық қатынастар игілігі жолындағы жұмысқа әзір екендіктерін қуаттады. 

 

20 мамыр күні Астана Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының Талдау кешені Халықаралық ғылыми-техникалық орталығымен (ХҒТО) бірлесе отырып,  «Әлем. XXI ғасыр» Манифесі - ғаламдық даму қауыпсіздігінің жаңа парадигмасы» атты халықаралық конференция өткізді. Іс-шара Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақтың Өкілдігі қолдауымен ұйымдастырылды.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының  баспасөз қызметі хабарлады.

Конференция дәстүрге айналған ашық пікірталас форматында өтті, онда қатысушылар жасаған баяндама бойынша сарапшыларға көптеген сұрақтар қойылды.

Конференцияның басты спикерлері - Халықаралық ғылыми-техникалық орталығының Басқарушылар кеңесі мүшелері: доктор Рональд Ф. Леман II (Dr. Ronald F. Lehman II) - Халықаралық ғылыми-техникалық орталығының Басқарушылар кеңесінің төрағасы, Лоуренс атындағы Ливермор Ұлттық зертханасының (АҚШ) әлемдік қауіпсіздік мәселелерін зерттеу орталығының директорі, Саймон Лимаж (Simon Limage) - АҚШ Мемлекеттік Департаментінің Халықаралық қауіпсіздік және тараптау бюросының тараптау бағдарламасы мемлекеттік хатшы көмекшісінің орынбасары, Дэвид Клив (David Cleave) - Халықаралық ғылыми-техникалық орталығының атқарушы директорі, Эдди Мэйер (Eddie Maier) - Еуропалық комиссияның көмек көрсету жөніндегі Бас директорат бөлімшесі жетекшісінің орынбасары. Қазақстан жағынан Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің, министрліктер мен мекемелердің жетекші қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары конференцияға қатысты.

Доктор Рональд Ф. Леман II (Dr. Ronald F. Lehman II) Лоуренс атындағы Ливермор Ұлттық зертханасының (АҚШ) әлемдік қауіпсіздік мәселелерін зерттеу орталығының директоры, Халықаралық ғылыми-техникалық орталығының Басқарушылар кеңесінің төрағасы. Осыған дейін АҚШ қарулану және қарусыздандыру жөніндегі бақылау агенттігінің директоры, АҚШ Қорғаныс министрінің көмекшісі, стратегиялық қарулануды қысқарту жөніндегі келіссөздер делегациясының басшысы (ОСВ) және АҚШ Президентінің Көмекшісінің орынбасары лауазымдарында қызмет жасаған. 1995 жылы Қарулануды таратпау саясаты саласындағы  Президенттік консультациялық кеңесіне тағайындалды.

Саймон Лимаж (Simon Limage) АҚШ Мемлекеттік Департаментінің Халықаралық қауіпсіздік және тараптау бюросының тараптау бағдарламасы мемлекеттік хатшы көмекшісінің орынбасары. Ол өз қызметінде Жаппай қырып-жою қаруының таратылуына қарсы тұруға шақырған, Мемлекеттік департаменттің қарулануды таратпау бойынша бағдарламасын үйлестіреді.

Эдди Мэйер (Eddie Maier) - Халықаралық ғылыми-техникалық орталығының басқарушылар кеңесіндегі Еуропалық Одақ өкілі, Халықаралық ынтымақтастық және даму жөніндегі Еуропалық комиссияның Бас директорат бөлімшесі жетекшісінің орынбасары. Ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық құралдарын жүзеге асыруына жауапты. Осы уақытқа дейін Еуропалық Одақ Бас директораттың зерттеу бөлімшесінде жұмыс істеген. Страсбург Университетінде 12 жыл бойы адъютант-профессор болып жұмыс істеген, фармакология және химия саласында докторлық дәрежесіне ие.

Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО) - Еуропалық Одақ, Жапония, Ресей Федерациясы және Америка Құрама Штаттары мемлекеттерінің арасындағы келісімі негізінде 1992 жылдың қараша айында құрылған үкіметаралық мекеме. Қазақстан ХҒТО-мен ынтымақтастық туралы келісім қатарына 1995 жылы кірді. 2015 жылы 9 желтоқсанда Астана қаласында Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың қызметін жалғастыру туралы келісімі қабылданды. Сол уақыттан бастап, штаб-пәтері Астанада орналасқан, Қазақстан ресми түрде қабылдаушы мемлекет болып есептеледі.

Мекеменің  басты миссиясы Қазақстан, Армения, Тәжікстан, Қырғызстан және Грузия ғалымдарын қаржыландыру және ЕО, Жапония, Корея Республикасы, Норвегия мен АҚШ мемлекеттерінің зерттеу ұйымдарының әріптестерімен іскерлік байланыстарын ұлғайту.

ХҒТО шеңберінде 1 млрд. АҚШ доллардан астам жалпы құнымен есептелінген 2 753 химиялық, биологиялық, радиологиялық және ядролық зерттеулердегі қауіпсіздік, нанотехнологияларды қолдану арқылы энергия тиімділігі, денсаулық сақтау, ядролық полигондардың жұқтырған аймақтарына арналған шешімдері және уран шахталарының қалдықтарын пайдалану салалардағы жобалар қаржыландырылды. Сонымен қатар сейсмикалық мониторинг және ХҒТО мүше мемлекеттеріндегі сейсмикалық белсенділікті болжау салалары сияқты ғылыми-техникалық қолдау жобаларына көңіл бөліп келеді. Соның ішінде, ХҒТО қолдаған экология мен әлеуметтік денсаулық сақтау саласындағы жобалар Жапониядағы «Фукусима» апатының зардабын жою уақытында пайдаланылған.

Қазақстанда ХҒТО 80 млн. АҚШ доллардан астам құнымен есептелінген 210 ғылыми жоба қаржыландырды. ХҒТО қолдаған экология мен әлеуметтік денсаулық сақтау саласындағы жобалар Жапониядағы «Фукусима» апатының зардабын жою жұмыстары уақытында пайдаланылған.

 Қазақстанда «Біріккен ядролық зерттеулер институты» халықаралық үкіметаралық ұйымының күндері басталды. Астанада осы ядролық зерттеулер институтының алпыс жылдығына арналған конференция өтті.

Қазақстан Біріккен ядролық зерттеулер институтының теңдей мүшесі, ондағы бес мың қызметкердің ішінде қазақстандықтардың саны екінші орында. Институттың еңбегі орасан зор. Ілгері зерттеулерде ашқан жаңалықтары бар. Мысалы, соңғы ашылған бес ауыр элементтің төртеуі қазақстандық ғалымдардың қатысуымен жасалған», - деді Ядролық физика институтының директоры Саябек Сахиев.

Қазақстанның ядролық физика институты сондай-ақ бүгін Орта Азиядағы алғашқы ДЦ-60 ауыр иондар үдеткішін пайдаланып келе жатқанына 10 жыл толуын атап өтті.

Ядролық физика институтының Астана филиалында ДЦ-60 деген үдеткіш жұмыс істейді. Бұл Орта Азиядағы ең ауыр үдеткіш. Үдеткіштің қызметі Елбасының манифесіне сәйкес келеді, яғни, ядролық техниканы тек бейбіт мақсатта пайдаланудың нақты мысалы осы үдеткіш болып отыр. Бүгінгі конференцияның мақсаты - Қазақстанның барлық зерттеулері бейбіт мақсатқа бағытталғанын әлемге паш  ету», - деді С.Сахиев.

 Қазақстанда Халықаралық ғылыми-техникалық орталықпен ынтымақтастық аясында 80 млн. долларды құрайтын 210 ғылыми жоба қаржыландырылған. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасында «Манифест. Әлем. ХХІ ғасыр» ғаламдық даму қауіпсіздігінің жаңа парадигмасы» атты халықарлық форум барысында мәлім болды. 

Аталған шара Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Басқосуда жаңа қарулы қақтығыстардың көбеюі тәрізді қазіргі жаһанды алаңдататын үрдістердің бірін халықаралық күн тәртібіне көтеретін «Әлем.ХХІ ғасыр» манифесінің маңыздылығы кеңінен талқыланды. Ғалымдар мен сарапшылар жаппай қырып жою қаруын таратпау, халықаралық қауіпсіздік, әлемдегі қазіргі жағдайға байланысты жаңа және нақты тетіктерді әзірлеу мәселелесіне назар аударды. Конференцияға Халықаралық ғылыми-техникалық орталық сарапшылары да қатысқан болатын. Аталған Орталық Еуропалық Одақ, Жапония, Ресей және АҚШ мемлекеттерінің арасындағы келісім негізінде 1992 жылдың қарашасында құрылған үкіметаралық мекеме болып табылады. Қазақстан Халықаралық ғылыми-техникалық орталықпен ынтымақтастық туралы келісімге 1995 жылы қосылған болатын. Ал 2015 жылы 9 желтоқсанда Астана қаласында Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың қызметін жалғастыру туралы келісімге қол қойылды. Осыдан бастап Қазақстан қабылдаушы мемлекет мәртебесіне ие болып, штаб-пәтері Астанада орналасты.

Айта кетерлігі, ХҒТО шеңберінде жалпы құны 1 млрд доллардан астам 2 753  химиялық, биологияляқ, радиологиялық және ядролық зерттеулердегі қауіпсіздік, нанотехнологияларды қолдану арқылы энергия тиімділігі, денсаулық сақтау, ядролық полигондардың жұқтырған аймақтарына арналған шешімдер, уран шахталарының қалдықтарын пайдалану салаларындағы жобалар қаржыландырылған.

Сонымен ішінде, Орталық қолданған эәология және әлеуметтік денсаулық сақтау саласындағы жобалар Жапонияның Фукусима апатының зардабын жою барысында да кәдеге жарады. Ал Қазақстанда Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың қызметі аясында 80 млрд долларды құрайтын 210 ғылыми жоба қаржыландырылды.

Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың «Мақсатты бастамалар» атты бағдарламасы аясында Жапония АҚШ-тың Энергетика министрлігімен ынтымақтаса отырып, Қазақстанда ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығын құруға жәрдемдесетін болады. «Манифест. Әлем. ХХІ ғасыр» ғаламдық даму қауіпсіздігінің жаңа парадигмасы» атты халықарлық форум барысында Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Итиро Кавэбата осылай мәлім етті.

Елшінің айтуынша, бұндай орталықты ашу ағымдағы жылдың аяғына қарай жоспарланған. «Дегенмен, биылғы жылғы маусым айының басында Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың шақыруымен Жапонияға қазақстандық делегация келіп кетті. Қазақстанның Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау комитеті ядролық қорғау басқармасының басшысы Марат Шалдыбаев басқарған делегация Жапонияның ядролық таратпау және қуіпсіздікті қолдаудың интеграцияланған орталығы ұйымдастырған оқу курсына қатысты.

«Жалпы Жапония тарапы АҚШ Энергетика министрлігімен бірлесе отырып, ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарын басқару бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі. Біз осынау орталық Қазақстанның ғана емес, тұтастай Орталық Азия өңірінің дамуына үлкен үлес қосады деп есептейміз», - деді Елші.

Сөз арасында Итиро Кавэбата 29 маусым күні Жапонияның Йокогама қаласында Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі ХІ халықаралық көрме өтетінін хабардар етті. «Біз оның барысында қазақстандық экспозицияны орналастыруға көмек көрсетуді жоспарлаймыз. Жалпы аталмыш шара Назарбаев Университеті мен Жапониядағы ЖОО-лар мен компаниялар арасындағы зерттеулер мен білім беру бағытындағы тәжірибе алмасуға зор септігін тигізбек», - деді Елші.

Конференцияға Халықаралық ғылыми-техникалық орталық сарапшылары да қатысқан болатын. Аталған Орталық Еуропалық Одақ, Жапония, Ресей және АҚШ мемлекеттерінің арасындағы келісім негізінде 1992 жылдың қарашасында құрылған үкіметаралық мекеме болып табылады. Қазақстан Халықаралық ғылыми-техникалық орталықпен ынтымақтастық туралы келісімге 1995 жылы қосылған болатын. Ал 2015 жылы 9 желтоқсанда Астана қаласында Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың қызметін жалғастыру туралы келісімге қол қойылды. Осыдан бастап Қазақстан қабылдаушы мемлекет мәртебесіне ие болып, штаб-пәтері Астанада орналасты.

 «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемде қарулануға қаржы көлемі артып келе жатқанын айтты.

Елбасы қазіргі заманғы әлемде сын-қатерлердің алдын алу бағытында Қазақстан тарапы тиісті бастамаларды көтеруде моральдық тұрғыда құқылы екенін, яғни еліміз Семей ядролық полигонын жабу туралы шешім қабылдағанын, сондай-ақ ядролық зымырандық арсеналдан бас тарту туралы маңызды шешім қабылдағанын еске салып өтті. Осы ретте Мемлекет басшысы Қазақстан жерінде Бельгияның аумағымен бірдей аудан сынақ нәтижесінде зардап шеккенін атап өтті.

«Қазір қарап отырсақ, ұлы державалар арасында өзара сенім төмендеді. Сонымен қатар ядролық державалар арасында да сенім азайды. Бүгінде әлемде 15 мың ядролық оқтұмсық бар», - деп тоқталды Президент. Осы орайда Н. Назарбаев оның ішінде 4 мыңы дайын тұрғанын сөз етті.

«Сенім әлсіреген кезде түрлі-түсті революциялар жүреді, құлдыраған мемлекеттерде лаңкестіктің ошағы пайда болады. Бұл кейінен өзге өңірлерге таралады», - деді Мемлекет басшысы.

Атап айтқанда, өткен жылы барша әлемде қарулануға 1 трлн. 700 млрд. доллар жұмсалған көрінеді. Бұл тұрғыда өсім 1 пайызды құраған екен. Сонымен қатар былтыр қақтығыс салдарынан 167 мың адам көз жұмған.

«Осының барлығы алаңдатпай қоймайды. Сондықтан «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде елдер арасындағы өзара сенімді жоғарылату үшін біздің атқаруымыз тиіс нақты алгоритм мен қадамдар қамтылған», - деді Президент.

Ағымдағы жылдың тамыз айында Елбасының қатысуымен Семей полигоны жабылуының 25 жылдығына арналған халықаралық конференция өтеді. Бұл туралы Парламент Сенатының ағымдағы жылғы сессиясын қорытындылаған палата төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

«Елбасының «Әлем. ХХІ ғасыр» атты тарихи манифесінің маңызы мен  Ядролық қарусыз әлем құру мәселелері Сенат пен әлем парламентшілерінің Ядролық қаруды таратпау және қарусыздану одағы жөніндегі бірлесіп ұйымдастыратын халықаралық конференцияда жан-жақты талқыланатын болады. Конференция Елбасының қатысуымен 29 тамызда Астанада өтеді деп жоспарланып отыр. Аталған конференция Семей полигонының жабылуына 25 жыл толуына арналады. Бұл халықаралық форумға Парламенттің барлық депутаттары қатысатын болады», деді Сенат спикері.

