Шолпан-Атада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуі басталады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Санаулы минуттардан кейін Шолпан-Ата қаласында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуі басталады.

Бұл туралы ҚазАқпарат БОРТ№1 Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан көшбасшылары қатысады.

Осыған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына барғанын жазған болатынбыз.

Шолпан-Атада Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров және Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өткені хабарлады.

Сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан президенттері Ыстықкөлде көшпенділер ойындарын тамашалады.

ҚР Президентінің Қырғызстанға жұмыс сапарының бірінші күнінен видео жарияланды.


Фото: mfa.gov.kg


Видеодан алынған кадр
Соңғы жаңалықтар