Бұдан бөлек, Сенат төрағасы алдағы күзгі сессияда Парламентті Елбасының белгілеген міндеттерін орындауды жалғастыруға бағытталған ауқымды жұмыстар күтіп тұрғанын мәлімдеді.  «Атап айтқанда, Жер, қаржы, салық, кеден, бәсекелестік және басқа да маңызды мәселелер бойынша заңнамалық актілерге түзетулер енгізуіміз қажет. Сонымен қатар, Парламент қарауына терроризм мен экстремизмге қарсы әрекет етуді күшейтуге, қару айналымын, көші-қон мәселелерін, діни бірлестіктердің іс әрекеттерін реттеуге бағытталған заңнаманы жетілдіру бойынша аса маңызды заң жобалары келіп түседі. Бұл жөнінде Елбасының нақты тапсырмасы бар», деді Қ. Тоқаев. 

Жиынды қорытындылаған Сенат спикері сөз соңында депутаттарға жемісті қызмет үшін алғысын білдіріп өтті.

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі қазақстандықтарды БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болуымен құттықтап, үндеу жолдады.

Айта кетерлігі, БҰҰ Кеңесіне сайлануы арқасында Қазақстан Республикасы 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін Азия-Тынық мұхиты аймағы мемлекеттері атынан БҰҰ саяси органының аса маңызды жұмысына ресми түрде қатысатын болады, оған ұйымның Жарғысымен жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау бойынша өкілеттіктер жүктеледі.

«Бұл - Қазақстанның тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшіліксүйгіш сындарлы сыртқы саясатының салтанатты жеңісі! Бұл барша қазақстандықтардың жеңісі! Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болып сайлануы - еліміздің халықаралық жоғары беделінің айшықты айғағы, оның халықаралық қауіпсіздікті және мемлекетаралық қатынастардағы сенім шараларын нығайтуға қосқан үлесінің бағалануы. Қарусыздану саясатының эталоны болған Қазақстанның және оның Көшбасшысының Семей ядролық полигонын жабу, ядролық қарудан өз еркімен бас тарту бастамашыл бейбітшіл идеялары халықаралық қоғамдастықта қолдауға ие болды. Қазақстанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес шақыру туралы бастамасы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі, Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру, қауіпсіз жаңа әлем мен әділеттілікке бағытталған G-global бастамасы Қазақстанды бейбітшіл бастамалар мен бүкіл әлемдегі сенім атмосферасын қалыптастырушы көшбасшы ретінде танытты. Халықаралық қоғамдастықты ядросыз әлем құруға, кез келген соғыс түрін болдырмай, оның алдын алуға шақырған АҚШ-ғы ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте жарияланған Қазақстан Республикасы Президентінің «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесі БҰҰ-ның ресми құжатына айналды», - делінген Үндеуде.  

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың 2016 жылы 27-29 маусымда Нью-Йорктегі сапарының аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің (БҰҰ ҚК) тұрақты емес мүшелерін сайлауы, бірқатар елдердің сыртқы саяси ведомстволарының басшыларымен кездесулер, америкалық және басқа да әріптестермен келіссөздер өтті.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшесі болып сайлануы - сапардың маңызды оқиғасы болды. Қазақстанның кандидатурасына дауыс беруге қатысқан БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттің 138 қолдады (қарсыласымыз Таиландқа 55 мемлекет дауыс берді).   Е. Ыдырысов қазақстандық өтінімін мақұлдауда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың оны белсенді ілгерітуі, сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясы барысында ұсынылған бағдарламалық бастамалары шешуші рөл атқарғанын атап өтті.

«Қазақстан үшін бұл тарихи күн. Біздің еліміз БҰҰ Жарғысы бойынша ғаламдық қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтауға өкілеттенген ең маңызды саяси органның құрамына тарихта бірінші болып сайланған Орталық Азияның мемлекеті болды. Осы нәтиже - халықаралық деңгейдегі Қазақстанның және Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке тұлғасының биік беделінің, оның ғаламдық және өңірлік мәселелерді реттеуге, ядролық қарусыздану мен таратпау мәселелерін ілгерілетуге қосқан бірегей үлесінің жарқын куәлігі», - деді, осыған орай, Е. Ыдырысов.

Министрдің айтуынша, Қазақстанның осындай аса көрнекті табысқа Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығы, сондай-ақ Қазақстанның дипломатиялық қызметі күні (2 шілде) аясында қол жеткізудің символдық мәні бар.

Дауыс берудің қорытындысы бойынша ҚР Сыртқы істер министрі қазақстан тарапынан өтінімізді қолдаған барлық делегацияларға шынайы алғысын білдірді және барлық кандидат мемлекеттердің шын, ашық кампанияларына жоғары баға берді. Е. Ыдырысовтың айтуынша, қазақстандық дипломатия БҰҰ ҚК-ге алдағы мүшелікті қауіпсіздік пен бейбітшілік, қарусыздану,  терроризмге қарсы күрес, өңірлік дауларды реттеу мәселелерін шешуге және орнықты дамудың мақсаттарын жүзеге асыруға үлесімізді ең жоғарғы ғаламдық деңгейде  қамтамасыз ету үшін пайдалануға ниет білдірді.

Қазақстан БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі болуға өз кандидатурасын ұсынуды алғаш рет 2010 жылы маусымда жария етті. Сол уақыттан бастап қазақстандық дипломаттар өтініміздің тәжірибелік мәні мен негіздемесін халықаралық қоғамға жеткізу, мүше мемлекеттердің мейлінше ауқымды тобының қолдауын алу  бойынша бірізді жұмыстар атқарды. 

Қазақстан өзінің БҰҰ ҚК шеңберінде атқаратын жұмысының төрт басым бағытын белгіледі: ядролық, энергетикалық, су және азық-түлік қауіпсіздігі. Осы басымдықтарды әлемнің көпжақты дипломатияның ең басты алаңында ілгеріте отырып, Қазақстан Қауіпсіздік Кеңеске, жалпы БҰҰ-ға мүшелік ететін барлық әріптестерімен өте тығыз іс-қимыл жасауға ниет білдірді.

Қауіпсіздік Кеңестің тұрақты емес мүшесі ретінде Астана бүкіл Орталық Азияның мүдделерін де осы алаңда көрсететін болады және өңір үшін маңызды мәселелерді көтеруге ниет білдірді. Е. Ыдырысов сайлау қарсаңында құрамына сәйкесінше 120 және 33 мемлекет кіретін БҰҰ-дың екі ірі бірлестігінің, яғни Қосылмау қозғалысы мен Латын Америкасы және Кариб бассейні мемлекеттерінің тобының тұрақты өкілдерінің алдында сөз сөйледі. Осы кездесулер барысында ҚР СІМ басшысы дипломаттарды терроризмге қарсы күрес, қарусыздану мен жаппай қырып жою қаруын таратпау салаларындағы Мемлекет басшысының жаһандық бастамаларына және Мемлекет басшысының «Әлем. XXI ғасыр» манифесінің мазмұнына жан-жақты тоқтала отырып, Қазақстан сыртқы саясатының өзекті басымдықтарымен таныстырды.

Бұдан басқа, Е. Ыдырысов Италия, Швеция, Нидерланды, Эфиопия, Таиланд сыртқы саяси ведомстволарының басшыларымен, БҰҰ жанындағы Ұлыбритания, Франция, Қытай, АҚШ, Жапония, Финляндия, Үндістан, Пәкістан, Иран, Түркия және т.б. елдердің тұрақты өкілдерімен кездесулер мен келіссөздер өткізді.  Олардың барысында екіжақты қатынастар мен көпжақты алаңдардағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

ҚР Сыртқы істер министрі сапарының соңғы күнінде АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Ниша Бисвалмен кездесті. Кездесу барысында қазақстандық-америкалық стратегиялық диалогты ілгерілету бойынша, екіжақты ынтымақтастықтың және халықаралық күн тәртібінің кең ауқымды мәселелері бойынша пікір алмасты.

Жалпы, ҚР Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысовтың Нью-Йоркке кезекті сапары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі орынға мемлекетіміздің өтінімін табысты бекітіп қана қоймай, сондай-ақ Мемлекет басшысының сыртқы саясатқа қатысты ғаламдық басымдықтарын одан әрі ілгерілетуді қамтамасыз етті. 

Әлем елдері Қазақстанның халықаралық аренадағы бастамаларын жоғары бағалап отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында Еуропалық құқық және адам құқықтары жөніндегі сарапшылық институттың директоры Марат Башимов мәлім етті.

«Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшесі болып сайлануын шын мәнінде тарихи нәтиже деп атаған дұрыс. Бұл өз кезегінде Елбасының, халықтың, дипломаттардың зор еңбегенің нәтижесі. Өздеріңіз білесіздер, БҰҰ-ға 193 мемлекет мүше болып табылады, соның ішінде138 ел Қазақстанды қолдады. Осындай шешім шығарар алдында барша мемлекеттер елдің сыртқы және ішкі саясатын, бастамаларын тыңғылықты қарап шығады. Елбасының «Әлем. XXI ғасыр» манифесі өзінің маңыздылығымен ерекшеленді»,-деді М. Башимов.

Осы ретте ол ҚР Президенті ұсынған қадамдар бүгінде өте өзекті екенін, бұл тұрғыда әлем елдері Қазақстан бастамаларына ерекше назар аударып отырғандығын атап өтті. 

«Орталық Азияда ешбір мемлекет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайланып көрмеген еді. Бұл органның барлық шешімдері міндетті түрде орындалатын мәнге ие, сондықтан да бұл тұрғыда Қазақстан Орталық Азия атынан мүше болуы ерекше құрмет»,- деп тоқталды сарапшы.

  

ҚР-дың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы -  Қазақстанның өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында қосқан үлесі мен оған лайықты баға берілгенін растайды.

Қазақстанның бейбітшіл халқы әлемдік қоғамдастықтың құрметіне лайық.  Бұл туралы  2016 жылы 29 маусымда өткен «Қазақстан: 25 жыл бейбітшілік, қауіпсіздік және даму жолымен» атты дөңгелек үстелде  ҚХР Мемкеңес жанындағы дамуды зерттеу орталығының Еуропа мен Азияның әлеуметтік дамуы Институты директорының орынбасары, профессор Чжао Чанцин (Zhao Changqing) мәлімдеді.

«Алдымен Қазақстанды 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтағым келеді. Бұл Қазақстанның өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне қосқан үлесі мен оған лайықты баға берілгенін көрсетеді», - деді ол.

ҚР халықаралық бастамалары туралы айтқан қытайлық сарапшы «Әлем.  XXI ғасыр» Манифесіне назар аударды.

«Әлем.  XXI ғасыр» Манифесін қолдаймын және бұл құжатты ұсынған - Президент Н.Назарбаевты құрметтеймін», - деп атап өтті Чжао Чанцин.

Ол Н.Назарбаев басшылығымен Тәуелсіздігінің 25 жылында Қазақстан өңірлік және жаһандық ауқымда бейбітшілікті қамтамасыз ету бойынша біраз іс тындырғанын айтып өтті.

Еске сала кетейік, Қытай Халық Республикасындағы ҚР елшілігінде өткен «Қазақстан: бейбітшілік, қауіпсіздік және даму жолымен 25 жыл»  дөңгелек үстелі өтті. Оған  50-ден астам адам - ҚХР қауіпсіздік және терроризммен күрес бойынша мемлекеттік комиссары Чэн Гопин, Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы (ШЫҰ) Рашид Алимов, ҚКП Орталық комитеті халықаралық бөлімі, ҚХР сыртқы істер министрлігі, ҚХР мемлекеттік кеңесі жанындағы Еуропа және Азия даму институты зерттеу және даму орталығы, Қытай заманауи халықаралық қатынастар академиясы, Қытай халықаралық мәселелер институты, Қытай әлеуметтік ғылымдар академиясы, Ресей, Шығыс Еуропа, Орталық Азия институттары, Қытай шет елдермен достық қауымдастығы, Қытай достық қауымдастығы және дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты. 

 Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңеске (АӨСШК) мүше мемлекет өкілдері аймақтағы қауіпсіздікті нығайту бойынша алдағы жұмыс бағыттарын талқылау үшін Астанаға жиналды.

«Қазақстан «Әлем. ХХІ ғасыр» манифестінің принциптерін басшылыққа отырып және бірегей орган - Қазақстан халқы Ассамблеясының тәжірибесіне негізделе отырып алға қадам басуды ұсынады. 

Жаһандық сын-қатерлер тұрғысында БҰҰ Бас Ассамблеясының ресми құжатына айналған манифест жаһандық және аймақтық бағытқа ие. Сондықтан, оны өз аймағымыздағы бейбітшілікті сақтауда мақсаттардың бірі ретінде пайдалануға болады. АӨСШК мүше елдердің тәжірибесін қортындылағанда, бейбітшілікті сақтаудағы Қазақстанның тағы бір үлесі - еліміздегі барлық этностық топтардың, тіл, салт-дәстүр, мәдениеттердің дамуына қолайлы жағдай жасауға негізделген әлеуметтік келісім және ұлттық бірліктің қазақстандық моделі болуы мүмкін», - деді АӨСШК елдері ұлттық-мәдени орталықтарының азаматтық форумы барысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Мүше мемлекеттер, БҰҰ жарғысына адалдығын растай отырып, Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке диалог пен ынтымақтастық арқылы қол жеткізуге болады деген ортақ шешімге келді.

«Ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін АӨСШК хатшылығы Қазақстан халқы Ассамблеясымен алдағы уақытта бірге жұмыс істеуге дайын екендігін білдіреді», - деп толықтырды АӨСШК хатшылығының атқарушы директоры Гунь Цзяньвэй.

Сонымен қатар, ол 2016-2018 жылдары Қытай төрағалық ететін АӨСШК жұмысының негізгі бағыттарын атап өтті. Олар - АӨСШК потенциалы мен дамуының жаңа бағыттарын нығайту, қауіпсіздіктің жаңа азиялық сәулетін зерттеу, өзекті тақырыптар мәселелерін үйлестіру механизмін құру, терроризммен күрес және құқық қорғау және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық.    

Қазақстанның «Вайнах» чешендер мен ингуштер қауымдастығы еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайлануына орайғы мақтаныш сезімдерін бірге бөліседі.

«Бұл - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әлемдік деңгейдегі саясатының халықаралық тұрғыдан мойындалуы.

«Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде мазмұндалған іс-қимылдың біртұтас бағдарламасы енді еліміздің Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігі кезінде үлкен жауапкершілікпен жүзеге асырылуы ықтимал.

Тәуелсіздіктің барлық 25 жылы - бұл бейбітшілік пен жасампаздықтың жолы, Қазақстан халқының болашағы біртұтас ұлт идеясымен кемел келешекке ұмтылысы, дүниежүзіне еліміздің қауіпсіздік пен қарусыздануды қамтамасыз ету бағытында жұмсап келе жатқан күш-жігерін таныту.

Қазақстан бүгінде жаһандық тұрғыдан саяси салмақты елге айналса, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелік Отанымызға қазіргі заманғы жалпыәлемдік сын-қатерлерді шешуде қосымша күш беретін болады», - деп жазылған қауымдастықтың құттықтауында.

 

 

Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметінің қырлары - Нұрлан ОНЖАНОВ, Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер бойынша көмекшісі

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметі әркез саясаттанушылар мен сарапшылар ортасында ғана емес, сонымен қатар, біздің еліміздің барлық азаматтары арасында да қызығушылық тудырады, деп жазады «Егемен Қазақстан» республикалық газеті.

Нұрсұлтан Назарбаевтың күн­делікті жұмысында оның халық­аралық байланыстары ерекше рөл атқарады. Осынау барлық іс-ша­ралар БАҚ-та кеңінен көрсе­тіледі. Брифингтер, баспасөз мәсли­хаттары, түрлі сұхбаттар шетел­дік әріптестермен қол жеткен уағдаластықтардың мәнін тәп­тіш­теп ашады. Сонымен бірге, құрғақ ақпараттық хабарлар емес, болып өткен келіссөздердің «жан­ды» егжей-тегжейі қызықты бол­мақ. Ең жоғары деңгейдегі кезде­сулердің ауаның сезіну, мұндай іс-шаралардың қалай өткізілетінін білу бір ғанибет.

Сенім мен өзара түсіністік үлгісі

Қазақстан Республикасының көпвекторлы теңгерімді сыртқы саясаты термині көп адамдарға белгілі әрі түсінікті. Бұл біздің елі­міз­дің басты басымдықтарының бірі. Қазақстан әлемдік державалар мүд­десінің тоғысында бола тұрып, өзінің барлық көршілерімен және әріптестерімен достық қарым-қатынасты сақтап қана қоймай, оны одан әрі дамытуға және нығайтуға ұмтылады.

Егер біздің Президентіміздің бірегей қасиеттері болмаса, бұған қол жеткізу қиын соғар еді. Кез келген сұхбаттаспен ортақ тіл таба білуі, мәселенің мәніне бойлау қабілеттілігі және техникалық бүге-шігелерді керемет жадында сақтауы, тамаша әзіл мен әдеп сезімі - осының бәрі және көптеген басқа қасиеттері Н.Ә.Назарбаевқа, мемлекеттер мен үкіметтер бас­шы­ларын, халықаралық ұйым­дар жетекшілерін, көрнекті саясат­керлерді, қоғам қайраткер­лерін, инвесторлар мен тран­с­ұлттық компаниялар басшыларын қоса алғанда, Қазақстанның бар­лық шетелдік әріптестерімен дос­тық рәуішті сенімге толы қарым-қатынастарды жолға қоюға мүм­кіндік берді. Нақ осы қарапайым адами қатынастар Қазақстан Рес­публикасының мүдделерін ілгері жылжытуда елеулі рөл атқаруда.

Қазақстан Президентінің әлемдік аренадағы биік беде­лін оның халықаралық кездесу­лерінің тығыз кестесі де көркем­дей түседі.  Мы­салы, 2015-2016 жылдары Мем­лекет басшысы шетелдік әріптес­терінің қатысуымен 300-ден астам іс-шара өткізді. Кездесулер мен байланыстардың ең тығыз кестесі біздің ең жақын көршіміз - Ресеймен қалыптасты.

Ресей - Қазақстанның стратегиялық әріптесі және одақтасы. Бізді көп ғасырлық тарих, ортақ мәдениет пен бауырластық қатынастар, достық пен тату көршілік дәнекерлері байланыстырады. Толық айқындық үшін Ресей Президентінің бағасын мысалға келтірейік: «Менің Ресей-Қазақстан қатынастарына сипаттама беруім қажетсіз. Бұл жай ғана сеніскен әріптестік емес, бұл осы сөздің барлық мағынасындағы одақтастық қатынастар...».

2015 жылдың 26 сәуірінде өткен президент сайлауынан кейінгі өзінің бірінші шетелдік сапарын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев нақ осы Ресей Федерациясына жасады, сондай-ақ, онда ТМД-ның бейресми Саммитіне, Еуразия экономикалық одағы жоғарғы кеңесінің кезекті отырысына және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған Қызыл алаңдағы салтанатты іс-шараларға қатысты. Қызыл алаңдағы осы салтанаттарға шетелдік мемлекеттер басшыларының қатысуын, өкінішке орай, Украинадағы оқиғаларға байланысты әлемдік қоғамдастықтың саясиландырғанын атап өту керек. Кейбір Батыс көшбасшы­лары Мәскеуге келуден бас тартты. Соған қарамастан, Қазақстан бұл көзқарасты қолдамады. Атап айтқанда, Нұрсұлтан Әбішұлы фашизмді тізерлеткен Жеңістің мерекеленуін былай деп бағалайды: «Барлық қазақстандықтар сияқты, мен үшін Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс біздің халықтарымыздың ерлігі мен бірлігінің символы болып қала бермек. Сол жылдарда көрініс тапқан қаһармандық пен ерлік, жанқиярлық пен Отанға деген сүйіспеншілік әскери-патриоттық тәрбиенің түбегейлі негізі болып табылады». Мемлекет басшысы 2014 жылдың күзінде-ақ Қызыл алаңдағы салтанаттарға қатысатыны жөнін­де шешім қабылдаған болатын, міне, осы жос­парлардың іске асуына ешнәрсе кедергі бола алмады. Қазақстан Президенті саяса­тының дәйектілігі және қол жеткен уағда­лас­тықтарды берік сабақтастыруы - бүгінгі таң­да Нұрсұлтан Назарбаевты барлық әлемде сыйлы етіп отырған қасиеттердің бірі.

Жалпы алғанда, 2015-2016 жылдары Қазақстан мен Ресей президенттері екі­жақты және көпжақты пішімде 20 реттен астам кездесті. Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин ЕАЭК (4 рет), ҰҚШҰ (2 рет), ТМД (2 рет), ШЫҰ (2 рет) жоғары құрылтайшы органдарының және басқа өңірлік әрі халықаралық ұйымдардың отырыстары аясында да кездесті. 2015 жылдың 16 қыркүйегінде Сочиде Қазақстан мен Ресейдің жыл сайынғы Өңіраралық форумы болып өтті. Бұл форумдар Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің перзенті, 2000-жылдардың басында қабылданған және шекаралық ынтымақтастықтың барлық түйткілді мәселелерін жоюға бағытталған олардың ортақ шешімі екендігінің тағылымы зор. Алғашқы форумдар өткізілген кезде ЕАЭО әлі құрылмаған болатын, Қазақстан мен Ресей арасындағы шекарада кедендік бақылау толыққанды әрекет етіп тұрды. Шекарадан өту кезіндегі әртүрлі төрешілдік кедергілер мен қиындықтар қарапайым азаматтардың аралас-құраласын үнқатысу алаңы құрылғаннан кейін ғана барлық түйткілді мәселелер сөз жүзінде емес, іс жүзінде шешімін таба бастады. Бүгінде шекаралық форум Өңіраралық ынтымақтастық форумы болып өзгерген, бірақ Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық әріптестігін нығайту мен дамытуға үлкен үлес қосуын жалғастырып келеді.

2015 жылдың 14-15 қазанында болған Ресей Федерациясының Президенті Вла­димир Путиннің Қазақстан Респуб­ликасына мемлекеттік сапарын Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы шежіресіндегі шырқау биік шара деп кәміл сеніммен есептеуге болады. Бұл шараның мәртебесі қабылдау, сый-құрмет және сапардың хаттамалық жағдайлары ең жоғары деңгейде қамтамасыз етілгенін айғақтайды.

2015 жылдың 9-10 шілдесінде Уфа қа­ласында өткізілген БРИКС пен ШЫҰ Сам­миттері кезінде орын алған бір жайт Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің ерекше достық қатынастарының жарқын айғағы болып табылады. Қазақстан мен Ресей көшбасшыларының екіжақты кездесуіне тоқталғанды жөн көріп отырмын. Осында Қазақстан-Ресей көпқырлы ынтымақтастығын дамытудағы еңбегі, сондай-ақ, интеграциялық үдерістерді ілгері жылжыту жөніндегі екіжақты өзара іс-қимылға қосқан белсенді үлесі үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа Александр Невский ордені табыс етілді. Оның үстіне, БРИКС пен ШЫҰ шеңберіндегі барлық ресми шаралар біткеннен кейін В.Путин мен Н.Ә.Назарбаев шағын ортада қалып, ол арада Ресей Президенті Нұрсұлтан Әбішұлын өткен туған күнімен құттықтады, олар бейресми жағдайда бірге болып, әңгіме-дүкен құрды. Бұл ресми хаттама шеңберінен тыс жағдайда орын алды. Бұл екі достың шүйіркелесе дидарласуы болатын.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин арасында қалыптасқан қатынастар сенім мен өзара түсіністіктің үлгісі болып табылады деп есептеймін. Олар екі елдің ұзақ ғасырларға созылатын берік стратегиялық әріптестігі мен одақтастығының іргетасын қалауда.

Қазақстан Президентінің шетелдік көш­басшылармен қатынасын қалай құратын­дығына тағы бір аса ірі көршісі - ҚХР-мен ынтымақтастықты дамытуы көрнекі айғақ болады. Бүгінгі таңда Қытай-Қазақстанның ең ірі сыртқы сауда және инвестициялық әріптестерінің бірі. Сонымен бірге, 25 жылдан астам бұрын, яғни Кеңес кезінде Бей­жіңмен барлық байланыстар тек Мәскеу арқылы ғана іске асып отырғаны құпия емес. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің аса ірі елімен - БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің және ядролық клубтың тұрақты мүшесімен қатынасты өз бетімен «нөлден» бастап құруға тиісті жағдайда қалды. Соған қарамастан, Цзянь Цзэминь, Ху Цзиньтао, Си Цзиньпин сынды барлық қытай көшбасшыларымен біздің Мемлекет басшысы терезесі тең, достық рәуішті әрі сеніскен қатынастар құра білді.

Мысалы, ҚХР-дың іс басындағы Төрағасы Си Цзиньпин 2013 жылдың қыркүйегінде өзінің Қазақстанға алғашқы сапарын жасаған кезінде-ақ Шығыс фәлсапасының терең мазмұнына сай, Нұрсұлтан Назарбаевтың тәжі­рибелі дана саясаткер һәм әріптес екен­дігін таныды. Сондықтан, Қытай басшысы Қазақстан Президентін 2015 жылғы сәуірдегі сайлаудағы жеңісімен алғашқылардың бірі болып жеке өзі телефон арқылы да, жеделхат жолдап та, әрі Нұрсұлтан Әбішұлы қайта сайланғаннан кейін Қазақстанның шетелдік бірінші қонағы болып келгенінде Астанадағы әңгіме барысында да құттықтады.

2015-2016 жылдардағы жоғары дәреже­дегі Қазақстан-Қытай байланыстарының кестесін, екі көшбасшының өңірлік және халықаралық ұйымдар алаңдарындағы кез­десулерінен бөлек, 2015 жылдың 7 мамырындағы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстан Республикасына ресми сапары және 31 тамыз - 3 қыркүйектегі Қазақстан Президентінің Қытайға мемлекеттік сапары айшықтап көркейтіп тұрғандай.

Егер Астана туралы айтатын болсақ, Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің сайлаудан кейін­гі кезеңдегі бүкіл жұмысбастылығына қарамастан, Си Цзиньпиннің келу сапарына мұқият дайындалды. «Жібек жолының экономикалық белдеуі» немесе ЖЖЭБ жөніндегі Қытай тарабының бастамасы кездесуде көтерілген өзекті тақырыптардың бірі болды. Бұл бастаманы ең алғаш 2013 жылдың қыркүйегінде, Назарбаев Университетте сөйлеген сөзінде Си Цзиньпиннің нақ біздің Қазақстанда жария еткені атап айтуға тұрарлық. Әңгіме «Жібек жолының экономикалық белдеуі» және «ХХІ ғасырдағы теңіз Жібек жолы» атты екі стратегиялық жобаны біріктіретін «Бір белдеу - бір жол» тұжырымдамасы туралы болып отыр.

Қазақстан Президентінің 2015 жылдың қыркүйегіндегі Қытайға жауап сапары Нұрсұлтан Назарбаевтың қытай халқының жапон милитаристеріне қарсыласу соғысындағы жеңісінің 70 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға және әскери парадқа қатысуымен біріктірілді.

Сапар дәстүрлі түрде мазмұнды әрі аса жемісті болды. Бейжіңде Мемлекет басшысы іс жүзінде ҚХР-дың барлық сая­си және бизнес-элитасымен кездесті. Уағдаластықтар мен қол қойылған құжаттар 45 нақты жобаны іске асыру үшін Қазақстан экономикасына 23 млрд. доллар Қытай инвестициясын тартуға мүмкіндік берді. «Нұрлы Жол» және ЖЖЭБ бағдарламаларын сабақтастыру үдерісі іске қосылды. Қытайға сапар өзінің ауқымы және қайтарымы бойынша Мемлекет басшысының 2015 жылғы басқа халықаралық іс-шаралары арасындағы анағұрлым толымдысы болды.

ҚХР-ға сапардың екі ерекшелігін жеке бөліп айтқымыз келеді. Біріншіден, Бейжіңде Қазақстан Президентінің барған елінің бизнес-элитасымен кездесулер өткізуінің тамаша дәстүрі өмірге келді. Әңгіме жекелеген екіжақты кездесулер және бизнес-форум туралы емес, керісінше, біздің еліміздің экономикасына олардың инвестициясын, тәжірибесі мен технологиясын тарту үшін барған елдің аса ірі компанияларының барлық басшыларымен бір мезгілде кешенді кездесу туралы болып отыр. Кейіннен бизнес «капитандарымен» осындай кездесулерді Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йоркте, Дохада, Лондонда, Парижде, Тегеранда, Ыстанбұлда және Санкт-Петербургте өткізді.

Екіншіден, Бейжіңде Президент ҚХР Компартиясы Орталық комитеті жанындағы Орталық партия мектебінде дәріс оқыды. Неге нақ осы оқу мекемесінде? Өйткені, оның бүгінгі тыңдаушылары - Қытай Компартиясы бағытының ертеңгі жаршылары. Бұл стратегиялық әріптестікке, тең құқықтылық пен өзара тиімділікке негіз­делген Қазақстан мен Қытай ара­сындағы достық және тату көршілік қатынастарды болашақта келесі буын басшылардың сақтап, одан әрі дамытуына қосқан Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесі болды.

Біздің жақын көршілеріміз туралы айтқанда, Орталық Азия өңірін айналып өтуге болмайды. Орталық Азиядағы тұрақ­тылық пен қауіпсіздік - Қазақстанның өзінің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі.

2015-2016 жылдарда Мемлекет бас­шысының Түрікменстан (2014 жылғы 2-3 жел­тоқсан) мен Тәжікстанға (2015 жылғы 14-15 қыркүйек) ресми сапарлары, Қырғызстан (2015 жылғы 12 тамыз) мен Өзбекстанға (2016 жылғы 14-15 сәуір) жұмыс сапарлары болды. Түрікменстанда Қазақстан Президенті «Қазақстан - Түрікменстан - Иран» теміржол магистралы ашылуының салтанатты рәсіміне қатысты. Тәжікстанда екі президент Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды. Өзбекстанда өзекті екіжақты, өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдар үйлестірілді. Қазақстан мен Өзбекстанның Орталық Азиядағы көшбасшылық шепте тұрғанын ескергенде, бұл өте қажет қадам болатын.

Қырғызстанға сапарға жеке тоқталғымыз келеді. Бұл сапар алдын ала жоспарланбаған еді. Оны келісіп, дайындау үшін бізге бір аптадан сәл ғана артық уақыт берілді. Бұл бірқатар елеулі себептерге байланысты болды. Солардың бастысы - Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіруіне байланысты жоспарланған мемлекеттік шекараның Қазақстан-қырғыз учаскесінде кедендік бақылауды алып тас­тау. Қырғыз басшылығының бұл шешімі экономикалық тұрғыдан кесіп-пішілген және әбден негізді болатын, өйткені, Қырғызстаннан тауарлардың негізгі бөлігі ЕАЭО елдеріне жеткізіледі.

Сонымен қатар, өкінішке орай, Қыр­ғызстандағы кейбір күштер елдің ЕАЭО-ға қосылуына қарсы шығып және бұл үдерісті саясиландырып, сәл кейінірек - 2015 жылдың 4 қазанында өткен парламенттік сай­лау қарсаңында ішкі саяси ахуалды шай­қалтуы мүмкін еді. Туысқан қырғыз халқы соңғы 11 жылда 2 революцияны бас­тан кешті. Үшіншісіне жол беруге болмайтын. Баршаға мәлім, Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азиядағы, соның ішінде Қырғызстандағы да тұрақтылық пен қауіпсіздік мәселелеріне әрқашан жіті көңіл бөледі. А.Ақаев қуылған 2005 жылы да, Қ.Бакиев құлатылған 2010 жылы да нақ осы тұлғаның күш-жігерінің арқасында бұл ел азамат соғысының от-жалынына оранбады. Сондықтан, Нұрсұлтан Әбішұлы Қырғызстанға, біріншіден, Қырғызстанның ЕАЭО-ға қосылуына орай айқын түсінік беру, екіншіден, қырғыз жұртшылығын топтасуға шақыру, үшіншіден, біздің көршімізге әрі туысқан халыққа қолдау білдіру үшін барды ғой деп пайымдаймын.

Қырғыз Республикасына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысы Президент Ал­мазбек Атамбаевпен екіжақты кездесу өткізді. Мемлекет басшысының Қырғыз­стандағы сапарында қасына ілесе жүріп, мен Нұрсұлтан Әбішұлында ұсақ-түйектің болмайтынына тағы бір рет көз жеткіздім. Ол қырғыз әріптесінің барлық өтініштерін ықыласпен тыңдады, сонан соң Астанаға оралған бетте осы жөнінде Қазақстан Үкіметіне тиісті тапсырмалар берді.

Барлық бағыттағы  байланыстар

Орталық Азия өңірі туралы жаза отырып, жиі қолданылатын таяу және алыстағы шетелдер деген терминді есіме алдым. Бірақ бұл түсініктің географиялық айқындауға қатысы жоқ. Бір мемлекетте - КСРО-да 70 жыл бірге болу тәжірибесін ескере отырып, ТМД-ға қатысушы барлық елдер бірін-бірі жақын шетелдер ретінде қабылдайды. Біртұтас халық шаруашылығы кешенінің жойылғанына 25 жыл өтсе де, тығыз сауда-экономикалық және мәдени гуманитарлық байланыстар әлі күнге дейін сақталынып және қолдауға ие болып келеді. Сондықтан осы территорияда болып жатқан оқиғалардың барлығын біз жүрекке жақын қабылдаймыз. Президент студенттік жылдары өткен Украинада жанжалды жағдайлар орын алып, қан төгілген кезде Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәселеден тысқары қала алмады. 2014-тің желтоқсаны - 2015-тің қаңтары аралығында Мемлекет басшысы телефон арқылы Франция, Украина, Ресей және Германия басшылығымен жеке өзі сөйлесті. Соның нәтижесінде қалып­тасқан дағдарыстан шығу үшін келіс­сөз үдерісін орнынан қозғаудың сәті түсті. Тек Нұрсұлтан Әбішұлы ғана 2015 жылғы ақпандағы кездесуде «нормандтық төрттік­ке» қозғау салудың мүмкіндігіне қол жеткіз­ді. Сөйтіп, Украинаның шығысындағы жан­жал­ды бейбіт ретке келтіруді қамтамасыз ету мүм­кіндігін берген Минск келісіміне қол жеткізілді.

2015 жылдың 8-9 қазанында Украина Пре­зиденті П.Порошенко Қазақстанға өзі­нің бірінші ресми жауап сапарын жасады. Өйткені, Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылы Украинада болған еді. П.Порошенконың сапар бағдарламасы барынша тығыз еді: Қазақ­стан Президентімен жеке және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізілді және ел басшылары Қазақстан-Украина бизнес-форумына бірге қатысты.

Мемлекет басшысы Украина дағдарысын реттеу мақсатында Батыс елдерінің көшбас­шыларымен байланыс жасауды күшейте түсті. Франция Президенті Франсуа Олланд Нұрсұлтан Назарбаевпен әңгіме жүргіз­ген­нен кейін барып, өзінің Парижге қайту са­пары­ның жолында Мәскеуде тоқтап, Влади­мир Путинмен конструктивті кездесу өткізді.

Және бұл бір ғана араағайындық оқиға емес. Батыс көшбасшылары Қазақстан Пре­зидентінің кеңесіне жүгініп, қалыптасқан жағдайда қандай әрекеттер жасау қажеттігін жиі ақылдасып отырды. Олардың арасында екі еуропалық көшбасшы - Люксембург Премьер-министрі Ксавье Беттель 2015 жыл­дың мамырында және Нидерланд Пре­мьер-министрі Марк Рютте 2015 жылдың желтоқсанында, өздері Еуроодаққа төрағалық қарсаңында болды.

Атап айтқанда, К.Беттель Украина дағдарысына барынша ден қойып, өзінің Мәскеу мен Киевке сапармен бару жоспары бар екендігін айтты, сондай-ақ, ол аталған елдер астаналарында болған кезде өзінің қандай әрекеттерге баруы және оларға қандай ұсыныс жасауы қажеттігі жөнінде кеңес сұрады. Нұрсұлтан Әбішұлы оған екі тараптың ешқайсысына ыңғай бермеуді, тек «өз желісін жүргізе» отырып, тараптардан Минск келісімін қатаң орындауын талап ету қажет екендігін айтты. Елбасының сөзінше, Батыс пен Мәскеу арасындағы қатынасты қалпына келтіруге балама жоқ. Өйткені, қарама-қарсы тұрудан екі жақ та зардап шегеді. Біздің Президентіміздің осындай кеңестерінен кейін К.Беттель ЕО төрағасы болған кезде Ресей-Украина мәселесі бойынша теңдестірілген ұстанымда болғандығын, сөйтіп, реттеу үдерісін алға жылжытуға өз үлесін қосқандығын еске сала кетсек, артық болмас.

Айтпақшы, кездесу барысында К.Беттель­дің Астанаға бұрыннан келгісі келіп жүрген­дігі белгілі болды. Ол велоспорттың үлкен жанкүйері екен. Онда «Астана» велоко­мандасының майкасы да бар. Бірақ ол Қазақ­стан астанасында бұрын бір де бір рет болмаған. Бұл туралы К.Беттель Н.Назарбаевпен кездесу кезінде айтты. Мұндай жоғары деңгейдегі кездесу - бұл сая­сат пен экономиканың «үлкен мәселелерін» талқылау ғана емес, сонымен қатар, өзара қарапайым адами қатынастарда. Өйткені, достық пен сенім атмосферасы қалыптасқан кезде «үлкен мәселелерді» шешу де жеңілге түседі. Қазақстан Президенті шетелдік әріптестерімен барлық саясатын нақ осылай жүргізеді.

Көптеген мемлекет басшыларының Украинадағы жағдайды, Батыс пен Ресейдің қарым-қатынасын және жаһандық күн тәртібінің өзге де мәселелерін Нұрсұлтан Назарбаевпен талқылайтынына таңғалудың жөні жоқ. Мәселен, Финляндия Президенті Саули Ниинистё 2015 жылдың маусымында Астанаға жасаған сапары кезінде Еуроодақ пен Ресей арасындағы қатынасты қозғады. Бірнеше күн өткеннен кейін - 16 маусымда ол Мәскеуге сапармен барып қайтты.

Нұрсұлтан Әбішұлы шетелдік қо­нақтарды қалай қабылдайды? Ұлы Даланың перзенті үлкен қонақжайлылық таныта отырып, әңгімелесушіні өз ыңғайына бейімдейтіндей сөздерді әркез таба біледі. Мәселен, 2015 жылдың 1 сәуірінде Астанаға ресми сапармен келген Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбанмен әңгімені Нұрсұлтан Назарбаев «Бұл - Сіздің Отаныңыз» деген сөзден бастады. Әңгімелесуші осы пікірді бірден құптап «Иә, біз өз үйіміздеміз» деген сөзді қосып қойды. Бұл жай дипломатиялық сөз ғана емес еді. Венгрия - өте ерте уақыттары Еуропаға Қазақстан даласынан көшіп барған көшпенділер - мадьярлар елі. Оның үстіне, В.Орбанның өзінің сөзі бойынша, оның зайыбы қазіргі Венгрия аумағында ертеден тұрып келе жатқан қыпшақтар тайпасынан екен. Сондықтан екі басшының әңгімелесуі осындай жылы сөздерден басталуына соншама бір таңғалып та қажеті жоқ.

Виктор Орбан - сирек кездесетін тұлға. Ол жалпыеуропалық ағымдарға әркез сәйкес келе бермейтін дербес сыртқы саясат жүргізумен ерекшеленді. Мысалы, В.Орбан Ресейге қатысты санкциялық саясатқа қарсы шығып, Брюссельді Мәскеумен ынтымақтастықты қайта қалпына келтіруге шақырды. В.Орбан біздің Мемлекетіміздің басшысынан осы жөнінде қазіргі жағдайда не істеу керектігі жөнінде кеңес сұраған кезде, Нұрсұлтан Әбішұлы оның назарын Қазақстан жүргізіп келе жатқан саясатқа аударды. Нұрсұлтан Назарбаев венгр пре­мьеріне сыртқы саясатта тек бір бағытпен тоқ­талып қалмау жөнінде ұсыныс жасады.

Қазақстан Президенті 2015 жылдың 5 мамырында Астанада Еурокомиссияның бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозуды да дәл осылай жылы қабылдады. Мұның өзі, егер достар туралы әңгіме болса, Нұрсұл­тан Назарбаевтың олардың дәл сол сәттегі ат­қарып отырған қызметтеріне көп көңіл бөле қоймайтындығын көрсетеді. Оған адам­гершілік қатынас неғұрлым маңыздырақ.

Ал 2015 жылдың тамыз айының ая­ғында Астанаға ресми сапармен Сербия Пре­зиденті Томислав Николич келді. Серб президентімен кездесу барысында Нұрсұлтан Әбішұлының әңгімелесушіні жылы да ашық және достық әңгімеге бейімдей білу қасиеті тағы да бой көрсетті. Елбасы келіссөздің әу басында-ақ 1972 жылы Югославияға барған сапарын еске алды. Осыдан 40 жыл бұрын алған сондағы тамаша әсерлері жөнінде айта отырып, Мемлекет басшысы Қазақстанның қазіргі уақытта Сербия Республикасымен конструктивті қатынасты дамытуға мүдделі екендігін атап көрсетті. Кездесу қорытындысында Т.Николич Н.Ә.Назарбаевқа Сербия Республикасының орденін тапсыра тұрып: «Мен Сізді бұл орденмен біздің елдеріміздің арасындағы қатынасты нығайтуға қосқан үлесіңіз ғана емес, сонымен қатар, өз еліңіздің болашағы жолында атқарып жатқан жұмыстарыңыз, сондай-ақ, Қазақстанның халықаралық құқық қағидаттарын сақтаудағы дәйектілігі үшін де марапаттаймын. Сіз - әлемдік кеңістікте өте сирек кездесетін көшбасшысыз», деді.

2015-2016 жылдары Қазақстан Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев еуропалық елдерге, соның ішінде Милан, Лондон, Париж және Брюссельге бірқатар сапарлар жасады.

2015 жылдың 27 маусымында Мем­ле­кет басшысы «Планетаны тойындыру. Өмір үшін қуат» тақырыбындағы «ЭКС­ПО-2015» Бүкіләлемдік көрмесі аясындағы Қазақстанның ұлттық күндеріне қатысу үшін Миланға (Италия) келді. Ол біз үшін «Болашақ энергиясы» тақырыбы бойынша Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге дайындық жасау есебінде де маңызды да, қызықты еді. Миландағы Елбасы сапарының бағдарламасы барынша толымды тығыздығымен есте қалды. Нұрсұлтан Назарбаев пен Маттео Ренци арасында өзара сенімді жақсы қатынас мұның алдындағы 2014 жылдың маусымында өткен Бурабайдағы кездесуден бас­тап қалыптасқандығын атап өту керек. Италияның жас та жігерлі премьері дана  да тәжірибелі Қазақстан Президентінен мәселелердің кең ауқымы бойынша кеңестер алуға барынша ықылас танытты. Миландағы бұл кездесу кезінде лифтіде орын алған оқиға да саясаткерлердің көңіліне кірбің түсірген жоқ. Аздаған уақытта лифтінің тоқтап қалуы, керісінше, бейресми жағдайда әңгімелесуге мүмкіндік туғызды.

2015 жылдың қараша айының басында Мемлекет басшысы Ұлыбритания мен Фран­цияға ресми сапарлармен барып қайтты. Лон­донда да, Парижде де ол екі елдің саяси және бизнес элиталарымен кездесті. Екі сапар да барынша нәтижелі болды. Аталған шара­лар кезінде жалпы сомасы 14 миллиард доллардан асатын келісімшарттар мен мемо­рандумдарға қол қойылды. Екі ел астанасында да Н.Ә.Назарбаев британ және француз бизнестерінің «капитандарымен» кездесті.

Осы оқиғалар барысында Лондонда аккредиттелген және британ хаттамасы мен этикасының дәстүрлерімен жақсы таныс бүкіл дипломатиялық корпус Нұрсұлтан Әбіш­ұлына неғұрлым жоғары құрмет көрсе­тілгендігін атап көрсетіп жатты. Мұның өзі - Ұлыбританияның дипломатиялық өмірін­дегі өте көрнекі фактор. Оның үстіне Лондондағы сапар Мемлекет басшысын Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Королевасы Елизавета ІІ-нің қабылдауымен қорытындыланды. Ханшайым Қазақстан Президентінің сапар нәтижелері екі ел арасындағы достық қатынастарды одан әрі нығайтуға және Қазақстан мен Біріккен Корольдік халықтарының гүлденуіне қызмет ететіндігіне сенім білдірді.

Парижде Франция президенті Франсуа Олланд та Нұрсұлтан Назарбаевты жылы қарсы алды. Ол біздің Мемлекетіміз басшысының «Норманд пішіміндегі» кездесуге араағайындық жеке күш-жігерін жоғары бағалады. Біздің еліміздегі Қазақ хандығының 550 жылдығының мерекеленуі туралы еске ала отырып, Ф.Олланд Қазақстан бүгінгі күні әртүрлі дәстүрлерді ұстаған халықтардың бірлігі мен ынтымағын қалыптастырудың символына айналғандығын атап көрсетті. Оның сөзінше, Қазақстанды жаңғырту стратегиясы осындай сенімді негізге сүйене отырып әзірленген және Франция бұл міндетті орындау үшін жан-жақты қолдау көрсетуге әрдайым дайын. Франция президенті өз сөзін аяқтай келіп, қазақтың «достық жоқ жерде, табыс та жоқ» деген мақалын келтірді. Бо­ка­лын Франция-Қазақстан достығы үшін көтерді.

Мемлекет басшысының Францияға жылы достық ниеті Париждегі террорлық акт туралы ақпаратты жаны ауыра қабылдауынан да көрінді. Бұл қасіретті жағдай оның сапарынан бір аптадан кейін орын алған еді. Біріншіден, Қазақстан Президенті теракт болып өткен күннің ертеңіне Франция президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады. Екіншіден, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасындағы Француз Республикасының елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

2016 жылдың 30 наурызында Президент Бельгияға жұмыс сапарымен барды. Бұл сапар барынша маңызды еді. Өйткені, сол жылдың наурыз айында Қазақстан Парламентінің Сенаты Стратегиялық әріптестік және оны кеңейту туралы келісімді ратификациялаған болатын. Брюссельде Мемлекет басшысы екі кездесу өткізді: Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Тускпен және Еуропалық комиссия басшысы Жан-Клод Юнкермен. Кездесуде қазақстандық-еуропалық қарым-қатынас мәселелерінен басқа, ЕО және ЕАЭО іс-әрекетінің перспективалары да талқыланды. Бұл - күрделі мәселе. Батыстағы бірқатар саясаткерлер бұл жобаны «КСРО-ны қайта қалпына келтіру» деп әлі де санайды. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаев екі бірлестіктің біріккен конференциясын өткізуді ұсынды. Бұл барлық мәселелердің нүктесін қою үшін қажет еді. Мемлекет басшысының айтуынша, «егер болашақта ЕО, ЕАЭО және ШЫҰ еркін сауданы ашатын болса, онда бұл бүкіл Еуразияға аса зор пайда әкеледі». Мұндай бастамашылдық үшін уақыт неғұрлым оңтайлы таңдап алынған еді.

Бүгінде ЕАЭО-ның атқарушы органы - Еуразиялық экономикалық комиссияның алқасын Армения азаматы басқарады, ал ЕАЭО-ның жалпы жетекшілігін жарғылық органдардың (ЖЕЭК, ЕҮАК, ЕЭК Кеңесі) төрағасы болып табылатын Қазақстан жүзеге асырады. ЕАЭО-ның басқару органдарында Ресей өкілдігінің болмауы «КСРО-ны қалпына келтіруге ұмтылушылыққа» деген қорқыныштың негізсіз және әділетсіз екендігін тағы да дәлелдейді.

Айтпақшы, біз одан әрі Брюссельден Вашингтонға аттандық. Онда Мемлекет басшысы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі 4-ші саммитке қатысты. Жалпы, қазақстандық-америкалық байланыстар - Қазақстан Президентінің халықаралық қызметіндегі жеке бір тарау болып табылады. Оның үсті­не 2015-2016 жылдары Қазақстан Прези­денті екі рет мұхиттың үстінен ұшып өтіп, екі ретінде де ірі саммитке - 2015 жыл­дың қыркүйегінде Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессия­сына және 2016 жылдың сәуірінде Вашинг­тон­дағы жоғарыда айтқан Саммиттің жұмысына қатысты.

2015 жылдың 26-30 қыркүйегі аралығында Қазақстан Президентінің Нью-Йорк­ке жасаған сапарының бағдарламасы өте маз­мұнды болды. Бар-жоғы бес күн ішінде ол БҰҰ-ның қолдауымен өткен 3 Саммиттің (27 қыркүйекте - 2015 жылдан кейінгі кезеңдегі даму саласының күн тәртібін қабылдау жөніндегі БҰҰ Саммиті, 29 қыркүйек - БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы пікірталастары, 30 қыркүйек - Экстремистік күш көрсетуге қарсы күрес жөніндегі Саммиті) жұмысына қатысты, «11 қыркүйек» ескерткішіне гүл шоғын қойды. Сонымен бірге, мемлекет және үкімет басшыларымен, халықаралық ұйымдар мен ірі компаниялардың жетекшілерімен 7 екіжақты кездесу өткізді.

Әсіресе, Қазақстан Президенті белсен­ді­лікпен қатысқан БҰҰ Бас Ассамблеясының Жалпы пікірталастары ерекше назар аударуды қажет етеді. БҰҰ Бас Ассамблеясына дайындық алдын ала басталды. Тіпті, жаздың басын біз сөз сөйлеумен бастадық. БҰҰ-ның құрылғанына 70 жыл толуына байланысты шараға берілген Мерейтойлық дәреже - қосымша жауапкершілік жүктеді. Оның үстіне Нью-Йорктегі сессиядан 3,5 ай бұрын 2015 жылғы 10 маусымда Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесуі болып өткен еді. Ол V Әлемдік және дәс­түрлі діндер көшбасшыларының съезі жұмы­сына қатысты. Пан Ги Мунды жылдың ең ірі оқиғасы - БҰҰ Бас Ассамблеясының мерей­тойлық сессиясының қалай өтетіндігі толған­дырды, осыған байланысты кездесу бары­сында ол өзі көптеген елдер пікірін тың­дайтын көшбасшы ретінде танитын Нұрсұлтан Назарбаевпен сессияның мүмкін болатын күн тәртібі туралы ақылдасты.

Жалпы, мерейтойлық сессия әлем­нің барлық мемлекеттерінің дерлік көшбас­шылары жиналған беделді аудиторияның алдына біздің Планетамыздың болашақ дамуы жөніндегі қазақстандық болжамдармен бөлісетін айрықша мүмкіндіктер берді. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде халықаралық күн тәртібіндегі барынша өткір мәселелер бойынша Қазақстанның көзқарасын баяндады және олардың шешу жолдарын паш етті. Оның үстіне Қазақстан Президенті БҰҰ мінберінде алғаш рет еліміздің мемлекеттік тілінде сөйледі. Бұл әлемдік және қазақстандық қауымдастықтың жоғары бағасына ие болды. Бұдан кейін БҰҰ-ның басқа да алаңдарында, атап айтқанда, Парижде өткен ЮНЕСКО Бас Конференциясының сессиясында да Мемлекет басшысы қазақ тілінде сөйледі. Оның сөзі БҰҰ-ның 6 халықаралық тілдеріне аударылды.

Жерінің аумағында БҰҰ штаб-пәтері орналасқан елдің басшысымен, яғни АҚШ Президенті Барак Обамамен кездесу 30 қыркүйекте өтті. Осы орайда атап өтетін мәселе, БҰҰ Бас Ассамблеясына көптеген мемлекеттердің басшылары және Үкімет басшылары келеді, ал АҚШ Президентінің мұнда келген әрбір қонақпен екіжақты кездесу өткізуге іс жүзінде уақыты жетпейді. Солай бола тұрса да, Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу өтті. Бұл жаһандық қауіпсіздікті, тұрақтылықты және гүлденуді нығайтудағы Қазақстанның үлесін және біздің еліміздің халықаралық істердегі артып келе жатқан рөлін тағы да атап көрсетеді.

Нұрсұлтан Әбішұлының жұмысында ұсақ-түйек болмайды, әрбір мәселеге барынша көңіл бөледі. Әсіресе, бұл Мемлекет басшысының жүзеге асыруға бағыттаған бастамаларына тікелей қатысты. Егер оларды іс жүзіне асыру жолындағы мейлінше ұқыпты жұмыс болмаса, бұл ұсыныстардың бәрі қағаз жүзінде қалар еді. Сондықтан, 2 қазанда Астанаға оралысымен Қазақстан Президенті Америка Құрама Штаттарында болған сапарының қорытындысы бойынша жұмыс кеңесін өткізді және Үкіметке, Президент Әкімшілігіне және Сыртқы істер министрлігіне БҰҰ Бас Ассамблеясында айтылған барлық бастамалар бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Жоғарыда айтылған АҚШ-қа жасалған екінші сапар барысында Мемлекет басшысы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке қатысты, сонымен бірге 15 екіжақты кездесулер өткізді. Бұл сапар то­лықтығы мен мазмұндылығы жағынан 2016 жылы өткізілген шаралардың ішін­дегі ең маңыздысы болып табылады. Атап айтқанда, АҚШ сапарының шешу­ші нәтижесі ядролық қауіпсіздік мәселе­леріндегі Қазақстанның әлемдік көшбасшы ре­тіндегі рөлінің ресми бекітілуі болып отыр. Сонымен бірге, Вашингтонда осы бір маңызды халықаралық қауымдастық үрдісінде Қазақстан Республикасының сүбелі үлесін атап көрсететін бірқатар бірлескен мәлімдемелер қабылданды:

- ядролық қауіпсіздік және оны таратпау саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының және Америка Құрама Штаттарының бірлескен мәлімдемесі (Вашингтон, 2016 жылғы 31 наурыз);

- ядролық сынақтарды жалпыға бірдей тыйым салу туралы келісімшартты жедел іс жүзіне асыруға қол жеткізу жөніндегі Қазақстан және Жапонияның бірлескен мәлімдемесі (2016 жылғы 1 сәуір);

- Қазақстан территориясында МАГАТЭ-нің Төмен байытылған уран бан­кіне қатысты Ұлыбритания, Венгрия, Гер­мания, Иордания, Испания, Қазақстан, Кана­да, Қытай, Норвегия, БАӘ, АҚШ, Филип­пин, Финляндия, Франция, Чехия, Шве­ция, Оңтүстік Корея және Жапония көшбас­шыларының бірлескен мәлімдемесі.

Жалпы, ядролық қауіпсіздік жөніндегі барлық саммиттерді өткізу - тікелей АҚШ президенті Б.Обаманың бастамасы болып табылатындығын атап көрсету керек. Бірінші саммит 2010 жылы сәуірде Вашингтон қаласында өтті. Сонда барлық шаралар барысында АҚШ президентінің оң жағында тұрақты түрде Н.Ә.Назарбаевтың орын алатындығы бүкіл әлемді таңдандырған болатын. Кейіннен біз мынаны анықтадық, бұл саммитте хаттамалық жоғары тұрушылық жалпыға бірдей тәжірибе бойынша анықталмаған (ереже бойынша алфавит ретімен кезек қағидасы қолданылатын), керісінше белгілі бір мемлекеттің ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне қосқан үлесі бойынша анықталған. Екінші саммит 2012 жылғы наурызда Сеулде өтсе, үшіншісі 2014 жылдың наурызында Гаагада өтті. 2016 жылдың 1 сәуірінде өткен төртінші саммит жоғарыда аталған Б.Обама бастамасы шеңберіндегі қорытынды шара болды.

Сол жерде, Вашингтонда Мемлекет басшысының Карнеги қорының президенті У.Бернспен кездесуі болып өтті, оған АҚШ-тың бұрынғы қорғаныс министрі У.Перри, АҚШ-тың экс-сенаторы С.Нанн, Ка­лифорния штатының губернаторы Дж.Браун, CNN телеарнасының негізін қалау­шы Т.Тернер, Gap компаниясының бұрын­ғы басшысы Э.Гаст қатысты.

Осы жерде Мемлекет басшысы АҚШ-тың қоғам және саяси қайраткерлерімен кезде­сіп, «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін жария етті. Онда ұлттың соғыстар мен жанжал­дардың алдын алу бойынша үйлесімді іс-қимылы айқындалғаны белгілі.

Беделді аудитория алдында сөз сөйлеу барысында Қазақстан Республикасының Президенті сөзін былай деп қорытындылады: «Болашақ туралы ойлағанда мен мына тарихи датаны жиі еске аламын - 1995 жылдың 24 сәуірі - бұл бұрынғы КСРО-дан бізге мұраға қалған соңғы ядролық зарядтың Қазақстан территориясынан шығарылған күн. Екі ғасыр бұрын АҚШ президенті Авраам Линкольн былай деген екен: «Жауапкершілікті бүгін кейінге қалдыра отырып, одан ертең құтылуға болмайды». Ондаған жылдар бойы ядролық жарылыстың қасіретінен зардап шеккен халқымның қолдауы мен арман-мүддесіне сүйене отырып, мен ядролық қарудан азат әлем туралы арманға шын жүректен сенемін».

4-ші Саммит шеңберінде Вашингтонда өткен барлық шараларды аяқтағаннан кейін Қазақстан Президенті Гаванаға бағыт алды, онда Мемлекет басшысының Куба Республикасындағы ресми сапары басталды. Кубаның Мемлекеттік кеңесі және Министрлер кеңесінің төрағасы Рауль Кастромен болған кездесуде екіжақты ын­тымақтастықты нығайту мәселелері талқы­ланды. Онда сауда-экономикалық бай­ла­ныстарды, білім саласындағы қа­рым-қатынасты, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы салаларындағы ынты­мақтастықты дамыту және саяси диалогты одан әрі қолдау мәселелері тілге тиек етілді. Қазақстан Президентінің Кубаға сапары қа­зақстандық-кубалық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға жаңа қарқын береді деп күтілуде.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы басым бағыттарының бірі - азиялық векторға көшу барысында, ең алдымен, Еуропа және Азия құрлығының тоғысында орналасқан тағы бір мемлекет, бізге туысқан мемлекет және еліміздің стратегиялық серіктесі, Тәуелсіздігімізді таныған тұңғыш мемлекет - Түрік Республикасына тоқталған жөн. Бұл оқиғаны Н.Ә.Назарбаевтың өзі былай еске алады, 1991 жылдың 16 желтоқсанында, яғни, Қазақстан өзінің Тәуелсіздігін енді жариялаған сәттен екі сағат өткеннен кейін Тұрғыт Озал телефон шалады (сол кезде ол Түркия президенті болатын) және Түркия біздің еліміздің тәуелсіздігін танығандығын хабарлайды. Дипломатиялық каналдар бойынша ресми түрде еліміздің Тәуелсіздігін тану туралы мұндай хабар бірінші Америка Құрама Штаттарынан түскендігіне қарамастан, Тұрғыт Озал бұл туралы бірінші болып хабарлаған. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қалыптасуының ең күрделі ке­зең­дерінде Түркия Қазақстанға қолдау көрсе­тіп отырды және бұл біздің есімізде мәңгі қалады.

2015 жылдың 15-17 сәуірі аралығында Түркия президенті Реджеп Тайып Ердо­ған­ның Қазақстанға мемлекеттік сапары болып өтті. Оның шеңберінде екі Прези­дент­тің шағын құрамдағы келіссөздері, Қазақ­стан мен Түркия арасындағы жоғары стра­тегиялық ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысы, сонымен бірге, екі көш­басшының қатысуымен Қазақстан-Түркия бизнес-форумы болып өтті.

17 сәуірдегі қорытынды шара екі пре­зи­денттің түрік әлемінің рухани орталығы - Түркістан қаласына бірлескен сапары бол­ды. Бұл қалада Қожа Ахмет Ясауи кеше­нінің қасында орналасқан, түрік қаржы­сына салынған жаңа мешіт, сонымен бірге, жаңа оқу корпусы, кітапхана және Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің жатақханасы ашылды.

Сапар барысында достық және жылылық рухы сезіліп тұрды. Әсіресе, бұл екі пре­зи­денттің сөзінен ерекше танылды. Мәселен, келіссөздер қорытындысы бойынша өткен бірлескен брифингте Қазақстан Президенті былай деп атап көрсетті: «Биылғы жылы біз Қазақстан хандығының 550 жылдығын  атап өтеміз. Сондықтан түрік тамыры бар мемлекеттің - Түркия президентінің сапары ерекше маңызға ие. Түркия - Қазақ­станның ең жақын, сенімді саяси және экономикалық серіктесі». Өз кезегінде, Түр­кия Президенті «Қазақстанда біз өзіміздің бабаларымыздың Отанында жүргендей сезінеміз. Бұл біздің халықтарымыздың арасындағы қарым-қатынасқа ерекше маңыз береді», деп атап көрсетті. Түркия пре­зидентінің сапарынан біз бұдан басқаны күткен жоқ едік.

11 қыркүйекте Астана қаласында өткі­зілген Қазақ хандығының 550 жылдық мере­кесінің салтанатты шаралары мен V Түрік мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесінің саммитінің (ТМЫКС) қатар өтуінің сим­воликалық мәні бар. Бұл Саммитте ақпарат саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралды. Сол күні V Саммитке қатысушылар Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесіне байланысты қойылған театрландырылған көріністерді тамашалады.

Жоғары дәрежедегі Қазақстан-Түркия диалогы 2016 жылғы сәуірдің ортасында Ыстанбұлда жалғасты, Мемлекет басшысы мұнда ХІІІ Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ) саммитіне қатысуға келген болатын. Бұл мегаполисте де Президент ИЫҰ Бас хатшысы И.Маданимен, Түркияның он бірінші президенті А.Гюльмен, Сауд Ара­биясының Королі Салман бен Абдель Азиз әл-Саудпен, Белоруссия прези­денті А.Лукашенкомен екіжақты кездесулер өткізді. Түркияның холдингтері мен ком­панияларының басшыларымен дәстүрлі кездесулер өткізді. Ыстанбұл кездесу­лерінің қорытындысы бойынша, Қазақ­стан және Түркия президенттерінің Ислам­дық бітімгершілік жөніндегі біріккен дек­ларациясы қабылданды. Онда ИЫҰ мүше мемлекеттерді мемлекетаралық қатынастардың және жанжалдар мен дау-дамайларды реттеуде дұрыс шешім қабылдау және әділетті ерік-жігер көрсету мақсатында ислам әлемінде жаңа парадигмалар қабылдауға шақырды.

ИЫҰ ХІІІ саммиті 2016 жылдың 14 сәуірінде «Бейбітшілік және әділеттілік жо­лын­дағы ынтымақтастық және бірлік» ұраны­мен өтті. Оған 56 мүше-мемлекет өкілдері, оның ішінде 30 мемлекет және үкімет басшысы қатысты. Ерекше атап өтетін мәселе, ИЫҰ ХІІІ саммиті шеңберінде Қазақ­стан тарапынан айтылған барлық бастама­лар қолдау тапты және Қорытынды Коммюнике жоспарына енгізілді.

Жалпы алғанда, 2015-2016 жылдардағы азиялық вектордағы халықаралық қызметте біздің елімізге шетел мемлекеттері басшы­ларының жасаған ресми сапарлары және Қазақстан Президентінің шетелдік сапарлары да мазмұнды болды. Мәселен, 2015 жылдың маусымында Иордания Королі ІІ Абдалла Астанаға келіп, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары V съезінің жұмысына қатысты. Ол Н.Ә.Назарбаевтың бұл жаһандық бастамасына алғашқы күннен бастап қолдау көрсетіп келеді. Осы ретте атап өтетін мәселе, біздің Президентімізді және Иордания Королін өте жылы да жақын және сенімді қатынастар байланыстырады. ІІ Абдалла Нұрсұлтан Әбішұлына зор құрметпен, үлкен ағасына деген, тіпті, кейбір ретте, менің ойымша, әкесіне деген құрметпен қарайды. Мен осы кездесуге қатыстым және жүздесу барысындағы жылылықты барлық болмысыммен сезіндім. Сөзімнің дәлелі ретінде Иордания Королінің Нұрсұлтан Назарбаевқа арнаған мына сөздерін келтіруге рұқсат етіңіздер: «Мен үшін Сізбен кездесу және біріккен күш-жігер таныта отырып, гүлденген және тұрақты әлем қалыптастыру жөніндегі Сіздің ақылыңызды тыңдау өте қолайлы. Көп жылдардан бері мен Сіздің өңірдегі бітімгершілік қызметіңізді және Сіздің халықтарды және діндерді жақындастыру жолындағы еңбегіңізді зор ризашылықпен бақылап келемін».

2015 жылдың 8 шілдесінде Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди Қазақ­станға өзінің алғашқы сапарын жасады. Саясаткерлердің өмірбаяндары ұқсас еке­нін атап өткен жөн. Екеуі де қарапайым от­басында туды және бала кездерінен бастап алдарына қойған мақсаттарына өздерінің дағды-машықтарын жетілдіру жолымен қол жеткізуге үйренді. Екеуі де өз елдерін күрделі кезеңдерде басқаруды қолдарына алды. Бүгінде олар Қазақстан мен Үндістанды ірі өңірлік державаларға айналдыру үшін үлкен күш-жігер жұмсап келеді. Осы фактор екі көшбасшы арасындағы достық пен конструктивті қарым-қатынас қалыптастыруда айқындаушы болды-ау деп пайымдаймын.

Әңгіме барысында Н.Ә.Назарбаев Үн­дістан премьеріне Қазақстанның қалып­тасу кезеңдерін егжей-тегжейлі айтып берді. Еліміздің қандай тар жол, тайғақ кешулер­ден өткенін түсінген кезде Н.Модидің көзін­де біздің Президентімізге деген құрмет сезімі көріне бастады. Кей сәттері мен Н.Мо­дидің өзі үшін бір нәрселерді жазып алып отырғанын байқадым, мүмкін ол Қазақстан тәжірибесін, әсіресе, өз отанында реформалар жүргізу үшін қолданғысы келген болар.

Үндістан Премьер-министрінің Қазақ­станға сапарынан кейінгі күні Н.Ә.Назарбаев пен Н.Моди алғаш рет бір жерге - БРИКС пен ШЫҰ саммиттері өткізілген Уфа қаласына барып үлгерген еді. ШЫҰ тақырыбына қатысты айтқанда, сондай-ақ, осы ұйымның 2016 жылғы маусымда Ташкентте өткен саммитінде Үндістан мен Пәкістанға ШЫҰ-ға мүше ел, ал Иранға үнқатысу бойынша әріптес мәртебесін беру туралы үдерісті бас­тау жөнінде тарихи шешім қабылданғанын қоса айта кеткен жөн.

2015 жылдың 25-26 тамызында Пәкістан Премьер-министрі Н.Шариф Қазақстанға ресми  сапар жасады, ал оның қарсаңында сұхбат беріп, елімізге сапарынан не күтетінін жеткілікті деңгейде егжей-тегжейлі айтып берді. Қазақстан бітімгершіліктің жаңа орталықтарының бірі бола ала ма деген сұраққа Пәкістан Премьер-министрінің  жауабы төмендегіше өрбігені де біраз жайтты аңғартады: «Біз Қазақстанның жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздік құру жүйесінде атқарып отырған рөліне тәнтіміз және бауырлас еліміз бен оның көреген басшысына толықтай сенеміз. Қазақстан басшылығы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етіп келе жатқан ұйым - АӨСШК-ні құрды. Қазақстан, сондай-ақ, ШЫҰ-ның маңызды мүшесі болып табылады. Біз Қазақстанның бітімгершілік орталық ретіндегі өсіп келе жатқан рөлін қолдаймыз». Пәкістандық мейманның мұндай көңіл-күйі сапардың сәтті болатынына алғышарт жасаған еді.

Екі мемлекет басшылары арасындағы жақын достық және сенімді қарым-қатынас ертеде-ақ, сонау 1992 жылы сапарлар алмасу уақытынан қалыптасқанын атап өткен аб­зал. Ақордадағы кездесуге дейін Пәкістан пре­мьерінің бұрынғы мен қазіргіні салысты­ру үшін Отанымыздың елордасына шағын экс­курсиялық сапар жасап, салыстырмалы түрде алғанда қысқа мерзім ішінде жүзеге асқан құрылыс ауқымына қайран қалға­нының өзін қызықты факт деуіміз керек.

Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэнің Қазақстанға 2015 жылдың қаза­нын­дағы ресми сапары оның Орталық Азия елдеріне турнесі шеңберінде жүзеге асты. Соған қарамастан, Қазақстан онда ерекше орынға ие еді. Келіссөз барысында Мемлекет басшысы Жапония премьерінің назарын бірқатар жақындастыру факторларына аударды. Атап айтқанда, Қазақстан да, Жапония да ядролық қаруды сынау мен қолданудың қасіретті салдарын бастарынан өткерді. Екі елдің арасындағы қазіргі қарым-қатынастарға қатысты айтатын болсақ, Астананың құрылысы жапондық сәулетші К.Ку­рокаваның бас жоспары бойынша жүргі­зіліп жатыр, ал жаңа халықаралық универ­ситет - Назарбаев Университетті дамыту үдерістері Жапония өкілі, ректор Ш.Кат­судың басшылығымен жүзеге асырылу үстінде.

Кеңейтілген құрамдағы келіссөздер аяқ­талысымен, С.Абэ орындықтан тұрып, біздің Президентімізге екі-ақ аттап жетті. Бұл көп кездесе бермейтін әдеттен тыс әрекет, сондықтан мен жапон премьерінің мұндай әрекетінің себебіне бойлай бастадым. Сөйтсек, жапониялық мейман кездесуге қатысушылар тарап кетпей тұрып Қазақстан басшысының Жапония делегациясымен суретке түскенін қалаған екен. Әуелде біз әңгіме ұжымдық сурет туралы болып отыр екен деп ойлағанбыз, бірақ С.Абэ Елбасының Жапония делегациясының әр мүшесімен жеке-жеке суретке түскенін өтініп тұрмын деп нақтылады. Бұл өтініштің қанағаттандырылғаны айтпаса да түсінікті. Суретке түсу аяқталған соң Нұрсұлтан Әбішұлы екі халықтың жақындығына тағы бір мәрте назар аударта келіп, әзілді пішінде делегацияларға «мидай араласып» кетуді, содан кейін кімнің қай делегациядан екенін анықтауға әрекет жасап көруді ұсынды. Шынын айтқанда, сырттан қараған адамға бұл оңай шеше салатын міндет емес еді, өйткені, біздер іс жүзінде өте ұқсас едік.

Мемлекеттік хаттамада қарастырылмаған тағы бір жағымды жағдай Қазақстан Президентінің атынан Жапония Премьер-министрінің құрметіне ресми қабылдау жасау кезінде болды. Нұрсұлтан Әбішұлы Жапония делегациясының әрбір мүшесімен сөйлесу үшін бүкіл үстелдерді аралай бастады. Бұл жапон бизнесін Қазақстанда жұмыс істеуге тарту тұрғысынан алғанда өте маңызды, бірақ ілуде бір кездесетін сәт еді.

Қабылдау кезінде Жапония Премьер-министрі көтерткен тост та бөлекше назар аударуды қажетсінеді. С.Абэ өзінің тілегін «Мен «Ұлы Дала елі» - Қазақстанға тұңғыш рет сапар жасағаныма өте қуаныштымын», деген сөздерден бастады. Тост кезінде ол Мемлекет басшысына деген өзінің жоғары құрметін ерекше бөлектеп көрсетті. Атап айтқанда, ол былай деді: «Президент Нұрсұлтан Назарбаев ел дамуын жігерлі ше­шімдер қабылдау арқылы басқарып келеді, бұлардың қатарында ел астанасын 1997 жылғы көшіру, 2005 жылы салын­ған тоғанның арқасында Арал теңізінің толық­тай құрғап кетуінің алдын алу бар. Мен Пре­зиденттің осындай шешімдеріне қатысты түрлі пікірлер болғаны туралы естідім, алайда, уақыт ағыны олардың дұрыстығын қуаттап беріп отыр. Нұрсұлтан Назарбаев - өзгелер үшін үлгі-өнеге алар тұлға». Мұндай пікірмен басқа да көптеген шетелдік көшбасшылар келіседі ғой деп ойлаймын.

С.Абэ, сондай-ақ, бізді өзінің Қазақстан тарихына қатысты құлағдарлығымен де қайран қалдырды. Атап айтқанда, ол «осыдан 100 жылдай бұрын қазақтың интеллигенциясы «Алаш-орда» автономиялы үкіметін құру кезіндегі өзінің қарарында «ұлттық және демократиялық мемлекетті Жапония үлгісі бойынша құру қажет» екенін атап көрсетті». Қазақстандықтардың арғы буыны сол кездердің өзінде-ақ мемлекеттік құрылыстың жапондық үлгісін жоғары бағалағанына тәнті екенін білдірді.

2015 жылдың қарашасында Қазақстанға өзінің алғашқы ресми сапарын, сондай-ақ, Ауғанстан Президенті Мохаммад Ғани да жасады. Екі ел президенттері екеуара және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіп, мәселелердің кең ауқымын талқылады. Келіссөздердегі әңгімеге әу бастан-ақ достық және конструктивті сипат берген Қазақстан Президенті Орталық Азия өңірі мен Ауғанстан ежелден ортақ бай тарихи және мәдени құндылықтарға ие екенін атап өтті. Кеңейтілген құрамдағы келіссөз кезінде Нұрсұлтан Назарбаев ауғандық әріптестерінің есіне біздің елдеріміздің арасындағы қарым-қатынас өзінің бастауын Қазақ хандығы мен Ахмад-шах Дуррани дәуірінен, яғни бірнеше ғасыр бұрыннан алатынын салды.

2016 жылдың ақпанында Қазақстанға Мысыр Президентінің  тұңғыш ресми сапары күтілді. Соңғы жылдары Мысырдың күрделі кезеңді басынан өткергені құпия емес. Дегенмен, Мысыр халқы жұдырықтай жұмылып, жаңа Президент Әбдел Фаттах Ас-Сисиге сенім білдірді. Осы көшбасшыны біз Астанада қарсы алдық. Қазақстан Президенті мен Мысыр Президентінің конс­труктивті сипаттағы келіссөзге ден қойғанын айта кетейік. Ә.Ас-Сиси өз сапарының мақ­саты елдеріміз арасындағы тығыз байланыстарды барлық бағыттар бойынша бұрынғыдан да нығайта түсу екенін ашық білдірді.

Сөз ретінде айта кетсек, Мысыр басшы­сының Каирде жаңа әкімшілік орталық салу ниеті бар екен. Сондықтан, оны Астананың қалыптасу және даму тәжірибесі қатты қызықтырды. Ә.Ас-Сисидің жеке тапсырмасы бойынша ол елімізден кеткеннен кейін бір ай ішінде Каирден қомақты делегация келіп, Астананы салу тәжірибемізбен танысып қайтты.

2015 жылдың 25-26 қазанында Нұр­сұлтан Назарбаев Катар мемлекетіне ресми сапар жасады және онда ол Катар Әмі­рі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен келіс­сөз жүргізіп, қалыптасқан дәстүр бойын­ша осы елдің іскер және қаржы топтары өкілдерімен кездесті. Сапар кезінде Қазақстан делегациясын қабылдаудағы жылылық пен келіссөздер нәтижесінде қол жеткізілген қомақты уағдаластықтар шоғыры - осының барлығы Катардың жас Әмірінің Қазақстан Президентіне деген ерекше көзқарасын білдіреді. Бұл оның төмендегі айтқандарымен қуаттала түседі: «Менің Сізден үйренерім көп, Президент мырза және әрқашан кездесуге әзірмін». Катар Әмірі ағымдағы сапар екіжақты қарым-қаты­насқа қуатты серпін беретініне сенім білдірді және мәселелердің кең ауқымы бойынша ынтымақтастыққа мүдделі екенін атап өтті.

2016 жылдың 11 сәуірінде Президенттің Иран Ислам Республикасына ресми сапары болып өтті. Қазақстан басшысы Президент Х.Руханимен, рухани көсем А.Хаменеимен, сондай-ақ, қалыптасқан дәстүр бойынша Иранның холдингтері мен компанияларының өкілдерімен кездесті. Біз аталған сапарға үлкен маңыз бердік, өйткені, бұл Иранға қарсы санкциялар алынып тасталғаннан кейін осы елдегі алғашқы жоғары деңгейдегі іс-шара болатын. Шектеулерді шегеру Қазақстанның ИИР-мен ынтымақтастығында жаңа мүмкіндіктер ашты. Өйткені, біздер бұған дейін де осы елмен мүмкін салалардың бәрінде екіжақты қарым-қатынасты белсенді дамытып келген едік. Осы факт, сондай-ақ, Қазақстанның Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздерді ілгерілетуге қосқан үлкен үлесі ИИР басшылығы тарапынан жоғары бағаланып жүр. Мәселен, кездесулердің қорытындысы бойынша ұйымдастырылған бірлескен брифингте Иран Президенті Х.Рухани төмендегіні мәлімдеді: «Қазақстан Иранның ядролық бағдарламасы бойынша «алтылықпен» келіссөздердің екі раундын өткізуге жәрдем көрсетіп, әркез жанымыздан табылды және енді Бірлескен кең ауқымды іс-қимыл жоспары шеңберінде де өз қызметін ұсынып отыр».

Қазақстан Президентінің Иранның бар­лық көшбасшыларымен ізгі де өзара сенімге құрылған қарым-қатынас қалыптастырғанын атап өткен абзал. Ол Иран басшылығын әркез ядролық қарудан бас тартуға шақырып, кезінде осындай қадамға барған және бүгінде орнықты даму жолымен сенімді жүріп келе жатқан Қазақстанды мысалға келтіретін. Сондықтан, Президент Х.Рухани, Иранның өзінің алдындағы басшылары секілді, Нұр­сұлтан Назарбаевты жоғары бағалайды және қашанда оның пікіріне құлақ асады. Бұл да біздің Мемлекетіміз басшысының Иранның ядролық бағдарламасын реттеу мәселесінде шешуші үлес болып табылады.

Осы орайда, 2015 жылдың желтоқсаны мен 2016 жылдың қаңтары аралығында бүкіл әлемдік қоғамдастық Иранның ядролық бағдарламасы бойынша жүрген келіссөздер барысына ден қойғанын еске сала кетейік. Қазақстанның да сырт қалмағаны белгілі. Оның үстіне, Қазақстан тарапы осы үдеріске белсенді қатысты. Атап айтқанда, бұған Қазақстан басшысының Иранның 2015 жылдың 30 желтоқсанындағы ядролық бағдарламасы бойынша Бірлескен кең ауқымды іс-қимыл жоспарын (БКІЖ) жүзеге асырудағы ілгерілеушіліктерге байланысты жасаған мәлімдемесі айғақ бола алады.

БКІЖ-ді жүзеге асыру Имплементация күні деп айдар тағылған 2016 жылдың 16 қаңтарында басталды. Осы арада ерекше атап көрсететін жайт - БКІЖ-ге қатысушылар Қазақстан Президентінің саяси ерік-жігерінсіз іс-қимыл жоспарын жүзеге асыруға кірісе алмаған да болар еді. Нақ Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Иранға 60 тонна табиғи уран жеткізіп берді. Тек осыдан кейін ғана БКІЖ-інің Имплементация күні туып, оны «алтылықтағы» әріптестер мен Тегеран айтарлықтай оң бағалады. Бұл ядролық қарусыздану мен таратпау мәселелерінде дана да салмақты саясаттың нәтижесі болса, еліміздің аталған саладағы көшбасшылығын кезекті мәрте мойындау болып табылады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемде тұрақ­тылық пен қауіпсіздікті нығайтуға қосқан ерекше үлесінің бірі деп біздің Мемлекетіміз басшысының 2015 жылдың қарашасында Ресейдің әскери ұшағы атып түсірілуіне байланысты Түркия мен Ресей арасында туындап, кейін күрделене түскен оқиғаға орай, аталған екі ел қарым-қатынасын қалпына келтіруге қосқан араағайындық миссиясын да сөзсіз есептеуге болады. Өткен жылдың соңында екі держава - Ресей мен Түркия арасындағы қарым-қатынас көз алдымызда «тұңғиыққа құлап» бара жатса, бұл жайт Қазақстан Президенті тарапынан өте ауыр қабылданды. Ол Қазақстан өз тәуелсіздігін алған сәттен бастап күні бүгінге дейін осы екі елдің - Қазақстанның стратегиялық серік­тестерінің ұстанымдарын жақындату бағы­тында белсенділік пен табандылық танытып келеді. Сондықтан, Нұрсұлтан Назарбаев бұл үдерістен де еш сырт қала алған жоқ.

Соңғы жарты жылда Н.Ә.Назарбаев Түр­кия Президентімен де және Ресей Прези­ден­тімен де белсенді қарым-қатынас жасап, екеуін де  бітімгершілікке шақырумен болды. Соңғы үш ай бедерінде Нұрсұлтан Назарбаев Түркия басшысымен екі рет: 1 сәуірде Вашингтонда және 13 сәуірде Ыстанбұлда, сондай-ақ, 3 мәрте Ресей басшысымен: 9 мамырда Мәскеуде, 31 мамырда Астанада және 16 маусымда Санкт-Петерборда кездескенін айтсақ та жеткілікті ғой деп ойлаймын. Мұның бәрі көптеген телефон арқылы сөйлесулерді қоспағанда.

Осы кездесулер мен келіссөздердің нәтижесінде Түркия мен Ресей прези­дент­тері арасында тікелей байланыс орнатуға қол жеткізілді. Бұған айғақ Р.Ердоғанның Н.Ә.Назарбаевқа телефон арқылы хабарла­сып сөйлесуі болса, әңгіме барысында ол Түр­­кия мен Ресей арасындағы қарым-қаты­нас­тың барлық кешенін қалпына келтіруге бағыт­талған баға жеткізгісіз үлесі мен үлкен жұмысы үшін ризашылық білдір­гені болып табылады.

Осының барлығы біздің Президентіміздің - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың орасан зор бітімгершілік әлеуетін білдіреді. Оның үстіне, әлемдік қоғамдастықтың тәуелсіз Қазақстан Президентінің 25 жылдық жұ­мысына жоғары бағасының жарқын көрсет­кіші ретінде Отанымыздың Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүше болып сайлануын айтуға болады.

Миссия жалғасуда.

***

Мәскеуде ТАСС ақпарат агенттігінде Қазақстан Елшілігінің қатысуымен «Әлемді өзгерткен сөз» деп аталатын кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

Басылымның тұсаукесер рәсіміне  Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы істерінің уақытша  сенімді өкілі Марат Сыздықов, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің президенті Ефим Пивовар, «Әлемді өзгерткен сөз»  кітаптар сериясы баспасының басшысы Игорь Манн қатысты. Шараны ТАСС агенттігінің бас редакторы Михаил Гусман жүргізіп отырды.

«Әлемді өзгерткен сөз» кітабында тарихтың түрлі дәуірінде тіршілік еткен Конфуцийден бастап Джордж Вашингтонға дейін, Юлий Цезарьдан бастап Уинстон Черчиллге дейін, Александр І-ден бастап Андрей Сахаровқа дейінгі 45 танымал тұлғаның сөйлеген сөздері мен пікірлері берілген.

Кітаптың алғы сөзі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа және оның Семей ядролық полигонын жабу туралы шешіміне арналған.

«Биыл Семей ядролық полигонының жабылған сәтіне 25 жыл толып отыр. Қазақстан Президенті сол бір қиын-қыстау уақытта полигонды жабу туралы  өте жауапты әрі ерлікке пара-пар шешім қабылдады. Бұл Қазақстанның саяси стратегиясында өте маңызды рөл ойнады. Семей ядролық полигонының жабылуының 25 жылдығы атаулы датаға айналды әрі өте терең мән-мағынаға ие. «Әлемді өзгерткен сөз»  кітабы да дәл осы датаға арналып отыр», - деді тұсаукесер рәсімін ашқан М.Гусман.

Михаил Гусман бұл кітаптың Қазақстан үшін барынша маңызы бар тағы бір датаға, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні қарсаңында жарық көруінің де нышандық мәні бар екендігін баса айтты.

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көрнекті мемлекет және саясат қайраткері ретінде Ресейде зор құрметке ие адам», - деп атап өтті М.Гусман.

Барша адамзат үшін Семей ядролық полигоннын жабу туралы шешімнің тарихы маңызы туралы Марат Сыздықов кеңінен сөз қозғады.

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылдың 29 тамызындағы  Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы Жарлығы Мемлекет басшысының ең басты шешімдерінің бірі саналады. Дәл осы датамен жаһандық ядролық қарудың жаңа дәуірі басталған еді. Бүгінде Президент Н.Назарбаевтың арқасында Қазақстан ядросыз әлем құрудағы көшбасшы ретінде танылып отыр», - деді М.Сыздықов.

Қазақстандық дипломат бұл тарихи шешім Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық ерік-жігерінің тек жалғыз көрінісі ғана еместігін атап өтіп, Ұлт көшбасшысының өзге де халықаралық бастамалары жайында кеңінен сөз қозғады.

Атап айтқанда, ол Қазақстанның бастамасымен 2006 жылы Ядролық қарудан азат орталықазиялық аймақ құру туралы келісімге қол қойылды. 2015 жылдың 7 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясында Қазақстанның бастамасымен ядролық қарусыз әлем үшін бүкіләлемдік декларация рәсімделді. Ел басшылығы тарабынан «АТОМ» халықаралық жобасы жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылдың наурызында Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит барысында Қазақстан Президенті ядролық қарудан азат әлем  құру идеясын жалғастыратын «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі» іргелі жобасын ұсынды.

Өз кезегінде РМГУ президенті, ғылыми кеңес төрағасы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, РҒА корреспондент мүшесі Ефим Пивоварда Нұрсұлтан Назарбаевтың көптеген бастамаларының жүзеге асырылып жатқандығын және басқа елдерде қолдау көрсету үстінде екендігін баса айтты.

«Н.Назарбаевтың көптеген идеялары жүзеге асырылуда, басқа елдер де іліп алып жалғастыру үстінде. Өйткені, Қазақстан басшысы  жаһандық деңгейдегі сөзсіз көшбасшы. Бұл Қазақстанның тек қана посткеңестік кеңістікте ғана емес, бүкіл әлемдік саясатқа барынша белсенді араласуымен байланысты жайт», - деді ол.

Е.Пивовардың пайымынша, 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылған сәттен бастап тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу процесі кезеңі тікелей басталды. Ол ел тәуелсіздігі 1991 жылдың желтоқсанында жария етілгенін еске салып өтті.

«Бұл бастаманың халықаралық деңгейде қалыптасып үлгергендігі айрықша маңызға ие. Бірнеше жылдан кейін бұл дата ядролық сынақтарды тоқтату үшін әлемдік күрестің ресми датасына айналды. Қазақстан үлгісі бұл мәселеде Нұрсұлтан Әбішұлының көрегендігін көрсеткені сөзсіз. Өйткені, Қазақстан осы шешімді қабылдау арқылы жеңіске жетіп отыр. Мұны барлығы да қазіргі уақытта мойындайды. Бұл дау тудырмайтын жайт», - деді Е.Пивовар.

Е.Пивовардың пайымынша, Қазақстан Көшбасшысы үшін тек қана ядросыз әлем үшін күрестен бөлек көптеген елдерге ортақ қызығушылық туындататын көптеген бастама тән. Осы ретте ол мысал ретінде 31-ші мамырда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің белгіленуін атап өтті.

Сонымен қатар спикер Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясының ерекшелігіне тоқталып өтті.

«Елде тұрып жатқан барлық ұлттар мен ұлыстардың өкілдерін қамтитын Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы бастамасы да барынша қызықты. Бұл ұйым тек қана қоғамдық қана емес, сонымен бірге саяси да реңкке ие десек болады. Өйткені, Парламентте  дауысқа ие. Бұл бастама айрықша қызықты әрі маңызды. Мен бұл тетікті жан-жақты зерделеп, пайдалануға тырысатын  көптеген мамандар мен саясаткерлерді білемін», - деді Е.Пивовар.

Келесі кезекте сөз алған И.Манн баспаның кітапты дайындауы барысында бүгінгі күнгі ядролық сын-қатерді қаперден шығармау қажеттігі, оны үнемі жоғары мінберден айту қажеттігі тұрғысына баса мән бергенін айтты. Осыған орай ол Аристотельдің «Сөз соғыс отын тұтандырумен қатар, оны сөндіре алады» деген сөзін келтірді.

«Кітап арнауға тұрарлық маңызды даталар көп емес десек те болады. Ал полигонның жабылуына 25 жыл толуы  бұл атап өтуге тұралық дата. Мен Семей полигонынан кейін ғаламшардағы өзге де полигондардың үнінің өшуін өте жоғары бағалаймын», - деп атап өтті И.Манн.

Түйін

Қазақстан Респуб­ликасының Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың биылғы жылдың наурыз айының соңында Вашингтонда өтіп жатқан ядролық қауіпсіздік жөніндегі  IV  саммит аясында жария етілген «Әлем.  XXI  ғасыр» атты манифесі бейбіт өмірді көксейтіндердің, ертеңгі күнге адамзаттың ертеңгі тағдырына алаң­дау­шылық білдіретіндердің көкейінен шыққан нағыз құнды құжат болды. Дер кезінде көтеріліп, жарияланған мәлімдемеге іле-шала БҰҰ-ның ресми құжаты мәртебесі берілуі оның мәні мен маңызын айшық­тай түсті. Осының өзі Елбасы әлем назарын ауда­рып отырған мәселенің қанша­лықты ма­ңыз­ды, қаншалықты жауапты, қан­ша­лық­­ты шетін екенін анық айқын­дап берді.

Шынында да барынша кемеліне келіп, өркениеттің мейлінше өр­кендеген кезінде кезекті жүз­жыл­дыққа қадам басқан Жер-Ана тұр­ғындары осының бәрін бір-ақ сәт­те күлге айналдырып, жоқ етіп жіберетін қауіп-қатердің де алуан түріне қоса кезікті. Мұны Президент өзінің манифесінде: «Барша адамзат ХХІ ғасырға жаһандық ынты­мақтастықтың жаңа дәуірі ретінде үміт артты. Бірақ бүгінде бұл елесті сағымға айналуы ықтимал. Әлемге тағы да қатер төніп тұр және оның ауқымын ескермеуге болмайды. Және бұл қатер - жаһандық соғыс!», - деп нақты да тура атап көрсетті. Сөздің әділдігінің өзі де осы! Бұл - енді кешеуілдете беру кейін орны толмас өкінішке алып баруы ықтимал өте бір өзекті мәселе. Төртінші өнеркәсіп төңкерісінің табалдырығында тұрған әлемде ендігі жерде ешбір ұсақ-түйек мәселе болмайды.

Ден қойып оқыған әрбір адам осы манифестен өздеріне керекті көптеген құнды деректер де таба алады. Ғалымдардың есебі бойынша, әлем өркениетінің осы кезге дейін 15 мыңнан астам соғысты бас­тан өткергені де шындық. Мұның өзі адам баласының әр жыл сайын 3 соғысқа килігіп тұрғанын көрсетеді. Тым арғы ежелгі дәуірлерге ендеп бармай-ақ өз заманымызды мысалға алатын болсақ, 66-70 жылдарда қылышынан қан тамызған атақты Иудей соғыстарынан бастап, 2003 жылғы Парсы шығанағындағы екінші соғысқа дейінгі аралықта адамзат өкілдерінің бейбіт күнде кірпік айқастырып, тыныш ұйықтаған кездері өте сирек. Осының бәрі кім-кімді де ойландыратын жайт болуы тиіс. Осыған орай айтылатын тағы бір дерек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қазіргі таңдағы мәліметі бойынша, жыл сайын 59 миллионға жуық адам өмірден өтеді. Демек, орта есеппен секунд сайын 12 адам бақилыққа аттанады. Ал әрбір 102 секундта бір адам Жер бетіндегі ұрыс қимылдарының барысында оққа ұшып, опат болып жатады. Мұның сыртында халықаралық терроризм дүрбелеңі жыл озған сайын қаһарлы сипат алып келеді.

Бұл қанқұйлы әрекеттер енді жекелеген елдердің шеңберіне ұя­лаған ұрымтал жарылыс болудан қалып, тұтас бір құрлықтарды уысында дірілдетіп ұстайтын атышулы қанды оқиғаларға айналды. Осының салдарынан бұрын қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған мамыражай күнді бастан кешіп, уыздай ұйып отырған көптеген елдердің тұрғындары аяқ астынан бүліншілікке ұшырап, торғайдай тозған жұрттың басқа жаққа қарай жөңкіле ағылуы үйреншікті үрдіске ұласты. Елбасы атап көрсеткендей, «миллиондаған босқындар, қалалардың қирауы, құнды тарихи ескерткіштердің жойылуы әдеттегі шындық» болып бара жатыр. Бұған адамзат үшін қасіретті салдарлар әкелетіні баяғыдан аян болған «қырғи-қабақ соғыстың» әсері де аз емес. Оның өткір жүзінде қылпып тұрып қалған дүние қазір ырықсыз ырғатылып, шамадан тыс шайқатыла түсті. Қазір жер бетіндегі тыныштық тек соңғы жарты ғасырға жуық уақыт ішінде қалыптасқан табанды саяси ұстанымның арқасында ғана өзінің салмақты сипатын сақтап тұр. Бірақ шөлмектің мың күнде емес, бір-ақ күнде сынатыны сияқты, бұл шыдамның да шарт сынып кететін шегі болса керек.

Әлбетте, әлемдегі бейбіт өмірді сақтап қалу, бейбіт заман тіршілігін құру керектігі жөнінде ой көтеріп, дабыл қаққан толымды тарихи тұлғалар бұрын да болған. Әр дәуірде өмір сүрген ондай қайраткерлер Жердің бетін соғыссыз және жанжалсыз тірліктің ұясы етіп жасау турасында талай мәрте мәселе көтерген. Мәселен, философтар мен гуманистер адамның адамға жасайтын зорлық-зомбылығы мен өктемдігінің ешбір мағынасы жоқ екендігі, себебі, адамның жануардан артықшылығы қайырымдылық пен зұлымдықты бір-бірінен ажырата білетіндігінде, сондықтан, оның өктемдікке өктемдікпен жауап қайтара алатыны туралы мыңдаған кітап жазып шыққан екен. Алайда, адамзаттың барынша жетілген бүгінгі заманының өзінде әлемдегі көптеген мемлекеттер үшін өз тұрғындарына да, басқа мемлекеттерге де қарсы зорлық-зомбылық көрсету оның саяси әрекеттерінің құрамдас бір бөлігі болып қалып отыр. Адам баласын жаппай қырып-жоюға арналған жойқын қару-жарақтарды шығару үшін бөлінетін шығындар мен бюджет қаржыларының көлемі жыл санап азаю орнына, керісінше еселеп артып барады. Кезінде осындай тенденциядан сақтанған Ж.Ж.Руссо, И.Кант, Дж.Локк, М.Ганди, Л.Толстой, Ф.Достоевский секілді адамзаттың озық ойлы өкілдері соғысқа қарама-қарсы балама ретінде зорлықсыз өмір сүру тұжырымдамасын ұсынып еді. «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп», деген еді ғой ұлы Абай.

Әлем саясатындағы зорлық-зомбылықсыз тіршілік ету идеясы, айналып келгенде, соғыс әрекеттері ешкімге де тиімділік әкелмейтін халықаралық орта қалыптастырып, оның мемлекеттер арасындағы қарым-қаты­нас қолданысынан өзінен өзі шығып қалатындай болуына апарып соқтыруға тиіс-тін. Ал мұндай халықаралық орта орнату үшін ең алдымен мемлекеттер арасындағы сенім деңгейінің өлшемін жүзеге асыру, базалық құқықтық және моральдық-этикалық мәселелер жөніндегі келісімді қамтамасыз етіп алу қажет. Сонымен қатар, адам баласының адамгершілік кескін-келбеті мен адамзаттың осы кезге дейін өмірдің барлық салаларында қол жеткізген бейбітшілікті дамыту деңгейі арасында пайда болған түпсіз құрдымды жою керек. Зорлық-зомбылықсыз тіршілік ету тұжырымдамасы оған қол жеткізу мақсаты мен оған жұмсалатын қаржының бір-бірімен үйлесімді болуын да талап етеді. Сондықтан әлем саясатындағы зорлық-зомбылық жасамау қағидаттары тек адам мен оның өмірі құндылық болып есептеліп, адамның ар-намысы мен жеке тұлғасы экономикалық мүдде, қару-жарақ жасау бәсекесі секілді бүгінгі ғаламдық деңгейдегі маңызды мәселелерден жоғары болып танылған кезде ғана жүзеге асатыны ақиқат.

Ал осы бейбітшілікті сақтап қалудың бүгінгі таңдағы басты шарттарының бірі - Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шарттың өз дәрежесінде орындалмай жатқан заманында зорлық-зомбылықсыз әлем орнату жөніндегі идеяның іс жүзіне асуы мүмкін емес жайт. Қазақстан Президентінің мәселені тап бұлай төтесінен қойып отырғаны да сондықтан. Өзінің манифесінде Нұрсұлтан Назарбаев: «Ядролық қаруды таратпау туралы шарт өзінің міндеттерін орындай алмай отыр. Ажал себетін қару мен оны дайындау технологиялары ірі державалардың қосарланған стандарттарының салдарынан бүкіл әлемге тарауда. Олардың терроршылардың қолына түсуі - уақыт өте келе әбден болуы мүмкін нәрсе», - дегенді де сол себепті ашып айтты. Міне, қауіптің үлкені де сонда, егер күндердің күнінде жаппай қырып-жоятын ядролық қарулар лаңкестер тобырларының қолдарына жазатайым түсе қалса, адамзат бала­сының ішкені - ірің, жегені желім болатын шағы сол кезде орын алады. Ал Нұрсұлтан Әбішұлының бұдан тура 25 жыл бұрын Семей полигонын жауып, ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан Мемлекет басшысы ретінде бұл өзекті мәселені тап осылай қабырғадан қойып, төтесінен тартуына толық құқы бар. Сол себепті де Қазақстан Президентінің саммитте айтқан: «Жері ядролық қару сынау үшін полигон ретінде пайдаланылған, 500 ядролық сынақтың нәтижесінде 1,5 миллионнан астам азаматы мен ауқымды территориясы радиация зардабына ұшыраған еліміздің тарихи тәжірибесі бізді қауіпсіздіктің сипатын басқаша түсінуге алып келді», - деген мәлімдемесі өз тың­даушыларын кәміл иландырды. Осында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқының қол­дауы арқасында кеңес заманынан бері келе жатқан Семей ядролық полигоны жабылғанын, содан кейін еліміз өз аумағындағы барлық ядролық қарудан бас тартқанын тілге тиек етті.

Нұрсұлтан Назарбаевтың сол күндері АҚШ-тың «The Hill» атты күнделікті саяси газетінде жария­ланған «Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит: ілгері бастаған жол» деп аталатын мақаласында да әлемді ядролық апаттың қырғы­нынан сақтап қалудың бірша­ма тыңғылықты тұжырымдары атап өтілді. Манифестегі ойларды тарқатып айтуға арналған бұл мақалада: «Қару және ядролық материалдар қорын жою өңірімізге қауіпсіздік пен тұрақтылық әкелді. Алайда, әлдеқайда берік қауіпсіздік барлық тараптың өзара қауіпсіздігіне бағытталған құрылымдар арқылы ғана қамтамасыз етілуі мүмкін», - деп ашып көрсетілген. Мемлекет басшысы мұндай үдерістің Орталық Азияда сенім шараларын жүзеге асырудан басталғанына да назар аударды. Бұл ынтымақтастық кейін Орталық Азияны ядролық қарудан ада өңір ретінде жариялауға ықпал етіп, өңірдегі бейбіт тіршіліктің тұрақтана бастауына себепкер болған. Мұның бәрі, жоғарыда атап өтілгендей, мемлекеттер арасындағы сенім деңгейінің өлшемін жүзеге асыру керектігін айғақтай түседі. Олай болмаған жағдайда бұл мақсатта қолға алған қандай да бір шараның бәрі зая кетеді. Қазақстан Президенті осы орайда уран байыту ісін жаппай қырып-жоятын қару жасауға мүмкіндік беретін дәрежеге жеткізуге жол бермеу керектігіне тоқталды.Сондықтан да Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік әлемде алғашқы рет Қазақстанда Төмен байытылған уран банкін құруға шешім қабылдады. Бұл біздің елімізге және оның басшысының бейбітшілік сүйгіш сындарлы саясатына берілген үлкен баға.

Осылайша, Нұрсұлтан Назарбаевтың манифесінде оның күллі адамзат алдында тұрған әлемдік ауқымдағы проблемалар үшін өзін жауапты сезінушілігі анық сезіледі. Әлемдік деңгейдегі лидердің сол себепті де адамзатқа «XXI ғасыр: соғыссыз әлем» деген кең ауқымды бағдарлама қабылдау жөнінде ұсыныс білдіруі әбден орынды болып көрінеді.

 

Соңғы жаңалықтар